50-ден астам үй кеш қосылады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

50-ден астам үй кеш қосылады 07.10.2021

50-ден астам үй кеш қосылады

Аймағымызда алғашқы қар жауып үлгерді. «Жығылғанға - жұдырық» демекші, онсыз да жылусыз отырған павлодарлықтардың әбден мазасы кетті. Облыс орталығында әлі күнге дейін 50-ден астам көпқабатты тұрғын үй жылуға қосылмаған. Ал жүйеге қосылғандардың көбінде жылу қысымы төмен.

Жылудың «жыры» әлеуметтік желіде белсенді талқылануда. Тұрғындар қысқы маусымға дер кезінде дайындалмайтын коммуналдық қызмет өкілдерінің, тіпті, шаһар басшысының жұмысын сынға алуда. Мәселенің мән-жайын түсіндіру үшін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңына Павлодар қаласының жылуға жауапты мекеме басшылары келді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Арслан Қалияқбаровтың мәліметінше, үйлердің жылуға қосылмауының басты себебі – кварталішілік құбырлардың тозуы. Магистральді желілердегі жағдай оңалып жатқанымен, дәл үйдің ауласына келгенде құбырлардан ақаулар шығып жатқан көрінеді. Ал оны жөндеу үшін бригадалардың саны жеткіліксіз екен. Қарапайым дәнекерлеушіні табудың өзі мұңға айналған. Сөйтіп, жылу жүйесіне қосылған үйлердің саны есепке алынып, жөндеу жұмыстары тұрғындары көп үйлердің маңында жалғасып жатқан көрінеді.

- Бес үй ПИК өкілдерінің салғырттығынан жылуға қосылмаса, қалғаны жылу жүйесіндегі ақауларға байланысты кешікті. Бүгінде облыс орталығындағы жылу құбырларының 84 проценті тозған. Оны жаңарту үшін жыл сайын кем дегенде 5 млрд теңге қаражат керек. Бірақ, ондай қаржы бөлініп көрген емес. Салдарынан әр қысқы маусымда проблема алдан шығады. Мәселені шешу үшін Химқалашық шағын ауданы, Нұрмағамбетов, Ломов, Гагарин көшелерінде (Теплов көшесіне дейінгі аумақта) кварталішілік желілерді жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жөндеу жұмыстарының құны шамамен 5 млрд теңгеге тең. Жобаның құжаттары 2022 жылдың ақпан айында дайын болып, республикалық бюджеттен қаражат сұраймыз деп жоспарлау-дамыз. Осылайша, кварталішілік құбырларды жөндеудің кешенді жоспары іске асатын болады, - дейді А.Қалияқбаров. Усолка шағын ауданындағы үйлер жақын күндері жылуға қосылмақ. Биыл жаңадан салынған ТМ-42 жылу магистралінің қуаттылығы енді ғана реттеліп жатқан көрінеді. Әлеуметтік нысандардан тек облыстық психикалық-неврологиялық орталығы ғана жылуға қосылмаған. Ал аталған шағын аудандағы 2 мектепке енді ғана жылу берілген.

 

Оралхан ҚОЖАНОВ.

 


Количество показов: 407

Возврат к списку