«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022
88
Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022
87
Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022
92
Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022
93
Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022
89
Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022
93
Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022
87
Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022
82
Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022
89
«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022
97
Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022
86
Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022
80
«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022
79
Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022
80
Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022
85
Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022
92
Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022
171
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022
80
Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022
77
Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022
81
Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022
84
Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022
89
Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022
79
Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022
197
Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022
77
Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022
82
Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022
74
Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022
80
Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022
79
Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022
71
«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022
80
Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022
78
Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022
81
ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022
73
Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022
77
«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022
116
Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022
468
Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022
344
Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022
586
Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022
677
Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022
525
Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022
570
Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022
537
Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022
523
Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022
590
Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022
523
Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022
552
Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022
565
Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022
517
Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022
533
«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022
649
«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022
668
Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022
650
Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022
629
Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022
665
Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022
728
Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022
643
Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022
623
Жомарт жандар
10:21 14.06.2022
630
Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022
646
Елімізде қағаздың барлық түрі мен оған байланысты көрсетілетін қызметтер айтарлықтай қымбаттады. Басқа түгілі кәдімгі кеңсе мен дәретхана қағазының бағасы шарықтай түсті. Оған қоса, өнімнің тапшылығы байқала бастады. Мұның барлығы қарапайым тұтынушыларға салмақ салып отыр.
Махаббат Төлебай
Наурыз айынан бастап елдегі қағаздың бағасы қымбаттап келеді. Айталық, қаңтарда бір қаптамасы 1500 теңгеге сатылған А4 форматтағы кеңсе қағазының бүгінгі бағасы 3000 теңгеден басталады. Оның өзі шектеулі көлемде сатылады. Яғни, дүкенге келушіге бір-екі қаптамасынан артық алуға болмайды. Сол сияқты дәптерлердің қымбаттай түскенін байқауға болады. Бұрындары бір данасы 20-25 теңге болған қарапайым 12 беттік дәптер қазір кемінде 35-40 теңге тұрады. Полиграфия саласында жұмыс істейтін, қағаздарды басып шығаратын, көшірме жасайтын қызметкерлер де бағаны бірден өсірді. Осыдан екі-үш ай бұрын бір парақ қағазды басып шығару үшін 10-15 теңге төлесеңіз, қазір 25-30 теңге бересіз. Кәсіпкерлер мұндай қымбатшылықты шетелден келетін қағаздың тапшылығымен байланыстырып отыр.
- Біздің орталық университеттерге жақын орналасқандықтан әрі қазір емтиханның кезі болғандықтан, қағаз басып шығаруға келетін-дердің қарасы қалың. Күніне орта есеппен 100-ге жуық студентке, басқа да тұрғындарға қызмет көрсетеміз. Бір қағазды басып шығару бағасы – 25 теңге. Соңғы бір айда қызметтің бұл түрін 10 теңгеге өсіруге тура келді. Себебі А4 форматтағы қағаздың бағасы екі есеге қымбаттады. Біз сатып алатын қағаз Ресейде шығарылады. Білуімізше, қазір көрші елде өндірістің бұл түрінде іркіліс бар. Шикізат болғанмен, оны ағартатын химиялық препараттар жоқ көрінеді. Сол себепті импорттық тауардың көлемі күрт азайды, - дейді полиграфия орталығының қызметкері Вероника Смирнова. Қағаз тапшылығы мен баға мәселесі жергілікті кәсіпорындарды да сырт айналып кеткен жоқ. «Гофротара» ЖШС басшысы Гүлнар Қайдарованың айтуынша, көрші мемлекетке салынған санкцияның салқыны біздің елге тиіп отыр.
- Қағаз өндірісінде ресейлік шикізат және еуропалық ағартқыштар қолданылады. Білуімше, ағартуда қолданылатын құралдар Германия мен Финляндиядан жеткізіледі. Бірақ соңғы жағдайларға байланысты бұл процесс тоқтап, шикізаттан дайын өнім алу ісі қиындап тұр. Бұл қиындық отандық нарыққа да әсер етті. Себебі біз де офсеттік қағазды, қораптарды, қағаз пакеттерді шығаруда көрші мемлекеттен келетін шикізатқа тәуелдіміз. Қазір өз өнімдеріміздің бағасын қымбаттататын болсақ, нарықтағы орнымыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Отандық қораптың бағасы бірден аспандап кетсе, экспорттық тауарлар басып кіреді. Қысқасы, шикізатты өңдеп, одан өнім алу ісі оңайға соқпай тұр, - дейді Г.Қайдарова. Статистикалық мәліметтерге зер салар болсақ, Қазақстанда сатылатын қағаздың 61 пайызы Ресейден келетінін көреміз. Қалған 30 пайызы Түркиядан, тағы 9 пайызы Қытайдан импортталады. Ал біздің елде қағаз шығаратын бірде-бір кәсіпорын жоқ. Тек А4 форматындағы қағазды кесу және орау бойынша «Qagaz Ordasy» және «Goida.kz» зауыттары жұмыс істейді. Былтыр сол кәсіпорындар 600 мың қаптама қағаз шығарды. Бұл ішкі нарықтағы тұтыну көлемінің небары 5 пайызын құрайды. Жыл басынан бері ресейлік кәсіпорындар қазақстандық серіктестеріне беретін қағаз көлемін де шектеді. Сондықтан отандық өңдеу орындарының жұмысы шатқаяқтап тұр. Десе де, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде қағаз тапшылығы болмайды деп сендіріп отыр.
- Менің ойымша, Қазақстанда тауар тапшылығы қатты байқалмайды. Өйткені бізге Ресейден бөлек Қытай мен Түркия елдерінен де қағаз жеткізіледі. Демек, басқа да баламалы жолдар бар. Ал бағаға келер болсақ, 2021 жылдың қорытындысы бойынша А4 қаптамасының орташа көтерме бағасы 1,5 мың теңгені құрады. 2022 жылғы наурызға қарай бағалар орта есеппен бір мың теңгеге немесе 67 пайызға өсті. Қазір ірі жеткізушілер кеңсе қағазының бір қаптамасын көтерме саудада 3 мың теңгеге сатады. Бағаның өзгеруі Батыс Еуропадан қағаз шикізатын ағартуға арналған реагенттерді жеткізудегі іркілістерге және Ресей Федерациясында кеңсе қағазын өндіру көлемінің қысқаруына байланысты орын алды. Егер кеңсе тауарларын сататын дүкендер бір-бірімен келісіп, бағаны өсірсе, тиісті мекемелер нақты шаралар қолданады. Мамандардың айтуынша, қазір Ресей қағазды ағарту ісін өз зауыттарында жандандырып жатыр. Сондықтан еліміздің қағаз нарығындағы жағдай 1-2 ай аралығында тұрақталады, - дейді министр. Қағазға қатысты мәселе біздің елде ғана емес, өзге де ТМД елдерінде өткір тұр. Мәселен, Өзбекстанда да кеңсе қағазының бағасы күрт өсті. Қырғызстанда монополияға қарсы қызмет А4 форматындағы қағаздың қым- баттауына байланысты бірнеше кәсіпкерге қатысты іс қозғады. Ал Қазақстанда әзірше негізсіз баға өсіргені үшін жауапқа тартылғандар туралы ресми мәлімет жоқ.
Әлемдік нарықтағы шиеленісті жағдай кеңсе қағазымен қатар, майлықтар, жаялықтар, хаттар сынды қағаздан дайындалатын өнімдердің барлығының бағасына ықпал етті. Айталық, соңғы бір жыл ішінде елімізде дәретхана қағазының бағасы бірден 12 пайызға артты. Абырой болғанда, шетелдік кәсіпорындарға айтарлықтай тәуелділік жоқ. Дәретхана қағазының 70 пайызы өз елімізде өндіріледі. Бірақ, бұл – баға өспейді деген сөз емес. Себебі, Қазақстанда таза парақтар түгілі пайдаланылған қағаздар аздық ете бастады. Нақтысын айтқанда, дәретхана қағазын дайындайтын макулатураның күрт азайғанын байқауға болады. Мәселен, бірнеше жыл бұрын «Павлодарское» деген атаумен танымал дәретхана қағазын шығаратын картон-рубероид зауытының жұмысы тоқтады. Осы уақытқа дейін өнімнің қоймадағы қоры сатылып келді. Ол таусылған соң дүкендер сөрелерінен таппайтын болдық.
- Соңғы бір-екі айда сауда орындарына «Павлодарское» дәретхана қағазы жеткізілмейтін болды. Себебі зауыт жабылған соң жаңа өнім шықпайтын болды. Ал бұған дейін сатылып келген қор таусылды. Қазір дүкендерден сыртқы безендірілуі, жазуы соған өте ұқсас «Павловское» деген қағазды кездестіруге болады. Бірақ ол Ресейдің Алтай өлкесінен жеткізіледі. Бір данасының бағасы – 45-50 теңге, - дейді Ольга есімді сатушы. Иә, бұл – бүгінгі күні нарықтағы арзан өнімдердің бірі. Сауда орындарындағы бағаларды салыстыра жүріп, одан да арзаны барын байқадық. «Ромашка» деп аталатын қағаздың бір данасы 35-40 теңге тұрады. Көпшілік тарапынан сұраныс жоғары «Набережные челны» дәретхана қағазы 80-85 теңгеден 100-110 теңгеге дейін қымбаттапты. Айта кетелік, сауда сөрелеріндегі өнімнің басым бөлігі Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында шығарылады. Қалғаны көршілес Ресей мемлекетінен жеткізіледі. Жалпы, бүгінгі күні отандық қағаз нарығындағы жағдай мәз емес. Қазақстандық буып-түюшілер қауымдастығының төрағасы, сарапшы Батырбек Әубәкіровтің айтуынша, қағаз өндірісі – өте қымбат жоба. Сондықтан әлемде оны шығаратын кәсіпорындар өте аз. Себебі өндіріс экологиялық тұрғыдан тиімсіз.
- Зауыт ашу үшін үлкен аумаққа целлюлоза алуға болатын ағаш отырғызу керек. Оған көп көлемде су, ал өндіріске шикізат керек. Біздің климат бұған қолайсыз. Сондықтан қағаз өндірісіне қажет шикізаттың баламасын ойластырған әлдеқайда дұрыс. Мәселен, қарасора өсімдігі целлюлозаға балама шикізат бола алады. Бірақ оның өндірістік технологиясы қымбат. Сондықтан Қазақстанда әзірге мұндай кәсіпорын ашу қисынсыз. Тиімді жолы – барлық саланы цифрландырып, айналымдағы қағаз құжаттарды, хаттарды азайту. Көп құжатты онлайн алып, көп шаруаны қағаз шығармай-ақ, компьютерде тындыруға болады, - дейді Батырбек Әубәкіров. Сарапшының пайымынша, Үкімет ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру үшін отандық өндірушілерге Еуропадан шикізат жеткізуге көмектесіп, жеңілдетілген несие немесе субсидия бөлуді ескеруі керек. Сол кезде ғана жағдай реттелуі мүмкін.
Ал әзірше көрші мемлекеттегі өндіріс орындарында ағартқыш заттардың пайдалануын күтуден басқа амал жоқ сияқты. Сол кезде ғана елімізде тауарлар көп көлемде импортталуы мүмкін. Бірақ оның бағасы бұрынғы қалпына оралуы екіталай. Сондықтан жергілікті кәсіпорындар тым құрығанда кеңсе қағаздарын кесу, оларды орау мен қаптау бағытындағы жобаларды жүзеге асырса игі. Өкінішке қарай, біздің облыста бұл бағытта жұмыс істейтін бірде-бір өңдеу орны жоқ.
«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022
88
Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022
87
Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022
92
Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022
93
Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022
89
Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022
93
Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022
87
Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022
82
Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022
89
«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022
97
Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022
86
Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022
80
«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022
79
Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022
80
Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022
85
Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022
92
Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022
171
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022
80
Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022
77
Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022
81
Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022
84
Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022
89
Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022
79
Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022
197
Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022
77
Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022
82
Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022
74
Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022
80
Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022
79
Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022
71
«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022
80
Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022
78
Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022
81
ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022
73
Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022
77
«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022
116
Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022
468
Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022
344
Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022
586
Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022
677
Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022
525
Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022
570
Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022
537
Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022
523
Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022
590
Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022
523
Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022
552
Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022
565
Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022
517
Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022
533
«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022
649
«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022
668
Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022
650
Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022
629
Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022
665
Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022
728
Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022
643
Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022
623
Жомарт жандар
10:21 14.06.2022
630
Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022
646