Аққулыдағы айтулы мереке

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Аққулыдағы  айтулы мереке 13.11.2021

Аққулыдағы айтулы мереке

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Аққулы ауданының Ямышев ауылында жаңа мәдениет үйі бой көтерді. «Ауыл -ел бесігі» жобасы аясында салынған рухани ордада 250 орындық көрермен залы, кітапхана, ұлттар қауымдастығы мен түрлі үйірмелерге арналған заманауи кабинеттер, жастар орталығы орналасқан.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ

Тәуелсіздік мерекесіне орай ауыл тұрғындарына үлкен тарту болған мәдениет ордасының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Абзал Балғабаев барша ауыл тұрғындарын көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.

- Жаңадан бой көтерген бұл заманауи ғимарат тек бір ауылдың ғана емес, тұтас өңіріміздің мәдени өмірін өркендетіп, руханияттың үлгісіне айналатын мәдениет ошағы боларына сенімдімін. Алдағы уақытта ауыл тұрғындары талай әдемі әдеби-мәдени кештердің куәсі болады, - деді аудан әкімі. Сондай-ақ, мәдениеті мәйекті, өнері өрісті өлке жайлы сөз қозғаған облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Бегалинова да кешегі күй саңлағы Рүстембек Омаров туған жерден әлі талай өнерпаздар түлеп ұшарына сенетінін айтты.

- Бұл - облысымызда биыл ашылып отырған 3-інші мәдени нысан. Көптеген мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға беріліп отыр. Мемлекетіміздің даму
сатысында мәдениеттің де жоғары болғаны бағалы. Себебі, мәдениет - мемлекеттің болмысы. Осы орайда, бұл мәдениет ошағы бірлік пен достықтың ұйытқысы болып, өнерпаз ұл- қыздардың шығармашылық қабі-летін шыңдауға жол ашады,- деді Самал Балғабайқызы. Ауыл тұрғындары атынан сөз сөйлеген ардагерлер кеңесінің мүшесі, ақсақал Байқал Жұмаханов ақжарма алғысын айтып, жан сергітер шаңырақтың ашылғанына қуанышты екендерін жеткізді.

- Бұрынғы мәдениет үйі 90-жылдары өртеніп кеткен. Бұл - біздің ауылымызда алғаш салынып отырған мәдениет үйі. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесін жаңа, заманауи, зәулім ғимаратта тойлайтын болдық. Біз үшін бұл - үлкен қуаныш, деп жиылған қауымға ақ батасын берді. Халқымыздың ізгі дәстүрі бойынша шашу шашылып, жаңа ғимараттың тұсауы да кесілді. Сәні мен салтанаты жарасқан мәдениет үйінің салынуына мемлекет қазынасынан 274 млн. теңге қаражат бөлінген. Шара соңы аудан өнер-паздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

Аққулы ауданы.

 

 


Количество показов: 669

Возврат к списку