Ақыл-ойдың айдыны

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  274

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  261

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  265

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  261

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  271

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  258

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  298

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  299

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  294

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  321

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  309

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  321

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  307

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  335

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  334

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  431

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  392

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  395

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  476

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  487

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  418

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  479

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  466

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  423

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  479

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  426

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  657

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  555

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  569

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  547

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  554

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  544

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  487

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  542

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  571

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  671

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  593

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  665

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  660

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  656

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  642

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  671

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  640

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  727

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  769

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  765

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  722

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  713

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  728

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  744

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  933

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  960

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  846

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  729

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  823

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  741

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  791

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1016

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1010

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  964

Ақыл-ойдың айдыны 10.07.2021

Ақыл-ойдың айдыны

Биыл С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап кітапханасының ұжымы бірнеше мерейтойды қарсы алып отыр. Атап айтқанда, кітапхананың ашылғанына 125 жыл болса, мекемеге көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі берілгеніне және заманауи жаңа ғимаратқа көшірілгеніне 25 жыл толып отыр. Сонымен қатар, 17 шілде – облыстық кітапхана ретінде құрылған күні.

Тәуелсіздік.jpg

Облыстық әмбебап кітапхананың тарихы терең. Құрылғаннан кейінгі даму, өркендеу тарихы бірнеше кезеңге бөлінеді. Атап айтсақ, 1896 жылы уездік кітапхана ретінде ашылған. Ол кезде Павлодар уездік орталығы Семей губерниясының құрамында болғаны тарихтан белгілі. Мекеме ғимараты өз заманының атақты байы, көпес А.И.Деровтың демеушілігімен салынған екен. Ол кезде №3 Мещанск тұйық көшесіндегі (қазіргі М.Есенәлиев көшесі) «Дворяндық жиналыс» ғимаратында болыпты. 1938 жылдың
17 шілдесі күні облыстық кітапхана деген мәртебе беріліп, мекеменің тағы бір жаңа дәуірі басталды. 1988 жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығына сәйкес, бөлек-бөлек жұмыс істеп тұрған үш облыстық кітапхана біріктіріліп, үлкен әмбебап мекемеге айналды. Ал 1996 жылы мекеменің 100 жылдық мерейтойына орай қазіргі ғимаратқа көшіріліп, қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың есімі берілді. Мекеме басшысы Шолпан Шахметованың сөзінше, кітапхана қорында 500 мыңнан астам кітап бар. Бір жыл ішінде 145 мың оқырманға қызмет көрсетіліп, 600 мың кітап үйге беріледі. Бүгінде мұнда 9 бөлім және 4 арнайы оқу залы жұмыс істейді. Мысалы, С.Баязитов атындағы балалар әдебиеті, кітапхананы дамыту, оқу залдары, абонемент, цифрландыру, кітап сақтау, кітапты толықтыру, кітапты қалыптастыру және ақпараттандыру бөлімдерінің өз міндеттері бар. Сонымен қатар, жаңадан ғарыш залы құрылып жатыр. Ол бөлімнен ғарыш әлеміне қатысты тың деректермен және әдебиеттермен танысуға болады. Сонымен қатар, әлем бойынша ғарышқа жол салған зымырандардың үлгілері қойылуда. Биылғы мерейтой құрметіне алғаш рет кітапхананың жеке музейі ашылыпты. Онда кітапхана алғаш пайда болған кезде қолданылған көне құрылғылар мен қызметтік журналдар сақталуда. Одан бөлек Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалына да осы мекеме ішінен орын берілген. Сондай-ақ, облыстың әдеби картасы, бизнес картасы, жергілікті ғалымдары секілді 11 жеке электронды ресурсы бар. Онда аталған тақырыптық бағыттар бойынша толық мәліметтер сақталған.

тәуелсіздікке 30.jpg

- С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап кітапханасы аймақтағы ең үлкен рухани һәм мәдени орын болып есептеледі. Бұл – рухани сусын іздеген жұрттың шөлін қандыратын қасиетті орда. Бұл – адам баласының таным көкжиегін кеңейтіп, білімі мен санасын жетілдіретін тәрбие ошағы. Сонымен қатар, қолына қалам ұстаған шығармашыл қауымның басын біріктіретін әдеби орта да осында қалыптасқан. Мұнда әдеби кештер, шығармашылық кездесулер, рухани сыр-сұхбаттар, жаңа кітаптардың тұсаукесері сынды басқа да көптеген мәнді де мазмұнды шаралар тұрақты өтіп келеді, - дейді Шолпан Шахметова. Жалпы, облыстық кітапхана ұжымы өздерінің жаңашылдығымен өзге әріптестерінен оқ бойы озық келеді. Мысалы, жаңа технологияларды игеру, өнімді цифрландыру, веб-ресурстарды қалыптастыру, жұмысқа инновациялық әдістерді енгізу арқылы Қазақстан бойынша алдыңғы қатарда тұр. Облыстық кітапхана ұжымы қолға алған ерекше жобалардың бірі – «Онлайн кітапхана». Цифрландыру бөлімі жүзеге асырып жатқан бұл жобаның мақсаты – ескі әдеби кітаптар мен көне газеттерді цифрлық форматқа көшіру. Яғни, жергілікті қаламгерлердің электронды ресурсын қалыптастыру көзделген. Мұндай жоба өзге облыстық кітапханаларда жоқ деуге болады. Бүгінгі күнге дейін облыстық «Saryarqa samaly» және «Звезда Прииртышья» газеттерінің 5 мыңнан астам саны және 12 мың кітап цифрлы форматқа көшірілген екен. Кітапханашылар енгізген жаңашылдықты оқырмандар да жақсы меңгеріп алған. Қазіргі күні кітапханаға тұрақты келетін әрбір адамның электронды билеті бар. Абонемент бөліміне келген оқырмандар қажетті кітаптарын тауып алған соң оны өзінің атына тіркеу және оқып аяқтаған кітаптарын қайта тапсыру жұмыстарын өздері орындай алады. Ал оқырманда электронды билет болмаса, кітап алу немесе тапсыру процестерін жүргізе алмайды. Облыстық кітапхананың электронды билеті сырттан келген құрметті меймандарға сыйлық ретінде де беріледі. Мысалы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Сенат депутаты Алтынбек Нухұлы, философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім сынды танымал тұлғалардың қолында С.Торайғыров кітапханасының электронды билеті бар. Оқырмандарға кітапхананың бергі жағындағы бір-екі бөлім мен бірнеше адамның жұмысы ғана байқалатыны рас. Тұрғындар ары кетсе абонемент бөліміндегі мамандарға жүгініп, керекті кітаптарын алады не болмаса оқырман залына отырып, газет-журналдар оқиды. Ал ішкі «асүйінде» қандай қызу тірлік қайнап, маңызды жұмыстар атқарылып жатқанынан көбіміз хабарсызбыз. Мысалы, кітапты қалыптастыру бөлімінің қызметкерлері кітапханаға қандай әдебиеттер керек, қандай туындылар сұранысқа ие немесе қай авторды жиі іздейді деген сауалдар бойынша сараптама жүргізеді. Негізгі міндеті – кітап сөрелерін сапалы әдебиетпен толықтыру.

Тәуелсіздікке.jpg

- Біздің кітапханаға жылына 5 мыңнан астам кітап түседі. Кітаптар негізінен мемлекеттік тапсырыспен алынады. Сонымен қатар, оқырмандардан сыйлыққа келетін кітаптар да бар. Оның барлығы осы бөлім арқылы базаға енгізіледі. Содан кейін, әрбір данасына таңба басылып, радио белгісі жабыстырылады. Радио белгісі дегеніміз – кітапты жоғалудан сақтайды. Яғни, бір жағдаймен оқырман базасына енгізілмей қалса, есік алдындағы дабыл құрылғысы белгі береді. Сонымен қатар, электронды және алфавитті каталогтар осы бөлімде құрылады, - дейді кітапты қалыптастыру бөлімінің меңгерушісі Сәуле Жанқаринова. Кітапхананың биылғы 125 жылдық мерейтойы қарсаңында бұрын болмаған жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Ресейдің Омбы, Новосібір, Алтай, Екатеринбург өңірлерімен және еліміз бойынша Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кітапханашыларымен онлайн кәсіби кездесулер ұйымдастырылған. Алдағы уақытта батысқазақстандық әріптестерімен жүздесу болады деп жоспарлануда. Мақсаты - жергілікті кітапханалардың жетістігі мен жаңашылдығын көрсету, жаңа жобаларымен таныстыру. Сонымен қатар, оқырмандармен кері байланыс орнатып, әртүрлі сайыстар, байқаулар өткізілуде.

Тілеуберді САХАБА

 


Количество показов: 508

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  274

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  261

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  265

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  261

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  271

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  258

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  298

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  299

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  294

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  321

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  309

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  321

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  307

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  335

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  334

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  431

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  392

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  395

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  476

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  487

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  418

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  479

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  466

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  423

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  479

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  426

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  657

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  555

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  569

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  547

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  554

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  544

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  487

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  542

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  571

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  671

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  593

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  665

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  660

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  656

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  642

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  671

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  640

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  727

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  769

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  765

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  722

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  713

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  728

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  744

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  933

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  960

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  846

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  729

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  823

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  741

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  791

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1016

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1010

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  964