Ақылы жолдың талабы қандай?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Ақылы жолдың  талабы қандай? 23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?

Биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтан қаласына апаратын жол ақылы болмақ. Яғни, бас қалаға бағыт алған жүргізушілер жолдың әр шақырымы үшін белгілі бір сома төлеуі тиіс. Мұндай жаңашылдық жолды күтіп-ұстау шығындарын өтеуге тиімді болғанмен, тұрғындардың қалтасын қағуы әбден мүмкін.

 

 

1 шақырымы – 1 теңге

 

Бүгінде елімізде 97 мың шақырым автомобиль жолы бар. Оның 24 888 шақырымына республикалық маңыз берілген. Сол республикалық жолдардың 4 учаскесі, яғни 682 шақырым ақылы болып саналады. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2025 жылға дейін ақылы жолдардың ұзындығын 11 мың шақырымға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Солардың бірі - Нұр-Сұлтан мен Павлодардың арасы. Бас қала мен облыс орталығын жалғайтын жолды ақылы ету мәселесі соңғы уақытта жиі көтеріліп жүр. Тіпті, осы жылдың маусым айында тиісті жүйе енгізіледі деп мәлімденген болатын. Әйтсе де, әлдебір себептерге байланысты бұл мерзім шегерілді. Сөйтіп, осы жылдың 1 қарашасынан бастап Елорда мен Павлодардың арасындағы жолды ақылы ету ұйғарылды. Жеңіл, жүк көліктерінің иелері екі бағытта қатынау үшін қазынаға белгілі бір көлемдегі қаржыны төлеуі тиіс. Атап айтқанда, жеңіл көлік иелері әр шақырым үшін 1 теңге береді. Жүк көліктерінің салмағына байланысты тариф 5 теңгеден басталып, 25 теңгеге дейін жетеді. Айта кетелік, екі қала арасын-дағы ақылы жолдың қашықтығы 375 шақырымды құрайды. Оның 184 шақырымы Ақмола облысына тиесілі болса, 191 шақырымы – біздің аймақтың аумағы. Бұл ретте мердігер компания жұмысының салғырттығы салдарынан соңына дейін қалыпқа келтірілмеген Төртқұдық пен Шідерті арасындағы 24 шақырым жол есепке алынған жоқ. Демек, жүргізушілер жөндеуі аяқталмаған бұл учаскеден өткені үшін ақша төлемейді. «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы облыстық филиалы директорының орынбасары Ержан Қисықов жүргізушілерден тариф ретінде түскен қаражаттың барлығы республикалық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға жұмсалатынын айтты.

- Екі қала арасында ешқандай шлагбауым болмайды. Жүргізушілердің қатынауына кедергі келтірмес үшін әрі кептеліс тудырмау мақсатында арнайы аркалар орнатылды. Әр бақылау аркасында бейнекамералар, сканерлер қойылды. Олардың көмегімен көліктердің мемлекеттік нөмірі, қозғалыс жылдамдығы, басқа да деректер бірден анықталады. Төлем де осы аркалар арқылы ұсталады. Яғни, жүргізушінің шотынан автоматты түрде алынады. Жалпы, төлем жасаудың, шотты толтырудың 20 түрлі әдісі бар. Мәселен, көпшілік кеңінен қолданылатын kaspi.kz мобильді қосымшасындағы ақылы жолдар бөліміне өтіп, көліктің мемлекеттік нөмірін тіркеп, шотты белгілі бір сомаға толтыруға болады. Жүргізуші діттеген жерге жеткен соң жүріп өткен жолы үшін ақы бірден алынады. Сондай-ақ, ұялы телефондарға арналған «qaj mobile» қосымшасы дайындалды. Сол арқылы балансты білуге, ақылы жолға қатысты ақпараттармен танысуға да болады. Егер тұрғынның мобильді қосымшаларды пайдалану мүмкіндігі болмаса, Павлодар қаласында, Шідерті кентінің маңында орналасқан диспетчерлік қызмет көрсету орталықтарында қолма-қол ақшамен есеп айырысуға болады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Әдетте төлем сомасы жүргізушінің шотынан аударылып отырады. Ал ақылы жолмен өткені үшін түскен қаражат жолдарды күтіп-ұстау мақсатында кәдеге жаратылады. Сол арқылы «Жақсы жолмен жүретін адам сол үшін ақы төлейді» деген принцип іске асады. Ағымдық, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары әрі қарай да бюджеттен қаржыландырылады, - дейді Е.Қисықов. Бұл ретте жол жүру төлемін 7 күн ішінде төлемеген жүргізушілерге жауапкершілік қарастырылғанын атап өту керек. Жеке тұлғалар 5, заңды тұлғалар 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды. Ал облыс аумағындағы ақылы жолмен қатынайтын кейбір жүргізушілерге жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, Екібастұз қаласының тұрғындары облыс орталығына жеңіл көлікпен жету үшін әр шақырымға 1 теңге төлемейді. Өз өңіріміздің аумағында тіркелген жеңіл көлік иелері абоненттік карта алып, оған 1000 теңге салып, сол арқылы жыл бойы емін-еркін қатынай алады. Тек ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан техника құралының облыс аумағында тіркелгенін растайтын құжат алып, ақылы жолдарға қатысты құрылған арнайы орталыққа ұсыну қажет. Бірақ облыс аумағында қатынайтын, осы өңірде тіркелген жүк көліктері мен жолаушылар автобусы иелерінде мұндай мүмкіндік жоқ. Мәселен, Екібастұздан облыс орталығына көмір тасымалдайтын жүк көліктері әр өткен шақырымы үшін көліктің салмағына қарай 5-25 теңге аралығында ақы төлеуі тиіс. Міндетті тариф облыстағы жүк және жолаушылар көліктері жүргізушілеріне салмақ салмас үшін қазіргі уақытта құзырлы министрлік жеңілдіктер енгізу мәселесін қарастыруда. Оларға да абоненттік карта берілуі ықтимал.

Кімнің қалтасын қағады?

 

Тарифтен түскен табыс республикалық маңызы бар жолды күтіп-ұстауға жұмсалатыны жақсы-ақ. Бірақ бұл ретте екінші мәселенің ұшы шығады. Атап айтқанда, көпшілік қалалар арасында қатынау қымбаттайды деп қауіптенеді. Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан қаласына дейін жету үшін бір адам кемінде 5-6 мың теңге төлеуі тиіс.

- Ақылы жолдар жобасына күмәнмен қараймын. Біріншіден, жүргізушілерден түскен ақының қандай мақсатқа, қандай көлемде, қалай жұмсалатыны туралы ақпаратты қарапайым халық қайдан біле алады? Тиісті тарифті төлегенмен, бұрынғыша жолды қар басып, көктайғақта жұрттың тағы да әбігерге түспесіне кім кепіл? Көпшіліктен түскен қаражат жол жағдайын жақсартуға емес, әлдекімдердің қалтасын қампайтуға жұмсала ма деген күдік басым. Екіншіден, бұл жаңашылдық такси қызметі мен автобус билеттерінің тағы қымбаттауына әкеп соғады. Қазірдің өзінде бас қалаға жету бағасы арзан емес. Тіпті, кейбір жүргізушілер жеңіл көліктің алдыңғы орындығына отыру үшін қосымша 1 мың теңге алады. Яғни, алдына отырып жетуді қаласаңыз, 7 мың теңге төлеуіңіз керек. Енді такси жүргізушілері екі ортадағы әр шақырым үшін ақша төлейтін болса, оның орнын біз сияқты қатардағы жолаушылар арқылы толтырары анық. Ал бұл өз кезегінде тұрғындардың қалтасын қағады, - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Мансұр Ыбыраев. Көлік иелері жол жүру бағасының өсетінін жасырмайды. Данияр есімді такси жүргізушісі қазір бір тұрғынды Елордаға апару үшін 6 мың теңге алады. Қарашада бағаны 500-1000 теңгеге өсірмек. Себебі жасаған әр рейсі кезінде ақылы жолмен жүргені үшін шамамен 400 теңге төлеуі керек. Бұл соманы өз қалтасынан шығарғысы келмейді. Сондықтан оның есебін жолаушылардан алады. «Сапаржай – Павлодар» ЖШС директоры Павел Браславский де Нұр-Сұлтан, Екібастұз қалаларына дейін сатылатын автобус билеттері бағасының өзгеретінін алға тартады.

- Әзірше тиісті органдар тарапынан ақылы жолдың енгізілетіні туралы ресми хат түскен жоқ. Сондықтан билет бағасының неше теңгеге қымбаттайтынын дөп басып айта алмаймын. Бірақ басқа түгілі облыс ішінде қатынауымызға қаржы төлеуіміз тиіс болса, жолақының артатыны сөзсіз. Білуімше, 32-ден көп орны бар автобустар ақылы жолдың әр шақырымы үшін 15 теңге беруі керек. Павлодар мен Екібастұз арасы 130 шақырым десек, бір рейс барысындағы баға 1950 теңгені құрайды. Ал Нұр-Сұлтан қаласына дейінгі сома одан бірнеше есеге көп болады. Сондықтан билеттің құнын өсіруден басқа амал қалмайды. Айталық, қазір елордаға дейін бір адамды автобуспен апару бағасы 4500 теңге болса, ақылы жол енгізілген соң 5 мың теңгеден асуы ықтимал. Сондықтан жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктер өртке қарсы қызмет, жол полициясы, жедел жәрдем көліктері сияқты тарифтен босатылуы әлдеқайда дұрыс болар еді, - дейді П.Браславский. Иә, тым құрығанда облыс аумағында қатынайтын көліктің барлығына бірдей жеңілдіктер, абоненттік карталар қарастырылса, құба-құп. Әйтпегенде, ақылы жолдың тарифі қатардағы тұрғындардың қалтасына әсер ететін түрі бар. Өз кезегінде жолға жауапты қызметтер бастапқы сөзінде тұрып, әр шақырым үшін төленген ақыны мақсатты жұмсаса игі. Бастысы, жүргізушілер мен жолаушылар ақылы жолдың азабын тартпауы тиіс.

 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА. 

Суретті түсірген – Есенжол Исабек.

 


Количество показов: 513

Возврат к списку