«Абай» елімен қауышты

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  40

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  143

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  302

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  321

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  391

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  375

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  399

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  368

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  422

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498

25.12.2020

«Абай» елімен қауышты

«Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі», деп еді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы 9 қаңтарда жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында. 
Бұл тұрғыдан алғанда, «Абай» атты 6 сериялы фильмге артылған жүктің қаншалықты ауыр болғанын бағамдаймыз. Фильмнің сәтті шығуы тапсырыс беруші ретінде «Qazaqstan» ұлттық арнасының басшылығына да қандай жауапкершілік екенін сезінуге болады. Бұл туралы «Qazaqstan» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың фильм шығарда берген сұхбатында айтылған: «Телехикаяның оқиға желісі Абай өмір сүрген кезеңді бейнелейді. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы негізгі оқиғаларды арқау ете отырып, ақын өмір кешкен кезеңдегі қоғамдық тартыс, Абайдың адами болмыс-бітімі, білім мен өнерге алғаш сусындаған сәті, кемеліне келген шақтағы саяси мәселелерге араласып, ұлтын береке-бірлікке шақырған тұстары түгелдей дерлік көрініс табады» деп еді.
Шын мәнінде, сериалды көре бастағанда бірден М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы эпизодтар 
ойға оралатыны шындық. Абайдың 13 жасқа дейін Семейде оқуы, әкесі Құнанбайдың аға сұлтан ретінде биліктің жуан ортасында жүргені, алқа құрып, шешім айтып жүрген нағыз билеуші шағы әспеттеледі.
Режиссер Мұрат Бидосовтың шешімімен, кейбір эпизодтар, диалогтар шегініс ретінде, оқиғаға орай еске түсіру секілді беріліп отырады. Бұл кейбір жағдайда қарапайым көрерменге ауырлау соғатынын да аңғарасың. Романды бастан-аяқ оқыған адамның түсінуіне еш кедергі жоқ. Қайта, «романның сол тұсы мына сериалда қалай көрсетіледі екен» деп, тыпыршып күтіп отырасың.
Қодар мен Қамқа оқиғасы – жас Абайдың дүниетанымына зор ізін қалдырған, зорлық пен үстемдіктің үлгісі ретінде үнемі көрсетілетін жайт. Абай туралы түсірілген бұрынғы киноларда, спектакльдерде көрініс тауып келген. Дәл осы оқиға арқылы біз Құнанбайдың қатты мінезін, зорлығын да танып өскендей едік. Құнанбайдың образы жағымсыз кейіпкер ретінде санамызда қалыптасып еді. Тек бертін режиссер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмінде бұл оқиғаның мәні ашылып түсіндірілді. Қатты үкімнің кесілуі келешекте қазақ қоғамында мұндай сорақылықтың болмауына септігін тигізер деген үміттен болғанын түсіндіргендей еді. 
Аталмыш оқиғаға жаңа сериалда да орын берілген. Бірақ мәні ашық емес. «Құнанбай» фильміндегідей көрінісі кең панорама болып та берілмеген. Бәлкім, сериалда мұндай жағдайларды драмалық тұрғыда беру қиын болар. Сол секілді, Абайдың Ділдамен жүздескенде бірден екеуінің күлімсіреуі, кейін Әйгеріммен кездесуінде көз алмай қатып қарауы, Әйгерімнің бозбалаға тік қарап сөйлеуі сияқты көріністер жайдақ болып сезілді. Романда бұл кездесулер басқаша, салмақты суреттелетін еді. Ділданың Абайға «ары жатшы» деп айтуынан да салқындық сезілетін. Әйгерім де жүрісі шолпысының сыңғырынан білінетін, жүзін төмен салып сөйлесетін ибалы қыз ретінде көркем берілетін. Сериалда бұл жайттар жеңіл беріле салған сияқты.
   Абай мен Құнанбай арасы романда аса күрделі суреттелген болатын. Бұл жолы ұлының әкеге деген соншалық қарсылығы байқалмайды. Рас, тартысты оқиғаларда Құнанбай әкесіне деген наразылығын, өзіндік ойын, байыбын жеткізіп, тіке айтып отырады. Абайға «жайдақ су сияқтысың» деп айтылатын Құнанбайдың әйгілі сөзі де келтіріледі. Оған «қолында құралы бардың ғана қолы жететін шыңыраудағы су болғым келмейді» деген ұлының уәжі де берілген. Қай әңгімеде болмасын, әкесіне деген құрметі, Құнанбайдың ұлының сөзіне ден қоюы анық аңғарылады. Әкесі өмірден өткеннен кейін де өнегелі сөздерін қайта еске алуы да жарасымды. Дәл осы ұлағатты қарым-қатынас заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің романында кеңестік идеологияның әсерімен жазылған еді. Ескі заманның өкілі ретінде Құнанбай үнемі бір жақты жауыз болып келді де, Абай оған ұдайы қарсы келетін. Бұл жолғы сериалда әке мен баланың қарым-қатынасын жаңаша алып шығуда сценарийші, режиссер маман-
дардың еңбегін атап өтуге болады. Сериалда осы жағына мән берілген. Білуімізше, сценарий бекіту барысында туындаған тартысты пікірталастарда соңғы сөзді жазушы Дулат Исабеков айтыпты. Белгілі қаламгер, телеарнаның бас редакторы Қайнар Олжай жаз бойы түсірілім тобымен бірге еңбек еткен.
Бұл жерде романдағы образдан бөлек, хакім Абайдың өлеңдерінде әкесі Құнанбайға деген зор құрметтің жатқаны мәлім. Сценарийде сол жағы ескерілгені құба-құп.
Бірақ Құнанбайдың тартысты шақтардағы табанды мінезі мұнымен әлсіреп қалмайды. Қаттылық мінезі жақын туысы Бөжеймен арадағы күрделі жағдайда толық көрініс табады. Тіпті Зере анасының «бір омырауымда сені ұстасам, екіншісінде Бөжейді ұстап едім, бұл не қылғаның?» деп батыл айтып тастауы да оқиғаның маңызын көрсетеді. Бірақ Құнанбай «өз туысым басыма шықса, басқалары тақияма шай қайнатар» деп айтқанынан қайтпайды. Мұның соңы ағайындардың өзара сойыл алып, қақтығысуына, Бөжей тарапынан Құнанбайдың үстіне арыздардың Қарқаралыға дейін жетуіне, ақыр-соңы аға сұлтандықтан түсіртуіне дейін өрбиді. Алшынбай құдасының ақыл айтуы да Құнанбайдың қисынды сөзді құп алатынын байқатады.
    Қалайда Құнанбай образы - сериалда жақсы ашылған образдың бірі. Бөжейді дүрелейтін жерінде Абайдың келіп демеуі бұрын баланың әкесіне деген қарсылығын көрсететін деталь болса, қазіргі кезде Абайдың өсіп, ер жетіп, ақылы кіргенін әкесі Құнанбай мойындап білген кез ретінде алға ұсынылған. Құнанбай Абайдың ел билеу ісіне араласуын қолдайды. Көреген әке баласының кеудесіндегі «елді өркендетсем» деген сертін таниды. Орысшылдығына байланысты күдігін де айтады, баласының ұтымды жауабын да алады. Құнанбайдың рөлін актер Бауыржан Қаптағай ерекше сүйіспеншілікпен алып шыққанын атап өту керек.
Құнанбай әкесінің көрегендігін Абай өзі буыны қатып, ел билігін қолға алған шағында жиі еске алады, қағидаларын ұстанады. Дала заңын, шариғат жолын, патша заңдарымен үйлестіре отырып мәселелердің шешімін табуға тырысады.
Сериалда Абай өмірінің үш кезеңі қамтылған. Жас Абайдың бейнесін Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар мен жасөспірімдер театрының актері Дархан Сүлейменов, ақынның бозбала шағын жас актер Әли Тұрсынхан сомдады. Абайдың кемеліне келген шағын Қазақстан-
ның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов сомдады.
Осы жерде актер Болат Әбділмановтың Абайдың толысқан шағын бейнелеуі жоғары деңгейде іске асқанын айту керек. Бұған актердің 30 жылдан бері театрда Абайдың бейнесін сомдап келе жатуы да зор ықпалын тигізген. Актердің түр-тұлғасы, бет-пішіні, бой-тұрқы, сөйлеу мәнері, қимылы – барлығы нағыз Абай. Он шақты жыл бұрын «Жас Алаш» газетінде Болат Әбділманов туралы «Абайша амандасатын болыпты» деген тақырыппен шағын мақала жарияланғаны есімізде. Бұған актер талай жылғы маңдай тердің,  тәжірибенің, көкірек көзінен өткізудің арқасында қол жеткізіп отыр.
Актердің өзі де бұл жайтты мойындайды:
– Мен отыз жыл бойы театр сахнасында Абайды ойнап жүрмін. Кезінде Әзербайжан Мәмбетов қойған «Абай» спектаклінде ойнағанымда Әшірбек Сығай: «Шіркін, Абайдың киносын түсірсе, Абайдың рөлін ойнауға Болат Әбділманов дап-дайын ғой, осыны кинорежиссерлер көрсе ғой», деп елдің алдында айтқаны әлі күнге есімде. 19 жылдан кейін Абайдың 175 жылдығына арналған сериалға түскеніме қуаныштымын. 
Мұндай бақыт актерге әр кино сайын келе бермейді. Өйткені 
өзіңнің армандаған рөліңді экранда сомдау – ерекше нығмет. Сондықтан да бұл кеңестік дәуірдің идеологиясына бұрмаланған Абай 
емес, тәуелсіз рухты бүгінгі күннің Абайы деп есептеймін. Бұл міндетті мойнына алған «Qazaqstan» телерадиокорпорациясына артылар жүктің ауырлығын ұмытпау керек. Көзіқарақты көрермен туындыға өз бағасын береді деген сенімдемін, деді «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов.
6 сериядан тұратын фильмнің екінші жартысы толықтай Абайдың қайраткерлік болмысын ашып көр-
сетуге арналған. Оразбай бастаған топтың Абаймен, Құнанбай ұрпағымен тартысуы, болыс сайлауы, руаралық дау-шар, ұлықтармен әңгіме – барлығы нанымды суреттелген. Орыс патшасының өкіліне қазақтың салт-дәстүріне, шариғат және дала заңдарына негізделген заң жобасын ұсынуы Абайдың қазақ қоғамын өркендетуге деген қадамының бірі болды. Сериалда Шәкәрімнің үнемі Абай жанынан табылып қолдау көрсетуі, Абайдың надандық түбі оған да қиыншылық әкелетінін болжап айтуы көрініс алған.
    Ұлдары Әбдірахман (Әбіш) мен Мағауияның (Мағаш) да образдары сәтті берілген. Мағауия дастан жазып, шығармашылық ізденісте болса, Әбіш те Петербордан оқып, үздік білім иесі атанған. «Мына жақтағылар Жидебай қыстағына таласып жүрсе, Россия өркениетке кетіп барады» деп Әбіштің Абайға ашына айтуы - елге деген нағыз жанашырлықтың белгісі. Абай заманға сай оқыған ұлдарын әмеңгерлік талас, т.б. ел ішіндегі дауларға араластырмайды. 
Сериалда Оспан образы да тамаша орындалған. Нағыз дала батыры, аңғал да зор күш иесі.  Арыз  жазып, жауыздық ойлаған Оразбайды байлап-матап әкеліп, ұлық пен Абайдың алдына тастауы - 
соның дәлелі. Бірақ ағасы Абайдың сөзіне тоқтайтын ақыл иесі. Хакім Абайдың Оспанның болмысы туралы оның қазасына байланысты шығарған жоқтау өлеңінде толық айтылады ғой. Сериалдағы 
Оспан - сол Оспан.
Сериал түсірушілердің бір енгізген жаңалығы – Абайдың атына Әбіштің өліміне орай Алашорда партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтан көңіл айту жеделхатын алуы. Сондай-ақ патшаның қазақтарды шоқындыру туралы еппен шаралар жүргізу жөнінде құпия жарлығы туралы жеткізген қайраткер Шаймерден Қосшығұловтың жазған хатын алуы. Жас ұлының қазасы, Петербордан жеткен хаттардың салмағы, патша жандармдарының үйін тінтуі қабаттаса келген оқиғалар Абайдың еңсесін басып, есеңгіретіп кетті.
Абай жыраққа кетіп, көз алдында бұлыңғыр сағымда кетіп бара жатқан кемені көреді. Қазақтың кемесі кең айдында жүзеріне сенеді. Бізге солай көрінді ме, осымен сериал тез аяқталып қалған сияқты. Тағы бір бөлім қосып, ұлы Абайдың қайтыс болуы, әрі қарай мұрасының елге жайылуы, идеясының қолға алынуы туралы көріністер енгізілсе жақсы болар еді. Дегенмен, бұл фильм де үлкен олжа болғаны хақ.

Қорыта келе, «Абай» сериалы – жалпы жаңаша, азаттыққа сай детальдар енгізілген шығарма. Онда да хакімнің өз өлеңдерінде берілгендей, шындықтың ауылынан алыстамайды. Десе де, айтып өткендей, арасында ескі соқпақпен берілген сюжеттер бар. Жаңа сериал өзінің жүгін көтеріп тұр. Алдағы уақытта Абай туралы талай фильм түсірілер. Кезінде кеңестік саясат ықпалымен сіңірілген кереғар образдар бірте-бірде сүзгіден өте келе қазақы, табиғи қалыбына қайта оралар деген үміттеміз.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.


Количество показов: 500

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  40

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  143

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  302

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  321

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  391

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  375

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  399

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  368

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  422

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498