Абай сөзі - әдебиет өлшемі

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  43

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  37

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  38

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  44

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  36

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  39

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  41

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  38

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  36

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  43

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  39

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  43

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  45

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  146

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  134

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  115

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  128

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  135

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  122

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  119

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  118

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  126

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  140

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  247

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  266

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  259

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  285

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  238

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  307

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  243

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  266

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  336

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  289

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  273

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  330

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  316

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  304

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  324

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  298

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  313

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  334

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  322

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  307

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  319

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  311

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  333

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  394

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  404

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  371

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  402

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  379

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  401

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  371

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  401

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  426

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  505

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  554

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  549

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  501

Абай сөзі - әдебиет өлшемі 09.08.2022

Абай сөзі - әдебиет өлшемі

Қазақ әдебиетіндегі ұлы кезең – Абай дәуірі. Абай мұрасы тақырып-мазмұн жағынан алғанда да, ақындық өнер, шеберлік тұрғысынан келгенде де - ұлан ғайыр. Ол - кез келген жастағы оқырманның жүрегіне жол таба алатын тұғыры биік тау тұлға. Абай шығармашылығы - ой еңбегімен айналысқан қазақ оқырмандарына рухани азық, ғылыми-зерттеуде бағыт болғаны белгілі. Абай болмысын қаншалықты терең зерделеген сайын, әлі де бізге беймәлім тұлғалық қырлары мен тағылымдық тұстары көрініс беруде. Әр заманның буыны хәкім Абайға өзінше, жаңа көзқараспен қарары сөзсіз. Себебі, тұлғатану бағытында әр тұлғаға қойылатын методологиялық ұстанымдар мен әдістер, көзқарастар замана лебіне қарай өзгеріске ұшырап отырады.

Абай мен Мәшһүр Жүсіп кездескен бе?

Қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлы мен замандасы ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының таныстығы мен кездесуі жайлы пікір ғылымда екіге жарылған. Байланысқан, үндескен, рухани байланысы болған деген бір ғалымдардың пікіріне кейбіреуі кездесуінің нақты дерегі жоқ екенін айтады. Абайдың 1845 жылы қазіргі Абай облысының Жидебай ауылында туғаны белгілі. Ал Мәшһүр Жүсіп 1858 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Жас айырмашылығы 13 жыл жыл болса да, олардың кездесуі жайлы бүгінге дейін тек аңыз-әңгімелер жеткен. Мәшһүртанушы, Торайғыров университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Айтмұхамет Тұрышев қос ұлы ойшыл кездескен деген тұжырым жасайды.

- Абай мен Шоқан, Мәшһүр мен Шәкәрім кездесті ме? дейміз. Бірақ ол заманда бейнетаспа жоқ болғанымен, рухани байланыс деген болған. Ол кезде бір-бірімен байланыс жасамау мүмкін емес. Мысалы, Құнанбайдың Алшынбаймен, Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыспен байланыс жасауы. Шоң мен Байдалы би, Шоң мен Ақтайлақ би, Құнанбай мен Балта, Құнанбай мен Алшынбай шешендік сөздерде қағысып, сөз айтысады. Демек, олар да кездескен. Елдік мәселелерде ақылдасып отырған, - дейді ол. Сонымен қатар, ғалымның пайымынша, қазақтың бетке ұстар қаймақтарының бәрі бір-бірімен байланыс жасаған. Сол себептен де олардың ұрпақтары бірін-бірі білмеді, бірін-бірі көрмеді деу мүмкін емес. Айтмұхамет Тұрышев жазушы Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына сілтеме жасай отырып, жазушының кітабынан үзінді келтірді.

- Мәшһүр Жүсіптің ақынмен кездескені туралы Рамазан Тоқтаров «Абайдың жұмбағында» да жазады. Онда: «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Абайдың ұлы Әбдірахман қайтыс болғанда көңіл айтуға барып, кіріп келді. Сонда Абай: «Мәшһүр досым, «Құдай қайда?» дейді. Сонда Мәшһүр жүрегін көрсетіп «Жүректе» депті. «Рас, Мәшһүр екенсің. Онда менің оң жағыма кел» деп, оң жағына отырғызыпты. Одан кейін Мәшһүрге: «Ай мен күннің арасына жел кірсе не тұтылады?» депті Хәкім, сонда Мәшһүр: «Ай тұтылады» деп жауап беріпті. Ал, «Күн мен жердің арасына ай кірсе не тұтылады?» десе, «Күн тұтылады» депті. Ал енді «Мәшһүр Жүсіп екеуміздің арамызға сөз кірсе не тұтылады?» дегенде, «Жүрек тұтылады» деген екен, - деді ғалым жазушының кітабына сүйеніп. Дәл осы романдағы оқиғаға ұқсас жайт жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым Ақселеу Сейдімбектің ел аузынан жинаған әңгімелерінде де кездеседі. «Абай мен Мәшһүр Жүсіп екеуі бір-бірінің аты-жөндеріне сырттай қанық болса да, әлі дидарласа қоймаған кезі болса керек. Бірде, тобықты еліне жолы түскен Мәшһүр Жүсіп арнайы сәлем беру үшін Абай ақынның үйіне келеді. Табалдырық аттап үйге кіре бергенде Абай тосын сауал қойып: «Ақылдының өзінен бұрын айтқаны жетеді деген. Атың құлағымды сарсылтып еді, шынымен Мәшһүр болсаң айтшы кәне: Құдай қайда? Жұмақ пен тозақ қайда?!» - депті. Сонда Мәшһүр Жүсіп кідірместен:

- Абайдың құдайының қайда екенін білмедім. Менің құдайым жүрегімде. Ал жұмақ пен тозақ әркімнің өз үйінде, қатының ақылды болса - жұмақ, ақымақ болса - тозақ! - деген екен.

Абай есті сөзді естігеніне риза болған шыраймен:

- Мәшһүр десе дегендей екенсің! - деп, қолын алып, төрін ұсыныпты.

Мәшһүртанушы, ғалым Айтмұхамет Тұрышев «Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы метрологиялық терминдер» еңбегінде қос тұлға кездескені былай тұрсын, тіпті жақсы аралас-құралас болған дейді.

- Мәшһүр Жүсіп Көпеев өзінің «Нүсіпхан» деген поэмасының желісіне Абайды арқау еткен. Қазақ еліне Абай шығармаларын таныстырып, насихаттап отырған. «Нүсіпхан» поэмасында Құнанбай мен Абайды сөйлетіп, елдің ішіндегі шешілмеген дау-дамай, халық тағдыры туралы да сөз болып отырады. Семей өңірінің қазақтарын түгелге жуық сипаттайды. Поэма Құнанбайдың әулет-терін Тобықты руын мақтап, Құнанбайдың қажылығын, асқан ақылдылығын суреттейді. Абай туралы, оның ақылдылығына басын иеді, өнеріне тәнті болады:

- Ыбырай еді жан достым,

Құнанбайдың баласы.

Арғын атасы - Өскенбай,

Тобықтының ағасы, -

дейді Мәшһүр-Жүсіп (Мәшһүр Жүсіп. Шығар-малары. 3-том. - Павлодар, 2003. - 289 б.). Поэманы талдаудан аулақпыз, біздің мақсатымыз осы деректер арқылы Абайды, жалпы Құнанбай әулетін Мәшһүр Жүсіптің өте жақсы білгенін, аралас-құралас болғанын аңғарту еді. Сөйтіп, Абай және Мәшһүр Жүсіптің арасында рухани байланыс болған жоқ деген ел ішінде етек алған аздаған күдікті сейілту еді, - дейді ғалым еңбегінде.

Ал Абайтанушы Тұрсын Жұртбай қос тұлға кездесті деуге келмейтінін, алайда хат-хабар алмасқаны шындық екенін айтады.

- Мәшһүр Жүсіптің Абайға өлеңмен жолдаған хаты бар. Олардың характері басқа. Ақселеу Сейдімбектің ел аузынан жинағандары қоспа сөз шығар. Бірақ ғылымда нақты дерек жоқ, - деп түйіндейді Тұрсын Жұртбай.

 

Әзірлеген - А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Ұлы ақынның ұрпаққа қалдырған өсиеті:

♦ Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.

♦ Құдайшылық - жүректе. Қалпыңды таза сақта.

♦ Құдайдан қорық, пендеден ұял: балаң бала болсын десең, оқыт, мал аяма!

♦ Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.

♦ Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

♦ Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.

♦ Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың.

♦ Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топбасыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.

♦ Егер менің ішімді жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің.

♦ Қайғысыздың бәрі асау.

♦ Распенен таласпа.

♦ Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

♦ Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,

Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.

♦ Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел.

♦ Сұлуды сүймектік – пайғамбар сүннеті.

♦ Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.

♦ Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.

♦ Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.

♦ Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.

♦ Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.

Тау тұлға

 

Қазақта Арғын ата болған зерек,

Ол жайлы тарихымда толған дерек.

«Жеті момын» тобынан дара туған,

«Маябоз» ұранды тобықты туса керек.

 

Тобықтыдан тарайды Ырғызбай

                                        мен Өскенбай,

Өскенбайдан жалғыз туған Құнанбай.

Шыңғыстаудың етегінде,

                       «Қасқа бұлақ» бойында

Дүниеге келген екен Ұлы Абай!

 

Ибраһим деген оның шын аты,

Биік болды мақсат, арман, мұраты.

Зере әже «Абайым» деп еркелетсе,

Таусылмаған бойдағы күш-қуаты.

 

Айтайын Құнанбайдан біраз дерек,

Мінезі қатал болғанмен, бірақ зерек.

Меккеде мешіт салып, қажы атанып

Қайтарында Бағдатқа соқса керек.

 

Сондағы Құнанбайдың мақсаты бір,

Ел ішінде әлі оның жақсы аты жүр.

Қазақтың шыққан тегін зерттеп, білген

Қызықтырмас оны алтын, ақша түгіл.

 

Ал Абайдың шоқтығы биік тұрған,

Ұлы сөзге ұлы әркез ұйып тұрған.

Құнанбай да Абаймен ақылдасып,

Кеңес алып отырған иықты ұлдан.

 

Бала Абай жас кезінен зерек болды,

Өлең-жыр, қисса-аңыздар қорек болды.

Батыс пен шығыстағы ғұламалар

Ақынның жырларына себеп болды.

 

Жыр жазғанда Пушкин менен Лермонтов

Тұрса егер де шығарманы ел күтіп.

Толстойдың романы, Крыловтың

                                                мысалын

Аударды ол оқырманды сергітіп.

 

Тау тұлға - ақын Абай, хәкім Абай

Бұл жұртым жырға толы хатыңа бай.

Кім білсін кетер ме едік, кемсең қағып,

Сен тұрмасаң биіктен бақыламай!

 

Ерболат ДӘУЕНОВ,

еңбек ардагері, Павлодар қаласы.


Количество показов: 1031

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  43

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  37

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  38

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  44

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  36

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  39

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  41

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  38

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  36

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  43

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  39

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  43

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  45

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  146

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  134

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  115

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  128

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  135

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  122

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  119

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  118

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  126

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  140

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  247

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  266

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  259

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  285

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  238

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  307

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  243

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  266

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  336

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  289

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  273

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  330

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  316

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  304

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  324

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  298

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  313

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  334

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  322

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  307

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  319

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  311

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  333

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  394

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  404

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  371

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  402

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  379

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  401

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  371

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  401

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  426

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  505

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  554

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  549

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  501