Абай жолын ұлықтаған академик

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  43

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  37

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  38

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  44

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  36

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  39

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  41

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  38

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  36

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  43

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  39

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  43

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  45

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  146

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  134

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  115

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  128

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  135

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  122

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  119

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  118

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  126

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  140

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  247

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  266

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  259

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  285

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  238

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  307

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  243

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  266

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  336

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  289

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  273

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  330

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  316

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  304

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  324

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  298

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  313

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  334

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  322

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  307

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  319

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  311

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  333

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  394

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  404

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  371

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  402

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  379

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  401

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  371

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  401

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  426

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  505

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  554

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  549

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  501

Абай жолын ұлықтаған академик 16.08.2022

Абай жолын ұлықтаған академик

Аққулы ауданының орталығында Абай күні мерекесі аясында заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Сондай-ақ, аталған әдеби-рухани, танымдық шара Аққулы ауданының тумасы, Қазақ Ұлттық ғылым академиясының академигі, ф.ғ.д., профессор, абайтанушы, философ Ғарифолла Есімнің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Аудан орталығында осыдан 10 жыл бұрын философ Ғарифолла Есімнің бастамасымен қазақтың бас ақыны, хәкім Абайға арналған ескерткіш орнатылып, сол жылдардан бері тұрақты түрде «Абай күндері» өткізіліп келеді. Игі дәстүрге айналған рухани шара биыл заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы мен Абайтанушы, акдемик Ғарифолла Есімнің 75 жылдық мерейтойымен қатар келуде. Осыған орай, аудан орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Оқитын ұлт» атты облыс кітапханашыларының форумы өтті. Айтулы шараға еліміздің танымал тұлғалары, ғалымдар, жергілікті зиялы қауым өкілдері мен аудан халқы қатысты. Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, баба рухына тағзым етілді. Жиылған жұртшылықты «Абай күнімен» құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова хәкімнің ғибратқа толы ғақлияларын үлгі етті. Оның айтуынша, Абай Құнанбайұлының қалың қазақ үшін алар орны биік әрі терең.

- Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының біртуар ойшылы. Данышпан хәкімнің мол мұрасын зерттеп, оның шығармашы-лығын халыққа кеңінен насихатталуына орасан зор еңбек еткен жерлес ғалым, академик Ғарифолла Есімнің есімі елімізге жақсы таныс. Биыл «Абай күні» бірнеше мерейтойлармен тұспа-тұс келді. Оның ішінде ұлтымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы мен абайтанушы, ғалым Ғарифолла Есімнің 75 жылдық мерейтойлары бар, - деді облыс әкімнің орынбасары.

Сонымен қатар, көршілес облыстан келген мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов хәкім Абай туралы ой қозғап, Ғарифолла Есімнің мерейтойына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ, Абай облысы мәдениет басқармасының басшысы Айдар Ибраев қазақтың бас ақыны ұлықталып, биыл Семей шәрі Абай облысы болып аталғанын тілге тиек етті.

- Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынған болатын. Бұл ұсыныс еліміздің барлық аумағында қолдау тапқаны жасырын емес. Бүгінгі таңда Семей облысына Абай есімі берілді. Бұл хәкім Абай ұлылығының тағы бір дәлелі болып табылады. Осынау данышпан атамыздың мол мұрасын зерттеп, оның мұрағатқа хатталып, жадымызға жатталуына елеулі еңбек етіп жүрген Ғарифолла Есім ағамыздың мерейтойы - барша қазақ елінің мерейлі мерекесі, - деді ол.

Биыл ұлттық ғылым академиясының академигі, философ Ғарифолла Есімнің «Хәкім Абай» және «Социализм» атты еңбектері ағылшын тіліне аударылып, Америка Құрама Штаттарында «Amazon» баспасынан жарық көрді. Шетел оқырмандары жерлес ғалым ағамыздың еңбектерімен танысып, хәкім Абайдың өнегелі өмірі мен өлең-жырларына, қара сөздеріне қанық болды. Автордың айтуынша, Абайдың шығармашылығы бүгінгі таңда да өзектілігін жойған емес. Хәкімнің әрбір сөзі қарапайым әрі күрделі.

- Абай: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дейді. Яғни, адамзаттың бәрін бауыр десек, қателеспейміз. Бұл – биік ой. Абайдың ғарыштық ойы. Сондай-ақ, Президентіміз: «Абай – рухани реформатор» деп дұрыс айтты. Ел ертеңіне немкетті қарамайтын барлық азамат Абайды үлгі етіп, «Абай жолымен» жүруі тиіс. Себебі, Абай – қазақ, қазақ – Абай! Маржан жырлардың иесі Мағжан Жұмабаев: «Абайдың сөзі мың жыл жүрсе де дәмі кетпес» – дейді. Біз ХХІІ ғасырдың жастарына арнап, Абай туралы 100 жылдық бағдарлама жасауымыз керек. Сонымен қатар, Аққулы ауданы орталығында «Абай академиясын» ашу керек деп есептеймін, - деді мерейтой иесі.

Шара барысында дара тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған әдеби-музыкалық, фәлсафалық кеш өтті. Аудан орталығындағы сахнада хәкім Абайдың өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Сондай-ақ, мәдениет үйінің алаңында ұлттық бұйымдардың көрмесі өтті. Ауылдық кітапхана жанындағы үйірме жұмыстары жанданып, қонақтардың назарына тоқылған бұйымдар мен әшекейлер, ағашпен жұмыс жасаудан шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Мерейтой иелеріне арналған мерекелік іс-шара облыс кітапханашылардының форумымен жалғасты. Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, ауқымды шара Аққулы ауданында өткізілгені кездейсоқ емес.

- Бұл қасиетті өлкенің тарихы Абай Құнанбаевтың, белгілі абайтанушы Ғарифолла Есімнің есімімен тығыз байланысты. Аққулының аудандық және облыс кітапханашылары ұлы Абай, Мұхтар Әуезов, жазушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынов және басқа да көрнекті қазақ қоғам қайраткерлері туралы тақырыптық алаңдар, инсталляция ұсынды, - деді бөлімде.

С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының басшысы Шолпан Шахметова «Оқитын ұлт» тақырыптық бағыты бойынша облыс кітапханаларының жұмысына шолу жасады. Филология ғылымдарының докторы Бақытгүл Қапасова Ғарифолла Есімнің «Кемеңгер Мұхтар» атты кітабымен таныстырды. Абайтанушы Даниял Әсенов «Абаймен серуендеу» танымдық сағатын өткізсе, Аққулы ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Дарико Табылова «Туған жерге тағзым» бағдарламасы аясында Ғарифолла Есімге арналған аудандық кітапханадағы мұражай туралы баяндама жасады.

Айбек ОРАЛХАН, айтыскер ақын: 

Абай тойына арнау

Армысың, Аққулы елі, асыл мекен,

Тарихыңның тамыры тасыңда екен.

Ақтар менен қызылдар кезек қырып,

Аққу-дәурен басыңнан шошынды екен.

Қиық көлін жайлаған сүйікті елім,

Иықты ерім сонда да осында екен.

Алаштың ақ жолынан бір айнымай,

Азаттыққа жетті ғой көшің бекем.

Себебі ұлт бірлігін ұйыстырған,

Адамзаттың Абайы қасыңда екен.

 

Алмастырам өзіңдей елді кімге-ей,

Күн кешпеспін киелі төрді білмей.

Зау қарағай таспалы ормандарың,

Зомбы батыр бабамның белдігіндей.

Әркімге әл бермейтін ағынды Ертіс,

Әйтей батыр, Барлыбай ерлігіндей.

Алтайменен айқасқан кең құшағың,

Кемеңгер Мұхтарлардың кеңдігіндей.

 

Қара өлең қайдан тусын қан қызынбай,

Жырларым бар өзеннің жалбызындай.

Алланың нұры жауып кетті аспаннан,

Иісі аңқып Аққулының қарбызындай.

Бұл елдің арулары әкім болса,

Ақылы жұрттан асқан хан қызындай.

Бұл елдің азаматы хәкім болса,

Көппен жалғыз алысқан жалғызымдай.

 

Жүзін көріп қуандым қарағаннан,

Білімі биік тұрған дара маңнан.

Ғарифолла ағамыз ортада отыр,

Ғылым мен әдебиетте қалам алған.

Абайдың ескерткішін орнаттырып,

Ауданда игі дәстүр қалаған жан.

«Ғұламанаме» атты үш еңбегі,

Мемлекеттік сыйлықпен бағаланған.

«Болмасаң да ұқсап бақ» деген Абай,

Сіздердей үлгі алайық ағалардан,

Алдыңа бата алуға келіп тұрған,

Біздердей ізет болсын балалардан.

Ғибрат жазып ғұлама ғұмырынан,

Ғаламға сыйлап кеткен ұлы бір ән.

Мұхтар Әуезов әдебиет мұхиты ғой,

Бастау алған Абайдың тұнығынан.

Сол мұхитқа құйылған Ертісім деп

Ғарифолла Есімді шын ұғынам.

Өзі де хәкімдікке жақындады,

Хәкімді асқақтатып тұғырынан.

Аққулы кие қонған төр емес пе,

Алты алаш бейбітшілік белі емес пе.

Қасым-Жомарт Тоқаев толғағандай,

«Қазақ елі - Абайдың елі» емес пе.

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»

Білгенге өмір мәні сол емес пе.

 

Тұздыкөлің жазғандай тән жарасын,

Тұшымды сөз жазады жан жарасын.

Шамшырағын ақылдың жағу қиын,

Шәкәрімнен Ар ілім алмағасын.

Ағайын, Абай тойы құтты болсын,

Әуезов құрметіне арнағасын.

Тәмамдап осы жерден тоқталайын,

Тыңдарман бере жатар талдамасын.

Шумағынан сүрінсе - ақынға айып,

Мақамынан жаңылса - молдаға сын.

Шаһимардан ӘБІЛОВ, ҚР еңбек сіңірген әртісі, опера өнерінің майталманы:

- Ұлтымыздың ұлы перзенті, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, өз заманынан оза туған Абайдың терең ойлары мен асыл сөздері жыл өткен сайын гауһардай жарқырай бермек. Хәкімнің шығармашылығы көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың барлығына бағыт-бағдар берері хақ. Данышпан Абайдың өлең-жырларына талдау жасап, зерттеп-зерделеп, оны кеңінен насихаттап жүрген Ғарифолла Есімнің ерен еңбектерін атап өтпеске болмас. Ғарекең - ғарышойлы азамат. Ол ұлы Абайды ұлықтау барысында өзі де хәкімдікке біртабан жақындады.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ,

Аққулы ауданы. 

Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек.

 


Количество показов: 797

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  43

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  37

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  38

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  44

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  36

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  39

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  41

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  38

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  36

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  43

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  39

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  43

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  45

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  146

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  134

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  115

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  128

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  135

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  122

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  119

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  118

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  126

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  140

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  247

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  266

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  259

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  285

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  238

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  307

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  243

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  266

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  336

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  289

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  273

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  330

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  316

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  304

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  324

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  298

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  313

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  334

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  322

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  307

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  319

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  311

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  333

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  394

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  404

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  371

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  402

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  379

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  401

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  371

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  401

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  426

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  505

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  554

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  549

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  501