«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

«Ainalaiyn»-ның  авторларына алғыс! 02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!

Облыстық «Saryarqa samaly» газетінің балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ainalaiyn» қосымшасын мектеп оқушылары сүйіп оқиды. Тіпті, кейбір шығармашылыққа жақын балалар оның тұрақты авторына айналған. Міне, сондай жас авторларымыз бен оқырмандар арасында «Ainalaiyn» фестивалін ұйымдастырып, оларды марапаттау, ынталандыру -
редакцияның игі дәстүрлерінің бірі.

Тілеуберді САХАБА

IMG_6339.JPG

Жақында сол дәстүр бойынша Павлодар қаласындағы №24 және №19 орта мектептерінде білім алатын кішкентай қаламгерлердің қатысуымен «Ainalaiyn» фестивалі ұйымдастырылып, тұрақты авторлар марапатталды. Шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Облыстық «Saryarqa samaly» газетінің балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ainalaiyn» қосым-шасының шыға бастағанына 23 жылдан асты. Осы уақыт аралығында аталған қосымша талай оқушының өлең, әңгіме, эссе, мақала және сөзжұмбақтарын жариялап, олардың талабына қанат бітірді. Мұндағы мақсат - кішкентай оқырмандарымыздың ойын дамыту, шығармашылыққа баулып, кітап, газет оқуға ынталандыру. Ал болашағын журналистикамен байланыстырғысы келген оқушылар үшін үлкен шығармашылық мектеп. Себебі қосымшада тырнақалды өлең-әңгімелері жарияланған талай жерлесіміз бүгінде республикалық, облыстық ақпарат құралдарында табысты еңбек етіп жүр. №24 орта мектепте өткен фестивальге мектеп директоры Нұргүл Рахымғожина және біздің басылыммен тығыз байланыс орнатып, тұрақты авторға айналған Қазақстанның Құрметті журналисі Ғалия Балтабай мен жергілікті қаламгер, аудармашы Серік Сатыбалдин қатысып, оқушыларға жылы лебіздерін білдірді.

- Нағыз білім мен тәрбие кітап пен газетте екені - мойындалған фактор. Біз оқушыларымыздың шығармашылыққа жақын болғанына қуанамыз. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығы мен сөзжұмбақтары облыстық «Saryarqa samaly» газетінің балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ainalaiyn» қосымшасына тұрақты жарияланып келеді. Оқушылардың бұл талабы мен талпынысына ата-аналары да дән риза. Аймағымыздың ата-басылымымен әлі де тұрақты шығармашылық байланыста болуға дайынбыз, - деді Нұргүл Шампатқызы. Ал Қазақстанның Құрметті журналисі Ғалия Балтабай жас кезінде журналистика мамандығын таңдауына «Saryarqa samaly» (Ол кезде «Қызыл ту») әсер еткенін айтып, кішкентай қаламгерлерге өзінің еңбек жолын үлгі етті.

IMG_6382.JPG

- Жастар – біздің болашағымыз. Ал олардың білімді, мәдениетті, парасатты және кітапқұмар болғаны бізді қуантады. Бұл - еліміздің болашағының жарқын көріністерінің бірі. Ағымдағы жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы жарияланды. Біз де сүйсініп оқыдық. Онда Президент «Біз балаларға өзіміздің ақын-жазушы-
лардың шығармаларын және шетел классиктерінің балаларға арналған тамаша туындыларын қазақ тіліне аударып беруіміз керек» деген ой айтты. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылды «Балалар әдебиеті» жылы деп жариялады. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар осы жылмен ғана шектелмей, ары қарай жалғасарына сенімдіміз, - деді Серік Сатыбалдин. №24 орта мектебінде жан-жақты өнерлі оқушылардың көп екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. 3-сынып оқшуылары, балалар қосымшасының тұрақты авторлары Алуа Артес, Малика Жұмажан, Назерке Ильяшева және 9-сынып оқушысы Айтуған Тасмұратов Тәуелсіздікке арналған өлеңдерін тарту етті. Сондай-ақ, Ерасыл Хасенов, Әлинұр Абдуллин деген балалар да өлең оқыды. Мектептің жас күйшілері «Тепеңкөк» күйін орындаса, «Ерке наз» тобы «Туған жер» әнін шашу етті. №19 орта мектебінде өткен «Сарыарқа самалы» - тағылым айнасы» атты жас қаламгерлер шығармашылық фестивалі еліміздің әнұранымен ашылып, балалардың балғын өнерімен жалғасты. Шара барысында «Ainalaiyn»-ның жас достары - Аружан Әбілқайырова, Наргиз Жұмабекова, Еркежан Мұхаметжан, Сезім Мейрамбек, Ерасыл Ғизатулла, Айсана Қазымбек, Кәусар Серік, Әкежан Қадыркеш, Ахметжан Қуанышбек, Тоғжан Айтпай сынды оқушылар өнер көрсетіп, «Ainalaiyn»-ның Алғыс хатына ие болды. Аталған қосымшада мұғалімдерге арналған айдарлар да бар. Яғни, көп жылдық тәжірибесі бар ұлағатты ұстаздардың балаларға арналған ақыл-кеңестері жарияланды. Осы ретте жас оқырмандарға қазақ-ағылшын-орыс тілі сөздігі жобасының жүргізушісі, ағылшын тілі пәні мұғалімі Бақыт Елемесоваға да газет ұжымы атынан алғыс білдірілді. Шара соңында №19 орта мектебінің басшысы Айнұр Бекбаева сөз алып, облыстық газет ұжымына алғыс білдіріп, жас қаламгерлерге сәттілік тіледі.


Количество показов: 530

Возврат к списку