Алғашқы ІТ мектеп

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Алғашқы  ІТ мектеп 28.12.2021

Алғашқы ІТ мектеп

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар саласының бағыттары мен мамандықтарына сұраныс жоғары. Соған орай, аталмыш саланы меңгеруге ниетті жандарға Торайғыров университетінде арнайы қысқа мерзімде ақпараттық технологиялар саласына қажетті мамандарды даярлайтын оқу мекемесі ашылды.

 

Мектепте білім алуға 260 тыңдаушы тіркелді. Бұл жоба ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Павлодар облысы әкімдігінің, сондай-ақ Eurasian Resources Group корпорациясының қолдауымен жүзеге асты. ІТ-мектепте ақпараттық технология бағыты және фриланс бойынша жұмыс істегісі келетіндерге білім алуға мүмкіндік бар. Жаңадан ашылған білім орталығының алғашқы оқушыларын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Бағдат Мусин бейнебайланыс арқылы құттықтап, жылы лебізін білдірді.

- Торайғыров университетінің базасында ашылған ІТ мектеп Мемлекет басшысының 2025 жылға дейінгі аралықта ақпараттық технологиялар саласында 100 мың маман даярлау туралы тапсырмасы аясында құрылып отыр. Өз кезегінде Елімізде «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы іске қосылды. Жобаның шеңберінде Павлодар өңірінде алғаш болып ІТ мектеп ашылып отыр, - деді ол. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов білікті де білгір мамандардың мектеп қабырғасынан басталатындығын айтты.

- «Заманауи мектеп» бағдарла-масы бойынша Ертіс-Баян өңірінде былтырғы жылдан бастап робототехника және ІТ сыныптар ашылуда. Мұнда оқушыларға қажетті бағыт бағдар беріліп, дағдылар үйретіледі. Сондықтан, ІТ саласының маманы болуды армандайтын келер жылдың басында қолданысқа берілетін Ақпараттық технологиялар колледжіне оқуға түсуге мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде колледж ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, білім алушыларға қосымша дағдыларды үйрету мақсатында оқу-әдістемелік жүйе қайта қаралып жатыр, - дейді С.Шаяхметова. Сондай-ақ, ол Торайғыров универ-ситетінде Computer Science факультеті жұмысы басталғандығын атап өтті. Жиынға Торайғыров университе-тінің ректоры Еркін Садықов және «BTS Education» компаниясының директоры Саясат Нұрбек қатысты. Болашақ ІТ-мамандарына оқуға құқық беретін сертификаттар табысталды.

 

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.


Количество показов: 736

Возврат к списку