Аламанда ойы ұшқырлар табысады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады 27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады

Ағымдағы жылдың 3-4 желтоқсан күні Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз-дікке тағзым» атты облыстық ақындар айтысы өтеді. Бас бәйгені жеңіп алған ақынға 2 млн теңге табысталмақ. Мерейлі мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған жыр додасына кімдер қатысады? Айтыскер ақындардың дайындығы қалай? Осы және өзге де сұрақтарға облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы басшысының міндетін атқарушы Жарқынбек Амантайұлы жауап берді.

 

- Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық айтысқа 30-ға жуық ақын қатысады екен. Жыр додасының өту тәртібі қалай болады? Ақындар жас мөлшеріне қарай жіктеле ме?

- Иә, өңіріміздің 30-ға жуық, нақтырақ айтсақ, 28 ақыны 2 күнге жалғасатын жыр бәйгесінде бақ сынамақ. Оның ішінде елімізге әйгілі айтыс өнерінің ардагеріне айналған аға-апаларымыз бен есімі елге енді танылып келе жатқан жас ақындар да бар. Айтыстың өту тәртібі мен шарттары барлық ақынға бірдей болмақ. Жеребе арқылы барлығы айтыстың дәл алдында жұпталады. Ертіс-Баян өңірінің жұртшылығы нағыз суырып салма айтысқа куәгер болады. Жыр бәйгесінен бірінші келгендер екінші айналымға өтеді. Яғни, «жүзден жүйріктері» екінші күні финалда кездесетін болады. Ақындардың бағы шаба ма, бабы шаба ма, оны дода көрсетеді. Ұлттық өнерге көзайым болайық. Келіңіздер, көріңіздер.

- Айтыс жүлдесі қомақты. Мұны республикалық деңгейде өткізуге болмас па еді? Әлде, бұл облыс ақындарына деген жанашырлық па?

- Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен өтетін бұл айтыстың басты мақсаты - Ертіс-Баян өңірінен шыққан шын таланттарға қолдау көрсету. Өрелі өнердің жас буын өкілдері мен алдыңғы толқын - аға-апаларымыздың шығармашылығына шабыт қосу. Киелі сахнаға көптен бері шықпай қалған ақындарды қайтадан қоше-метшіл қауыммен қауыштыру. Әрине, айтысты республикалық деңгейде де өткізуге болатын еді. Ондай айтыстарды алдағы уақытта жоспарымызға енгізіп, талғампаз көрермендерімізге тарту етеміз.

- Сіздің ойыңызша, бүгінгі ақындар «халық сөзін» айтып жүр ме?

- Ақындардың айтқан сөздері қашанда ел аузында. Талай дүлдүлдердің жырлары «деген екенге» айналып, жұрттың жадында сақталуда. Демек, ақындар елдің көкейінде жүрген мәселелерге тоқталып, халық сөзін айтып жүр. Иә, ақиқат айтылып, шындық та шырқалып жатыр. Өйтпесе өңірімізден осыншама елдің еркесіне айналған ақындар шығар ма еді? «Жүрсіннің жүйріктерінің» ішінде жерлес ақындарымыздың саны да артып келеді. «Алтын домбыра» иегері атанған Аспанбек Шұғатаевтың да есімі елге жақсы таныс. Жалпы, қазақ халқы ежелден ұлы өнерді ұлықтап, келер ұрпаққа үлгі етіп келеді. Себебі айтыста алыптың сөзі емес, халықтың сөзі айтылады. Жыр додасына түскен әр айтыскер ақынның ойы ұшқыр, сөзі өткір болсын.

- «Шаңырақ» орталығы –өнердің орталығына айналған орда. Болашақта айтысты жүйелі түрде өткізу ойда бар?

- «Шаңырақ» халық шығар-машылығы орталығы - ұлттық руханиятқа жұмыс істеуге тиісті мекеме. Сол себепті біздің мақсатымыз - өңіріміздегі айтулы айтыс өнерін дамыту. Айтыстан да басқа ұлттық өнердің жанданып, жаңғыруына үлес қоссақ деген ниеттеміз. Аудандық мәдениет бөлімдерімен бірлесіп, барлық аудан бойынша жастар айтысын өткізу жоспарда бар. Бұл дегеніміз жас ақындарға шабыт сыйлап, шығармашылығын шыңдауға мүм-
кіндік береді. Арқаның арқалы ақындарынан жалғасып келе жатқан ұлттық мұрамызға үлкен мектеп болсақ дейміз.

- Ақындарымыздың өлең-дері өр рухпен жазылып, биік еңсемен шырқалсын! Әңгіменізге рақмет.

Сұхбаттасқан - Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

 


Количество показов: 659

Возврат к списку