Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023
293
Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
450
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
365
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
367
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
336
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
423
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
416
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
398
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
508
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
413
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
354
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
308
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
373
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
379
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
465
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
673
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
587
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
430
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
422
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
640
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
427
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
720
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
1081
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
1041
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
1028
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
1032
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
1226
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
996
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
1016
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
974
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
1059
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
1031
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
815
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1146
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
1268
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
737
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
953
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
530
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
686
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
599
11 медаль!
11:05 24.01.2023
970
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
866
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
920
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
1000
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
1182
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
941
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
829
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
988
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
1030
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
928
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
3189
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2904
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2860
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
3157
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
3182
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
3294
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
3375
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2814
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2829
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
3135
Ресей аймағындағы түркі ұлыстары өткен ғасыр басында төңкерістер әсерінен түленіп, тіршіліктерін түзей бастады. Ұлт зиялылары халқының хал-ахуалын жақсарту қамымен «бас кетсе де, тартынбас» қарекет қылды. Өйткені олардың алдында Ыбырай, Абайлар бастаған сара жол жатты. Олар ұлтына ұлағат айтып, «қараңғы қазақтың көгін» жарқы-ратып, жұлдыздай жанды, айдай аспандады. Солардың бірі - Ахмет Байтұрсынұлы. Бұған дәлел болар дәйектемені ақынның төл туындысынан да, аудармасынан да тауып, қоғамдық қызметінен де анықтарымыз айқын.
Санасы сергек, ойы озық сауатты қай ұлттың өкілі болсын, ол азаттық-ағартушылық бағыт ұстанады. Олардың ойынша, қараңғы халықтың бойына оқу-білім ұрығын себу арқылы прогреске шақыру – басты да, ұлттық та мақсат болуы тиіс. Бұл отаршылдық бұғауында болған түркі жұртының текті ұлдары түгел талап еткен ұлт сұранымы, уақыт талабы еді. Патшалық Ресей бодауындағы қазақ жұрты да азаттық алу үшін жұмыла күресу керектігін терең сезінді. Осы қажеттіліктен ұлттың сөнбес жады – «Алаш» идеясы жанданды. Соның негізінде ХХ ғасыр басындағы ұлттың тәуелсіздікке деген аңсарынан оның отаршылдыққа қарсы қоғамдық-саяси ұлт-азаттық қозғалысы қалыптасты. «Алдыңғы толқын ағалар» салған сара жол Әлихан, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек, Мағжан сынды дәстүр жалғастырушы жалынды жыршылар мен қоғам қайраткерлерін азабы мол тартысқа, айқайы көп көкпарға салды. Айтар болсақ, Aхмет Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұспа-тұс келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Ахмет болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, патша өкіметі бекіткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Және онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілді. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1 шілдеде тұтқындалып, оны қазақ облыс-тарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда көшіріліп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Орынборда өткізген кезең оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылдары өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. «Ұлттың тұтастығы – идеяда» десек, қазақ зиялыларын біріктірген қасиетті ұғымдардың бірі – Алаш идеясы еді. Ұлт тәуелсіздігіне негізделген ұстаным Ахметті әдебиетке алып келді. Ол әдебиетті халыққа әсер етуші үлкен күш деңгейіне көтерді. 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» кітабын, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағын бастырды. А.Байтұрсынұлы - өзінің қоғамдық-саяси қызметін шығармашылығымен ұштастыра білген көрнекті қалам иесі. Ол өзінің алғашқы кітабы «Қырық мысалда» Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеу-меттік сананың оянуына ықпал етті. Ұлтының ұланы, дәуірінің дауылпазы ретінде сол тұстағы халқының қамына қынжылып, қаракеттерін кейде сынап, кейде әжуалап та отырды. Әрине, онысы болашаққа терең бойлағандықтан туындаған өткір мысқылы, өртеңде өткен өмірдің өкініші екені анық. «Қырық мысал» жинағының беташары «Замандастарыма» өлеңімен: «Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым» – деп басталып, мысалдары «Аққу, шортан һәм шаян» өлеңімен жалғасады. Жинақ астарындағы тұжырым оқырманын сан қилы ойлар тұңғиығына жетелейді. Мысалдағы аққу, шортан һәм шаян хәлі қазақ қауымына жат емес-тін. Жинақтағы қырық мысалдың алғашқысы етіп дәл осы мысалды беруінде де үлкен мән бар, ол – халықты ауызбіршілікке шақыру. Алаш әдебиетінің ұраны – отаршылдыққа қарсы бірлесу мен халық ынтымағы болғандығын осы мысалдан көруге болады. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. Ыбырай мен Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңғырта отырып, Ахмет 20-ғасыр басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді. А.Байтұрсынұлының Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Ахмет 1917 жылы революциялық өзге-рістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті» арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Ол Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпы қазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп А.Байтұрсынұлын бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Осы тұста өкімет басына келген Кеңес үкіметі Алашорда басшылары мен мүшелеріне кешірім жариялады. А.Байтұрсынұлы Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 жылы 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы оның жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР-і үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке атсалыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929 жылы Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 жылғы 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес А.Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. 1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат берілді. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен А.Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 қазанда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда «халық жауы» атанып, атылды. Байқауымызша, ұлттық қасиеттерді бойға дарытқан зиялылар басқа халықтардың да мұң-мұқтажын, мұрат-мақсаттарын түсінеді. Сөйтіп, ұлт мүддесі жолында тізе қосып, күш біріктіреді. Олар ұлт руханиятының өрлеуі жолында, халық өмірін қайта құру мақсатында еңбектенеді де. ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері қоғам өмірінің объективі тұстарын өзгертуді күшпен емес, сананың сол процеске енуі арқылы жүргізілуге тиіс деген түйінді пікірді қуаттады. Олар иық тіреген басты концепция - бостандық пен рухани езгіден құтылу және халықты жалпы адамзат құндылықтарымен нәрлендіру секілді мақсаттарға негізделді. Нақтылай айтқанда, олар қазақ елінің өркениетті, егеменді мемлекет болып, дамыған елдер қатарынан көрінуін мұрат тұтты. Ол мақсат-мұраттардың негізі байырғы төл мәдениетіміздің өрісі мен рухани дүние өресінде екенін зайырлы қауым өкілдері жете түсінді. Сондықтан олар империя кезінде бастаған іс-әрекет, қимылдарын қызыл үкімет тұсында да жалғастырды. Алайда, елдің санасын сергілтіп, намысын найзаға іліп, халық арасында рухани қозғалыс туғызған бұл үрдістің адымы ұзаққа бармады. Кеңестің келеңсіз саясаты ұлттық зиялылардың дұрыс пайымдарын пайдаға асырмай, оң істерін теріске айналдырды. Сөйтіп, ұлтына «ұлтан, атына тұрман» болуға даяр арда ұлдар мен асыл арыстардың бостандыққа деген шабыты ұзаққа созылмады. «Алаш» қозғалысы қарулы басқыншылықпен таратылғаннан кейін жеңіс жырының орнын қасіретке толы ғұмырлар алмастырды. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы қайраткер көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды. Бүгінгі күні Қазақ елі өз алдына мемлекет болып, босағасын бекітіп, рухани жаңғыру кезеңін бастан кешіріп жатса, оған Ахмет Байтұрсынұлы сынды Алаш арыстарының еңбегі ұшан-теңіз екені айдан анық.
Сейфетдин Сүтжанов, әдебиетші-ғалым.
Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023
293
Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
450
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
365
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
367
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
336
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
423
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
416
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
398
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
508
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
413
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
354
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
308
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
373
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
379
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
465
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
673
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
587
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
430
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
422
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
640
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
427
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
720
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
1081
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
1041
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
1028
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
1032
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
1226
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
996
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
1016
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
974
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
1059
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
1031
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
815
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1146
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
1268
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
737
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
953
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
530
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
686
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
599
11 медаль!
11:05 24.01.2023
970
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
866
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
920
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
1000
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
1182
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
941
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
829
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
988
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
1030
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
928
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
3189
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2904
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2860
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
3157
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
3182
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
3294
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
3375
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2814
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2829
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
3135