Қалдырған ізі - мәңгілік

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Қалдырған ізі - мәңгілік 14.10.2021

Қалдырған ізі - мәңгілік

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияда ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері, облыстық Мұсылман әйелдер лигасының негізін қалаушы Зара Қожахметоваға арналған мемориалды тақта ашылды.

Зара Қожахметова 1940 жылдың 12 қазанында Павлодар қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын география пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын өзі түлеп ұшқан Павлодар қаласының Абай атындағы мектебінде бастап, осы білім ордасында отыз жылдан астам уақыт еңбек етті. 1991 жылы облыстық Мұсылман әйелдер лигасының төрайымы болып сайланып, көп жылдар бойы қоғамдық қызмет атқарды. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова Зара Қабдышқызының облыстың дамуына сіңірген еселі еңбегін атап өтті. Ұлағатты ұстаздың ұлы Асқар Қабыкенұлымен бірге ескерткіш тақтаны ашу рәсімін жасады.

- Анамыздың құрметіне ескерткіш тақта ашылуы - отбасымыз үшін зор қуаныш. Облыс басшылығына, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігіне және мектептің ұжымына зор алғысымызды білдіреміз. Біздің ғана емес, көптің анасы болған абзал анамызды мақтан тұтамыз, - деді Асқар Қабыкенұлы. Зара Қабдышқызының көп жылғы еңбегі дер кезінде бағаланып, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» медалімен, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды, Павлодар облысының Құрметті азаматы атанды.

- Облыстық Мұсылман әйелдер лигасының атауы «Нұр–Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі болып өзгергенімен, Зара Қабдышқызы салып кеткен сара жолды жалғастырып келеді. Ол кісі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды жаңғыртып, жас ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосты, - деді «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі мен аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Максилова.    Салтанатты жиында облыстағы Абай атындағы мектептер желісіне енетін қала, аудан, ауыл мектептерінің 7-8-сынып оқушылары арасында өткен Зара Қабдышқызы атындағы география пәні олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды.

 

Т.ОРАЗАЛЫ.

 


Количество показов: 505

Возврат к списку