«Алла» деген ағайын, алданбаңыз

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз 19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз

Бүгінгі заманның күні күнгейленіп, «жә» дер жақсылығы күн санап сүбеленіп келе жатыр десек те, көңілге көлеңке түсірер алалығы мен жамандығы да қосарланып, ізгіліктің ығынан қалар емес. Алланың атымен маңдай терлетпей, аңғал жандардың «ала жібін аттап», алдындағысына қол сұғып мал табатындар «арыма ақау кірді-ау» деп ойламайды-ау, сірә. Олар - бүгінгі күннің ағымына, ыңғайына бейімделіп, құқық нормаларын айналып өтетін небір әрекеттер ойлап табуда. Қара бастың қамы үшін құйтырқылыққа барып жүргендер - өз ағайындарымыз. Өкінішті-ақ.

Әңгімемізге өзек болып отырған осындай келеңсіз жағдай Ертіс ауданында қыркүйек айының басында орын алған еді. Сөз төркіні мынау. 10-қыркүйекте Ертіс ауданы ІІБ қызметкерлері Ленинск-Русская Поляна тас жолы бойында ВАЗ-2140 «Нива» автокөлігін тоқтатқан. Өздерін Алматы қаласындағы «Алматы Сайран» қайырымдылық мекемесінің қызметкерлеріміз деп таныстырған азаматтардың көлігінде ешқандай куәландыратын құжатсыз сегіз қойдың еті болған. Полиция қызметкерлеріне күмәнділеу көрінген азаматтар, «оңай олжаларын» жыл сайын жиналатын зекет садақасы еді деп түсіндірген. Осы оқиғаның қыр-сырын анықтау мақсатында Ертіс ауданы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі дін істері жөніндегі әдіскері, жоғары білімді дін маманы Дархан Зайырұлы Мусин және осы жолдардың авторы, жолға шықтық. Бізге белгілісі, олар аралап өткен елді мекендер, ауданның солтүстік-батыстағы шеткі нүктесі Сілеті ауылдық округіне іргелес СҚО Ш.Уәлиханов ауданына қарасты Қайрат және Жасқайрат ауылдары еді. Ең бірінші Қайрат ауылына табан тіредік. Бұл ауылда садақа берген үш адаммен жолықтық. Үшеудің бірі жасы келіп қалған қария екен. Алыс шаһардан ат арытып келген кімдер еді деген сұрағымызға ол ақсақал: «Олар өздерін Павлодар қаласындағы «Мұрагер» медресесінің қызметкерлеріміз деп таныстырды. Былтырғы жылы осы азаматтар келгенде жолаушылап кетіп, үйде болмай, бере алмаған едім, «Алла» деп, соның жолында жүрген адаммын (қария ауыл имамы екен), менің жасымда өмір жолымның сөресінен мәресі жуық, сөздерінен ниеттері дұрыс шығар деген оймен осы келгенде бір қой бердім» - деп ағынан жарылды. Қария «Мұрагердің» медресе емес екенін, олардың шәкірттерге діни білім беруге рұқсаты жоқ, тек қана қайырымдылық мекемесі екенінен мүлдем хабарсыз болып шықты. Бұдан соң жолыққан екі ауыл тұрғыны бірі ақша, бірі бір қой бергендерін айтты. Сөзуарлау біреуі былтыр да бергенін, олардың жыл сайын келетінін, биыл да сол өткен жылғы азаматтар келгенін айтып, ауыл тұрғындарына медреседе оқитын шәкірттердің суреттерін көрсеткенін, бірақ бұл ауылдан ол оқу орнында оқитын балалардың жоқ екенін де мәлімдеді. Жасқайрат ауылында бір азаматқа жолықтық, мінезі ашық, ақжарқын жігіт екен. Бүкпесіз шынын айтып тұрғаны көрініп тұр. «Алла» деген адаммын, отбасы, бала-шағамның, мал-жанымның амандығы үшін жылда садақа беремін. Былтыр бір қой берсем, биыл бір жарым жасар тайынша бердім. «Мал жанның садақасы емес пе?» - деп адал ойын айтты. Зекетті жинаушылар кімдер еді деген сұраққа ауыл тұрғыны: «Мұрагер» медресесінің ұстаздары» - деп жауап берді. Кездескен адамдардың айтуынша, өздерін Павлодар қаласындағы «Мұрагер» медресесінің қызметкерлеріміз, шәкірттерге діни сабақ береміз деп таныстырған әлгі азаматтар осы шалғайдағы елді мекендерге зекет жинауға жыл сайын келеді екен. Әрбір үйге ерінбей кіріп, өздерін медресе ұстаздарымыз деп таныстырып, тіптен ауыл тұрғындарына медресе мен шәкірттердің суреттерін де көрсететінін естідік. Зекет берген кісілермен кездесу барысында Дархан Зайырұлы оларға «Мұрагердің» әділет органдарында қайырымдылық мекеме ретінде тіркелгенін, сол себептен оның ешқандай да медресе болып табылмайтынын және діни қызметпен айналысуға құқығы жоқ екенін түсіндірді. Павлодар облысы аумағында заң жүзінде тіркелген бір ғана «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі бар екенін және оның облыс орталығының қасындағы Павлодар ауылында орналасқанын жеткізді. Д.Зайырұлы діни қызметпен айналысу заңда беліленген тәртіппен жүзеге асырылу қажет екеніне баса назар аударып, қазіргі уақытта ислам дінін тарату, уағыздау, сондай-ақ кез-келген діни рәсімдер мен іс-шараларды жасау құқығы тек қана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның құрамына кіретін мешіттер мен медреселерде ғана бар екенін атап өтті. «Ал, «Мұрагер» болса, ҚМДБ-ның құрамына кірмейді» - деп Д.Зайырұлы сөзін әрі қарай жалғастырды. Дін мәселелері бойынша сұрақтарға жауапты мешіттердің имамдары мен өзге де жауапты қызметкерлерінен алған жөн болатынын тілге тиек етті. Орын алған жағдай бойынша Ертіс ауданы орталығындағы «Ержан» мешітінің бас имамы Бақытбек Төлегенмен де сұхбаттастық. Мешіт басшысы да Павлодар облысы аумағында бірден-бір «Әбу Бәкір Сыддық медресе колледжі» бар екенін растады. Бұл медресе жоғары санатты мамандармен қамтамасыз етілгенін, оқыту бағдарламалары мен процестері білім саласына жауапты мемлекеттік органдармен бекітіліп, қадағаланатынын, жыл сайын шәкірттер қабылдап, оларға діни және зайырлы ілімді үйретіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүргенінен хабардар етті. Имамның сөзі бойынша, «Мұрагер» медресе емес, тек қайырымдылық мекемесі ғана, ол Мүфтияттың құрамына кірмейді. «Белгісіз тұлғалардың ауылдарды аралап, өздерін медресеміз деп таныстыруы шындыққа жанаспайды, себебі Павлодар өңірінде жоғарыда айтылған «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінен басқа медресе жоқ» - деп әңгімесін жалғастырды. Ауданның мешіт қызметкерлері мүмкіндігі болғанша ауыл адамдарымен кездесіп, оларға осы ресми медресе туралы мәліметтерді жеткізіп, мүмкіндіктерін жарнамалап тұратыны белгілі болды. Өз сөзін тәмамдай келе, аудан имамы тұрғындарды жалған ақпаратқа ермеуге, «медресе», мешіт, Мүфтият атын жамылып, теріс мәліметті беретін ұйымдар мен тұлғалардан барынша сақ болуға шақырды. Туындаған сұрақтар бойынша өзіне немесе аудандағы басқа мешіттердің қызметкерлеріне жүгінуге кеңес берді. Алдындағы малымен күнделікті нәпәқасын тауып, сол малымен жан асырап отырған аңғал ауыл тұрғынының тірлік көзі - малын аузынан жырып әкету, дін жолында жүрген салиқалы азаматтарды былай қойғанда, қарапайым пенденің өзіне жараспайтын шығар. Әркім мал, жан амандығы үшін кімге болсын садақасын берер. Бірақ әлгі азаматтар полиция қызметкеріне өздерін Алматы қаласының «Алматы Сайран» қайырымдылық мекемесінің өкілдеріміз деп, барған ауылдарына Павлодардағы «Мұрагер» медресесінің ұстаздары едік деп таныстыруларының сыры неде? Көңілге күдік ұялатып тұрғаны осы. Олар шын мәнісінде дін жолында жүрген жандар ма, жоқ әлде олардың атын жамылып жүргендер ме? Келеңсіз жағдайдың осы тұсы бізге түсініксіз күйінде қалды. Әлгі азаматтардың осы ісі, қайырымдылық та емес, мейірімділік те емес, тек қана қара бастың қамы үшін жасалған қарекет пе деген күдікті ой көңіл көгін кіреукелеп тұр. Ізгіліктің көріп көз, айтып сөз жетпес биік мұнарасы - исламның ақ жолында жүрген жандар жалған сөйлесе, қалғанымызға не жорық? Бәрінен бұрын дін жолында жүрген азаматтардың бұл әрекетінен тақуа болмаса да дінге бойұсынып, ізгіліктен келешегін іздеген жастарды үркітіп алмаймыз ба? Кемелді келешегіміз үшін басты мәселе осы. Сөз соңында айтарымыз, өзінің өзегі үшін алыс ауылдарға сапарға шығып, жақсының атымен сөйлеп, жаман іс тындырып, асыл діннің мейірімі мол кеңқолтық шапанын жамылып жүрген жандардан сақ болыңыздар, «Алла» деген ағайын!

Самат Мәненұлы.

 

 


Количество показов: 502

Возврат к списку