Алтын аға

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  419

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  406

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  415

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  403

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  413

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  397

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  463

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  435

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  433

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  479

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  449

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  481

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  446

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  488

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  506

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  566

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  531

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  538

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  635

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  645

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  557

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  636

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  625

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  565

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  637

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  563

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  811

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  716

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  726

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  703

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  711

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  731

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  625

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  698

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  724

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  835

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  729

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  829

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  820

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  820

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  798

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  815

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  778

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  887

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  928

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  927

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  870

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  863

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  875

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  881

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  1137

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  1109

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  1006

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  869

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  1011

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  877

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  935

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1170

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1159

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  1123

Алтын аға 04.08.2022

Алтын аға

Өңірдің Құрметті азаматы Мұхтар Әбенов 90 жаста

Майқайың - алтын өндірісімен ертеден аты шыққан кент. Арғы-бергі тарихта бақуаты мол бұл мекенге ағылған жұрт алтын өндірісін бетке ала келіп, қауымдасып, топтасып-тоғысып, біте қайнасқан. Өз алдына жұрт болып, біте қайнасқанына да ғасырға жуықтап қалыпты. Бұл төңіректен құт іздей келіп, кейін еңбекке араласқан, бақытын тауып, ұрпағын өрбітіп-өсірген мыңдаған адамның тағдыр-талайы осы мекенмен тығыз байланысты. Нақ осы құтты жерде болмысы алтынға бергісіз талай азаматтың өмірлік жолы өріліп, тұлға болып қалыптасты. Бүгінгі Баянауыл атырабындағы, соның ішінде Майқайың кентіндегі өндірістен өзге құт пен қазына бар болса, ол - Мұхтар Әбенов ақсақал. Ақиқаты - осы. 


Мұхтар Ағаға сәлем бере баруға, көл-көсір әңгімесін тыңдауға ықыластыларда есеп жоқ. Өзімді солардың алдына қоямын. Иман жүзі, жүрегінің төріне жетелер жылы сөзі, әсерлі әңгімесі жаныңды баурап, көкірегіңді жаулап кетеді. Әйтеуір лажы табылып жатса, Мұхтар Атаның шаңырағынан табылуға тырысамын. Бірақ қым-қуыт тірліктен қол босамай қалады, рас. Кейде Баянды бетке алып шыққан бағытта Майқайыңға бұрылуға мүмкіндік те туа бермейді. Бұл – біз үшін өкініш, әрине. Әйтпесе Мұхтар Зәпішұлының жан-дүниесі – қазына мен кенге толы сандық қой, сандық. Сол сандықтан өмірлік азық ала білудің өзі – біз үшін бір ғанибет, шіркін! Өкініштісі де сол, қазыналы сандыққа қарай жол салу – жиі бұйыра бермейтін мүмкіндік. Ормандай көрші жұрттың: «Хорошего понемногу» деген сөзін мен «Татымдының там-тұм болғаны тәуір» деп аударғанмын қайбір кезде. Дене тұрпаты шағын болғанымен, байтақ та алып кеуде-көкірегіне дүнияның қазынасын өңгеріп алған Мұхтар Зәпішұлының сол сандығындағы «татымдысын» там-тұмдап татып көргеніміздің өзі шүкіршілік шығар деп, өзімді жұбатып қоямын. Иә, Аллаға шүкір, Мұхтар Абыздай адамның алдын көріп, аталы сөзіне құлақ түріп, баталы дастарқанынан дәм татып, Әнна жеңгемнің балдан артық бұйра шәйімен сусындап, рухани семіріп жүрген Баян-Майқайың жұртымен бірге мен де аса бақыттымын! Абызбен бірге өтіп жүрген әр минут Алланың берген нығметі екенін жүрекке берік байлағанмын. Жаратушым осыны көп көрмесе екен деп тілеймін. Былайғы жұрт арасында «Майқайыңның Мұхтары» атанып кеткен осы жанның болмысын жіті тану мақсатында әрдайым тереңнен үңіліп көремін. Үңіле түскен сайын өзім үшін өмірлік ғибрат теремін. Көркем мінездінің нақ иесі - осы адам! Бұдан жиырма бес жыл бұрын Мұхтар Зәпішұлымен ең алғаш жақын танысып, пікірлескенімде: «Өмірінде жан баласының бетіне жел болып тимеген кісі-ау, шамасы...» деп түйін жасаған едім. Жайлы мінезі, салиқалы сөз саптауы, адами ілтипат-ықыласы, қатарласы түгілі, немересіндей жандарға деген құрметі мен сыйластығы, кімді де болсын бауырына басып, жақын тартуы, өзгенің мәртебесін көтере сөйлеуі, өзгенің ыңғай-қолайына жығылып, уақытына қадірмен қарауы – бәрі-бәрі алғаш кездескенде-ақ мені қайран қалдырған-тұғын. Содан бері ширек ғасырдан артық уақыт өтіпті. Биыл тоқсанның төріне аяқ басқан Мұхтар Ағам сол қалпынан айныған емес. Аса сабырлы, өте ұқыпты, барынша ширақ, әдеттегідей әр нәрсенің қиюын келістіріп, бабы мен ретін тауып, жеті өлшеп, бір кеседі! Нәтижесі де әдеттегідей – Мұхтар Зәпішұлы қолға алған кез келген іс-шаруа қыздың жиған жүгіндей болып, жайнап шыға келеді. Тіпті, бұл кісінің сөздік қорында «шаршап-шалдықтым» деген сөз бар ма екен өзі деп те ойлайсың. Бір істі тиянақты тындырып тастап, келесісіне кірісіп кеткенін естиміз. Ал ол кісі бастамашыл, ұйтқы, мұрындық болатын істің барлығы да қоғам үшін маңызы бар шаруалар ғана! Осыдан біраз бұрын Майқайыңға кезекті рет жол түскенде жергілікті азаматтың: «Мұхтар ағамыздың араласуынсыз біздің Майқайыңның таңы атып, кеші батпайды» дегені бар. Ол рас. Елге, жерге, мекендестерге деген Мұхаңның жанашырлығын, сүйіспеншілігін, іскерлігін білмек болсаңыз, сол елге арнайы барып, кез келген тұрғынынан сұраңызшы. Жырдай төгілте жөнеледі! Қолында билігі бар қайсыбір шенеунігіңіздің өзі Алтын Ағамыздың қасында жіп есе алмай қалады-ау... Ағамыздың осы уақытқа дейін асқан жауапкершілікпен қолға алып, жанкештілікпен жүзеге асырып, өте сәтті тындырған шаруаларының ішінен екеуін бөле-жара айтқым келеді. Біріншісі – биыл 90 жылдығын қарсы алып отырған, кезінде тұтас одаққа аты мәлім болып, ерекше мәртебені иеленген кенді Майқайыңның тарихына қатысты арнайы музей. Осы істі Мұхтар ағамыз батыл қолға алып, табанды еңбек сіңіріп, талай жыл тер төкті. Кенттегі мәдениет үйінде музей орналасатын орыннан бастап, оның мазмұндық сипатын, келбетін, безендірілуін, мәлімет, дерек, құжаттардың жинастырылуын – бәрін-бәрін бір өзі ойдағыдай үйлестірді. Әрине, Мұхтар ағамыз осы музей туралы сөз қозғағанда әрдайым ел азаматтарының қолдау-көмегін айтып, солармен мақтанып-марқаяды. «Кентіміздің және осы алқапқа еңбек сіңірген азаматтарының тарихы мен ардақты есімдерін насихаттауға арналған музей ашу менің өмірдегі бір арман-мақсатым еді. Жұмыла көтеріскен жүктің жеңіл болатыны аян ғой. Алғаш музей ашу туралы ойды ортаға тастағанымда майқайыңдықтар бірауыздан құптап, қолдап, жұмылып кетті. Әсіресе, осындай бастамаларға сөзсіз қолдау білдіріп, қол ұшын созудан ешқашан тартынбаған Баянауыл ауданының әр жылдардағы басшы-әкімдеріне кент жұртшылығы да, мен де дән ризамыз. Кеңестік жүйе ыдырап, тұралап қалған Майқайыңды қалпына келтіруге негіз салған Кенже Сәдуақасов, одан кейін ауданның, соның ішінде кентіміздің әл-ауқатын арттыруға нәтижелі еңбек сіңірген Қорабай Шәкірұлы, Ернұр Әйткенов, Нұрлан Күлжан, Оразгелді Қайыргелдинов, Қанат Кәрімов сынды азаматтардың жанашырлығын халық ешуақытта ұмытпайды. Бүгінде алдыңғы істі одан әрі жалғастырып, жаңа бағыттарды өміршең етуге ден қойған әкім Серік Батырғожинов та қолдау көрсетуде», - дейді Мұхтар Зәпішұлы. Иә, кенді алқаптың тарихын түгендеуге, түгендей отырып, келер ұрпаққа үлгі етуге арналған Майқайыңның музейі бүгінде келушілерді қабылдап, арғы-бергі тарихтан мол ақпарат сіңіруде. Майқайыңның өлкетану музейін Майқайыңның Мұхтарынсыз елестету тіптен қиын. Өйткені бұл істе Мұхтар ағаның маңдай тері мен табанының ізі жатыр. «Өлкетану музейін ашу мендегі маңызды мақсаттың бірі еді. Шүкір, бұл істің жүзеге нәтижелі асқанына разымын. Қолдау көрсеткен елге, азаматтарға Алла разы болсын!» - деп отыр бүгінде Абыз ақсақал. Біз бөле-жара тоқталмақ болған екінші шаруа – Майқайың кентіндегі №1 мектепке заңғар жазушы, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімін беру мәселесі. Бұл бастаманы да Мұхтар Зәпішұлы көтеріп, сонау 1958 жылы жазушы М.Әуезовтің Баянауылға, соның ішінде Майқайыңға сапарлап келгені, жұртшылықпен жүздескендігі туралы естеліктерімен бөлісіп, қаламгердің әлем таныған есімі Майқайыңның мектебіне берілсе, нұр үстіне нұр болар еді деп ұсыныс айтқан еді. Кейін бұл ұсыныс бұқаралық ақпарат құралдарына да жарияланып, ресми жазбаша нұсқасы арнайы органдарға жолданады. Мұндай игі бастаманы аудан басшылығы да қолдап, ақыры барлық рәсімдері жүзеге асқаннан соң, мектеп М.Әуезовтің ардақты есімін иеленді. Бүгінде Мұхтар Зәпішұлы осы бастамасының қолдау тауып, жүзеге асқанына да ерекше марқайып, шүкіршілік қылады. Ағамның шаңырағына барған сайын мені тәнті ететін тағы бір ерекшелік – ұқыптылығы! Осы қасиетіне әрдайым басымды иемін. Мұхаңның көкірек-кеудесі де, шаңырағындағы жұмыс бөлмесі де жатқан бір Мұрағат, Музей, Кітапхана дерсің! Қыздың жиған жүгіндей ұқыптылықпен, реттілікпен жинастырылған папкілер, альбомдар, құнды жинақтар көздің жауын алып, өзіне тартады. «Әй, бір ақтарса ғой мына қазына-байлықтың барлығын...» деген дәме, арман-ой санамызды түрткілейді де тұрады. Жылдар бойы шашпай-төкпей, маңдай термен жиналған көл-көсір дүние! Қысқасы, тұнып тұрған тарих қой, тарих! Шыны керек, бұл тарихтың бір парасын ақтаруға мен де дербес мәртебе алдым. Бұған бек қуаныштымын, әрине. Қалам ұстаған жұртқа осыдан артық бақыт бола ма?! Бұйыртса, Мұхтар ағамыздың мұрағатынан алынған дерек-мәліметтер сабақтасып-араласқан біздің жазбаларымыз да жұрт қолына тиіп қалар деп үміттеніп жүрміз. Алтынды алқаптың ардақтысы, көкірегіне толған кен-қазынасы кемеліне келіп, кемерінен асып-төгіліп жатқан Мұхтар Аға тамыздың 10-ы күні мәртебелі 90 жастың төріне шығады. Ал Майқайың кенті болса, тамыздың 15-і күні өзінің 90 жылдығын қарсы алмақ. Жылдар бойы санада салмақтанып, жүрекпен құйылған мол қазына-кенге кенезені қандырып, кезекті рет кәдімгідей байып қалу үшін Баянауыл-Майқайың бағытына бет түзеуді көздеп отырмыз. Құдай жар болсын дейміз! Әр сөзі бата, көкірегі тұнып тұрған шежіре, өңірдің Абызы Мұхтар Әбенов ағамызға Қазақтың қабырғалы қаламгері Мұзафар Әлімбай өлең арнағанын біреу біліп, біреу білмес. Сол өлеңді Сіздер де оқи отырыңыздар деп ортаға салдым.

 

«Алтын іздеушінің ақынға айтқаны»

Майқайың алтын кенінің озат шахтері Мұхтар ӘБЕНОВКЕ

 

Іздеушіге атамекен алтынын

Ақындар да ұқсас екен, жарқыным!

 

Грамм үшін екшейміз он тонналап,

Қопарамыз, төңкереміз жонды орап.

 

Қарық болып жүр ғой деме ылғи біз,

Бірде тауып, бірде таппай мүлгиміз.

 

Үміт шіркін өкінеді жер соғып,

Бас шойындап, еңсе ауырлап, тер шомып...

 

Жеңгең шығып, назбен қарсы алғанда,

Жерге қарау қандай қиын жалғанда?!

 

Май ішкендей кетеді онда мазамыз,

Кеннің көзін ерегісе қазамыз.

 

Бізді қойшы, үйреніппіз ондайға:

Бұлт аласы, жер шоласы болмай ма?!

 

Жер қойнының бары қайда қашады:

Кеншінің сол кешеу болсын ашары.

 

Бірде тауып, бірде таппай алтын кен,

Біз жүреміз аума-төкпе қарқынмен...

 

Болмасаңдар екен сендер арам тер:

Халқыңның сол қалағаны, қаламгер!

 

Сендер ылғи тапсаң екен асыл жыр,

Әлі күнге білмейтұғын ғасыр бұл.

 

Мұзафар ӘЛІМБАЕВ. Таңдамалы. Екі томдық. «Жазушы» баспасы, Алматы - 1983. Бірінші том.

 

***

Қайыңынан май тамған, топырағынан алтын шыққан осы елге келген сайын, қадірлі Мұхтар ағам мен Әнна жеңгемді көрген сайын өз әкем Әлімжан мен анам Рахимаға ұқсататыным рас. Оның үстіне, Мұхаң әкем мен анама деген менің перзенттік арнау сөзімді олардың ғажап фотосуреттерімен бірге қадірлеп сақтап қойғанын да білемін. Жол түсіп барған сайын сақтаулы дүниені алып шығып: «Міне, Асыл баламды дүниеге әкелген жандар - осылар, бұл кісілер - менің де құрметтілерім. Сондықтан да қадірлі орында тұрады әрдайым», - деп менімен бірге ере барған жігіттерге көрсетеді. Біздікі сол... толқу, кезекті рет сағынышқа ерік беру... Бүгін де Мұхтар Атаның батасын алып, Әкем-Анаммен қауышқандай толқып кетіп барамын үйге. Әрдайым аман болса екен ардақты жандарым!

 

Асыл ӘБІШЕВ, Павлодар қаласы.


Количество показов: 764

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  419

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  406

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  415

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  403

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  413

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  397

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  463

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  435

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  433

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  479

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  449

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  481

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  446

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  488

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  506

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  566

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  531

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  538

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  635

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  645

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  557

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  636

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  625

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  565

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  637

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  563

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  811

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  716

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  726

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  703

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  711

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  731

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  625

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  698

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  724

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  835

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  729

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  829

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  820

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  820

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  798

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  815

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  778

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  887

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  928

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  927

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  870

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  863

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  875

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  881

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  1137

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  1109

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  1006

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  869

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  1011

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  877

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  935

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1170

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1159

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  1123