«Аманаттың» жүгі- елдің жүгі

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  471

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  617

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  515

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  457

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  396

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  568

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  672

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  516

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  772

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  602

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  458

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  418

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  458

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  487

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  567

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  938

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  778

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  561

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  583

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  852

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  546

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  968

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1322

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1295

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1261

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1218

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1454

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  1246

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1272

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  1224

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1315

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1291

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  1051

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1212

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1524

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  816

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  1179

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  757

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  754

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  662

11 медаль!
11:05 24.01.2023  1209

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  1074

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  1147

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1251

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1419

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  1146

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  1094

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  1234

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1290

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  1156

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3404

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2974

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2919

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3381

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3428

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3552

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3637

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2891

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2944

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3355

«Аманаттың» жүгі-  елдің жүгі 03.03.2022

«Аманаттың» жүгі- елдің жүгі

Қасым-Жомарт Тоқаев: AMANAT – озық ой мен әділдіктің, бірлік пен ілгерілеудің партиясы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев билік партиясының кезектен тыс съезіне қатысты. Партияның халықты ортақ іске жұмылдырудағы рөліне, алдағы уақытта ұйымды жаңғыртудың бағыттарына тоқталды. Саяси ұйым бұдан былай «Аманат» деп аталады. Мемлекет басшысы елдің қауіпсіздігі мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді.


Қасым-Жомарт Тоқаев сөз басында барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.

– Біз осындай ынтымақтың арқасында қаңтардағы қиын-қыстау күндерде мемлекеттігіміз бен тұтастығымызды қорғап қалдық. Тәуелсіздігімізге төнген қатердің бетін қайтардық. Сын сағатта бірлігін сақтай білген барша отандастарымызға зор ризашылық білдіремін. Ұйымды жаңғырту туралы алқалы жиынның дәл бүгін өтуінің символдық мәні бар. Бірінші наурыз – партияның құрылған күні. 23 жыл бұрын еліміздегі ең басты саяси ұйымның негізі қаланды. Партия халықты ортақ мақсатқа жұмылдырды. Қоғамға пайдалы көптеген бастама көтеріп, сайлаушылардың қолдауына ие болды, – деді Президент. Мемлекет басшысы партияның келешегі жөнінде айта келіп, оның бұған дейін атқарған жұмысын ұмытуға болмайтынына, өз ісіне берілген партия белсенділерінің қажырлы еңбегіне құрметпен қарау керек екеніне тоқталды. Президент еліміздің «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі ауқымды міндетті орындауға кіріскенін мәлімдеді. Алдымызда мемлекетіміздің болашақ тағдырын шешетін аса маңызды жұмыс тұр. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет. Партия барлық реформаға ұйытқы болуы тиіс.

– Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – партияны жаңғырту. Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда, партияның өзгеруі – заңдылық. Бұл – уақыт талабы. Осыған орай жаңа ғана айтылғандай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Жасыратын ештеңе жоқ, мен де бұл мәселеге байланысты пікірталасқа қатыстым. Бірнеше ұсыныс болды, соның ішінен «Аманат» деген атауға тоқтадық. Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең-байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Мемлекеттілік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз – міне осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады. «Аманат» ата-бабаларымыздың келешек ұрпаққа қалдырған өсиеті деген ұғымды білдіреді. Аманат сөзінің – мағынасы терең, халқымыздың тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алады. Ол бабаларымыз өсиет еткен тәуелсіздіктің мәңгі арман-мұраты, қуатты мемлекеттіліктің және жалпыұлттық тұтастықтың, кең-байтақ Отанымыздың құндылығы ретінде сипатталады. Біз осы баға жетпес мұрамызды сақтап, нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің аға буын мен өскелең ұрпақ алдындағы қастерлі борышымыз. Сондықтан мен партиямызды ресми түрде «Аманат» деп атауды толық қолдаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент өткен айда жүргізілген ауқымды аналитикалық жұмыстар партия қызметіне маңызды өзгерістер енгізу қажет екенін көрсетті деп атап өтті. Жоғарыда айтылған ұсыныстарды қолдай отырып, партия Төрағасы бірқатар басым міндетті айқындап берді. Оның пікірінше, ең алдымен, орталыққа тәуелділікті жою және партия аппаратының тиімділігін арттыру қажет.

– Партия аппаратының жұмысында бюрократияның теріс сипаттары анық көрінді. Желілік кестелер, есеп беру және қағаз жүзіндегі іс-шаралар сайлаушылармен тікелей жұмыс істеуді екінші орынға сырғытты. Жұмысқа құлшынып тұрған азаматтар өз орындарын дарынсыз функционерлерге беруге мәжбүр болды. Сондықтан орталық аппараттың филиалдармен және бастауыш партиялық ұйымдармен өзара іс-қимыл әдістерін толығымен қайта қарау қажет. Бюрократия мен қағазбастылықтан үзілді-кесілді бас тарту керек. Аймақтық филиалдар мен бастауыш ұйымдар сайлаушылармен өздігінен жұмыс істей алады және жұмыс істеуге міндетті. Орталық аппарат нұсқаушылық және «қолмен» басқару тәжірибесінен арылуға тиіс. Оның міндеті – жалпы партиялық бағыт беру, әдістемелік және идеологиялық қолдауды қамтамасыз ету, кадрларды оқыту, жүйелік проблемаларды талдау. Партияға, ең алдымен, сенім мен ынтымақтастыққа негізделген жаңа өзара қарым-қатынас мәдениеті қажет, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракциялардың қызметін жандандыру қажет. Депутаттық фракциялар диалог алаңдарын ұйым-дастыру міндетін өздеріне алып, олардың жұмыс қорытындысы бойынша нақты нәтижеге қол жеткізуі керек.

– Әлеуметтік желілер мен қала алаң-дарындағы қоғамдық талқылауларды Парламент пен мәслихаттарда өткізген жөн. Бұл – аса маңызды міндет. Фракциялар депутаттық сауалдармен шектеліп қалмай, парламенттік және қоғамдық талқылаулар мен ашық пікірсайыстарға баруға тиіс. Керек болса, Үкіметтің нақты мүшелері мен әкімдерге сенім мәселесін көтеру қажет. Барлық деңгейдегі партия депутаттарының рейтингі алдын ала дайындалған есептерге емес, нақты істер мен азаматтардың мәселелерін шешуге негізделуі керек, – деді партия Төрағасы. Қ.Тоқаев жақында өңірлерге сапардан оралған Мәжіліс депутаттарының жұмысына да тоқталды.

– Жақында біздің Мәжіліс депутаттары өңірлерге сапардан оралды. Мен бұл жұмысты бақылап отырдым, олардың қызметінде жаңа стиль, жаңа мазмұн пайда бола бастағанын айта кету керек. Бұл қазірдің өзінде көрінеді. Ресми отырыстар аз болып, сайлаушылармен көбірек тікелей байланыс орнатылды. Депутаттар жергілікті жерлердегі азаматтардың нақты мәселелеріне тереңірек үңіле бастады. Мұндай тәсілді барынша нығайтып, дамыту қажет, – деді партия Төрағасы. Мемлекет басшысы азаматтардың мүдделерін ілгерілетуді және партияның ашықтығын басты мәселе ретінде айқындады.

– Партия популизмге салынып, орындалмайтын уәде бермегені жөн. Сонда Премьер-Министр мен кабинет мүшелерінен қажетті сандарды талап етуге де жол берілмейді. Егер осылай жалғаса берсе, күдік күшейіп, адамдардың партияға деген сенімі жоғалады. Ал оның партияға кері әсері тиеді. Мұндай көзбояушылықтың салдары адамдардың әлеуметтік көңіл күйіне және ішкі саяси тұрақтылыққа ықпал етеді. Бұған, әсіресе, геосаяси тұрақсыздық жағдайында жол беруге болмайды. Сайлаушылармен кері байланысты күшейткен жөн және осы бағытта қоғамдық қабылдаулардың әлеуетін барынша пайдалану қажет, – деді Президент. Партия Төрағасы елімізді одан әрі жаңғырту үшін партияластарынан тың ұсыныстар күтетінін атап өтті. Сондықтан жалпыұлттық өзекті мәселелер күн тәртібін әзірлеу үшін Қазақстанның әрбір азаматынан тың идеялар мен ұсыныстар жинау жөнінде республикалық акция ұйымдастырған жөн. Мемлекет басшысы партияластардың ішінен сенімді адамдарды іріктеп, оларды ілгерілету ісін жалғастырған дұрыс деп санайды.

– Ашығын айтқанда, қазіргі кезде саяси менеджерлерді даярлау ісі ақсап тұр. Қазіргі жағдайда саяси басшылар түрлі мамандармен, жастармен, журналистермен, халықтың барлық өкілімен тіл табыса алуы керек. Мұндай адамдар ел арасында аз емес. Әлеуметтік лифтінің жоқтығы – бірден-бір кедергі. Жас әрі қабілетті мамандарға мүмкіндік бермейміз. Бұл – біздің басты кемшілігіміз. Партия құрылымында Саяси менеджмент академиясы бар. Осы академияның қызметін күшейту қажет, – деді Президент. Президент осы айтылған міндеттерді мейлінше қысқа мерзім ішінде орындау қажет екеніне назар аударды. Партия Төрағасы орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырды. Оның айтуынша, Amanat – озық ой мен әділдіктің, бірлік пен алға ілгерілеудің партиясы, халықтың пікірі мен ел мүддесін ескеретін азаматтарымыздың игілігі жолында қызмет ететін негізгі ұйым. Украинада болып жатқан қазіргі жағдайда осы айтылған барлық мәселенің мәні зор.

– Біздің ұстанымымыз мемлекетіміздің қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуді көздейді. Біз 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізген ел ретінде еуразиялық қауіпсіздіктің тұтастығы қағидатына бейілдіміз. Мен бұл туралы 10 ақпанда Мәскеуге жасаған сапарымда айттым. Біз екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға, уағдаластық пен келісімге келуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. Жақсы жанжалдан жаман татулық артық. Бейбітшіліксіз даму болмайды, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан, қажет болса, делдалдық қызмет-термен қоса, барлық көмек түрлерін көрсетуге дайын.

– Мен Қауіпсіздік Кеңесінің бірқатар отырысын өткіздім. Санкциялық қарсылықтың бұрын-соңды болмаған шиеленісуі жағдайында Үкіметке елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер жүктедім. Біздің экономикамыз дағдарыс жағдайында үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін санкциялық сын-қатерлерге қарсы тұруға дайын болуы керек. Алдағы қиындықтар мен сынақтарды бәріміз бірге еңсереміз деп ойлаймын. Олардың күрделілігін бағаламауға немесе асыра көрсетуге болмайды, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қауіпсіздігі мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді. Онлайн форматта өткен іс-шараға еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысты. Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі барысында партияның Саяси кеңесінің құрамы өзгерді. Съезд делегаттары партия Саяси кеңесінің құрамынан Оспанбек Әлсейітов пен Нұрлан Нығматулинді шығару және олардың орнына Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, «Астана» медицина университетінің ректоры Қамалжан Надыров, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожинді қабылдау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов өз сөзінде партия жұмысына кешенді талдау жасалып, қоғамдық пікір мен сарапшылардың ұстанымы зерттеліп, аймақтардағы партия мүшелерінің ұсыныстары жиналғанын мәлімдеді.

– Халықты толғандыратын өткір мәселелерге, Nur Otan-ға қатысты қоғамдық сынға жүйелі сараптама жасалды. Адалдық пен әділдік, нәтижелі жұмыс пен жауапкершілік, жеделдік пен ашықтық – қазіргі таңда қоғамның партияға және оның әрбір мүшесіне қойып отырған басты талабы. Осыған орай, партияны модернизациялау бағдарламасының жоспары дайындалды. Біріншіден, халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру қажет деп санаймыз. Ең әуелі партия жанындағы қоғамдық кеңестердің құрылымын қайта жасақтау керек. Сандық емес, сапалық көрсеткіш маңызды. Кейбір кеңестерде салалық мәселелер бойынша көтеретін сұрақтар тым ұқсас болғандықтан, оларды біріктіруді ұсынамыз. Республикалық деңгейде – 9, аймақтарда – 8, аудандарда 5 кеңестен қалдырған жөн. Ел аумағы бойынша кеңестер саны 700-ге қысқарады, – деді атқарушы хатшы. Бұған қоса кеңестердің құрамы да жаңартылады. Белсенділігі төмен кеңес мүшелерінің орнына елдің сөзін сөйлейтін тұлғалардың тартылатыны айтылды. Асхат Оралов партияны жаңғырту жоспарының негізгі бағыттарына жергілікті жерлерде партия құрамын нығайту мәселесін қосты.

– Бастауыш партия ұйымдары – партияның негізі. Қазір олардың саны 4,5 мыңнан асады. Оларды «округтік бастауыш партия ұйымдарын» құру арқылы нығайтуды жоспарлап отырмыз. БПҰ төрағаларының бел-
сенділігін, ұтқырлығын және жауапкершілігін арттыру үшін оларды бағалауды және рейтингін енгізу ұсынылады. Бастауыш партия ұйымдарының бастамаларын қолдау мақсатында жергілікті жерлерде жобаларды іске асыру үшін партиялық жарналардың 20%-ын қайтару тәжірибесін енгізу, – деді партияның атқарушы хатшысы. Сондай-ақ партия жұмысының барынша ашық болуы сөз болды.

– Бүгінгі таңдағы қоғамның аса өзекті сұраныстарының бірі – партияның ашықтығы және халыққа жақын болуы. Пилоттық жоба ретінде мәслихаттардағы депутаттардың рейтинг жүйесі толықтай сынақтан өтті. Оның нәтижесін жұртшылыққа жария етеміз. Сонымен қатар партияның мобильді қосымшасы іске қосылады. Онда азаматтар партияның жұмысы туралы жедел ақпарат алып, қоғамдық маңызды мәселелерге байланысты түрлі сауалнамаға қатысып, өтініш пен ұсыныс, тілектерін қалдыра алады, – деді А.Оралов. Партияның жастар қанатының жұмысын толықтай қайта жаңғыртудың маңызы туралы айтылды. Партияның атқарушы хатшысы Jas Otan қатарына жастар арасында шын беделі бар нағыз көшбасшыларды тартатынын атап өтті. Сондай-ақ жастарға арналған бірқатар жобаны таныстырды.

– Ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа жобаны ұсынамыз. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, оларды кәсіп ашып, табысты болуға ынталандыратын кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады. Одан бөлек, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулитын «Қайсар» атты жаңа әскери-патриоттық жоба іске қосылады. Ел қорғайтын, мемлекетімізге қызмет ететін ержүрек азаматтарды тәрбиелеуге басымдық беріледі, – деді А.Оралов. Ол сондай-ақ шығармашыл жас партия мүшелеріне арнап жаңа жоба жүзеге асырылатынын айтты. Жастардың мәселелерін, оның ішінде NEET санатын толғандырған мәселелерді анықтау бойынша кешенді талдаудың жүріп жатқаны белгілі болды. Оның қорытындысы бойынша Jas Otan форумында қабылданатын жаңа жастар бағдарламасы әзірленеді. А.Ораловтың айтуынша, бұл стратегиялық тәсілдер партияны трансформациялау бойынша алға қойған міндеттерді іс жүзінде орындауға мүмкіндік бермек. Съезде сөз алған Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов фракция депутаттары партияның өткен кезектен тыс съезінде айтылған нақты міндеттерді жүзеге асыруға кірісіп кеткенін жеткізді.

– 11 қаңтарда Мәжілістің отырысында, Қасым-Жомарт Кемелұлы, өзіңіз атап өткен ел дамуының жаңа күн тәртібін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша фракция өз жұмысын Үкіметпен үйлестіріп атқара бастады. Парламент – еліміздің проблемалары, отандастарымыздың үміті мен тілегі айтылып, жариялануға тиіс маңызды қоғамдық-саяси кеңістік. Нақ осы жерде әділ және сындарлы пікірталастар мен жарыссөздер болуы керек. Осыған байланысты жұмыс топтарының қызметі, оның ішінде заң жобаларының өту процесі қайта қаралды. Аса назарды қажет ететін заң жобалары немесе жекелеген нормалар жұртшылықпен өңірлерде алдын ала талқыланатын болады. Мысалы, жақын арада біз тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасын қоғамдық талқылауды өткіземіз, онда халықтың әлеуметтік осал топтарының кейбір мәселелері қозғалады, – деді Мәжіліс Төрағасы. Е.Қошанов сондай-ақ Мәжілістің ақпараттық ресурсында қаралатын әрбір заң жобасының нормалары бойынша сындарлы ұсыныстар жинауға арналған арнайы жүйе іске қосылатынын мәлімдеді. Неғұрлым ұтымды пікірлер жұмыс топтарының отырыстарында қаралып, талқыланатын болады және заң жобасына түзетулер түрінде енгізілуі мүмкін. Депутаттардың ерекше назарындағы екінші мәселе партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру екені айтылды. Мәжіліс Төрағасы қазір депутаттардың халықпен тығыз байланыс орнатуы алдыңғы орында тұрғанын және фракция өңірлердегі жұмыс форматын қайта қарағанын атап өтті.

– Күні кеше біз өңірлерге барып келдік. Қоғамдық пікір көшбасшыларымен, сарапшылармен, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарымен, сондай-ақ конструктивті оппозиция өкілдерімен кездесулер өтті. Кездесу барысында әлеуметтік қолдау, кедейшілікпен күрес, бағаның өсуі, жұмыспен қамту мәселелері, сондай-ақ тұрғын үй проблемалары жиі көтерілді. Сумен жабдықтау, мелиорация, трансшекаралық өзендер проблемалары да тұрғындарды алаңдатып отыр. Бұл мәселе бойынша сәуір айында Парламенттік тыңдау өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар жергілікті жолдар мәселесі мен агроөнеркәсіп кешеніндегі бірқатар өзекті проблемалар көптеген өңірде әлі де шешімін тапқан жоқ. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Депутаттар өңірлерді аралап, қоғамдық орындарда, аулаларда, базарларда жастармен, оның ішінде мамандықсыз, жұмыссыз жүрген жастармен әртүрлі форматтағы кездесулер өткізген. Е.Қошановтың айтуынша, депутаттар мемлекет тарапынан ұсынылып отырған мүмкіндіктер мен бағдарламалар туралы жастарға егжей-тегжейлі түсіндірме берді, олардың да пікірі назарға алынды.

Атаумен қатар жұмыс жаңарады

IMG_8623.jpg

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Бүгінде облысымыздың 47 мыңнан астам тұрғыны – партияның мүшесі. Сондай-ақ, 44 ірі бастауыш партия ұйымы бар. Олардың тікелей қатысуымен көптеген шара ұйымдастырылып, мәдени, әлеуметтік, спорттық, қайырымдылық және тағы басқа бағыттарда жүйелі жұмыстар жүргізілді. Бірақ уақыт бір орында тұрмайды. Әлемде экономикалық және саяси өзгерістер орын алып, жаңашылдықтармен қатар сырқатерлер туындап отырған тұста партия да өз жұмысын жаңартып, жаңғыртуы тиіс. Жалпы, 2019-2021 жылдар аралығында бұл бағытта біраз іс атқарылды. Соның бір жарқын мысалы – қоғамдық пікір көшбасшыларын анықтаған «Праймериз» жобасы. Осы сынақтан сүрінбей өтіп, бастамалары жұртшылық тарапынан қолдау тапқан кей азаматтар бүгінде депутат ретінде қоғам игілігі үшін еңбек етуде. Жалпы, өңірдегі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының құрамы жаңарып, олардың 20 пайызы жастар, 30 пайызы нәзік жандылар болғанын атап өту керек. Сол жаңашыл-дықтардың жүйелі жалғасы ретінде партияның атауы мен жұмыс форматы өзгерді. Менің түсінігімде «AMANAT» сөзінің мағынасы тереңде жатыр. Бұл – халықтың партиялықтарға деген сенімі,  партия мүшелерінің жұрт алдындағы жауапкершілігі. Біздің ендігі міндет – сол сенім үдесінен шығып, сайлауалды бағдарламада көрсетілген уәделерді орындап, бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне баса назар аудару. Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, халықпен бұрынғыдан да берік байланыс орнатып, бірлесе әрекет ету керек. Бұл ретте бастауыш партия ұйымдарының, мәслихат депутаттарының рөлі арта түспек.

Тығыз байланыста боламыз

IMG_8633.jpg

Бейбіт ӘЛХАНОВ, «AMANAT» партиясы Ақтоғай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Партияның құрылған күнімен тұспа-тұс келген съез барысында бұқараның көкейінде жүрген бірқатар жайттың жай-жапсары сараланды, басты бағыт-бағдар белгіленді. Әсіресе, бастауыш партия ұйымдары-
ның жағдайына баса назар аударылды. Елімізде дәл осындай 4,5 мыңға жуық ұйым бар. Біздің облыста Павлодар мұнай-химия зауыты, «Қазақстан алюминийі» зауыты, «Богатырь-Көмір» кеніші сынды кәсіпорындармен қатар, аудан-қалалардағы ірі шаруашылықтарда да бастауыш партия ұйымдары құрылды. Олар сайлаушылармен бірлесе әрекет етуде маңызды рөл атқарып, тұрғындармен тығыз байланысты болуы тиіс. Осы орайда партия мүшелері төлейтін жарнаның бір бөлігін бастауыш партия ұйымдарын дамытуға бөлу туралы бастама көптің көңіліне жаққаны анық.

Қоғамдық қабылдау маңызды

айгуль.jpg

Айгүл МӘЛІКОВА,  «AMANAT» партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Партияның ХХІІ съезі барысында көптеген өзекті мәселелер талқыланып, жаңа міндет-мақсаттар белгіленді. Солардың бірі – қоғамдық қабылдаудың жұмысын жетілдіру. Бұған дейін Павлодар қалалық филиалының қабылдауына келген көпшіліктің мәселесі оң шешімін тапты. Бұл ретте Екінші Павлодар шағын ауданы тұрғындарын мазалаған басты мәселе – жерасты суының көтерілуі мен кәріз жүйесінің болмауын мысалға келтіруге болады. Осы ауданның бір топ тұрғыны партияға келіп, өздерін алаңдатқан жайтты ортаға салған соң облыстық және қалалық филиал жанынан арнайы штаб құрылды. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 26 отбасына құрылыс материалдары, басқа да керек-жарақтар жеткізіліп, судың басуы салдарынан бұзылған жертөлелер мен үйдің қабырғаларын жөндеуге жағдай жасалды. Депутаттар кәріз жүйесін тартудың бірінші және екінші кезеңі барысын жіті бақылауда ұстады. Құрылыстың үшінші кезеңі бас- талған кезде де арнайы штаб құрылып, тұрғындармен бірге қадағалайтын боламыз.

Жастарға жағдай жасалады

IMG_8635.jpg

Ажар ӘБІЛҚАЙЫРОВА, «AMANAT» партиясы Шарбақты аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Партия жиыны барысында жұмысты жаңғыртуға қатысты көтерілген бастамалардың барлығын орынды деп білемін. Жас депутат ретінде білікті кадрларды, атап айтқанда сайлаушылармен жұмыс істей алатын заманауи саясаткерлерді, мемлекеттік қызметшілерді дайындау барысына қатысты тапсырмаларға ерекше назар аудардым. Партия мықты мамандардың ұстаханасы болуы тиіс. Бұл саяси ұйым кез келген әлеуметтік топ өкілдерімен емін-еркін пікір алмасып, тілдесе алатын жастарды дайындауы керек деген пікірмен келісемін. Осындай белсенді жастардың үлкен легі ауылдарда. Ата-әженің, ауыл ақсақалдарының тәрбиесін көрген бүгінгі жастардың көкейге түйгені көп. Олар үлкенмен де, кішімен де тіл табысып, оларды алаңдататын өзекті мәселелерді жақсы білетіні анық. Мәселен, елді мекендерде жастардың бос уақытын қамтитын орындардың аздық ететіні жасырын емес. Спорттағы қабілетін шыңдайтын орталықтар да бірен-саран. Осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіріп, жаңа орталықтар ашып, жастармен жұмысты одан әрі дамыта түссе, олардың да елге берері, өркендеуге қосар үлесі сүбелі болары анық.



Количество показов: 2456

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  471

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  617

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  515

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  457

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  396

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  568

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  672

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  516

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  772

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  602

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  458

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  418

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  458

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  487

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  567

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  938

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  778

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  561

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  583

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  852

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  546

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  968

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1322

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1295

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1261

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1218

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1454

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  1246

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1272

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  1224

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1315

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1291

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  1051

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1212

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1524

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  816

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  1179

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  757

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  754

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  662

11 медаль!
11:05 24.01.2023  1209

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  1074

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  1147

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1251

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1419

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  1146

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  1094

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  1234

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1290

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  1156

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3404

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2974

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2919

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3381

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3428

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3552

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3637

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2891

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2944

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3355