Қамбаға мол астық құйылуда

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Қамбаға мол астық құйылуда 21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда

Успен ауданында бүгінде қысқы кезеңге дайындық шаралары ойдағыдай жүруде. Өңірде дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталып қалған. Диқандар жиналған астықты бастырып, қамбаға құюда. Ауданда сонымен қатар денсаулық сақтау, көші-қон салаларында атқарылған жұмыстар аз емес.

Торғын ОРАЗАЛЫ

Тұрғындар саулығы маңызды

Елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға зор көңіл бөлініп отыр. Успен ауданында да халықтың аман-саулығы басты назарда. Ауданда медициналық мекемелердің жұмысын алға бастыру үшін барлық жағдай жасалуда. Тобылжан, Новопокровка ауылдарында медпункт ашылды. Өткен жылы аудандық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, Галицкое ауылының дәрігерлік амбулаториясы ағымдағы жөндеуден өткізілген. Аудандық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айнұр Әбитованың айтуынша, келер жылы Лозовое ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктті (ФАП) күрделі жөндеу жоспарланған. Алдағы уақытта Қоңырөзек ауылында ФАП және Ковалевка, Қаратай ауылдарында медпункттер салу межеленіп отыр. Тұрғындарға сапалы диагностика және дәрігерлік көмек көрсету мақсатында аудандық ауруханаға жаңа қондырғылар алынған. Атап айтқанда, гемотологиялық анализатор мен гемостазды автоматты түрде анықтайтын аппарат әкелінді. Жергілікті меценаттар аурухананы жасанды желдету аппараты мен оттегі концентраттарымен қамтамасыз еткен. Аудандық медициналық мекемелері толық компьютерлендіріліп, интернет желісімен жабдықталған. Ауданда 168 медицина қызметкері жұмыс істейді. Олардың 21-і - дәрігер, 68-і - орта медициналық қызметкер. Биыл 55 медицина қызметкері біліктілігін арттырған. «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасымен келген екі жас маман мен екі дәрігер ауданның ақ желеңділер қатарына қосылып, тәжірибе жинақтауда. Аудан халқының денсаулығы жақсарған, қан айналымы аурулары немесе сыртқы себептер салдарынан еңбекке жарамды жастағылардың өлім-жітімі азайып, барлық жастағы тұрғындардың аурушаңдық көрсеткіші төмендеген. Успен ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Төрт екпе кабинеті жұмыс істейді. Мұнда 11 838 адам тұрады. Вакцинаның 1 компонентімен егілгендер саны 6 257 адам болса, екінші компонентті 5 717 адам салдырған. Бұл жалпы тұрғындар санының 88,4 пайызын құрайды. Коронавирус инфекциясына қарсы екпе алушылар саны артып келеді. Жалпы пандемия басталғалы 620 адам (49 адам екпе алған) науқастанып, 7 адам қайтыс болған. Коронавирустың алдын алу және эпидемияға қарсы шаралардың уақытылы жүргізілуі нәтижесінде аурудың таралу деңгейін азайтып, аудандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға мүмкіндік беріп отыр. Аурухана негізінде мобильді топтар жұмыс істейді. Мобильді бригадалар күн сайын ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастардың шақыртуларын қабылдайды. КВИ жұқтырған ауруларды стационарлы немесе амбулаторлы түрде емдеуге қажетті препараттар бар. Медицина қызметкерлеріне санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау талап етіледі. КВИ жұқтырған немесе жұқтыруы мүмкін аурулармен жұмыс істейтін қызметкерлер қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген.

- Медицина саласының алдына қойған міндеттердің бірі азаматтардың өмір сүру жасын ұзарту, өлім-жітімді азайту және табиғи өсімнің үлес салмағын арттыру болып табылады. Осы межеге жетуде медицина қызметкерлерінің күш-жігері мен біліктілігі жеткілікті, үкімет тарапынан қаржылай қолдау бар, - дейді аудандық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айнұр Сәрсенқызы.

 

Шаруалар қысқа дайын

 

Успен ауданында қысқа дайындық қарқынды жүргізілуде. Биыл 122,6 мың гектар аумақтан 124 мың тонна шөп дайындалған. Орташа өнімділік гектарына 9 центнерді құрап отыр. Сонымен қатар қысқы мал азығына 16 мың тонна пішен орылған. Биыл дәнді дақылдардың өнімділігі өткен жылғыдан қарағанда біршама жақсарған. Былтыр құрғақшылық салдарынан өнім аз жиналса, биылғы жауын-шашынның уақытылы түсуі жақсы өнім алуға септігін тигізген. Ауданда жалпы 133,9 гектар алқаптан 175,8 мың тонна дәнді дақылдар жиналыпты. Биылғы өнімнің орташа өнімділігі гектарына 13,1 центнерді құраған. Бидай 101,5 мың гектардан орылып, барлығы 131 мың тонна астық жиналыпты. Сонымен қатар арпа, сұлы, тары, қарақұмық өнімі алынды. Биыл 15,8 мың тонна дәнді дақылдар тұқымы қамбаға құйылған. Успендік шаруалар күзгі жиын-терім науқанында жанар-жағармайдан таршылық көрмеген. Биыл 3 557 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай, қысқа шөп дайындауға 461 тонна сұйық отын бөлініпті. Соңғы үш жылда шаруалар арзандатылған жанар-жағармайды электронды түрде ресімдеуде.

- Ауданымызда биыл егіс көлемі ұлғайтылды. Жалпы егін алқабы 202,8 мың гектарды құрайды. Биыл дәнді дақылдардың орташа өнімділігі – гектарына 13 центнер. Ауа райының күрт өзгеруін айтпағанда, жиын-терім науқаны ойдағыдай жүргізілуде. Былтыр жауын-шашын мөлшері аз болғандықтан, гектарына небары 7 центнер өнім алынды. Келесі аптада 54 мың гектар майлы дақылдарды жинауға кірісеміз, - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Нариман Жұмадиров. Биыл ауданда майлы дақылдар аумағы өткен жылғыдан қарағанда 18,4 гектарға артық, 56,6 мың гектардан жиналмақ. Успендік шаруалар қалған дәнді дақылдарды жинап алған соң, майлы дақылдар жинауға кіріспек. Жергілікті кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ұсынған мәліметтерге сүйенсек, ауданда 94 астық қоймасы бар. Алдын ала дайындалған арнайы орындар астық сақтауға сақадай сай. Қоймалардың сыйымдылығы – 105,4 мың тонна. Астықтың сапалы сақталуын қамтамасыз ету үшін 12 дән кептіргіш жұмыс істейді.

 

Бағдарламаның берері мол

Успен ауданында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Бүгінде бағдарлама шеңберінде жұмыс күші көп аймақтардан ауданға 133 отбасы көшіп келген. Жаңа қонысқа көшіп келушілердің 54-і – қандастар отбасы, 79-ы - жұмыс күші көп оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударушылар. Ауданға көшіп келушілер саны жыл санап артып келеді. Өңірлік квотамен өткен 43 отбасының үшеуі - атамекенге көш түзеген қандастар. Бағдарламаның басым бағыттарының бірі қоныс аударушыларды жұмыспен қамту болып табылады. Ауданға көшіп келген 200 адамның ішінде еңбек жасындағы 80 адам бар. Олар білім беру, медицина саласы қызметкерлері, жүргізуші, аспаз, тәрбиеші, инженер-механик, есепші мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылған. Ал ауданның кішкентай тұрғындарының санын толықтырған 114 бала жас ерекшеліктеріне қарай мектептер мен балабақшаларға орналастырылыпты. Жаңа тұрғындардың қатарында бала күтімімен айналысып отырған аналар мен зейнеткерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар да бар. Жаңа қоныста жеке кәсібін ашуға бел буған 18 адам бизнесті дамытуға арналған гранттарға ие болған. Успен аудандық жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сүйенсек, өткен жылы «Еңбек» бағдарламасының қатысушыларына арналған қоспәтерлі 8 тұрғын үй салынып, пайдалануға беріліпті. Алдағы уақытта ауданға қоныс аударушыларға баспаналар салу жоспарланған.

Успен ауданы.

 

 


Количество показов: 509

Возврат к списку