Қамба толы алтын дән

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Қамба толы алтын дән 30.12.2021

Қамба толы алтын дән

Биылғы жылды облыстың ауыл шаруашылығы саласы жоғары көрсеткіштермен аяқтағалы отыр. Соңғы 30 жылда алғаш рет 1 млн тоннадан астам дәнді дақылдар жиналды. Картоптың да түсімі мол.

Агроөнеркәсіптің өндіріс көлемі бойынша елімізде Павлодар өңірі – көш басында. Иә, Тәуелсіздік алған жылдардан бері аймағымызда тұңғыш рет астық молынан қамбаға құйылып, рекордтық көрсеткіштер тіркелді. Бұған бірнеше факторлардың оң әсері бар. Атап айтсақ, ылғал ресурстарын үнемдейтін технологияларды қолдану, сапалы тұқым, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану, егіс мерзімдерін назарда ұстап, барлық агротехникалық шараларды сақтау мол өнім жинауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ биыл Табиғат-Ана да оң қабақ танытып, диқандарды әбігерге сала қойған жоқ. Әрине, шаруалар жоғарыда аталған технологияларды тиімді іске асыру үшін мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктерін кәдеге жарата білді. Техника, тұқым, тыңайтқыштар мен пестицидтер, өзге де ауыл шаруашылығы құралдарын сатып алуға арналған шығыстардың бір бөлігін мемлекет өтеп берді. Павлодарлық картоп пен сәбіз өңірдің брендіне айналып үлгергені рас. Сонымен қатар, республика бойынша қарақұмықтың 60 проценті, тарының 58 проценті біздің облысқа тиесілі. Яғни, аталған дақылдарды өндіруде елімізде көш басындамыз. Сонымен, биыл 873,2 мың гектардан дәнді дақылдар орылды. Нәтиже-сінде 1 054,7 мың тонна астық бастырылды. Орташа есеппен өнімділігі гектарына 12,1 центнерге тең. Әсіресе Успен (13,8 ц) және Ертіс (13,7 ц) аудандарындағы көрсеткіштер жоғары. Бұдан бөлек, 258,3 мың тонна көкөністер, 85,5 мың тонна бақша дақылдары, 633,8 мың тонна картоп жиналды. Майлы дақылдардың үлесі 145,1 мың тоннаға тең.

- Мол әрі сапалы өнімге қол жеткізудің бірден-бір жолы – суармалы алқапты дамыту. Бұл бағыттағы шаралар өсімдік шаруашылығын өркендетіп қана қоймай, малдың сапалы жем-азығын әзірлеуге жол ашып, сүт және ет бағытындағы мал шаруашылығының алға жылжуына түрткі болмақ. Бүгінде аймағымыз-дағы суармалы алқаптың көлемі 56 мың гектардан асып жығылады. 1 гектар суармалы алқаптың өнімі жай алқаппен салыстырғанда 10-17 есеге артық. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар жандануда. Ең ірі жоба – Ертіс-Успен жасанды су каналының құрылысы. Жоба сәтті жүзеге асса, 10 мың гектар жер суармалы алқапқа айналады деп күтілуде. Осылайша, агроөнеркәсіп өнімділігі 20 процентке артатын болады. Мал шаруашылығында да оң көрсеткіштер тіркелуде. Шаруалар төрт түлікті асылдандыруға асығуда. Қазір аймағымызда 70 мыңнан аса асыл тұқымды төрт түлік бар. Жалпы, 2021 жылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға барлық деңгейдегі бюджеттерден 30,1 млрд теңге қаражат бөлініпті. Атап айтсақ, инвестициялық салымдарға - 9,8 млрд теңге, мал шаруашылығын дамытуға - 7,7 млрд теңге, өсімдік шаруашылығына - 4,4 млрд теңге, сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға - 4,4 млрд теңге, қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарына - 759 млн теңге. Сонымен қатар, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен жалпы сомасы 20,9 млрд теңгеге 1 303 несие берілген. Осылайша, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өңірдің ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Келесі жылда да оң көрсеткіштер тіркеліп, жаңашылдықтар орын алады деген сенім мол.

Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 783

Возврат к списку