Қамбалар талапқа сай ма?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Қамбалар  талапқа сай ма? 21.08.2021

Қамбалар талапқа сай ма?

Жергілікті шаруалар жаппай жиын-терім жұмыстарына қамданып жатқаны белгілі. Көкөніс өсірушілер қоймаларын сайласа, диқандар астық сақтаудың жолдарын қарастыруда. Биылдан бастап қағаз түріндегі астық қолхаты жойылып, электрондық үлгіге көшкен болатын. Жаңашылдықтың тиімділігі неде? Жалпы, астық сақтаудағы жұмыстардың барысы қандай? Сауалдарымызға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Есентай Мүрсәлімов жауап берді.

 

- Есентай Базарбайұлы, түсінікті болу үшін ең әуелі астық қолхаты жайлы айтып өтсеңіз...

- Астық элеваторға өткізіл-геннен кейін диқандарға қолхат беріледі. Маңызды құжатта астықтың мөлшері, қанша уақытқа дейін сақталатыны және тағы басқа ақпараттар көрсетіледі. Яғни, құжат диқандардың меншік құқығын растайды. Сондай-ақ, астық кепілге қойылған жағдайда кепіл ұстаушының тиісті құқығын реттейді. Аталған институт сауда, кепілмен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығына инвестициялар тартудың қаржы құралы ретінде енгізілген болатын.

- Жаңашылдықтың тиім-ділігі неде?

- Жаңашылдық астық ақпа-ратының ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ астықтың іс жүзінде жоқ көлеміне астық қолхаттарын беруді доғаруға мүмкіндік береді. Енді шаруалар үйде отырып-ақ электронды сауда арқылы тауарын сата алады. Бұған дейін элеваторға келіп, сатып алушылармен тікелей келіссөздер жүргізілетін. Жаңа жүйеге сәйкес, ақпараттар 3 күннің ішінде базаға түседі. Диқандар электрондық сандық қолтаңба ашып, ақпараттарды бақылауға мүмкіндік бар. Бүгінде барлық элеваторлар цифрландыру жүйесіне толығымен көшті. Қажетті құрылғылар сатып алынып, мамандар да білімін жетілдіріп үлгерді. Жалпы, жаңашылдыққа дайындық алдыңғы жылдары басталған еді. Яғни, астық қолхаты қағаз түрінде де, электронды түрде де қатар жүргізілді. Диқандарға кеңес берілді.

- Аймағымызда астық сақтау бойынша қандай шаруалар атқарылуда?

- Облысымызда 7 элеватор жұмыс істейді. Сыйымдылығы 301,3 мың тоннаны құрайды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің иелігінде жаңа егіннің астығын қабылдауға және сақтауға 257 қойма (сыйымдылығы 890,1 мың тонна), 82 астық кептіру жабдығы (тәулігіне 1651 тонна),
196 астық тазалауға арналған қондырғы, 409 қырман (тәулігіне 6072 тонна) бар. Картоп пен көкөністі сақтау үшін сыйымдылығы 408 мың тонна 140 көкөніс сақ-
тау қоймасы тіркелді. Олардың 88 проценті заманауи техноло-гиялық қондырғылармен жабдық-талған. Бүгінде астық және көкөніс сақтайтын қоймалар толығымен дайын десе де болады.

- «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-на астық өткізу бойынша не айтасыз?

- Аталған ұйымның мақсаты белгілі. Миссиясы тұрақтандыру қорымен ұқсас. Былтыр шаруа-лардан 25 мың тонна бидай сатып алынып, 4 элеваторда сақталған болатын. Қыста ұн бағасы, сәйкесінше нан бағасы өскен уақытта бағаны тұрақтандыру үшін кезеңмен-кезеңмен босатылып отырды. Биыл да сол көлемде астық сақталады деп күтілуде. Әрине, астықтың өнімділігі жоғары бидай ғана шаруалардан сатып алынбақ.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан – Оралхан ҚОЖАНОВ.

 


Количество показов: 796

Возврат к списку