Анод дайындаудың маманы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Анод дайындаудың маманы 17.07.2021

Анод дайындаудың маманы

Қазақстан электролиз зауыты – елімізде бастапқы алюминий шығаратын алғашқы және жалғыз өндіріс орны. Мұнда алюминий алудың негізгі кезеңдері жүзеге асады. 2007 жылы іске қосылған кәсіпорын биыл рекордтық көрсеткіш орнатып, дайын өнім көлемін 3 млн тоннаға дейін жеткізді.

Айбек Хавдыл аталмыш зауыт іске қосылған уақыттан бастап, нақтырақ айтсақ 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Дәл сол жылы Торайғыров университетін түрлі түсті металлургия мамандығы бойынша бітірді. Өндіріс орнындағы еңбек жолын анодтарды құюшы ретінде бастады. Бүгінде электродтар өндірісі цехының шебері болып жұмыс істейді. Яғни, негізгі міндеті – алюминий дайындауда шикізат ретінде пайдаланылатын анодтардың сапалы болуын қадағалау. Ол үшін конвейердің технологиясын реттеп, үздіксіз жұмыс істеуін қадағалауы тиіс. Мүлт кетсе, бүкіл цех жұмысшыларының еңбегі еш кетіп, алюминий өндіруге жарамсыз анодтар шығады. Сондықтан, Айбек Хавдылға жүктелген қызмет – жауапкершілігі зор іс.

- Қазақстан электролиз зауыты іске қосылғалы 14 жылдың жүзі болды. Бір қарағанда, бұл ұзақ уақыт емес. Десе де, осы жылдардың аралығында анод дайындау ісі айтарлықтай өзгерді. Мәселен, бастапқыда шикізатты басқа кәсіпорындардан сатып алатын едік. Қазір бұл тәуелділіктен арылдық. Осыдан бірнеше жыл бұрын арнайы цех ашылып, өзімізде өнім өндіре бастадық. Құрылғыларды орнатып, бұрандамаларына дейін бекіткен едік. Ал бүгінде жұмыстың барлығы автоматтандырылған түрде жүргізіледі. Оның «тілін» түсіну үшін әріптестерім ТМД елдеріндегі анод шығаратын алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда тәжірибе жинап келді. Қазіргі таңда өндіріс оң жолға қойылып, толық қуаттылықта жұмыс істейді, - дейді цех шебері. Айбек Хавдылдың 13 жыл аралығында металлургия саласына қосқан үлесі аз емес. Кәсіпорында еткен еңбегі еленіп, облыс әкімінің, ERG басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды. 2013 жылы өңірдегі зауыт қызметкерлері ара-сында ұйымдастырылған «Жас маман» байқауында жеңімпаз атанды. 2007 жылы шаңырақ көтеріп, отбасын құрды. Бүгінде жұбайы Айжұлдыз екеуі Ақбота, Аяжан және Азамат есімді ұл-қыздарды тәрбиелеп отыр.

- Менің металлург мамандығын таңдауым тегін емес. Павлодар облысы еліміздің индустриялық орталығы болғандықтан, бұл саланың болашағы зор. Металлургия – әр елдің экономикалық қуаттылығын айқындайтын өнеркәсіп түрі. Өндірісі мықты елдің ертеңі жарқын болады. Зауыттар - дайын өнімдерді шығаратын орын ғана емес, мемлекеттің қазынасына салық төлеп, экспорттық әлеуетті арттыратын, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып, облыстың әлеуметтік жағдайын жақсартатын жүйе. Сондықтан маңызы зор саланы таңдағаныма өкінбеймін, - деп ойын түйді А.Хавдыл.

Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.

 


Количество показов: 351

Возврат к списку