Арнайы кеңес – жастардың жанашыры

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Арнайы кеңес – жастардың жанашыры 09.10.2021

Арнайы кеңес – жастардың жанашыры

Еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандарға қатысты, соның ішінде білім саласы бойынша заң бұзушылық жиі орын алады. Мұндай кезде алдымен облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының көмегіне жүгінуге тура келеді. Аталған кәсіподақ ұйымы жанындағы жастар кеңесі бүгінде аймақтағы жүздеген жас маманға кәсіптік және құқықтық тұрғыда көмек көрсетіп келеді. Жалпы, аталған жастар ұйымы қандай бағытта жұмыс жүргізуде? Кеңес құрамына кімдер қабылданады? Осы және өзге де мәселелер бойынша жастар кеңесінің төрағасы Айнұр Әбілдиновамен әңгімелестік.

Тілеуберді САХАБА

- Айнұр Еркінқызы, кәсіподақ ұйымының жастар кеңесі қашан құрылған, қай бағытта жұмыс істейсіздер?

- Павлодар облыстық білім беру саласы кәсіподағының жастар кеңесі 2014 жылы құрылып, содан бері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Кеңестің басты мақсаты – жас педагогтер мен студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Бұл – Кәсіподақтар федерациясының Стратегиясында, салалық, өңірлік келісімдерде және ұжымдық шарттарда айқындалған. Ресми деректер бойынша, біздің облыстық кәсіподақ ұйымы мүшелерінің 35 пайызға жуығы - жастар. Оның үштен екі бөлігі - мұғалімдер, қалғаны – студенттер. Қалалық және аудандық жастар кеңес-терінде кәсіби шебер ғана емес, сонымен қатар көшбасшылық қабілеттері жоғары жас мұғалімдер бар. Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы мұғалімдердің еңбек, экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғау бағытында кешенді жоспар әзірледі. Олардың басым бөлігі жас ұстаздарға бағытталған.

- Жас мамандарға қатысты орын алған заң бұзушылықтарға да жиі араласатын шығарсыздар...

- Әрине, қандай жағдай болса да бейжай қарамаймыз. Қолымыздан келгенше көмек беруге, араша түсуге тырысамыз. Әсіресе, шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын әріптестеріміз жиі көмек сұрайды. Мысалы, жақында мектеп директоры мен жас маман арасында кикілжің туындап, жас маман жұмыстан себепсіз шығып қалған. Осы іске араласып, оң шешімін табуға ықпал еттік. Жас маман бүгінде өзінің орнында жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, жаңа жұмысқа тұрғандар арасында еңбекақыға қатысты сұрақтар жиі туындайды. Мұны да назарымыздан тыс қалдырмаймыз. Сондай-ақ, ауылдық жерде тұратын жас мамандарға қысқы отын алу үшін берілетін жәрдемақылары да әртүрлі екен. Міне, осы мәселені көтердік. Жалпы, мұғалімдер алғаш онлайн білім беруге көшкен кезде олардың еңбекақыларын тұрақты сақтап қалу мәселесін бірінші болып біздің кәсіподақ көтерген болатын. Біз жыл сайын жас мамандар арасында сауалнама жүргізіп, оларға тәлімгерлері қандай көмек көрсетіп жатқанын анықтаймыз. Яғни, осындай бір сауалнаманың өзі көптеген кемшіліктің алдын алады.

- Жастар кеңесінің бастамасымен қандай іс-шаралар ұйымдастырылып, нендей жаңа жобалар қолға алынуда?

- Білім беру саласында еңбек жолын бастаған жас педагогтарды республикалық және халықаралық семинарлар мен форумдарға жиі жіберіп тұрамыз. Жыл сайын жас педагогтардың жол картасы жүзеге асырылады. 2019 жылы «Кәсіподақ! Мұғалім! Жастар!» атты бейнероликтер сайысы ұйымдастырылса, 2020 жылы «Кәсіподақ репортері» байқауы талай жас маманның өнерін айшықтады. Ал биыл басталған «Жас педагогтардың бейімделуіндегі мәселелер» Оpen Space форматындағы онлайн-дискуссияның тиімділігі зор болды. Бұл әрбір қала, ауданда және ауыл-аймақтарда еңбек ететін жас мамандардың пікір алмасатын үлкен алаңына айналды. Сонымен қатар, осы жылы ауылдық жерді таңдаған мұғалімдер арасында «Ауылым – алтын бесігім» велошеруі өткізілді. Кеңес құрамындағы белсенді жастар Ресей Федерациясы Новосібір облыстық кәсіптік одағы ұйымдастыратын «Кәсіподақтық ЗАИМкаға» жыл сайын қатысып, кәсіптік сала бойынша білімдері мен ой-өрістерін кеңейтеді, тәжірибе алмасады. Бұл 2015 жылы Павлодар және Новосібір облыстарының кәсіподақ басшылары арасында жасалған меморандум негізінде жүзеге асырылуда. Сондай–ақ, ұстаздарды жастар кеңесі жұмысына көптеп тарту мақсатында «KASIPODAQжаSTAR» жобасы іске асырылды. Аталған іс-шараның қорытынды кезеңіне қала, аудандардан 69 өтініш келіп түскен. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз атанған 20 жас маманмен жоба мақсатына сай жұмыс жүргізілуде. Ал өзім жастар кеңесінің төрайымы ретінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай республикалық «30 еңбек елшісі» жобасына қатысып, жеңімпаз атандым.

- Жобаларға негізінен қай өңірдің жас мамандары белсенді атсалысып келеді?

- Кәсіподақ қозғалысының жұмысына белсенді атсалысып жүрген жас әріптестеріміз баршылық. Мәселен, облыстық жастар кеңесінің мүшелері, Павлодар қаласы №36 орта мектептің мұғалімі Дмитрий Карпеченко, Ақсу қаласы, №4 орта мектебінің мұғалімі Фархат Еңсебаев, №16 мектеп-лицейінің мұғалімі Әсет Серікбаев, №8 орта мектебінің мұғалімі Құмар Тілеужан, №33 орта мектебінің қосымша білім беру педагогы Нұрғиса Теміржанов, Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Бекжан Әмірқашев, Торайғыров университетінің студенті Жаслан Узыканов секілді азаматтарды атап өтуге болады. Қоғамдық жұмыста белсенділік танытып жүрген жас мамандарымызды ынталандыру, сауықтыру мақсатында кәсіподақ тарапынан жыл сайын демалыс орындарына жолдама беріледі. Яғни, Жасыбай, Бурабай демалыс орындарында тегін демалуға мүмкіндік алады.

- Кәсіподақ ұйымының жастар кеңесіне қандай мамандар қабылданады? Сіздермен бірге жұмыс істеуге ниетті жастар алдымен қайда барады?

- Жастар кеңесінің мүшелігіне 35 жасқа толмаған кез келген педагог өте алады. Олар өздерінің тұрғылықты жеріндегі, яғни, қалалық немесе аудандық жастар кеңесінің өкілдерімен байланыс орнатуы керек.

- Әңгімеңізге рахмет!    

 

Сұхбаттасқан – Тілеуберді САХАБА.

 


Количество показов: 592

Возврат к списку