Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022  88

Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022  87

Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022  92

Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022  93

Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022  89

Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022  93

Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022  87

Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022  82

Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022  90

«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022  97

Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022  86

Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022  80

«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022  79

Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022  80

Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022  85

Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022  92

Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022  171

«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022  80

Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022  77

Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022  81

Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022  84

Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022  89

Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022  79

Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022  197

Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022  77

Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022  83

Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022  74

Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022  80

Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022  79

Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022  71

«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022  80

Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022  78

Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022  81

ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022  73

Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022  77

«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022  117

Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022  468

Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022  344

Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022  586

Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022  677

Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022  526

Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022  571

Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022  537

Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022  524

Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022  590

Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022  523

Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022  552

Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022  565

Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022  517

Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022  533

«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022  649

«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022  668

Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022  650

Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022  629

Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022  665

Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022  728

Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022  643

Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022  623

Жомарт жандар
10:21 14.06.2022  630

Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022  647

Арзан несие:  тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма? 19.05.2022

Арзан несие: тозған көліктен құтылудың төте жолы осы ма?

Жұртшылық көптен күткен 4 пайыздық автонесие беріле бастады. Көпшіліктің тағатын тауысып, «Оператор РОП»-тың «жырымен» жүріп қалған Үкімет ендігісін «Жасыл Даму» компаниясына иек артып отыр. Бөлінген 100 млрд теңге темір тұлпар тізгіндеуді армандаған мыңдаған қазақстандықтың үміт отын қайта маздатты. Алайда «итке сүйек тастағандай етіп», халықты үймелетіп қойған бағдарламаны жүзеге асыруда кемшіліктер аз болмайтындай...

Арзан несиені кімдер алады?

Ең әуелі утильдік алым айналымынан алынған 100 млрд теңгенің игілігі туралы айтып өтейік. Жауапты мамандар барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. 4 пайыздық несие рәсімдеудің қысқаша нұсқаулығы мынадай: Бағдарламаға қатысушы адам алдымен кез келген автосалонға барып, Қазақстанда құрастырылатын JAC, Chevrolet, Ravon, УАЗ, KIA, Hyundai, Renault, Lada маркалы көліктердің ішінен өзіне қажетін таңдайды. Егер ол таңдаған көлік (қалаған жиынтығымен қоса) бар болса, автосалон темір тұлпардың VIN-коды көрсетілген төлем шотын ұсынады. Бұл құжат 5 күнге жарамды. Осы аралықта екінші деңгейлі банктердің біріне барып, өтінім беріп үлгеруіңіз керек. Әзірге бұл бағдарлама бойынша жұмыс істейтін 4 банк белгілі. Олар: «Халық банк», «Банк ЦентрКредит», «Форте банк» және «Еуразиялық банк». «Өнеркәсіпті дамыту» қоры» акционерлік қоғамының басқарма басшысы Ғалымжан Әдидің айтуынша, осы аптаның ішінде қалған үш банк те бағдарламаға қосылуы керек. Банк өтінімді қабылдағаннан кейін өзінің электронды кезегіне тіркейді. Несие беру туралы оң шешім шығару үшін банк өтінім иесінің төлем қабілеті мен несие тарихын тексереді. Өтінімді мақұлдаса, банк сізге кепілхат береді. Тұтынушы ол кепілхатты дилерлік орталыққа (автосалонға) апаруы керек. Дилерлік орталық төлем шотын берген күн мен тұтынушы кепілхат әкелген күннің арасында 5 күннен артық уақыт өтпеуі керек.

- Бұл бағдарламаның ерекшелігі бар. Неғұрлым көп адам көлік алуы үшін бір азамат мұндай несиені 2 жылда бір-ақ рет ресімдейді. Машина сатып алғысы келген адам автосалонға барып, көлік таңдайды. Осыдан кейін брондалған техника туралы мәлімет өндіруші компанияның ішкі жүйесіне енгізіледі. Сол арқылы өндіруші қай қалаға қандай автомобиль қашан жеткізілуі керек екенін біліп отырады. Ал электронды кезек әрбір өндіруші компанияның өз ішінде құрылады. Тұтынушы автомобильді брондағаннан кейін қолына құжат беріледі. Егер ол таңдаған көлік сатылымда бар болса, VIN-код жазылған төлем шоты көрсетіледі. Осы құжатпен екінші деңгейлі банкке барып, жеңілдетілген несие бойынша көлік сатып алу туралы өтінім беріледі. Ал тұтынушы таңдаған көлік сатылымда болмаса, өндіруші қашан жеткізілетінін айтады. Әдетте бұл алдын ала сату-сатып алу немесе бронға қою келісімшарты түрінде рәсімделеді. Төлем шоты автосалонға таңдалған көлік келіп түскен сәтте бірден беріледі, - дейді Ғалымжан Әди. Әр банк өзінің дербес автоматтандырылған кезек жүйесін белгілейді. Несиеге мақұлдау алған азаматтардың аты-жөні сол кезекке түседі. Ол арқылы азаматтар өз өтінімінің мәртебесін бақылап отыра алады.

 

Кімдер алуға құқылы?

Автонесие.jpg

«Қазақстан Автобизнес» қауым-дастығының вице-президенті Анар Мақашеваның мәліметі бойынша, 4 пайыздық несиені ҚР-ның азаматтары ғана ала алады. Екінші деңгейлі банктер тұтынушының несие тарихы мен төлем қабілетін тексергеннен кейін өтінімді мақұлдау не бас тарту туралы шешім шығарады. Бірінші кезекте автосалонда бар көлік бойынша өтінім берген адамдар автонесиені ресімдей алады. Яғни азаматтардың белгілі бір санаттарына басымдық беру қарастырылмаған. Бір қызығы, екінші деңгейлі банктер 4 пайыздың үстіне қосымша сыйақы мөлшерлемесін қосады. Яғни, ол - несиенің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі. Оның мөлшері әр банкте әртүрлі. Шамамен автонесиенің жылдық өсімі 7,5-8 пайызды құрауы мүмкін дейді мамандар.

- Жеңілдетілген автонесие бойынша ғана емес, бүкіл несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінен бөлек жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі бар. Несиенің пайызы осы тұрғыдан өседі. Ал Үкімет белгілеген 4 пайыз сыйақы мөлшерлемесі өспейді. Иә, қосымша комиссиялар мен сақтандыру шығыны бар. Сыйақы Үкімет қаулысы бойынша жеке төленеді. Сондықтан несие қымбаттайды. Ал сақтандырусыз несие ала алмайсыз, - деп түсіндірді Өнеркәсіпті дамыту қорының басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров. Атап өтерлігі, бұған дейін жеңілдетілген автонесиеге 10 мыңдай адам кезекте тұр деген ақпарат бар еді. Екінші деңгейлі банктер таратқан мәліметке сүйенсек, әлгі азаматтар банктерге қайтадан барып, өтінім беруі тиіс. Яғни, әр банкте кезек қайта басынан басталады. Себебі көліктің VIN-коды бар құжат қолында болмаса, бұрынғы үміткерлер кезекке тұра алмайды. Бұған қоса, кезекте көрсетілген көліктің маркасы мен моделін өзгертуге болмайды. Тұтынушы VIN-коды бар төлем шотын алып қойған болса, басқа көлікке ауыстыра алмайды. Айнып қалса, басқа көлік алу үшін қайтадан басынан бастап кезекке тұру керек болады екен. Әрі оны басқа адамға беруге де рұқсат жоқ.

 

Бағдарлама нәтижесіне күмән мол...

 

Жеңілдетілген автонесие Қазақстанның көлік нарығында қордаланған мәселелердің түйінін тарқата алмайды деп санайды кейбір сарапшылар. Себебі, зауыттар шығарып жатқан көлік әлі де аз. Қазір автосалондардағы менеджерлер өтінім берушілерді тек жалпы тізімге қойып, «жаңа көлік келсе хабарласамыз» деп қана шығарып салуда. Қолда бар аздаған көліктердің барлығы сатылып кеткен немесе ресімделу үстінде. Осы мәселе бойынша танымал экономист Мақсат Халықтың пікірін сұрап білдік. Маман бұл бағдарламаны еш тиімділігі жоқ жоба деп бағалайтынын жеткізді.

- «Оператор РОП»-ты жауып, «Жасыл Дамуды» іске қосу еш пайда әкелмейді. 4 пайыздық несие түптеп келгенде мемле-кеттің қазынасына айтарлықтай салмақ салып отыр. Ақшаны мемлекеттік компания бөледі, ал оның пайыздық қызығын қаражатты таратумен айналысатын банктер көреді. Ұлттық банк базалық ставканы 14 пайызға көтеріп қойды. Ендеше ең арзан автонесие 14 пайыз болуы керек еді елімізде. Оның үстіне 4 пайыздан өзге пайыздық айырмашылықты банктерге мемлекет өтеп береді. Ал керек болса?! Бұл – банктерді таза байыту саясаты деп бағалаймын, - дейді М.Халық. Экономист бұған қоса алдыңғы жылдарда жеңілдетілген несие таратқан кейбір банктер несие шартында «егер жылдық инфляция 10 пайыз болса, қаржыландыру қайта қаралады» деген талап-ережелер жазғанын айтады. Биыл жыл басынан инфляция 13,2 пайызға жетті. Баға қырық құбылған заман. Осыны ескерген кейбір қаржы ұйымдары қулыққа басып, шартты өз пайдаларына қарай өзгертуі ғажап емес. Азаматтар көлік ресімдегенде несие шартын мұқият оқып алуға кеңес береді сарапшы.

- Меніңше, алдағы уақытта несие алуға үміткерлердің көптігін пайдаланып автосалондар көлік бағасын көтеруі мүмкін. Бұл көптің көңілін тағы күпті етеді. Азаматтар арзан бағада, арзан несиеге автомобиль мінеміз деп мәз болып отыр. Жағдайды мұндай жолмен оңалтамыз деу ойға сыймайды. Елді ескі-құсқы техникалардан тазарту үшін әрі халыққа көлік бағасын қолжетімді ету үшін Ресейге тәуелділікті жеңуіміз керек. Халықтың сұранысын пайдаланып, Еуразиялық экономикалық одақтан шығып кетудің амалын іздеуге тиіспіз. Тіпті болмаса, одақтың ереже-талаптарына автонарық бойынша белгілі бір өзгерістер енгізу қажет. Одақтан ажырасақ, баж салығы, утильдік алым, көлікті бастапқы тіркеуге қою салығы дегендер бірден құлдырайды да, нарықта сырттан келетін көлік арзан болып шыға келеді. Кезінде одаққа енбей тұрғанда бізде жаңа автокөліктер бағасы анағұрлым арзан болғаны мәлім ғой. Азаматтарымыз Өзбекстандағы зауыттан жаңа шыққан «Нексия» маркалы көліктерді 1 млн теңгеге сатып алып келетін. Халықта таңдау құқығы бар еді. Одаққа кіргелі мұндай мүмкіндіктен қағылдық. Ресейдің даңғырлаған арзан машиналарын қымбатқа сатып алып қана қоймай, олардың өндірісін дамытуға «үлес қосып» отырмыз, - деп қынжылады М.Халық. Кейбір мемлекеттер автокөлік құрастыр-маса да, көлікке қажет қосалқы бөлшек-терді шығарумен әуестеніп, ел қазынасына қыруар қаражат құюда. «Қазақстан секілді шикізатқа тәуелді мемлекетте экономикалық заңдылыққа сүйенсек, автоөндірісті дамыту саласы төменнен басталуы керек. Яғни алдымен біздегі өңделмей жатқан металдардан өндіріске қажет аралық өнімдер шығаруды қолға алсақ жетіп жатыр. Әлемге танымал бренд машиналардың дискісін, не болмаса шағын ғана бөлшегін өндіруден бастасақ соның өзі бізге үлкен серпін сыйлар еді. Мәселен, бізде аккумулятор зауыты бар. Оның әлеуетін пайдаланып, «Tesla» электромобиліне қажет батареяларды неге шығармасқа? Соның өзі-ақ - үлкен мүмкіндік», - деген пікірін жеткізді сарапшы.

 

Үміткер көп, көлік тапшы

Павлодар қаласында орналасқан бірнеше автосалонға хабарласып көрдік. Ең арзаны әрі жайлылығы жағынан ресейлік машиналардан бір саты жоғары Chevrolet маркалы темір тұлпарлар екен. Механикалық беріліс қорабы орнатылған Chevrolet Nexia 5 590 000 теңге тұрады. Осындай трансмиссиясы бар Chevrolet Cobalt көлігі 5 999 000 теңгеден басталады. Жиынтығына қарай баға өседі. Бұл көліктер «Қамқор-Авто» салонында орналасқан. Дилерлік орталықтан JAC маркалы көліктерін де табасыз. «Hyundai Pavlodar» автосалонында көпшіліктің сүйіктісі - Hyundai Accent көлігі мүлде жоқ. Есесіне бағасы 9 200 000 теңгеден басталатын Elantra седаны бар. Бірақ оның өзі санаулы. Келесі кезекте «KIA Kamkor» автосалонына хабарластық. Мұнда арзан әрі сұранысқа ие KIA Rio седанын емге іздесеңіз де таппайсыз, деді менеджер. Тапсырысқа да жоқ. Тек KIA Soul жеңіл көлігіне тапсырыс беруге болады екен. Оның ең арзаны 10 млн теңгеден асып кетеді.

 

Бір қарағанда, арзан автонесие жұртты жарылқайтындай көрінетіні рас. Дегенмен, банктердің үстемелеп қосатын сыйақысы, жыл сайынғы сақтандыру сыйақысы көлік иелерінің қалтасына аз салмақ салмайтындай. Жаңа темір тұлпарға тапшылық туындап тұрғаны да бағдарлама барысын тежей беретіні анық. Үкімет мүшелері мен автоөндіріс өкілдері тым болмаса жетіспеушілік мәселесін тез арада шешіп берсе абзал дейміз.

 

Мұрат АЯҒАНОВ.


Количество показов: 1247

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әке арманы» орындалған күн
13:03 28.06.2022  88

Жауапкершіліктің жүгі ауыр
13:01 28.06.2022  87

Ширақтық. Шеберлік. Шындық
11:42 28.06.2022  92

Мені шыңдаған басылым...
11:37 28.06.2022  93

Техника тізгіншісі
11:34 28.06.2022  89

Балаларға бақылауды күшейту қажет
11:32 28.06.2022  93

Студенттерге - сапалы баспана
11:30 28.06.2022  87

Әлеуеті зор
11:28 28.06.2022  82

Сот қызметкерлері марапатталды
11:19 28.06.2022  90

«Сіз - тікелей эфирдесіз!»
11:17 28.06.2022  97

Қасіретті арқау еткен қойылым
20:18 24.06.2022  86

Вейп: бұлыңғыр болашақ
20:17 24.06.2022  80

«Пати» билеген заман болды...
20:15 24.06.2022  79

Су аймақтары қалай қорғалады?
20:13 24.06.2022  80

Тәртіп сақшыларына - құрмет
20:12 24.06.2022  85

Бәсекелес бола алмайды
20:05 24.06.2022  92

Ауылға интернет қашан жетеді?
20:03 24.06.2022  171

«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
16:37 23.06.2022  80

Ортада тағы – орамал тақырыбы
16:30 23.06.2022  77

Бастысы – жауапкершілікті сезіну
16:27 23.06.2022  81

Үлгі болатын үздіктер көп
16:19 23.06.2022  84

Журналистика – жүрек қалауы
16:15 23.06.2022  89

Қан қысымын қалай реттейміз?
15:45 23.06.2022  79

Жобаның игілігін ауылда көруде
15:40 23.06.2022  197

Тозған автобустар қашан жаңарады?
15:30 23.06.2022  77

Жаңа тұрғын үй кімдерге тиесілі?
15:27 23.06.2022  83

Сарсаңға салған «Tik-Tok»
11:47 21.06.2022  74

Екі қолға бір күрек табылады!
11:46 21.06.2022  80

Балалар мүддесі – басты назарда
11:44 21.06.2022  79

Суға жаритын күн бар ма?
11:38 21.06.2022  71

«Ол кезде он үште едік...»
11:35 21.06.2022  80

Табиғатқа жанашырлық керек
11:33 21.06.2022  78

Туристік маусым ашылды
11:29 21.06.2022  81

ERTIS MEDIA FEST - қалалық саябақта!
10:55 21.06.2022  73

Шынығу басы - тынығу!
10:53 21.06.2022  77

«Жасыл ел» іске кірісті
10:50 21.06.2022  117

Уақытпен үндескен ұтады
09:58 21.06.2022  468

Ақши тұрғындары неге алаңдаулы?
09:57 21.06.2022  344

Жазушыға Ньютонның байқампаздығы керек!
10:59 16.06.2022  586

Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі
10:55 16.06.2022  677

Бала денсаулығы - басты назарда
09:10 16.06.2022  526

Ұн нарығы: бүгінгі баға қандай?
09:00 16.06.2022  571

Ардагер есімі ұлықталды
09:00 16.06.2022  537

Жердің аты - бабаның хаты
09:00 16.06.2022  524

Ел руханиятына елеулі үлес қосқан нартұлға
09:00 16.06.2022  590

Этноауылдар құрылады
09:00 16.06.2022  523

Оқушы білімі қандай болмақ?
09:00 16.06.2022  552

Оқушылар музейге тегін барады
09:00 16.06.2022  565

Жапырақтарды «жеп» жатыр
09:00 16.06.2022  517

Егін алқабы – астық қалқаны
09:00 16.06.2022  533

«Ақбілектің» премьерасы өтті
10:43 14.06.2022  649

«Қымызмұрындық» дәстүрі дәріптелді
10:41 14.06.2022  668

Демалыс қалай өтеді?
10:39 14.06.2022  650

Талқылау емес, бағыт беру керек
10:37 14.06.2022  629

Биылғы маусымның жаңашылдығы қандай?
10:33 14.06.2022  665

Көмірінен көңілі ыстық Екібастұз!
10:29 14.06.2022  728

Қамданған қапы қалмайды
10:27 14.06.2022  643

Байдаланың жолы жаңаруда
10:25 14.06.2022  623

Жомарт жандар
10:21 14.06.2022  630

Сарыарқа самалы, 14 маусым, сейсенбі
10:19 14.06.2022  647