Қашанда халықпен бірге!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Қашанда халықпен бірге! 23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша ерекшелігі – әрқашан өз халқымен бірлікте болуы. Елбасының өз халқына деген құрмет сезімі және халықтың Елбасына деген ерекше сенімі біздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің негізгі факторы болып табылады. Сол кездегі Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты алғаш көрген күнім дәл бүгінгідей есімде. Бұл Қарағандыда 1989 жылдың шілдесінде болды, ол кезде мен облыстық комсомол комитетінің хатшысы болып жұмыс істеп жүрген едім.

 

Аймақ сол кезде қатты дүрлігіп тұрған еді - «Қарағандыкөмір» бірлестігі ғимаратының алдындағы алаңда наразылық білдірген 20 мың адамнан тұратын кеншілер тобы барлық талаптары орындалғанға дейін жұмысқа шығудан үзілді-кесілді бас тартты. Кузбасс, Донбасс және басқа көмір бассейндерінен басталып, бүкіл Одақты қамтыған ауқымды ереуілдер Қарағандыға да жетті. Өкінішке орай, орталық, кеңестік және партиялық органдар басшыларының, қалалар мен облыс басшыларының түсіндірмелері мен сендірулері ешқандай нәтиже бермеді. Нәтижесінде кокспен қамтамасыз етудің үзілуіне байланысты Карметкомбинаттың жұмысына қауіп төнді. Аймақтағы барлық саланың экономикалық күйреуіне қауіп төндіретін жүйелік қауіп пайда болды. Жағдай күн өткен сайын шиеленісіп, бақылаудан шығудың аз-ақ алдында болды. Тек Нұрсұлтан Әбішұлының келуі жағдайды түбегейлі өзгертті, ол әуежайдан тікелей ереуілге шыққан шахтерлерге қарай бет алып, батыл түрде көпшілік алдына шықты. Алаңдағы жағдай қызып тұрған. Трибунаның жанында тұрған орта жастағы бір кенші: «Ал Сіз кім боласыз?», - деді түнеріп. Нұрсұлтан Әбішұлының өзімсіне, бірақ азаматша нық әрі өткір: «Мен – Назарбаевпын! Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысымын», - дегені есімде. Нұрсұлтан Әбішұлы батыл және сенімді түрде сөйлеп, кеншілерді сабырға келуге және келіссөздерді бастауға шақырды.

- Өздеріңіз білетіндей, мен бұл лауазымда бар болғаны 20 күн ғана жұмыс істеймін. Көптеген талаптар мен сұрақтарыңыз әділ деп ашық айта аламын. Егер сіздер менің халық депутаттарының бірінші съезінде сөйлеген сөзімді және осы мәселелер бойынша білдірген пікірімді мұқият оқып немесе тыңдаған болсаңыздар, олардың көпшілігін менің жеке қолдайтынымды білесіздер. Шынында да, Қазақстан басшысы сол кезде әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие шикізат ресурстарына бай одақтық республиканың әлеуметтік дамуда қиын жағдайға тап болып, тек экономикалық қана емес, сонымен бірге экологиялық дағдарыс шегіне жеткізген одақтық орталықтың ведомстволық диктатурасына өте батыл қарсы тұрған еді. Сол кезде митингіге шық- қандардың басым көпшілігі Нұрсұлтан Әбішұлының батыл көңіл-күйін сезініп, оның еркіне, қаттылығына және харизмасына бағынып, оған сенім білдіріп, интуитивті түрде оны өздері сияқты қабылдады. Кездесу сенімсіздікпен басталғанымен, соңы қол шапалақтаумен аяқталды. Дегенмен де келіссөздер ұзаққа созылды. Бұл күрделі, өткір, шиеленісті пікірталас болды. Сонымен бірге келіссөздердің бүкіл барысы «радио қоңыраулары» арқылы тікелей алаңға таратылды. Оларды аяқтағаннан кейін Нұрсұлтан Әбішұлы күтіп тұрған шахтерлердің қасына барып, келіссөздердің нәтижелері туралы хабардар ете отырып, сенімді түрде: «Ал, енді бәріміз жұмысқа кірісеміз», - деп аяқтады. Сол күндері республика басшысы Абай, Сарань және Шахтинск қалаларында болды. Осыдан кейін барлық ереуілшілер кенжарларға оралды, ал Қазақстан Магниткасының кокс батареялары қайтадан толық қуатта жұмыс істей бастады. Бұл халықтың сеніміне негізделген шынайы көшбасшылықты көрсетудің ең тарихи сәті болды. Осындай маңызды және тағдыршешті оқиғалар адамдардың жүрегінде мәңгі қалып, ауыздан ауызға беріліп отырады. Мысалы, Нұрсұлтан Әбішұлымен кездескен кеншілердің жан дүниесінде болған түрлену мен үшін үлкен жаңалық болды. Онымен сөйлескеннен кейін, олар мүлдем басқа - рухтанған, біздің осындай Көшбасшымен жолымыз болғандықтан, онда біз міндетті түрде бар қиындыққа төтеп беретінімізге және гүлденіп-өркендейтінімізге сенген, өздеріне, өздерінің лайықты болашағына сенімді адамдарға айналды. Елбасының өз халқымен бірлігі оның өңірлерге сапары кезіндегі кездесулер барысында ерекше байқалады. Мұндай кездесулер – бұл әрқашан жанды диалог, кез келген қоғамның табысты дамуы үшін қажет кері байланыс, оған Елбасының мінезі ықпал етеді - адамдармен қарым-қатынаста ашықтығы, өткір пайымдауларды қабылдауы, мамандардың пікірін мұқият тыңдау қабілеті. Елбасы әрдайым халықтың көзқарасына қызығушылық танытады және ашықтықты бағалайды. Онымен кездескеннен кейін адамдар Нұрсұлтан Әбішұлымен сөйлесу кезінде алғашқы қысылушылық қандай-да бір жолмен тез жоғалып кететінін мойындайды - өйткені, Елбасы таңғажайып харизмаға ие, кез-келген сұхбаттасушының көңілін өзіне қаратып алады. 2005 жылғы Президент сайлауы кезіндегі кездесулер еске оралады. Кейінгі жылдардағыдай, сол кезде де Президент халықты емес, халық Президентті үгіттеді. Халық: «Бізге басқа Президенттің қажеті жоқ!», - деді. Аймақтарға барған сапарларында Мемлекет басшысын жылы шыраймен, нан мен тұзбен, тіпті шоколадпен қарсы алды. Қарағандыда Нұрсұлтан Әбішұлы жергілікті «Ассорти» кәмпиттерінің дәмін өзі татып көріп, нағыз жігіттерше жақын маңда тұрған журналист қыздарға да дәм татыруды ұмытпады.

- Мен шоколадтың жанкүйері емеспін, бірақ бұл тәттілердің дәмін көруге болады, - деді Елбасы. Жезқазғанда адамдар Елбасын алдағы президенттік сайлауға қатысуға шақырды. Осы кездесуде еңбек ардагері Игнат Лидің жарқын және эмоционалды сөйлеген сөзі есте қалды.

- Менің жасым 82-де, - деді ақсақал Тұңғыш Президентке қарап.

– Тәжірибелі адамның ақылын тыңдаңыз. Нұрсұлтан Әбішұлы, біз сізді келесі президенттік сайлауға өзіңізді ұсынуға шақырамыз және өтінеміз.

- Мен ойланып көремін, - деп қалжыңдады Нұрсұлтан Әбішұлы. Қарағанды облысында болға-нында Елбасы шахтерлермен кездесіп, «Шахтинская» шахтасына соқпай кете алмады, онда 2004 жылғы желтоқсанда қайғылы оқиға болған – лавада 23 кенші қаза тапқан еді. Сол кезде Президент зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына барлық мүмкін болатын көмекті көрсеткен болатын.

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, - деді кеншінің жесірі Татьяна Цан. - Көмегіңіз бен қолдауыңыз үшін рахмет. Біз үшін қиын сағатта біз сіздің көңіліңізді сезіндік. Сіз әкімдік пен компанияға берген тапсырмалар толығымен орындалды. Біз көмір департаментінің басшылығына еш кінә арта алмаймыз. Сол кездесуде жұртшылық Мемлекет басшысына кеншілерді мәңгі есте қалдыру туралы өтініш білдірді және бір жылдан кейін, 2006 жылғы 25 тамызда, Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасы бойынша Қарағандыда қаза тапқан кеншілерге арналған монумент ашылды. Еңбек ұжымымен маңызды істер де талқыланды.

- Соңғы уақытта көпші-лігіңіздің жалақыға көңілдеріңіз толмай жүргенін білемін. Бұл мәселені мен Миттал мырзамен талқыладым, - деді Мемлекет басшысы. - Бірінші шілдеден бастап шахтерлердің жалақысы 10 пайызға, ал келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап тағы сонша пайызға өседі деп келістік.

- Жаһандық проблемаларды ғана емес, қарапайым жұмысшының қажеттіліктерін де ойлайтын адам мемлекет басында тұрғанда, мұндай ел әрқашан басқаларға үлгі болады, - деп, инженер Қуаныш Иманқұлов көпшіліктің пікірін білдірді. Президент қайда барса да, әрқашан және барлық жерде жылы және қуанышпен қарсы алатын. Бірақ ең ыстық қабылдау Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай қаласында болды. Сол кездегі орталық алаң болған «Жеңіс алаңына» осы ауданның ғана емес 50 мыңнан астам тұрғыны жиналды. Халық қолын созып, әрқайсысы көшбасшыға қолының ұшын тигізгісі немесе оны бір сәтке көргісі келді. Сәбилерімен келген аналар Нұрсұлтан Әбішұлынан бата алу үшін сәбилерін қолдан-қолға беріп отырды. Адамдар нөпірі жан-жақтан басып, күзетшілер Мемлекет басшысымен бірге жүрген бір шенеунікті таптап кете жаздаған үлкен тобырды әрең дегенде ұстады. Бақытымызға орай, зардап шеккендер болған жоқ. Осындай сапарлар әрбір адамның құм түйіршігіндей ғана екендігін, алайда адамдар біріксе – оны жасампаздық арнаға бағыттай алсаңыз, онда оның болашақты өзгерте алатын күш екенін өткір сезінуге мүмкіндік береді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа жетістіктер мен табыстарға жетелейтін осындай ғажайып дарыны бар деп толық сеніммен айтуға болады.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН,

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы, мемлекет және саяси қайраткер.

 


Количество показов: 525

Возврат к списку