Ашылатын күн жақын

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Ашылатын күн жақын 21.12.2021

Ашылатын күн жақын

Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана жанынан салынған жұқпалы ауруларды емдейтін корпус науқастарды қабылдауға дайын. Жыл соңына дейін бірнеше құжаттарды рәсімдеп, тиісті рұқсат қағаздарын алған соң емдеу мекемесі өз жұмысын бастайды. Екібастұз қаласындағы инфекциялық бөлімді қайта құру ісі де аяқталуға таяу.

 

Облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова жаңадан салынған медициналық мекемеге арнайы барды. Емдеу орны науқастарды қабылдауды бастау үшін жаңа корпусты пайдалануға беру актісі мен эпидемиологтардың рұқсат қағазын алу ғана қалды. Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың бас дәрігері Арман Мұсабековтің айтуынша, басқа мәселелердің барлығы толығымен шешілді.

- Жаңа корпуста тері-венерологиялық стационардың 30 және инфекциялық стационардың 30 орны қарастырылған, Жоғары мамандандырылған, шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетуге қажет медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің бәрі бар. Мұнда 30 адам еңбек ететін болады. Олардың қатарында үш инфекционист дәрігер және үш инфекционист резидент бар, - деді А.Мұсабеков. Шынтуайтына келгенде, бұл нысан ертерек тапсырылуы тиіс болатын. Алайда 2018 жылы жобалау кезінде санитарлық көліктің кіруіне арналған пандустар, ғимаратты оттегімен қамтамасыз ету жүйесі сынды мәселелер ескерілмей қалған. Сондықтан жобаға өзгертулер енгізуге тура келген көрінеді.

- Госпиталь құрылысының соңғы жобалық шешімі қыркүйек-қазан айларында ғана бекітілді. Сол себепті жұмыстар белгіленген мерзімнен кешікті. Бүгінде дәрігерлер мен эпидемиологтардың барлық талап-тілектері ескерілді. Біздің компания негізгі ғимаратқа 10 жыл, қосымша жұмыстарға 3 жыл кепілдік береді, - деді құрылысты жүргізген «Мехколонна 59» ЖШС бас директоры Петр Раденков. Госпиталь ашылған соң облыста инфекциялық және тері-венерологиялық аурулардың алдын алу мен оларды емдеу тәулік бойы жүргізіледі. Сонымен қатар, Екібастұздағы жұқпалы аурулар бөлімшесін қайта құру жобасы аяқталуға жақын. Өңірде 200 орынға арналған модульді госпиталь да жұмыс істейді. Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге қажет құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Палаталарда желдету жүйесіне қосылған орталықтандырылған оттегі желісі, санитарлық тораптар бар. Осы уақытқа дейін модульдік ауруханада 4 мыңнан астам адам ем алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

 


Количество показов: 891

Возврат к списку