Астық сақтауға дайындық қалай?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Астық сақтауға дайындық қалай? 09.10.2021

Астық сақтауға дайындық қалай?

Аймағымызда дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Енді диқандар майлы дақылдарды шашпай-төкпей жинап алуға ниетті. Астықты сақтауда қиындықтар жоқ па? Жергілікті элеваторлардың дайындығы қалай? Осы және өзге де сауалдарға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев жауап берді.

 

- Нұрболат Абылайханұлы, ең әуелі биылғы астық түсімі жайлы айтып берсеңіз...

- Биыл өңірде жалпы егіс алаңы 1 258,2 мың гектарды құрады. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 79,1 мың гектарға немесе 7 процентке артық. Дәнді дақылдар 873,2 мың гектарға егілген болатын. 1 қазандағы жағдай бойынша 766,8 мың гектар алқап орылып, 925,5 мың тонна астық жиналды. Өнімділігі гектарынан 12,1 центнерге тең.

- Аймағымызда астық сақтау бойынша қандай шаруалар атқарылуда?

- Облысымызда 7 элеватор жұмыс істейді. Сыйымдылығы 301,3 мың тоннаны құрайды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің иелігінде жаңа егіннің астығын қабылдауға және сақтауға 257 қойма (сыйымдылығы 890,1 мың тонна), 82 астық кептіру жабдығы (тәулігіне 1651 тонна), 196 астық тазалауға арналған қондырғы, 409 қырман (тәулігіне 6072 тонна) бар. Картоп пен көкөністі сақтау үшін сыйымдылығы 408 мың тонна 140 көкөніс сақтау қоймасы тіркелді. Олардың 88 проценті заманауи технологиялық қондырғылармен жабдықталған. Бүгінде астық және көкөніс сақтайтын қоймалар толығымен дайын десе де болады.

- Биылдан бастап қағаз түріндегі астық қолхаты жойылып, электронды үлгіге көшкен болатын. Жаңашылдықтың тиімділігі неде?

- Астық элеваторға өткізілгеннен кейін диқандарға қолхат беріледі. Маңызды құжатта астықтың мөлшері, қанша уақытқа дейін сақталатыны және тағы басқа ақпараттар көрсетіледі. Яғни, құжат диқандардың меншік құқығын растайды. Сондай-ақ, астық кепілге қойылған жағдайда кепіл ұстаушының тиісті құқығын реттейді. Аталған институт сауда, кепілмен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығына инвестициялар тартудың қаржы құралы ретінде енгізілген болатын. Жаңашылдық астық ақпаратының ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ астықтың іс жүзінде жоқ көлеміне астық қолхаттарын беруді доғаруға мүмкіндік береді. Енді шаруалар үйде отырып-ақ электронды сауда арқылы тауарын сата алады. Бұған дейін элеваторға келіп, сатып алушылармен тікелей келіссөздер жүргізілетін. Жаңа жүйеге сәйкес, ақпараттар 3 күннің ішінде базаға түседі. Диқандар электрондық сандық қолтаңба ашып, ақпараттарды бақылауға мүмкіндік бар. Бүгінде барлық элеваторлар цифрландыру жүйесіне толығымен көшті. Қажетті құрылғылар сатып алынып, мамандар да білімін жетілдіріп үлгерді. Жалпы, жаңашылдыққа дайындық алдыңғы жылдары басталған еді. Яғни, астық қолхаты қағаз түрінде де, электронды түрде де қатар жүргізілді. Диқандарға кеңес берілді.

- «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-на астық өткізу бойынша не айтасыз?

- Аталған ұйымның мақсаты белгілі. Миссиясы тұрақтандыру қорымен ұқсас. Былтыр шаруалардан 25 мың тонна бидай сатып алынып, 4 элеваторда сақталған болатын. Қыста ұн бағасы, сәйкесінше нан бағасы өскен уақытта бағаны тұрақтандыру үшін кезеңмен-кезеңмен босатылып отырды. Биыл да сол көлемде астық сақталады деп күтілуде. Әрине, астықтың өнімділігі жоғары бидай ғана шаруалардан сатып алынбақ.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан – Оралхан ҚОЖАНОВ.

 


Количество показов: 605

Возврат к списку