Астық өткізудің артықшылығы неде?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде? 25.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?

Аймағымызда астықты жинау жұмыстары аяқталды. Енді диқандар дақылдарды сақтауға әрі тиімді бағаға өткізуге ұмтылатыны анық. Астықты сақтауда қиындықтар жоқ па? Жергілікті элеваторлардың жағдайы қалай? «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-на астық өткізудің тәртібі қандай? Осы және өзге де сауалдарға облыстық ауыл шаруашылығы басқар-масының басшысы Нұрболат Мақашев жауап берді.

- Нұрболат Абылайханұлы, ең әуелі биылғы астық түсімі жайлы айтып берсеңіз...

- Биыл өңірде жалпы егіс алаңы 1 258,2 мың гектарды құрады. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 79,1 мың гектарға немесе 7 процентке артық. 873,2 мың гектарды құрайтын дәнді дақылдар алқабы орылып, нәтижесінде 1 054,7 мың тонна астық бастырылды. Орташа есеппен өнімділігі гектарына 12,1 центнерге тең. Әсіресе Успен (13,8 ц) және Ертіс (13,7 ц) аудандарындағы көрсеткіштер жоғары. Бұдан бөлек, 258,3 мың тонна көкөністер, 85,5 мың тонна бақша дақылдары, 633,8 мың тонна картоп жиналды. Майлы дақылдардың үлесі - 145,1 мың тонна.

- «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-на астық өткізудегі мақсат не?

- Дәнді дақылдар егістігінің негізгі алқаптары тәуекелді егіншілік аймақта орналасқан, осыған байланысты өндіріс көлемінің тұрақты өсу динамикасы жоқ, әр жылы күрт ерекшеленуі мүмкін, бұл көбінесе күн райы-климаттық жағдайларға байланысты. Елімізде қолайлы мезгілдердің кезеңі қатты жауын-шашын болатын аса ылғалды жылдармен, суық ерте келетін және қар ерте түсетін жағдайлармен ұласуы мүмкін. Осы ретте, дәнді дақылдардың пісіп-жетілу кезеңінде циклдік құрғақшылық негізгі проблема болып қала бермек. Астық өндірісінің тұрақсыздығы және осының салдарынан бағаның күрт ауытқуы ішкі нарық субъек-тілері үшін проблема болып отыр. Бұл факторлардың әсері еліміздегі өсімдік шаруашылығының өнім-дері бағасының құбылмалылығын арттырады. Бағаның күрт ауытқуын төмендету мақсатында мемлекет Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жүзеге асыратын интер-венциялық операциялар арқылы ішкі астық нарығын реттеу тетік-терін қолдануда. Қысқасы, аталған ұйымның миссиясы тұрақтандыру қорымен ұқсас.

- Астық өткізуге шаруалар ынталы ма? Биыл диқандардан қанша тонна астық сатып алынды?

- Шаруалар үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-на астық өткізудің тиімділігі аз емес. Аталған мекемемен байланыс орнатқан диқандарға қаражат көктемгі егіс науқанында беріледі. Яғни, шаруалар астықты өткізбесе де, нағыз қаражаттың қажеттілігі туындаған кезде қаржыға қарық болады. Кейін күзгі науқан аяқталған уақытта берешегін астық түрінде қайтарады. Күзде дақылдардың нарықтағы бағасы жоғары болса, қосымша қаражат та төленеді. Бүгінде павлодарлық 7 шаруа қожалығымен келісімшарт жасалған. Олардан 7670 тонна бидай, 500 тонна қарақұмық, 1000 тонна майлы дақылдар сатып алынды. Былтыр шаруалардан 25 мың тонна бидай сатып алынып, 4 элеваторда сақталған болатын. Қыста ұн бағасы, сәйкесінше нан бағасы өскен уақытта бағаны тұрақтандыру үшін кезең-кезеңмен босатылып отырды. Әрине, шаруалардан өнімділігі жоғары астық қана сатып алынады.

- Аймағымызда астық сақтау бойынша проблемалар бар ма?

- Облысымызда 7 элеватор жұмыс істейді. Сыйымдылығы 301,3 мың тоннаны құрайды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің иелігінде жаңа егіннің астығын қабылдауға және сақтауға 257 қойма (сыйымдылығы 890,1 мың тонна), 82 астық кептіру жабдығы (тәулігіне 1651 тонна), 196 астық тазалауға арналған қондырғы, 409 қырман (тәулігіне 6072 тонна) бар. Картоп пен көкөністі сақтау үшін сыйымдылығы 408 мың тонна 140 көкөніс сақтау қоймасы тіркелді. Олардың 88 проценті заманауи технологиялық қондырғылармен жабдықталған.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан – Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 141

Возврат к списку