Ғасыр адамы

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  37

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  38

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  142

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  131

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  262

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  301

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  320

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  318

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  330

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  390

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  401

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  374

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  398

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  367

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  398

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  421

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498

Ғасыр адамы 15.09.2022

Ғасыр адамы

Кіндік қаны тамған жерге маңдайының тері тамған...

 

«Қарты бар елдің қазынасы бар» дейді халық даналығы. Қазақ - қашанда аталарын - әулие, әжелерін әмбибі тұтқан ел. Бүтін бір елдің ақылдариясына айналған абыз ақсақалдар ықылым заманнан ұлт ұйытқысы бола білді. Жастарға бағыт берді. Бастауға шабыт берді. Бүгінгі күні де аңызға айналған абыздардың ізін жалғаған ақсақалдар баршылық. Осындай парасат-пайымы биік, тұла бойы тұнған тарих, өмір жолы өнеге болар абыз ақсақалдардың бірі - Мұхтар Зәпішұлы Әбенов. Биыл көнекөз қария өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Абыз ақсақалды ғасырға аяқ басқан айтулы күнімен құттықтай барып, баталы дастарқан басында аталы әңгіме құрудың сәті түсті.

- Түгін тартсаң майы таматын Майқайың кентінің төл құрдасысыз. Бұл қазыналы өлкенің қалыптасып, дамуы көз алдыңызда өтті. Әңгімемізді осы ауылыңыздан бастасақ...

- Биыл міне, халық қамбасын толтырып, елдің әлеуетін арттырған қасиетті, кенді өлке - Майқайың елдімекенінің қалыптасуына 90 жыл толып отыр. Ата-бабаның маңдай тері тамып, құрыш білегімен жанданған қазыналы өлкенің өз тарихы бар. Көнекөз қариялардың айтуынша, екі төбе – Үлкен Майқайың мен Кіші Майқайыңның арасы желегі самал желмен тербелген сұлу қайыңға толған алқап болған деседі. Бағы бар елдің байлауы, құт дарыған елдің жайлауы болған бұл мекен шөбінің құнары, жайқалған қайыңының көркіменен майлы да жайлы өлке – «Майқайың» болып аталып кетсе керек. Майқайың өлкесінің елдімекен ретінде қалыптасуына құрылысшылардың алғашқы қонысы ықпал етті. Бұл - 1840 жылдардың аяғы. 1895 жылы өндіріс павлодарлық көпес Артемин Дерновтың Воскресенск тау-кен өндірістік қоғамына өтіп, оның нұсқауымен геолог А.Краснопольский атақты қазақ Қосым Пішенбаевты қарамағына қызметке алып, олар кен барлау жұмысында қыруар жұмыстар жасайды. Түгін тартсаң майы шығатын кенді өлкенің ашылуына зор үлес қосқан - осы екі азамат. 1910 жылы өндірісті «Сименс» компаниясы басқарды. 1911 жылы өндіріске Екібастұз балқыту зауытының иесі, ағылшын концессионері Лесли Уркварт қожайын болды. Олар кен барлау жұмысын ары қарай жалғастырып, жер бетіне таяу, аса терең емес 3 скважина қазды. Ол жерден шыққан алтын мен күміске толы бай топырақты қазақ кедейлеріне қолмен қаздырып, Екібастұздағы қорғасын-қалайы балқыту зауытына жеткізіп, құйма алтын, күмістерді Англияға жөнелтіп отырған. Кеңес үкіметінің орнауымен 1919 жылдары ағылшындар мен олардың сыбайластары Майқайың, екібастұз өңірінен біржола қуылды. Кеңес үкіметінің шешімімен 1922-1924 жылдары бұл жерлерге кен геологтары Н.Г.Кассин, Р.Г.Барукаев, Г.И.Медоевтар келіп, кен барлау жұмыстарын бастап, 1928 жылы В.Н.Гуцев бастаған кен барлаушылардың үлкен тобы бірінші бесжылдықта Баянауыл өңірінде бірінші тау-кен өндірісін ашуды мақсат етті. Александровкада марганец, Қызылшілік пен Майқайыңда алтын, Бозшакөлде мыс, қорғасын, күмістің көп қоры бар екендігі анықталды. Осы барлау жұмысының негізінде Майқайың, Жосалы, Найзатас, Шөптікөл, Александровка, Қазанауыз, Төртқұдықта кеніштерді іздеу жұмысы жүрді. Нәтижесінде Майқайыңда кен байыту жұмысы қолға алынды. КСРО халық комиссариатының бас басқармасының бастығы Серго Орджаникидзенің 1932 жылы 11 қыркүйектегі №285 бұйрығымен: «Баянауыл ауданының алтын өнеркәсібінің дамуын толық жылдамдатып, барланған пайдалы қазбаларды пайдалану, құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру үшін Майқайың алтынды «Балқаш құрылыс» комбинатының қарамағынан шығарып, 1932 жылдың қазан айының 1-інен «Майқайың-алтын» алтын өнеркәсіп комбинаты болып ұйымдастырылсын» деген шешім шығарылды.

- Өндірістің алғашқы жылдары есіңізде ме?

- Әрине. Өндірістің жұмыстары алғашқы жылдары қол күштерімен атқарылды. Жабық кен шахталары қазылып, ондағы негізгі құрал- саймандар қайла, күрек, сүймендер болды. Шахта астынан шығарылған кенді фабрикаға таситын негізгі көлік – «кәләмәшке» делінген арбаға жегілген аттар болды. Өнеркәсіптің жол қатынас көліктері көбінесе ат, түйе, өгіз еді. Майқайыңдағы алғашқы алтын «старательдік әдіспен» ұнтақты кенге сынап жағып жуу арқылы «бұтар» деп аталатын қарапайым құралдың көмегімен алынды. Техника әлі дамымаған, қол күшіне сүйенген сол бір қиын уақыттарда да Майқайың еңбекшілері мемлекеттік жоспарды тұрақты түрде артығымен орындап, ел қазынасын сапалы өнімдерімен толтырып, жоғары табыстардан көрінді.

- Еңсесі биік бұл елді мекенге қазағымның талай біртуар перзенттері ат басын тіреп еді. Сондай өңір тарихының төрінен орын алған елеулі оқиғалардың бірі Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаевтың Майқайың кентіне келуі шығар...

- Иә, алтынға толы қамбасымен, еңбекші қауымның құрыш алақанымен атағы жер жүзіне жайылған, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде анталаған жауға қарсы атылған әр сегіз снарядтың бірінің қожайыны болған кенді өлке Майқайыңға талай ұлтжанды Алаш азаматтары ат басын тіреген. Солардың ішінде Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаев та бар. Бұл тұғыры биік тұлғалардың кенді өлкеге келуі өлке тарихында ерекше орын алады. Бірі – әдебиет, көркем сөз майданында, бірі – жаратылыс ғылымында ел мерейін асырған екі арыстың келуі Майқайың халқына үлкен рухани күш-қуат берді. Мұқаң 1958 жылы келсе, Қанекең 1948 жылы және 1959 жылы келген еді. Қос ғұлама Майқайың, Жасыбайды аралап, кенді өлкені дамытудың тетіктерін тәптіштеп басшыларға түсіндіріп, ақылдарын айтып, халықпен ашық сұхбат құрды. Қазағы мен орысы, украйн мен немісі ынтымақпен күн кешкен еңбекші қауымға разы болып, баталарын берді. Аталардың ақ батасы еңбек сүйер Майқайың халқының жадында мәңгі сақталып қала бермек.

- Бұрынғы Майқайыңның біраз тарихын білдік. Ал енді бүгінгі Майқайың қандай?

- «Майқайың-алтын» өндірісінің негізінде қалыптасқан кентіміз күннен-күнге қанатын кеңге жайып, көркейіп, болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Майқайың алтын комбинаты да заман талабына сай жаңа технологиялармен толықтырылып, жандануда. Майқайыңдық еңбекшілер өнеркәсіптің барлық саласына қажет болатын алтын, күміс, мырыш, қорғасын, барит сияқты құнды металдарды шығарып, егеменді қазақ елінің алтын қорын толтыруға атсалысып жатыр. Бүгінгі таңда кентіміздің келбеті ажарланып, жаңа жолдар төселіп, әлеуметтік нысандар бой көтеруде.

- Майқайың кентінің шежіресінен сыр шертер 2 мыңнан астам фото жинап, өлкетану мұражайын аштыңыз. Мұндағы мақсат - ел азаматтарының ерен еңбегін елеп, жастарға тәмсіл тарихты насихаттау ма?

- Тарихты ұлықтау керек, өткенді ұмытпау керек. Бұл жердегі басты мақсатымыз - қазыналы өлкенің алғашқы іргетасы қаланған күннен бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихын жинақтау. Өлкетану мұражайын ашу туралы ойымды жерлестерім бірауыздан қолдап, қол ұшын созудан тартынбады. Сондай-ақ, рухани және материалдық қолдау білдірген Баянауыл ауданының әр жылдардағы басшы-әкімдеріне айтар алғысымыз шексіз. Атымтай азаматтардың жанашырлығын халық ешқашан ұмытпайды. Бүгінгі таңда аудан әкімі Серік Батырғожинов Майқайың кентінің әл-ауқатын арттыруға, жаңа бағыттарды жүзеге асыруға қолдау көрсетіп келеді. Мұражайда Майқайыңның кешегі күндерінен топтастырылған қалың суреттер мен фотолар бар. Яғни, тарих - сурет тілімен сөйлейді. Облыс орталығындағы «Пархоменко» фото-мұражайымен тығыз байланыс орнатып, ескі фотоларды жинастырдық. Сондай-ақ, ел азаматтары бұл өлкеде талай жыл еңбек еткен аталары мен әжелерінің суреттерін әкеліп, мұражайдың төріне ілді. Өскелең жас ұрпақ осындай еңбек адамдарының ерліктерінен үлгі, өмірінен өнеге алуы тиіс. «Болмасаң да ұқсап бақ» дейді Абай атамыз. Сол үшін де бұл өлкенің тарихын маңдай терімен жазып, қажырлы еңбектен қолдары құрышқа айналған азаматтардың есімі ұлықталуы керек. Бұдан бөлек, мұражайда Майқайың кентінің қалыптасуына әр жылдары өлшеусіз үлес қосқан кәсіби мамандар, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің фотолары топтастырылған. Сондай-ақ, зұлматты соғыс жылдарындағы ардагер аталарымыздың суреттері, тылдағы тынымсыз еңбектің фотолары бар. Тарихты зердеге тоқып, суретке зер салсаңыз, барлық фотолар өткен күннен сыр шертіп береді.

- «Қариялық – даналық пен өмір тәжірибесінің қайнар көзі» дейді халық. Тоқсан жылда өмірдің тоқсан торап жолдарымен жүріп өттіңіз. Жастарға айтар ақылыңыз болса...

- Келер күнге, кемел келешекке сеніммен қарау үшін өткен күнді жамандауға болмайды. Әр заманның, әрбір кезеңнің өз қызығы мен шыжығы бар. Тек сол өмір өткелдерінен тәжірибе жинақтап, әр оқиғаларды ой-елегінен өткізіп отыру керек. Бүгінгі жастарға айтар ақылым осы. Қазір ойын қумай, білім қуатын уақыт. Ел үшін еңбек етемін дейтін азаматтарға жұмыс та жеткілікті. «Екі қолға бір күрек» таба алмай жүрген кейбір жастарға қарап көңілім құлазиды. Бойымызда күш-жігер барда мемлекетіміздің өсіп, өркендеуі үшін аянбай тер төгуіміз қажет. Жұдырықтай жұмылатын уақыт жетті. Біздің ел талай тарихи оқиғаларды бастан кешіргенін білеміз. Жаңа Қазақстан тарихының жаңа парағын ашып, еліміздің ертеңін тасқа басып, тарихқа айналдыратын – бүгінгі жастар қауымы. Күні кеше Мағжан атамыз сенген «арыстандай айбатты» жастарға халқымыз бүгінгі күні де үлкен үміт артады. Бұл дәуірдің тағылымды тарихын жазу - сіздердің маңдайларыңызға бұйырды. Өмір – алма-кезек...

- «Үй сыртында төбең болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ел ішінде қазыналы қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген екен Төле би. Төрелік айтар төбелі 90 жасыңыз құтты болсын! Жүз жасаңыз! Мазмұнды әңгімеңізге рахмет.

 

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ. Баянауыл ауданы, Майқайың кенті.


Количество показов: 572

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  37

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  38

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  142

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  131

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  262

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  301

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  320

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  318

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  330

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  390

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  401

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  374

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  398

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  367

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  398

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  421

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498