Атқарушыларға жеделдік жетіспейді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Атқарушыларға жеделдік жетіспейді 23.12.2021

Атқарушыларға жеделдік жетіспейді

2021 жыл аяқталуға таяу. Алайда кейбір аудан-қала әкімдіктері биылға белгіленген жоспарды орындай алмай отыр. Инвестиция тарту, өндірістік өнімдерді шығару, тұрғын үйлерді тапсыру салаларында кемшін тұстар аз емес. Кейбір аудандарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің бағасы айтарлықтай өскені де байқалады.

 

Кей салалар кері кетті

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы талқыланды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчуктың айтуынша, жалпы алғанда облыста экономикалық өсім байқалады. Негізгі салалар тұрақты түрде дамып келеді. Алайда жыл басынан бері тау-кен және көмір өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі азайды. Инвестицияларды тартуда да белгіленген межеге жету қиын болып тұр.

- Биыл облысқа барлығы 616 млрд теңге инвестиция құйылуы қажет еді. Бұл жоспар орындалуы үшін желтоқсан айында 132 млрд теңге жеке қаржы тартылуы тиіс. Алайда аудан-қала әкімдіктері бір айда небары 46,5 млрд теңге салынады десе, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы көп дегенде қосымша 76 млрд теңге түсуі мүмкін екенін алға тартады. Осылайша, жыл бойы салынған инвестициялардың жалпы көлемі 560 млрд теңгені құрауы ықтимал, - деді И.Назарчук. Сол сияқты тұрғын үйлер құрылысы кемшін қалып жатыр. Биылғы жоспар бойынша өңірде 445 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілуі тиіс болатын. Бүгінгі күні оның тек 271 мың шаршы метрі ел игілігіне тапсырылды. Жыл соңына дейін тағы 174 мың шаршы метр пәтердің құрылысы аяқталуы керек. Әйтсе де, бірнеше күн дересінде тек 146 мың шаршы метр тұрғын үй салынып бітеді. Демек, құрылыс саласына қатысты жоспар да іске аспайды. Осы орайда Ирина Назарчук азық-түлік нарығындағы жағдайдың да құбылып тұрғанын атап өтті. Жыл басынан бері ұн және одан дайындалған өнімдер, сүт, жұмыртқа, құс еті мен кейбір көкөніс түрлері қымбаттаған көрінеді. Бұл мәселеге облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов баса назар аударды.

- Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына қатысты инфляция 11 пайызды құрады. Қараша айының өзінде бұл тізімге кіретін алты өнімнің бағасы 2 пайызға өсті. Павлодар, Железин, Ақтоғай аудандарындағы кейбір сауда орындары тауарларға 15 пайыздан артық үстемақы қосқан. Мұның барлығы тұтынушылардың қалтасына салмақ салады. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бағалардың тағы да өсуі әбден мүмкін. Тұрақтандыру қоры қажетті өнімдермен қамтылды, тиісті меморандумдар жасалды, сауда желілеріне айналым қаражатын толтыруға жеңілдетілген несиелер берілді. Бірақ кемшін тұстар әлі де бар. Мереке алдында жәрмеңкелер ұйымдастырумен шектеліп қалмай, тауарлардың өндірушілерден дүкендерге тікелей түсетін жолдарын қарастыру қажет, - деп тапсырды аймақ басшысы. Сондай-ақ, облыстық қаржы басқар-масының басшысы Жеңіс Шақатов Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары, Баянауыл ауданы және облыстық білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс басқармалары бюджеттен бөлінген қаражатты уақытылы игере алмағанын айтты. Әбілқайыр Бақтыбайұлы бұл мәселені реттеу үшін аталған аудан-қала әкімдері мен басқарма басшыларына нақты міндеттерді жүктеді.

Электр энергиясы тапшы

Аппараттық жиын барысында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелері де талқыланды. Химия, мұнай-химия және металлургия саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар шоғырланған бұл аймақ 2011 жылы ашылған болатын. Сол уақыттан бері мұндағы өндіріс орындары бюджетке 11,4 млрд теңге салық аударды. Биылдың өзінде мұндағы зауыттар-
дан қазынаға 3,1 млрд теңге салық түсті. Оған қоса, 10 жыл аралығында барлығы 1712 жаңа жұмыс орны құрылды. Осы жылы облыстың 145 тұрғыны дәл осы аймақтан «екі қолға бір күрек» тапты. Жалпы, бүгінде арнайы аймақта 17 кәсіп-орын жұмыс істейді. Тағы 19 кәсіпорынның қазығы қағылды. Сондай-ақ, 11 жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталып кетті. Биыл инвестиция көлемі 2,3 млрд теңге болатын үш зауыт іске қосылса, келесі жылы 12,2 млрд теңгеге 8 кәсіпорын ашылуы керек. Десе де, алдағы уақытта бұл аймақта кәсіпорындарды ашуға қатысты түйткілді мәселелер туындауы мүмкін. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернұр Жәутікбаевтың айтуынша, мұнда электр энергиясы тапшы.

- Техникалық шарттар негізінде «Павлодар» арнайы экономикалық аймағына 30 МВт электр энергиясы берілді. Қазіргі таңда оның тек 5,5 МВт бос. Бұл көлем жақында іске қосылатын жобаларға бөлініп қойды. Сондықтан алдағы уақытта қолға алынатын өзге жобаларға электр қуаты жетпеуі әбден мүмкін, - дейді басқарма басшысы. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін бірнеше амал қарастырылып отыр. Мәселен, арнайы аймақ маңында қуаттылығы 40 МВт болатын қосалқы станция салуға болады. Сол кезде жалпы құны шамамен 64 млрд теңге болатын жобаларды электр энергиясымен қамтылады. Тағы бір жолы – «Павлодардың» аумағын 1200 гектардан 815 гектарға дейін азайту. Егер 500 гектарға жуық аумаққа инфрақұрылым тартылмаса, 3,7 млрд теңге үнемделеді. Негізі, арнайы аймақтың шығыс бөлігінде инвесторлардың кәсіп ашуға құлқы жоқ. Себебі олар жаңа өндіріс орнының құрылысын бастау үшін бұрынғы химия зауытынан қалған ғимараттарды бұзуы керек. Сондықтан құзырлы басқарма «Қазақстан электролиз зауыты» аумағында субаймақ салуды ұсынып отыр. Ернұр Жәутікбаевтың айтуынша, кәсіпорынның маңында инженерлік желілер дайын. Металлургияға қажет шикізаттар да жақын жерде орналасқан. Сондықтан субаймақ құрып, мұнда алюминий кластерін дамыту тиімді болмақ. Облыс әкімі Ә.Сқақов бұл мәселе жан-жақты талдау және саралауды қажет екенін айтты. Субаймақ құрылысын бастау мәселесі Павлодар қаласының бас жоспарына сәйкес реттелуі тиіс. Оны шешуге жыл соңына дейін уақыт берілді.

- «Павлодар» арнайы аймағы өңір экономикасы үшін маңызды. Мұнда тартылатын инвестиция көлемі де аз емес. Бірақ инфрақұрылыммен қамтуға қатысты күрмеулі мәселелер салдарынан оның тартымдылығы төмендеуі әбден мүмкін. Сондықтан арнайы аймақтың «екінші тынысын» ашу үшін инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізуге баса көңіл бөлу керек, - деп жиынды түйіндеді Ә.Сқақов.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 


Количество показов: 972

Возврат к списку