Қат тауарға айналған қант

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022  101

Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022  96

Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022  103

Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022  130

Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022  95

Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022  101

Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022  96

Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022  108

Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022  208

Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022  230

Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022  255

Абай тағылымы
08:58 13.08.2022  213

Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022  200

Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022  224

Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022  244

Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022  249

Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022  306

Аспан перзенті
10:07 11.08.2022  302

«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022  310

Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022  332

«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022  306

Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022  296

Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022  325

Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022  324

«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022  304

Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022  343

Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022  329

Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022  419

Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022  405

Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022  401

Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022  394

«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022  418

Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022  399

Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022  415

Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022  498

Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022  543

Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022  494

Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022  547

Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022  516

Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022  491

Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022  539

Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022  502

Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022  512

Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022  584

Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022  643

Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022  570

Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022  590

Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022  595

Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022  565

Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022  576

Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022  543

Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022  568

Алтын аға
10:30 04.08.2022  619

Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022  632

Әнші арманы
09:57 02.08.2022  641

«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022  824

Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022  626

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022  655

Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022  636

Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022  654

Қат тауарға  айналған қант 28.07.2022

Қат тауарға айналған қант

Қант қымбатшылығы мен оның өңірлерде жетіспеушілік мәселесі жұртшылықты әлі де алаңдатып отыр. Шекер шырғалаңы жеміс-жидектен тосап қайнатуға үйреніп қалған отбасылардың қалтасын қағып, бүгінде қанттың әзіл де болса тойларда сыйлық ретінде беріліп жатқанын көзіміз шалып жүр. Тағы бір түйткіл, қат тауарды «көтерме әрі арзан бағаға сатамыз» деп ғаламторда жарнамалап, сатып алушыларды арбауына түсіріп жатқан алаяқтар да көбейе түскен.

 

«Тәтті бизнес» немесе сатушы-алаяқтар

Тамылжыған тамыз айы туа сала базар мен сауда жәрмеңкелерінде жеміс-жидек пен көкөніс бағасы арзандайды. Бірақ түрлі тосап жасап, қысқа қамдану үшін қант тапшы. Халық қапшықтап сатылатын құмшекер іздеп, сауда орталықтары мен базарларда сабылып жүр. Дүкенде адам басына 2-3 келіден ғана сатылатын құмшекер тосап қайнатуға жетпейді. Бұл ретте алаяқтар қант қанша қымбаттаса да, халық сатып алуға әзір екенін жақсы біледі. Қазір ондай «алыпсатарлар» интернет арқылы түрлі хабарландыру беріп, аңқау елді алдап, табыс тауып жатқан көрінеді. Мәселен, «OLX» интернет қосымшасы арқылы арзан қант сатып алмақ болған қала тұрғыны Айдар Темірболатов алаяқтардың құрбанына айнала жаздады. Оның айтуынша, «алыпсатарлар алдын ала төлем бойынша жұмыс істейді» екен. Сондай-ақ, құмшекерді үлкен көлемде ғана сатып алсаңыз, үйіңізге дейін жеткізіп береміз деп сендіреді.

- Хабарландыру сайтында арзан бағаға сатылып жатқан қант туралы жарнаманы көзім шалды. Бағасы дүкендегі құмшекерден 200-300 теңгеге арзан. Сатушылар қоңырауды «WhatsApp» желісі арқылы қабылдайды екен. Сосын олар тауарды тек көтерме бағамен алуды ұсынады. «Егер сатып алуға келісім берсеңіз, жарты сомасын алдын ала шотқа жіберу қажет» деді. Осы жерде күдіктене бастадым, - дейді қала тұрғыны. Интернет-алаяқтар тұтынушымен тіпті келісімшарт та жасасады. Тауардың құжатын көрсетіп, өнімнің сурет-терін де жіберуге даяр. Алайда, сатып алушылар алдын ала төлем жасаған бойда, «сатушылар» ұшты-күйлі жоқ болады екен. Полиция дерегінше, құмшекер сатамын деп халықтың қалтасын қаққан алаяқтарға қатысты қылмыстық іс қозғалады. Дегенмен, тәртіп сақшылары мұндай көлеңкелі істі әшкерелеу оңай емес екенін айтады. Өйткені алаяқтықтың түрлері бүгінде халықаралық деңгейге жеткен. Яғни, басқа елдегі пысықтар азаматтардың жеке куәлігін пайдаланып, интернет арқылы несие рәсімдей алады. Сондықтан, құқық қорғау органдары азаматтардан «арзан құмшекермен қуантамын» дегендерге сенбеуді сұрайды. Облыстық полиция департаменті қылмыстық полиция басқармасының жедел уәкілі Аман Әубәкіров ағымдағы жылы интернет алаяқтық бойынша 800-ге жуық заңбұзушылық анықталғанын мәлім етті. Оның айтуынша, алаяқтар көбінесе арзандатылған тауар, ұтыс, 50 пайыздық сертификат сынды «механизмдерді» қолданады.

– Өңір тұрғындарына интернет алаяқтарымен келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгеден 40 млн теңгеге дейінгі сомада тіркелген. Қылмыстық схема бойынша алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері, полицей не болмаса сатушы деп таныстырады. Содан кейін тауар немесе көрсетілетін қызмет үшін белгілі бір соманы қауіпсіз шотқа аудару қажет екендігін айтады. Ақша аударылған бойда телефон бұғатталады, – деді полиция майоры Аман Әубәкіров. Бүгінгі таңда облыс бойынша «тәтті бизнеске» құныққан «қант алаяқтары» анықталмапты. Яғни, өңірімізде мұндай фактілер әзірше тіркелмеді. Дегенмен, көршілес Шығыс Қазақстан облысында жүзден астам адамды тақырға отырғызған «қант сатушысы» туралы естігеніміз бар. Өзін көтерме саудагер ретінде таныстырып, нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан бағаға қант сататынын айтқан ол, аз уақыттың ішінде тұрғындардың 90 млн теңгесін қалтаға басқан. Қазір осы іске қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі, яғни алаяқтық бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сол себепті, интернеттегі жарнамаға мұқият болып, «алаяқ алыпсатарларға» қатысты сақтық шараларын күшейту артықтық етпейді.

 

Мәселе қалай шешілмек?

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай Қазақстанда шамамен 90 мың тонна қант қоры барын және республика қантпен толық қамтамасыз етілгені туралы айтқан еді. Оның мәліметінше, зауыттар республиканың ай сайынғы тұтынуын (шамамен 44 мың тонна) ескере отырып, шамамен 50 мың тонна өндіре алады, яғни зауыттар республиканың қантқа деген қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

- Бүгінгі таңда республика бойынша қант қоры - шамамен 90 мың тонна. Сауда нүктелерінде, тұрақтандыру қорларында, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ сақтау объектілерінде және мемлекеттік материалдық резервте шамамен 42 мың тонна, қант зауыттарында шамамен 47 мың тонна бар, - деді вице-министр. Десе де дүкен сөрелерінде қанттың тапшылығы сезіліп тұр. Тәтті құмшекердің бағасы да удай. Қантқа деген сұраныс «Павлодар» ӘКК серіктес дүкендеріндегі бағаға да әсер етті. Өңірде мұндай 206 сауда орны бар. Олардың қатарына SMALL, Greenwich, Лидер, Ваш, Inmart сынды супермаркеттер желісі кіреді. Бүгінде бұл сауда орталықтарында қанттың келісі 780-960 теңгеден сатылуда. Сарапшылардың хабарлауынша, жыл басынан бері құмшекерге деген сұраныс артқан. Мәселен, ай сайын бір отбасы тұтынатын 10,3 келі қант өнімдерінің ішінде 4,5 келісі – құмшекер. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 7,2 пайызға артқан. Сонымен қатар, ішкі тұтыну отандық шикізат есебінен 7-10 пайызға ғана қамтамасыз етіледі. Ал шамамен 90 пайызы шетелдік құрғақ шикізат пен дайын қантты өңдеу есебінен өтеледі. Атап айтқанда, импорттың 88,3 пайызы Ресейден, 11,5 пайызы Беларусьтен, 0,15 пайызы басқа елдерден жеткізіледі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 5 шілдедегі бұйрығымен елге қант импортына арналған квотаны 250 мың тоннадан 350 мың тоннаға дейін ұлғайту белгіленді. Сонымен қатар, осы бұйрықпен қант квотасы 2022 жылдың 31 қазанын қоса алғанда ұзартылды. Оған қоса, қант импортына квоталарды бөлу тәртібі өзгертілді. Бүгінгі таңда елдегі сегіз қант зауытының тек төртеуі ғана жұмыс істеп тұр. Екі кәсіпорын Жамбыл облысында (Тараз қант зауыты және Меркі қант зауыты) және тағы екеуі Жетісу облысында (Көксу қант зауыты және «Ақсу қант») орналасқан. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл нысандар ХХ ғасырдың 30-жылдарында салынғанын айтады. Зауыттардың жалпы қуаты қант қызылшасын өңдеу бойынша тәулігіне 8 мың тоннаны және қант қамысы шикізаты бойынша тәулігіне 2 мың тоннаны құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі қалған төрт зауыттың не себепті тоқтап тұрғанын түсіндірді. Ведомство ақпараты бойынша, бұл кәсіпорындардың айналым қаражаты жеткіліксіз және технологиялық жабдық-тардың тозу деңгейі жоғары. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірде қант зауытын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын айтты. Әлеуметтік маңызы бар бұл жобаны «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жүзеге асыратын болады. Кәсіпорын 2025 жылға дейін Ақсу қаласында іске қосылады деп жоспарланған. Бұған дейін «Павлодар» ӘКК жобаны 106 млрд теңгеге бағалайтынын хабарлады. Зауыттың қуаттылығы жылына 152 мың тонна қантты құрайды. Кәсіпорын 370 адамды жұмыспен қамтымақ.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


Количество показов: 605

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас таланттар шоғырланды
10:36 16.08.2022  101

Арнайы аймақта - ауқымды жобалар
10:34 16.08.2022  96

Абай жолын ұлықтаған академик
10:30 16.08.2022  103

Ақ желеңділер тапшы
10:26 16.08.2022  130

Көмір бағасы қолжетімді
10:25 16.08.2022  95

Қала жолдары қарқынды жөнделуде
10:23 16.08.2022  101

Әдепсіз әншілер сахнадан шеттетіле ме?
10:21 16.08.2022  96

Сарыарқа самалы, 16 тамыз, сейсенбі
10:20 16.08.2022  108

Кәсіптік білімнің болашағы зор
09:09 13.08.2022  208

Киелі өнердің майталманы
09:05 13.08.2022  230

Қатерлі ісік азаймай тұр
08:59 13.08.2022  255

Абай тағылымы
08:58 13.08.2022  213

Сараланған тариф енгізіледі
08:56 13.08.2022  200

Сарыарқа самалы, 13 тамыз, сенбі
08:53 13.08.2022  224

Жаңа оқу жылына әзірлік
08:02 13.08.2022  244

Құрылысшы - мәртебелі мамандық
08:01 12.08.2022  249

Әр сөзі - тұнған шежіре
10:09 11.08.2022  306

Аспан перзенті
10:07 11.08.2022  302

«Өкпеұлы Кәрімтайдың ғибратты ғұмыры»
10:05 11.08.2022  310

Абай күні аталып өтті
10:04 11.08.2022  332

«Завод» сериалы түсірілуде
10:01 11.08.2022  306

Ауладағы қуаныш
09:58 11.08.2022  296

Білім. Еңбекқорлық. Өзгеше ойлау
09:56 11.08.2022  325

Энергетикалық сусынға тыйым салу қажет пе?
09:52 11.08.2022  324

«Мектепке жол» қалай өтуде?
09:49 11.08.2022  304

Техника жаңартуға таптырмас мүмкіндік
09:43 11.08.2022  343

Шаруалар шабындыққа шалғы салды
09:40 11.08.2022  329

Абай сөзі - әдебиет өлшемі
10:24 09.08.2022  419

Білікті мамандар тапшы
10:21 09.08.2022  405

Бір жабылып, бір ашылған «Әлем»
10:20 09.08.2022  401

Баспана – басты байлық
10:18 09.08.2022  394

«Бейсен және Болмыс»
10:14 09.08.2022  418

Екеудің көрмесі
10:11 09.08.2022  399

Мектеп жәрмеңкесі жалғасады
10:09 09.08.2022  415

Аймақтағы ахуал тұрақты
08:56 06.08.2022  498

Сарыарқа самалы, 6 тамыз, сенбі
08:36 06.08.2022  543

Саназардың теңіз аттары
08:13 06.08.2022  494

Медиация мақсаты - бітімгершілік
08:10 06.08.2022  547

Жолдарымыз жаңарып, аумақтар тазаруда
08:09 06.08.2022  516

Мектепке дайындық қанша тұрады?
08:07 06.08.2022  491

Әлемді әнмен Тербеткен
08:03 06.08.2022  539

Педагогтар не базына айтады?
08:01 06.08.2022  502

Өкпе ауруы дендеп тұр
08:00 06.08.2022  512

Қандай мультфильм көріп жүрміз?
10:51 04.08.2022  584

Интернет алаяқтары көбейіп барады
10:50 04.08.2022  643

Жаңатілекте мешіт ашылды
10:49 04.08.2022  570

Суармалы жердің берекесі мол
10:47 04.08.2022  590

Қор қаражатына несие жабылмайды
10:45 04.08.2022  595

Самокаттарға талапты қатаңдату керек пе?
10:41 04.08.2022  565

Мұрагерге жинақты алуға бола ма?
10:39 04.08.2022  576

Балалар бағына саяхат
10:37 04.08.2022  543

Өнерде шекара жоқ
10:34 04.08.2022  568

Алтын аға
10:30 04.08.2022  619

Балабақшалар қалай бақыланады?
10:28 04.08.2022  632

Әнші арманы
09:57 02.08.2022  641

«Мектепке жол» акциясы басталды
09:54 02.08.2022  824

Жол жабылмайды
09:52 02.08.2022  626

Мәшһүр Жүсіп және Бекасыл хазірет
09:49 02.08.2022  655

Пәтер кезегін себепсіз жылжытқан
09:47 02.08.2022  636

Денсаулық пойызы келді
09:45 02.08.2022  654