Ата жұртқа тағзым

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  315

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  283

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  298

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  352

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  401

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  232

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  262

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  218

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  269

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  261

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  292

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  617

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  474

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  494

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  236

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  238

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  444

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  354

11 медаль!
11:05 24.01.2023  285

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  315

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  305

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  302

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  483

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  359

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  267

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  285

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  296

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  325

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  2765

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2663

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2640

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  2680

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  2598

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  2626

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  2744

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2603

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2578

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  2658

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  2614

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  2699

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  2711

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  2682

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  2867

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  2759

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  2831

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  2732

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  2854

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  2975

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  2625

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  2792

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  2849

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  2623

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  2783

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  2660

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  2963

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  2856

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  2855

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  2882

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  2893

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  3108

Ата жұртқа тағзым 04.03.2021

Ата жұртқа тағзым

Сарыарқа жері, еңселі елі туралы сөз болса, көз алдымызға ата жұртымыз - қасиетті Баянауыл келеді. Алла Тағала ғажайып табиғатты, тамаша сұлулық пен қайталанбас көркемдікті дәру еткен осы атырапқа, оның әр тасы мен өзен-көлдеріне деген сағыныш сезіміміз еш кеміп көрген емес. Өкініштісі сол, біздің атамыз Иманберді, әкеміз Ричард осынау ата қонысқа деген көкіректі тербеп, өрекпіген сағыныштарын баса алмай дүниеден өтті.

Баянауыл туралы әңгіме қозғалса, марқұм әкеміз жүзі шырайлана шаттанып, ерекше сезімге беріліп, осы өңірде туып, шыңға құлаш ұрған дара да дана тұлғаларды тізбектей жөнелетін-ді. Қарадан хан шығып, жері мен жұртын жақсылыққа бастай білген Шорман Күшікұлы, Боштай Тұрсынбайұлы, Мұса Шорманұлы сынды көшбасшыларды,  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Олжабай Батыр, Едіге би және тағы басқа біртуарлар жайында мен алғаш әкемнен естідім. Шіркін, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Мағжан Жұмабаевтың рухты тұлғаларын тұшына әңгімелейтін. Олардың жырларын жатқа айтып, балаң жүрегімізге сіңісті еткен аяулы әкеміз бізге бабаларға бас июдің жарқын үлгісін көрсеткенін кейін түйсіндік. 
Келбеті керім Баян жұртынан отыз алты академик шығуының өзі – үлкен құбылыс. Қазақ ғылымының негізін қалаған Қаныш Сәтбаев әлемдік деңгейдегі тұлға болып, ұлт мақтанышына айналғанын жас ұрпақ тереңнен білуге тиіс. Әлкей Марғұлан, Әбікей Бектұров, Серікбай Бейсембаев, Шапық, Риза Шөкиндер, Әбілқас Сағынов, Шәкен Айманов, Қуат, Суат Әбусейітовтер және тағы да өзге ғалымдар, мәдениет пен әдебиет, қоғам қайраткерлері – ұлтымыздың әр жеткіншегі пір тұтуға тиіс даналар. Бабалар тұлғасын, жеті атасын танып өскен баланың болашағы баянды, келешегі кемел болатыны айтпаса да белгілі. Рух пен тектіліктің жалғасы осыдан тамыр алып жатыр қазақта. Біз қасиетті Баян атырабынан түлеген азаматтардың ұрпағы екенімізді мақтан етеміз және ұрпақ біле жүрсін деп біраз мәліметтерді оқырманға жеткізуді мұрат қылдық. 
Біздің үлкен бабамыз Мешітбай ұзақ уақыт бала сүймеген екен. Сөйтіп бәйбішесінің келісімімен бабамыз екінші әйел алады. Міне, осы екінші жары құрсақ көтеріп, босанып, ұл туады. Бабамыздың бәйбішесі: «Бұл баланы көтеншегіміз үзілерде көрдік қой, сондықтан мұның атын Көтен қоямыз» дейді. Қызығы сол, арада біраз уақыт өткең соң Жаратушы Алла Бәйбішенің де бойына бала бітіреді. Сонда бабамыздың екінші әйелі – тоқал: «Бұл баланы бүйен-ішегіміз үзілерде көрдік қой, сондықтан мұның атын Бүйен деп қоялық» деген екен. 
Арада тағы бірер жыл өткенде Бәйбіше дүниеге екінші ұлын әкеледі. Содан әулет иелері: «Аллаға шүкір, үшінші ұл дүниеге келіп, әулетіміз әлденді! Бұл баламыздың есімі Әлдебек болсын» деп шешеді. Кейін Тоқал төртінші баланы туып, оның есімі Шалақазан деп қойылады. Біз осы төрт ұлдың Әлдебегінен тараймыз. 
Әлдебектің ұлы Әкімбек 1833 жылы туып, 1886 жылы дүние салған екен. Жақсы тәрбие алып, өнеге жиған ол ат жалын тартқаннан бастап өз жұртының басшына айналады. Қолы ашық, дастарқаны мол, ағайынға қайырымды болғандықтан «Мырза» деген бедел беріліп, ел арасында Әкімбек мырза атанады. Оның тұлғалық қалыптасуына тектінің ұрпағы - Бөгенбай батырдың немересі Саққұлақ бидің қызы Айдай Бәйбішесінің де ықпалы болғанға ұқсайды. Әкімбекке дейін Күлік елі өз алдына жеке болыс бола алмай, Орманшы-Күлік болысына қараған еді. Міне, сөз етіліп отырған Әкімбектің іскерлігінің арқасында Күлік жұрты дербес болыс ретінде құрылып, Қызылтау төңірегін мекен етеді. Әкімбек болыс болып сайланған. Содан өмірінің соңына дейін болыстық қызмет атқарады және ешбір адам онымен болыстыққа таласпаған. 
Әкімбек ер көңілді, батыл да ширақ, уәдеге берік адам болған. Деректерге ден қойсақ, Әкімбек Әлдебекұлы 1885 жылы Мұса Шорманұлына ас берілгенде, сол іс-шараның басқарушылардың бірі болған екен. Әкімбек өзінің шексіз мырзалығының, қайырымды істерінің арқасында елдің ықыласы мен  құрметіне бөленген. 1993 жылы Қызылтауда ұрпақтары Әкімбек мырзаға, Қабылбек Әкімбекұлына, келесі жылы Әлдебек Мешітбайұлының зираттарына құлпытас қойып, Құдайы ас берді. 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы он бес жасында Баянауыл төңірегіндегі молла, хазіреттерден білім алып, ғылымның бастауын игеріп, қалың қауымға кеңінен танылады. Ол кісі өзінің алғашқы еңбек жолын Әкімбек ауылында молла болудан бастайды. Мәшекең алғашқы ризығын бала оқытумен көрген. Оның үстіне Әкімбек мырзаның жомарт та жанашыр қамқорлығының арқасында адал несібеге қол жеткізеді. Мәшһүр Жүсіптің аса білімдар, ғалым бала екенін тап басып танып, өз ауылына ұстаз етіп, еңбекақысын артығымен беріп, астына ат, аузына ас тосқан, алдына мал салған біздің түп атамыз Әкімбек мырза еді. Осыдан соң Мәшекең 29 жасында Бұқараға барып, жоғары ғылым игеру жолына түбегейлі де табанды түрде бет бұрғаны белгілі. 
Әкімбек бір жылы жазда бір топ адаммен жол түсіп, Алтай-Қарпық еліне бара жатады. Жолай үлкен ауылға кездесіп, сусын ішу үшін шеткерірек бір үйге түседі. Бұл сол елдегі белгілі бір байдың үйі болса керек. Байдың бәйбішесі ортаға қымыз әкеліп, сапырып, кішкене кеселерге құйып береді. Жол жүріп, әбден шөліркеп келген жолаушыларға сусынды аяқпен емес, екі-үш жұтым ғана сыятын кесемен ұсынғанға мейірі қанбаған Әкімбек: «Бәйбіше, мына кеселер қайдана алынып еді, құны қанша?» - деп сұрайды. «Мұның бағасын отағасы өзі біледі», - дейді бәйбіше. Сонда Әкімбек кеселерді ортаға жиып алып, қолындағы сары ала қамшының сабымен быт-шыт қылып қиратып, Бәйбішеге: «Отағасына сәлем айтыңыз, Құдай осынша дәулет бергенде, жол үсті шөліркеп келе жатқан жолаушының мейірін қандыра алмайтын ыдыс ұстап не көрінді? Кеселеріңіздің құны міне!», - деп бір уыс ақшаны тастай салып, жүріп кетіпті. 

Әкімбек мырза кейде көңіл қошы жарасқанда арнайы келген адамға: «Қалағаныңды айт, қолыңды қақпаймын, бүгін тасқыным ұстап отыр!» - дейді екен. Айтса айтқандай, жомарттық тасқыны ұстап отырғанда үйірлеп жылқысын, көгендеп қойын бере салатын да сәті болатын көрінеді. 
Бір жылы Әкімбек ауылының көші соңғы жайлаудан күзеуге қарай таянғанда ауа райы бұзылып, аяғы ақ жауынға, қара суыққа айналса керек. Көрші ауылдың қыстағына таяған тұста мырза дереу көшті тоқтатып, үйді тіктіріп жіберіп, жақын қыстақта күзетте қалған жатақшыға құрғақ тезек-қи сұрауға атқосшы жөнелтеді. Күзетші сөзге келмей, қаптап қи артқызып жібереді. Бір-екі күн ауылын мәре-сәре етіп жылындырып, тойындырған мырза, жауын басылып, ауа райы түзелген соң, үйлерді қайта жыққызып, көшін түзетіп, күзектің жолына салар алдында, алдыңғы күнгі жатақшыны әдейі алдырып: «Ықыласыңа рақмет! Енді не қалайсың мына көршіңнен? Қаймықпа, айт, тасқыным ұстап отыр», - депті. Жатақшы не сұрасын, сауып ішер бір-екі ешкі ғана атаса керек. Сонда Әкімбек: «Әй, байқұсым-ай! Тасқыным ұстап отыр еді, жөндеп сұрамадың-ау...», - деп қасындағы атқосшысына бұрылып: «Сусын қылып ішуге мына адамға пәлен айғырдың үйірінен 10 бие тастап кет», -  депті. Бұл Әкімбектің жатаққа жасаған көп шапағатының бірі ғана екен. 

Бірде жәрмеңкеден қайтқан атамыз татар саудагердің ләпкесіне аялдап, ішік алмақшы болады. Сөйтіп бір ішікті қолына ұстап қарап тұрса, саудагер татар: «Ол ішікке сен қазақтың құның жетпейді ғой...», - депті. Бұған Әкімбек дереу үн қатып: «Қанша ішігің бар, бәрін аламын», - дейді. Санап жіберсе, татардың 8-9 ішігі бар екен. Түгелін сатып алады да, ішіктерді аттың құйрығына байлап жібереді.  Татардың аузы ашылып, аң-таң болып қала береді. Арада біраз уақыт өткенде әлгі саудагердің кәсібіне нұқсан келіп, не істерін білмей, дал болып жүргенде оған біреулер: «Саған тек Әкімбек мырза ғана көмектеседі», - деп ақыл-кеңес айтады. Татар келейін, жөн-жосығын, жағдайын жеткізейін десе, ана жолғы қылығынан соң бет жоқ. Бірақ шарасыз қалғандықтан, амал жоқ, ақыры мырзаға келеді. Атамыз әлгінің сұрағанын ұстатып, бірақ «бұл қарыз емес, қайырымдылық» деп қадап айтады. Саудагер оның көмегін қабылдайды. 
Біраз жыл өткен соң, қолайсыз ауа райының салдарынан Әкімбектің де асыл тұқымды жылқылары жұтқа тап болады. Мұны әлгі саудагер де естиді. Сөйтіп атқосшылары арқылы Әкімбектің малына өз тарапынан асыл тұқымды теңбіл жылқылардың үйірін қосады. 
Қыр басында тұрып қырағы көзімен алыстарды барлай, шарлай қарайтын қасиетке ие Әкімбектің назарынан тыс қалатын дүние болмаса керек. Сол әдетінше, қыр басында жан-жағына көз жүгіртіп отырып, өз малының қатарында бөтен жылқылар жүргенін көзі шалады. Бұл не мал екенін сұрастырып, қайдан келгендігін біледі. «Жақсылық етсең - өзіңе» деген ғой. Міне, Әкімбек мырзаның көп жақсылығының бір қарымтасы осылай қайтқан екен. 
Өз атамыз Иманберді - Баяна-уылдың соңғы болысы болған адам. Өмірде өте қарапайым, өзін дәріптегенді, мақтағанды, жарам-сақтықты жақтырмайтын, жасаған жақсылығын міндет етпейтін, бергенін жария қылмайтын, өте адал жан болған. Еңбекқорлығында шек жоқ еді. Атам сұңғыла бойы бар, терең парасаттың иесі еді. Басқа бауырлары да көзі ашық, білімді адамдар еді. Атамыздың тете інісі Хафиз заңгерлік қызмет атқарған. Ол кісі Алматы, Семей облыстарында заң саласында жемісті жұмыс істеген. Анау бір жылдары елде кәмпеске болайын деп жатқанын айтып, аталарымыздың елден тездетіп көшуін талап еткен. 
Сөйтіп 1932 жылы ұжымдастыру кезінде ауқатты адамдар қуғын-сүргінге, ел ашаршылыққа ұшырай бастаған шақта, аталарымыз Қырғызстанға, одан кейін Жетісу өңіріне қоныс аударады. Кейіннен Талдықорған облысының Андреевка ауданының бірер колхоз-совхозында тұрады. Соғыс жылдары, яғни 1944 жылдан бастап Қапал ауданының Қоңыр деген ауылына көшіп келіп тұрақтайды. Содан өмірінің соңына дейін атам мен әжем Қапал ауданын мекен етті. 
1961 жылы атам науқастанып, Алматыда әкеміздің үйінде өмірден озды. Атам біздің анамызды өте жақсы көретін, ауырып жатқанда тамақты тек сол кісінің қолынан ішіп, үнемі батасын берумен болды. Әжеміз атамыздан бірнеше жылдан кейін дүние салды. Екеуінің де зираты сол Қапал ауданының «Зерносовхозында» орналасқан. Немере, шөберелері басына барып, Құран бағыштап тұрады. Былтырғы жылы әулеттен тараған барлық ұрпақтары жиналып, арнайы  барып, зиярат етіп қайттық. 
«Бір бала бар - атасына жете туады, бір бала – атасынан өте туады» дейді қазақ даналығы. Әкесінен өте туған біздің әкеміз Ричард соғыс жылдары бар туыстарына пана бола білді. Әкеміздің мамандығы мұғалім, биолог-географ еді.  Терең білімділігі, сауаттылығы соншалықты - математикадан басқа сабақтарды да қиналмай өткізе беретін. Өнердің сан түрінен хабары бар еді: тігіншілік, қисса-дастандарды жатқа айту, ән салу, актерлік шеберлігі де басым еді. Бабадан қалған дәстүрлі жолды ұстанған ата-анамыздың қайырымдылығының арқасында шаңырағымыздан адам үзілмейтін, талай  балалар жатып, оқып, тәрбие алып шықты. 
Әкеміз Ричардтың ұйымдас-тырушылық қабілеті өте жоғары, ақкөңіл, парасатты, кітапты көп оқитын, бауырмал жан еді. Бізге ата жұртымызды құрметтеуге, елді-жерді мақтан тұтуға үйретті. Бір арманы - балаларының біреуі болса да ата жұрт – Баянауылда жұмыс істегенін қалады. Бұл арманы орындалды да. Кіші ұлы Амин өзінің жұмыс жолын ата жұртында бастады, кейінен немересі Дәурен, міне 
15 жыл бойы Әділет басқармасында жұмыс атқарады. Ата жұртының киесі болар, сол жерде келініміз Әсем Аңсар, Дархан, Даниял атты алтын асықтай үш ұлды дүниеге әкеледі. Әкеміздің пейіліне қарай туыстары, достары, тілектес ағайындары көптен саналады. 
Анамыз  Фатиманың руы - Айдабол, он бала өсірген алтын құрсақты абзал ана, ардақты әже, қазақтың нағыз қонақжай, дастарханы мол қызы, отбасының берекесі мен ұйытқысы еді. Ол кісі - болмысы бөлек, жаны жайсаң, қолы шебер, жүрегі жұмсақ, адал жар бола білген адам. Баянауылда 1916 жылы мамыр айының 20-сында дүниеге келген екен. Әкесі Әбужүсіп - елге сыйлы, көкірегі ояу, сол кездегі мемлекеттік құрылымда болыс болған адам, ал атамыздың жары Камила - оның мәңгілік серігі, тұрақты қалқаны болған адам. «Алған жарың жақсы болса, жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе?!» - деп Қазыбек би атамыз айтқандай, атамыз тұтас елдің болысы болса, әжеміз кедейлердің жанашыр-қолдаушысы болып, жетім-жесірге көп көмек көрсеткен екен. Өзінің панасынан шыққан бізге ғана емес, барлық немере-шөберелеріне аналық, әжелік махаббатын аямай төкті. Ата-анамыздың арқасында барлығымыз жоғары білім алдық, қатарға қосылдық. Үлкеніміз Валя - дәрігер, Болатбек пен Амин – ғылым докторлары, мен мұғаліммін, Амина сіңілімнің мамандығы - библиограф. Бәрі де абыройлы қызметтер атқарды. Інім Дәулет Талдықорған облысында кәсіп жүргізіп, заводтарға директор болып, зейнетке шықты. Сәуле, Фарида сіңілілерім - заңгер, Гүлжан – экономист, Гүлән инженер-технолог болып институтта сабақ беріп, зейнетке шықты. Әкімбек Әлдебекұлынынан тараған ұрпақтар қазір Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Тараз қалаларында тұрып жатыр. Барлығымыздың балаларымыз ержетіп, лауазымды қызметтердің тізгінін ұстап жүр. 
Ата-анамыздың туған жерге деген ыстық махаббаты осы мақаланы жазуға мені итермеледі. Ата жұртымызға алғысымыз бен құрметімізді білдіргіміз келді. Кереку-Баян еліне, қазақтың құйқалы жеріне ерекше сәлемімізді жолдаймыз. Алла ұрпақтарды туған жер қадірін түсініп-түюге несіп етсін! 


Рашида ӘКІМБЕКОВА,
Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі.


Количество показов: 494

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  315

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  283

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  298

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  352

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  401

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  232

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  262

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  218

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  269

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  261

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  292

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  617

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  474

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  494

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  236

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  238

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  444

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  354

11 медаль!
11:05 24.01.2023  285

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  315

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  305

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  302

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  483

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  359

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  267

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  285

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  296

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  325

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  2765

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2663

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2640

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  2680

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  2598

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  2626

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  2744

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2603

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2578

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  2658

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  2614

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  2699

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  2711

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  2682

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  2867

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  2759

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  2831

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  2732

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  2854

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  2975

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  2625

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  2792

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  2849

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  2623

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  2783

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  2660

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  2963

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  2856

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  2855

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  2882

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  2893

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  3108