Аудан әкімдерін сайлауда неге мән беру керек?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Аудан әкімдерін сайлауда неге мән беру керек? 09.09.2021

Аудан әкімдерін сайлауда неге мән беру керек?

Биыл елімізде алғаш рет ауылдық округ әкімдерін сайлау өтті. Бұл саяси науқан тұрғындарға ауыл басшысын тікелей таңдауға мол мүмкіндік берді. Үміткерлер де жұртшылықпен жүздесіп, ел ішіндегі мәселелермен етене таныса білді. Қысқасы, билік пен бұқара арасындағы байланыс беки түсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында дұрыс жолда екенімізді алға тартып, 2024 жылы пилоттық режимде аудан әкімдерін сайлау туралы бастама көтерді. Мұндай өзгеріске аудан азаматтары қаншалықты дайын? Жергілікті жердегі басшыны таңдауда қандай мәселелерге мән берген дұрыс? Осы мәселені «Алаңның» талқысына салып көрген едік.

Гүлзира ҚАЗЫЛОВА, «ADAL» партиясы Павлодар облыстық филиалының директоры:

алаң2.jpg

- Биылғы ауыл әкімдерінің сайлауы кезінде «ADAL» партиясынан барлығы 49 кандидат ұсынылып, олардың 15-і жеңіске жетті. Тұрғындардың басым дауысына ие болып, бүгінде әкім қызметіне білек сыбана кіріскен азаматтардың қатарында Аққулы ауданы Қарақала ауылдық округінің басшысы болып сайланған Ерлан Наскенов те бар.

Алғаш рет өткен ауыл әкімін сайлауынан түйгеніміз көп. Өкінішке қарай, кейбір аудан басшылары бұрынғы әдетіне басып, ауылдың әкімін өзі таңдауды қалайтыны анық аңғарылды. Кей кандидаттардың «сойылын соқты» десе де болады. Бірақ бұлай болмауы керек. Елді мекенде туып-өскен, ауылға шын жанашыр, білімді де білікті басшыны тұрғындар сайлауы тиіс. Пилоттық режимде өтуі жоспарланып отырған аудан әкімінің сайлауы барысында да осындай «бармақ басты, көз қыстылық» бола ма деген күдік көп. Тұтас ауданның бүгіні мен ертеңіне жауапты болатын адамды облыс басшылығы емес, сол ауданның азаматтары таңдағаны дұрыс. Бұл өз кезегінде нәтижелі іске жетелейді. Басшы мен бұқара аудандағы күрмеулі мәселелерді бірлесіп талқылап, шешімін табады. Әйтпегенде, бүгінде ауылдағы ағайынның кейбір аудан басшыларын көрмек түгілі жүзін танымайтыны жасырын емес. Сондықтан алдағы сайлау кезінде «мынаған дауыс бер!» деп қыспаққа алмай, сайлаушылардың өзіне ерік беру керек. Тұрғындар лайық үміткерді өздері-ақ таңдай алады.

Қорабай ШӘКІРОВ, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы:

алаң1.jpg

- Меніңше, ауыл, аудан әкімдерін жоғары тұрған басшылары тағайындаған дұрыс. Неге дейсіз ғой? Біріншіден, Президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетте тәртіп солай. Кезінде бізді де облыс басшылығы аудан әкімі етіп тағайындаған. Себебі мұндай жағдайда тұтас ауыл, ауданға басшы болар азаматтың білімі, тәжірибесі, қысқасын айтқанда, бұған дейінгі өмір мен еңбек жолы толығымен сараланады. Екіншіден, таңдау еркіндігі белгілі бір аумақ тұрғындарына берілсе, тамыр-танысы, ағайын-туысы көптің аты бәйгеден бірінші келуі мүмкін. Бұл ретте қарым-қабілеті, кәсіби біліктілігі, мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибесі есепке алынбай қалуы ықтимал. Оны биылғы ауыл әкімдерін сайлау аңғартты. «Менің ағама дауыс беріңіз», «Менің әпкемді қолдаңыз» деген мазмұндағы хат-хабар кеңінен таралды. Мұның өзі кейбір азаматтардың әлі күнге дейін ашық әрі әділ сайлауға дайын емес екенін білдіреді. «Сайлауда жеңіске жетсе болды» деген шолақ ой баяғы. Одан соң «Елге қалай еңбек етеді?», «Мемлекеттік бағдарламаларды қалай іске асырады?», «Ауыл шаруашылығын қайтіп дамытады?», «Қордаланған мәселелерді қалай шешеді?» деген сауалдар туындамайтынға ұқсайды. Ал жоғары тұрған басшы тағайындар болса, алдымен осы мәселелерге мән береді. Соған сәйкес үміткерлерді іріктеп, ауданның тізгінін ұстар азаматты белгілейді. Бірақ бұл ретте ескерер маңызды жайт бар: жергілікті жердегі басшыларды тағайындамас бұрын оның кандидатурасын міндетті түрде тұрғындармен талқылап, бұқараның қолдар-қолдамасын анықтап алған жөн. Халықтың батасын алған соң ғана аудан басшысы етіп тағайындауға болады.

 

Беслан УЮКБАЕВ, Ақтоғай аудандық мәслихатының депутаты:

алаң5.jpg

- Биылғы ауылдық округ әкімдерін сайлау тұтастай алғанда жоғары деңгейде өткенмен, бірқатар мәселенің басын ашып берді. Айталық, әкім атанудан үмітті кандидаттар саны өте аз. Әр ауылдық округтен орташа есеппен 2-3 адам ғана ұсынылды. Аудан әкімдерін сайлау барысында алдымен осы жайтқа назар аударған жөн болар. Кандидаттар саны неғұрлым көп болса, бәсекелестік соғұрлым жоғары болады. Ал бәсекелестік бар жерде сапа бар. Сонымен қатар, биыл барлық деңгейдегі мәслихат пен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде әйелдер мен жастарға 30 пайыз көлемінде квота қарастырылғаны белгілі. Соның нәтижесінде белсенді азаматтар қатары айтарлықтай толықты. Сол сияқты аудан әкіміне кандидаттарды ұсыну барысында жастарға көп көңіл бөлінсе екен дейміз. Бүгінде бір ауданға басшы болуға қарым-қабілеті жететін замандастар аз емес. Президенттік жастар кадрлық резерві - соның айқын дәлелі.

Тағы бір мәселе – сайлауға түсетін кандидаттар белсенділігінің төмендігі. Өкінішке қарай, кей кездері үміткерлер үй-үйді аралап, еңбек ұжымдарымен кездесіп, бағдарламасын таныстырумен шектеліп жатады. Яғни, тұрғындармен диалог жоқ. Ауылдықтарды алаң-дататын мәселелерді біліп, оның себеп-салдарын анықтап, шешім жолдарын бірлесе талқылауға селқос қарайтындары тағы бар.

Пилоттық режимде аудан әкімдерін сайлау кезінде осы мәселелерге бірінші кезекте назар аудару қажет.

«Алаңды» үйлестірген – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 1363

Возврат к списку