Аудандар арасы қысқарады

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  40

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  142

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  302

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  321

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  390

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  375

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  399

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  367

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  422

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498

Аудандар арасы қысқарады 17.09.2022

Аудандар арасы қысқарады

Алдағы уақытта Май және Баянауыл аудандарының арасы қысқара түспек. Жаңа «дәліздің» салынуы нәтижесінде елді мекендердің арасы бірден 300 шақырымға қысқарады.

Май ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов жол инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандарды жаңғырту, ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстардың барысымен танысты.

Инфрақұрылым жақсара түсті

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың тұрғындармен тұрақты кездесуі Май ауданында жалғасты. Алдымен аймақ басшысы елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды аралады. Екінші күні аудан орталығында жұртшылықпен жүздесіп, азаматтарды жеке қабылдады. Газетіміздің өткен нөмірінде Әбілқайыр Бақтыбайұлы Май топтық су құбырынан тұтынушыларға берілетін судың сапасына қатысты сын айтып, талдау жұмыстарын жүргізуді тапсырғанын жазған едік. Сондай-ақ, бұл күні Саты ауылының азаматтарымен кездесіп, елді мекенде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесін тексерді. Аймақ басшысы аудандағы жолдарды жөндеуге байланысты қолға алынған ауқымды істерді де пысықтады. 2020 жылдан бастап «Қызыл Октябрь - Жаңа Ақшиман» автожолының 95 шақырымының 52,8 шақырымы жөнделді. Жыл соңына дейін тағы 42,2 шақырым қалыпқа келтіріледі. Сол арқылы Жаңа Ақшиман ауылына жету жеңілдей түседі. Ә.Сқақов осы учаскелерді аяқтау бойынша кешенді жұмыс жүргізуді тапсырды.

- «Ақшиман-Лекер» бағытындағы автомобиль жолының сапалы күрделі жөндеуін қамтамасыз ету керек. Қазіргі уақытта ауданда «Ж.Аймауытов – Ақшиман» автожолын күрделі жөндеу бойынша жоба әзірленуде. Осы жобаның іске асырылуы Май және Баянауыл аудандары арасында жаңа «дәліз» ашуға, сондай-ақ ауылдар арасындағы жолды 300 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді, - деді облыс әкімі. Әбілқайыр Сқақов шалғайда жатқан Ақшиман ауылына арнайы барды. Мұнда 1981 жылы салынған Ақшиман негізгі мектебінің ғимараты биыл күрделі жөндеуден өткен еді. «Мектептерді жаңғырту» бағдарламасы бойынша спорт және мәжіліс залдары, оқу кабинеттері жаңартылып, терезелер ауыстырылды. Сондай-ақ, жаңадан 22 компьютер сатып алынды. Жоба құны - 90 млн теңге. Мектеп директоры Салтанат Егінбаеваның сөзінше, мұндай ауқымды жөндеу мектептің негізі қаланғаннан бері жасалмаған. Жалпы, мектепте 49 оқушы, шағын орталықта 20 бала бар. Ғимараттың екінші және үшінші қабаттарындағы жөндеу жұмыстарынан кейін жылу қосылды. Жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Ақшиман ауылының тұрғындармен кездесті. Олардың сөзінше, жедел жәрдем көлігі әбден ескірген. Тұрғындарды тасымалдайтын шағын атвобус та қажет. Кездесу барысында «Қалмаққырылған» саябағының жобасы талқыланды. Тұрғындарға барлық өтініш-тілектерін жинап, аудан әкіміне жолдау ұсынылды.

- Бірінші кезекте шалғайдағы ауылдарды заманауи жедел жәрдем көлікте-рімен қамтамасыз ету керек. Әлеуметтік маңызға ие маршруттарды субсидиялауға дайынбыз. Дегенмен, автопаркты жаңарту -
тасымалдаушылардың міндеті, - деді аймақ басшысы. Аймақ басшысы жергілікті жылқы шаруашылығымен айналысатын қожалық өкілдерімен кездесіп, олардың өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша ұсыныстарын тыңдады. Айталық, шаруа қожалықтарының басшылары шалғайдағы фермаларды электр желілеріне қосу, бос жерлерді айналымға енгізу сияқты мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, сапары барысында Ә.Сқақов былтыр күрделі жөндеуден өткен Жалтыр орта мектебінде болды. Мектеп директоры Анар Жанығұлованың айтуынша, 1983 жылы салынған ғимарат толығымен жаңғыртылып, мектеп шатыры, терезелері, есіктері ауыстырылып, электр желілері, жылу жүйесі жаңартылды. Облыс әкімі мектептің жаңа жылыту маусымына әзірлігін тексеріп, балалардың жайлы жағдайда білім алуы үшін аталмыш нысанды үзіліссіз жылумен қамтуды мықтап қолға алуды тапсырды. Аймақ басшысы балалармен тілдесіп, өзара пікір алмасты. Бұл ретте өңірімізде іске қосылған «Жаңа мамандықтар атласы» жобасының аясында оқушылар мамандық таңдауға көмектесетін тестілеуден өтіп, әрбіреуінің психологиялық портреті жасалынды. Облыс әкімі бұл іске мектеп түлектерін тартуға шақырды. Олар өз өмірбаянын балаларға әңгімелеу арқылы оқушылардың болашақта өз орнын табуға көмек бере алады. Кеңтүбектегі аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мекте-бінің филиалында шатыр, терезелер, есіктер, еден ауыстырылып, жылу жүйесі ретке келтірілді. Спорт мектебінде 90-ға жуық бала еркін күрес, тоғызқұмалақ және волейболмен айналысады. Биылдан бастап мұнда үстел теннисінен секция ашылды.   Әбілқайыр Сқақов мектептерде үстел теннисін дамытудың маңыздылығын кезекті рет атап өтті.  

- Бұл маңызды әрі әлеуметтік спорт түрін барынша насихаттау керек. Осыған дейін де өңірімізде балаларды тәртіпке баулып, балғын спортшылардың ой-өрісін кеңейтіп, көру қабілетін жетілдіретін үстел теннисін дамыту бойынша тапсырма берген болатынмын, - деді облыс әкімі.

Жетістік бар, дегенмен...

Бұрнағы күні аудандық мәдениет үйінде өткен жұртшылықпен жүздесу барысында бірқатар мәселе талқыланып, тапсырмалар берілді. Жалпы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов соңғы уақытта ауданның жеткен жетістіктері баршылық екенін атап өтті. Айталық, соңғы үш жылда мал шаруашылығындағы өсім көрсеткіші 1,2 есе артты. Сол сияқты жол жөндеу жұмыстарының көлемі екі есе көбейді. Осыдан екі жарым жыл бұрын шамамен 26 шақырым жол жөнделсе, биыл 50 шақырымға жаңа асфальт төселеді. Тұрғын үй құрылысы саласындағы көрсеткіштер де жаман емес. Былтыр аудан бойынша 5 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілсе, биыл 5,3 мың шаршы метр тұрғындар игілігіне тапсырылады. Осы орайда аймақ басшысы Май ауданы түлектері қалыптастырған игі дәстүрді ерекше атап өтті. Мұндағы мектептерде білім алған азаматтар оқу орындарына заманауи кабинеттерді сыйға тартып, өскелең ұрпаққа жақсы тарту жасайды. Өзге аудан-қала түлектері бұл бастамадан үлгі алса, артық болмас.

- Жалпы алғанда, ауданның даму қарқыны жақсы. Әлеуметтік нысандар жаңғыртылып, тұрғын-дардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асуда. Мәселен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елдегі ең төмен жалақы көлемін 70 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырған болатын. Соның нәтижесінде ауданның 400-ден астам тұрғынының айлығы көбейеді. Десе де, шағын ауылдарда әлі де шешілмеген мәселелер бар. Мәселен, ауылдарда дәріхана ашу ісін оң жолға қою керек. Медициналық мекемелердің ішінде төрт дәріханалық пункт ашу бойынша жұмысты аяқтап, шалғайда орналасқан ауыл-дарға көмірді үздіксіз тасымалдауды тапсырамын. Сондай-ақ, бұқаралық спортпен айналысатын тұрғындардың, қосымша білім берумен қамтылған балалардың санын арттыру керек, - деп міндеттерді белгіледі Ә.Сқақов. Айта кетейік, тұрғындармен кездесудің жаңа форматы аясында облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары Май ауданындағы 22 ауылды аралап, жұртшылықтың талап-тілегін білген еді. Соның барысында азаматтардан 63 сұрақ түсті. Оның жетеуі тез арада шешімін тапса, 16 мәселенің түйіні жыл соңына дейін тарқайтын болды. Инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу, әлеуметтік көмек көрсету сынды мәселелер де бақылауға алынды. Мәселен, осы жылдың қараша айында Ақшиман ауылына интернет байланысы орнатылатын болды.

Көмір қымбат болмайды

Кездесу барысында аудан тұрғындары көпті толғандырған қоғамға ортақ өзекті мәселелерді де, жеке басқа қатысты сауалдарды да көтерді. Көктөбе ауылының тұрғыны Ирина Бехтольд аудан орталығындағы Әуезов, Сәтбаев, Бектұров көшелерінің жолдары күз бен көктемнің жаңбырлы күндері батпаққа айналып, тұрғындарға, әсіресе балаларға қолайсыздық тудыратынын айтты. Ауылдық әкімдіктің жөндеу көрмегеніне де бірнеше жылдың жүзі болыпты. Қоғамдық жұмыспен айналысатын адамдарға ғимаратты әктеп, бояу үшін арнайы киімдер, құралдар, тіпті қолғаптар берілмейді. Көктөбе ауылының әкімі Әкімбек Темірғалинов болса, бұдан бейхабар екенін, құралдар алуға қаржының аздық ететінін айтып, ақталды. Ал аудан әкімі Ағыбай Әмірин бюджетті нақтылау кезінде тиісті қаражат бөлінетінін атап өтті. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов ауыл әкімдері халықпен тығыз байланыста болуы тиіс екенін еске салды.

- Жергілікті жердегі осындай ұсақ-түйек мәселелерді шешу үшін міндетті түрде облыс әкімі келуі керек пе? Сонда ауыл, аудан әкімі немен айналысады? Бұған дейін мұндай болмашы сауал қойылмағанына қарағанда тұрғындардың билікке деген сенімі жоқ шығар. Жөндеуге қажет киімдермен, құралдармен қамту үшін бюджетте қаржы қарастырылады. Сондықтан мәселе тез арада шешілсін, - деді Ә.Сқақов. Аудан орталығының тағы бір топ тұрғыны мектептің суық екенін айтты. Сондықтан балалар қыс бойы салқын кабинеттерде оқуға мәжбүр. Бұл жағдай ұстаздар мен қызметкерлерге де қолайсыздық тудырады. Ағыбай Әмірин бұған дейін орталық жылу қазандығынан ғана жылытылып келген білім мекемесіне биыл қосымша екі қазандық қойылғанын атап өтті. Сондықтан алдағы жылыту маусымында қиындық туындамауы тиіс. Көктөбе ауылының азаматтары көмір бағасына қатысты да алаңдаушылық білдірді. Зейнеткер Людмила Козлованың айтуынша, ел арасында «Биыл көмірдің тоннасы 25 мың теңге болады» деген әңгіме желдей есіп жүр. Баға бұлай күрт қымбаттаса, тұрғындардың қатты отын алатын мүмкіндігі болмайды.

- Алаңдауға еш негіз жоқ. Ауданға көмір тасымалдаумен айналысатын 7 кәсіпкермен жасалған келісімнің нәтижесінде қатты отынның бір тоннасының бағасы 18 мың теңгеден аспайтын болды. Аудандағы «Қайнама» көмір кенішімен жасалған меморандумға сәйкес, жергілікті отын аудан тұтынушыларына 13-14 мың теңгеден жеткізіледі. Өзімізде өндірілетін бұл көмірдің қызуы жақсы. Сол сияқты аталмыш кәсіпорын 250 тонна қысқы отынды тегін беретін болды. Соның есебінен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 48 отбасының әрқайсысына 3-4 тонна көмір тегін беріледі, - деді А.Әмірин. Өткен жылы «Еңбек» бағдар-ламасы бойынша оңтүстіктен қоныс аударған Эльмира Ахметова да үйдің суық екенін айтты. Былтыр қыста 10 тонна көмір жақса, күз басталғалы баспанасын жылыту үшін күніне 3 шелек көмір салады. Қабырғалар сөгіліп, төбеден су ағады. Қалдық су құйылатын екі үйге ортақ шұңқырдың апта сайын толып қалатыны тағы бар. Аудан басшысы бұл мәселе бір ай дересінде шешімін табарына уәде берді.

- Оңтүстік өңірлерден қоныс аударушыларға 10 үй салған мердігердің жұмысы сапасыз болып шықты. Бұл мердігер баспаналарды ретке келтіруге міндетті. Алайда соттың шешімін де орындамай отыр. Соған қарамастан, аудан әкімдігі өз күшімен төрт үйді жөндеді. Тағы төрт үй қазан айының ортасына дейін жөндеуден өтеді, - деп жауап берді аудан басшысы.

Сапасыз су сергелдеңге салды

Көктөбе, Саты ауылдарының тұрғындары ауызсудың сапасына қатысты шағым білдірді. Айтуларынша, топтық су құбыры қосылғалы денсаулықтары сыр бере бастады. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов судың сапасын тексеруге қатысты нақты тапсырма берілгенін еске салды. Соның нәтижесі бойынша жұмыстар атқарылатын болады. Ал Малайсары ауылының азаматтары Кемертұздың болашағына алаңдаушылық білдірді. Себебі инвесторлар бұл жердің балшығын өңдеуге кіріспек. Жазғы маусымда 10 мың тонна саз алуға ниетті. Алайда бұған жергілікті жұртшылық қарсы.

- Кемертұзға еліміздің әр өңірі мен облыстың аудан-қалаларынан ем алуға келетіндердің қарасы көп. Сол жерде бас дәрігер қабылдап, кеңесін де береді. Егер инвестор бұл орынды бизнеске айналдырса, су тартылып қалып, табиғатқа қауіп төнеді, - дейді ауыл азаматы Балтабай Жетібаев. Әбілқайыр Сқақов бұған дейінгі қоғамдық тыңдау кезінде жұртшылық жобаның іске асуына қарсы болғандықтан, бастама жүзеге аспағанын атап өтті.

- Мұндай инвестициялық жобалар тек көпшіліктің мақұлдауынан өткен соң орындала бастайды. Тұрғындардың пікірі міндетті түрде ескеріледі, - деді Ә.Сқақов. Кездесу барысында қандастар мен оңтүстік өңірлерден қоныс аударған азаматтар жеңілдетілген несие беру, баспанамен және жұмыспен қамту мәселелерін көтерді. Олардың қатарында оңтүстіктен Успен ауданына көшіп, бірақ жергілікті әкімдіктен қолдау таппаған 7 отбасы бар. Олар облыс әкімі Ә.Сқақовтың көктемде Успен ауданы азаматтарымен кездесуі кезінде қолдау көрсетуді сұраған болатын. Кейін Май ауданына қоныс аударып, тұрғын үймен қамтылды. Енді егін салып, мал шаруашылығымен айналысу үшін пайыздық мөлшерлемесі төмен несие берілсе екен дейді. Құзырлы басқарма басшылары бағдарлама талаптарын түсіндіріп, бұл мәселелер бойынша кеңес берді. Аудан тұрғыны Қайыржан Ахметұлы бір кездері жабылып қалған туберкулезге шалдыққан балаларды емдеп, тәрбиелейтін балабақша жұмысын қайта жаңғыртуды сұрады. Бірақ оған еш негіз жоқ екен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтің сөзінше, ауданда 11 бала мен ересек адамнан аталмыш сырқат белгілері байқалды. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетіледі. Бұл ретте аудан азаматтары дәрігерлердің тапшылығы барын бүгіп қалмады. Сондай-ақ, Семей полигонынан зардап шеккен аймақ ретінде бірқатар жеңілдіктер қарастырылған арнайы бағдарлама дайындауды ұсынды. Аталған бастамалар кейін толығымен сараланып, қаралатын боп келісілді. Аймақ басшысының тұрғындар-мен кездесуі барысында көтерілген негізгі мәселелер – осы. Олардың әрқайсысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, жеке бақылауға алынды. Ал кездесуден соң облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА,

Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

 


Количество показов: 491

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  40

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  41

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  142

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  115

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  327

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  313

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  302

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  321

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  295

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  390

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  399

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  375

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  399

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  367

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  422

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  501

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  546

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498