Қауіпсіздікке кім жауапты?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты? 27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?

Өңірдегі кәсіпкерлік нысандары «Ashyq» жүйесі арқылы жұмыс істеуде. Сауда нүктелеріне тек «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана кіргізіледі. Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынған жаңашылдық тұрғындар үшін жайсыздық тудыруда. Себебі ірі сауда орталықтарында кіруге және шығуға арналған есіктердің бір-екеуі ғана жұмыс істейді. Басқасы жабық. Бұл өзгеріс төтенше жағдай кезінде қайғылы фактілерге де алып келуі мүмкін.

Редакциямызға хабарласқан қала тұрғыны Айнұр Сәкенова Павлодардағы «Артур» сауда үйінен шығатын есік іздеп, көп уақытын жоғалтқанын айтады.

- «Артур» сауда орталығына жексенбі күні аяқ киім алуға барған едім. Керек етікті таңдаған соң, сыртқа шығуда қиналдым. Айналып, есік іздедім. Тек бір есік қана жұмыс істейді екен. Күзетші сол арқылы кіріп-шыққан адамдардың мәртебесін тексереді. Жалғыз мен ғана емес, сауда орнына келушілердің барлығы әбігерге түсті. Ірі сауда орталығында есіктердің жабық болуы қисынсыз. Керісінше барлық есікте күзетші тұрсын. Бұл келеңсіздік төтенше жағдай туындай қалса, опық жегізуі мүмкін. Ресейдің Кемеров қаласындағы қайғылы оқиға біздің кәсіпкерлерге сабақ болуы тиіс деп ойлаймын. Адамдар сауда орталығынан ашық есік таппай, қаза тапқан еді. Сондықтан осы мәселеге де көңіл бөлген жөн, - дейді А.Сәкенова. Бұл жағдай әлеуметтік желіде де қызу талқыға түсуде. Жұртшылық Ashyq жүйесінде енгізілген соңғы өзгеріс жүріп-тұруда қиындық тудырғанын жарыса жазуда. Павлодар қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Ренат Валишанов ғаламтор бетіндегі тұрғындардың пікірін ескеріп, «Артур» сауда орталығына тексеру жүргізгенін айтады.

- «Инстаграм» парақшасында «Артур» сауда үйіне қатысты шағым көп болды. Желі қолданушыларының сөзін ескеріп, тексеру жүргіздік. Факті расталды. Эвакуацияға арналған және қосымша есіктердің бәрі жабық болды. Ashyq жүйесін бақылау үшін санаулы есіктер ғана жұмыс істеп тұрды. Осыған байланысты сауда орнына қатысты хаттама толтырылды. Өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес, жұмыс күндері кәсіпкерлік нысандарындағы қосалқы есіктер кілтке жабылмауы тиіс. Яғни, кез келген адам оны аша алуы керек. Осы ретте басқарма тарапынан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хат жолдаған едік. Департамент басшылығы Ashyq жүйесіне қатысты енгізілген шара сауда орындарындағы барлық есіктің жабылуына жол бермеуі керектігін айтты. Яғни, қосалқы есіктер де келушілер үшін ашық болуы тиіс. Жалпы мұндай келеңсіздік тек «Артурда» ғана емес, «Квазар», «Арман» сауда орындарында да бар. Аталған нысандардың эвакуцияға арналған есіктерінің жабық екендігі жөнінде де қоңырау жиі түседі, - дейді Р.Валишанов. Ренат Валишановтың сөзіне сүйенсек, ҚР Президенті Қасым–Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлік объекті-лерін тексеруге мараторий жарияланған. Осыған байланысты басқарма әзірге сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігі ережесін бақылау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізе алмайды. Тек белгілі бір нысанға қатысты тұрғындардан шағым түскенде ғана оқиға орнына бара алады. Оның өзінде тексеру үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің келісімін алуы тиіс екен. Сондықтан қолдары байлаулы екенін жасырмады.

- Мұндай мәселе тек Павлодар облысында ғана емес, еліміздің барлық өңірінде бары ақиқат. Төтенше жағдай басқармасы мәселені бақылауға алуы тиіс. Алайда мораторийдың жарияла-
нуына байланысты қолымыз байлаулы. Әрбір нысанның әкімшілігі қауіпсіздік ереже-сіне өздері жауап беруі тиіс. Төтенше жағдайдың орын алуына жол бермеуі керек. Оқыс оқиға тіркелсе, жауапкершілікті өздері арқалайды, - дейді Р.Валишанов.

     Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 565

Возврат к списку