Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме? 02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?

Мал шаруашылығын дамыту үшін ветеринарлық жұмыстардың жүйелі жүргізілгені абзал. Жасыратыны жоқ, елімізде
бұл бағыттағы шаралар көп жағдайда егу ісінің айналасынан әрі аспайды. Бұл ретте, жыл басында облыстың ветери-
нарлық даму жоспары әзірленіп, жаңашылдықтар орын алады деп күтілген-ді. Қандай шаруалар тындырылуда?

 

Маман тапшы

 

Былтыр жыл соңында Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданған болатын. Оған сәйкес, ендігі жерде ветеринариялық паспорттар электрондық түрде беріліп, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар бақылау және қадағалау жүргізу кезінде техникалық құралдарды пайдалану құқығына ие болмақ. Бұл бағыттағы шаралар аймағы-мызда да жүзеге асуда. Дей тұрғанмен, Павлодар облы-сының ветеринария саласында мәселе шаш-етектен. Кейбір аудандарда ветеринарлық бекеттер мен мал қорымдарының жағдайы мәз емес. Мәселен, Железин ауданында соңғы үш жылда 3 типтік мал қорымы ғана пайдалануға берілген. Шарбақты ауданындағы 29 мал қорымының 28-і тиісті стандарттарға сәйкес келмейді. Барлық аудандарға ортақ мәселе – ауру мал дер кезінде санитарлық сою орындарына жеткізілмейді. Кадр мәселесі де өзекті. Бүгінде 30-ға жуық ветеринар маманның орны бос тұр. Аймағымызда жоғары білімі бар мал дәрігерлері жоқтың қасы. Ветеринарлық дәрігердің орташа жалақы мөлшері 42-80 мың теңгеге тең. Салдарынан қолында ауыл шаруашылығы дипломы бар жастар өзге салада еңбектенуде. Қазірдің өзінде ветстанцияларда 30-ға жуық маман тапшы. Жалақыны көтеру үшін басқармаға қарайтын 13 мекемені оңтайландыру көзделуде. Нәтижесінде 32 миллион теңге үнемделмек. Бұдан бөлек, аудандарда инсинератор құралдары жеткіліксіз. Бүгінде облыс аумағында 249 мал қорымы, 22 инсинератор тіркелген. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қайыржан Байжановтың айтуынша, облыстың ветеринарлық даму жоспары шеңберінде олқылықтардың орнын толтыру көзделуде.

- Былтыр барлық стандартқа сай мал қорымының типтік жобасы дайындалды. Пилоттық жобаны Май ауданында іске асырып көрмекпіз. Стандартқа сай, шұңқырдың тереңдігі 10 метрден кем болмауы тиіс. Ал кейбір аудандардың топырағы ылғалды, яғни, су таяз жерден шығады. Осы сияқты ерекшеліктерді ескеріп, мал қорымын әр ауданның климаттық жағдайына қарай орнатпақпыз. Жоба құны 20 миллион теңгеге бағалануда. Дамыту жоспарына сәйкес, облыс бойынша 14 ветеринарлық бекет орнату жоспарлануда, - дейді Қ.Байжанов. Естеріңізде болса, бұған дейін салынып келген бекеттердің құны тым қымбатқа түсетіні айтылып, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов тиімді жағын іздестіруді тапсырған болатын. Алдағы уақытта салынатын бекеттер жылжымалы, яғни блок-модуль ретінде қолданылатын болады. Оның басым бөлігі Баянауыл ауданында салынады деп күтілуде. Белгілі болғандай, былтыр облыста ветеринарлық жұмыстарды жүргізу үшін 714,3 миллион теңге қаражат бөлінген. Биыл да сол көлемде қаржы жұмсалуда. Ережеге сәйкес, 10 ауру түріне қарсы екпе шаралары қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын табуда. Нәтижесінде аймағымызда эпизоотиялық ахуал тұрақты, дейді мамандар.

 

Өнім сапасы – басты назарда

 

Азық-түлік қауіпсіздігін бақылау - маңызды шаруа. Содан болар, қазір кез келген мемлекет сырттан ішкі нарыққа жол тартатын өнімдердің сапасын жіті қадағалап, арнайы талаптарды да ойлап тапқан. Мұны өз тауарларын экспорттап жүрген павлодарлықтар жақсы біледі. Жыл басынан бері павлодарлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 5100 тоннадан астам өнімді экспорттаған. Тұтынушылардың қатарында Біріккен Араб Әмірліктері де бар. Ондағылар қой етіне қызығушылық танытып отыр. Павлодарлық кәсіпкерлер негізінен Ресей және Өзбекстан нарығын жаулауға асық екен. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашид Нұрбековтің айтуынша, жыл басынан бері шекаралас аумақтағы кедендік бекеттерде азық-түлік тасымалдаған 2 мыңға жуық жүк көлігі тексерілді. Ережеге қайшы келетін жайттар аз анықталмапты. Көбі «Меркурий» жүйесінде тіркелмеген. Тауар тасымалдау бойынша талаптардың орындалмауы да жиі кездеседі. Төрт-түлік ауруына келсек, жыл басынан бері облыс аумағында құтырманың 15 оқиғасы тіркеліпті. Оның 3 ошағы Железин ауданында, екеуі Баянауыл ауданында. Ауруды таратушылар – жабайы аңдар. Айтпақшы, былтыр өңірде тіркелген құс тұмауына «кінәлілер» де жабайы құстар болатын. Бұл ретте, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының мамандары шекаралас аймақтағы су тоғандарын тексеріп, жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын айтады.

 

 


Количество показов: 705

Возврат к списку