Ауыл абаттанса, халық қанаттанады

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  273

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  260

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  264

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  260

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  270

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  257

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  296

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  298

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  293

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  319

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  308

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  320

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  306

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  334

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  333

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  430

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  391

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  394

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  475

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  486

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  417

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  477

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  464

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  422

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  478

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  425

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  656

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  554

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  568

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  546

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  552

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  543

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  486

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  541

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  570

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  670

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  592

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  664

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  658

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  655

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  641

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  670

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  639

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  726

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  768

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  764

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  721

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  712

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  727

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  743

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  932

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  959

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  845

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  728

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  822

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  740

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  790

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1015

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1009

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  963

Ауыл абаттанса,  халық қанаттанады 18.08.2022

Ауыл абаттанса, халық қанаттанады

Жыл өткен сайын Павлодар ауданының әлеуеті артып, келешегі кемелдене түсуде. Әлеуметтік маңызы бар жұмыстардың ауқымды түрде атқарылуы аудан экономикасына айтарлықтай серпін беретіні ақиқат. Облыс орталығының іргесінде орналасқан аталмыш ауданның малға да, жанға да жайлы екендігі мәлім. Табиғаты шаруашылықтың қай түріне болсын қолайлы бұл мекеннің халқы да еңбекке етене жақын. Осы тұста аудан әкімі Ержан Имансляммен хабарласып, ел игілігі үшін елді мекендерде бірталай игі істер атқарылғанын білдік.

 

- Мемлекет басшысының «Орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларының халықпен кездесулер өткізу туралы» Жарлығына сәйкес қазір әкім мен халықтың кездесулері «жүзбе-жүз, ашық тілдесу» түрінде өтуі тиіс. Жаңа формат азаматтармен кері байланыс орнатты ма?

- «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында біз аудан тұрғындарынан проблемалық мәселелерді жинау үшін тұрақты кері байланыс орнаттық. Біздің қатысуымызбен ауылдық округ әкімдерінің ауыл тұрғындарына есеп беру барысында тұрғындармен көтерілген мәселелер қарастырылды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында халықпен жұмыс жүргізу шеңберінде барлығы 629 азаматтардың өтініштері қаралды. Оның ішінде 266-сы қанағаттандырылды, 315 өтініш иелеріне түсініктеме берілді. Сондай-ақ, 16-сы құзыреті бойынша қайта жолданып, 18 өтініш орындалуда. Тұрғындарды мазалайтын мәселелердің негізгісі жер және жерді пайдалану, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері өзекті болып қала беруде. Ең көп өтініштер саны Чернорецк, Заря және Рождественка ауылдық округтерінің тұрғындарынан келіп түсті. Негізінен, мұндай өтініштер мен шағым-тілектер елді мекендегі нақты проблемаларды шешуге үлкен мүмкіндік береді. Аудан игілігі үшін жергілікті тұрғындармен бірлесе атқарар жемісті жұмысымызға сенімдімін.

- Еліміздегі экономиканың басты драйвері шағын және орта бизнес болып табылады. Бұл ретте аудандағы өнеркәсіп өндірісі туралы не дейсіз?

- Ағымдағы жылдың алты айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2 639,4 млн теңгені құрады. Ауданның экономикасы мен әлеуметтік саласы дамуының негізгі көрсеткіштері, кейбір саланы қоспағанда, өткен жылдың деңгейінен асып түседі. Тек «Зерноград» ЖШС-нде дайын өнім өндірісінің азаюы себебінен көрсеткіштің төмендеуі болды. Сондай-ақ, тау-кен өнеркәсібі мен сумен жабдықтау өндірісі төмендеді. Ал ауыл шаруашылығында 1 жартыжылдықта жалпы өнім шығару 13 709,7 млн теңгені құраса, бөлшек сауда көлемі – 1658,5 млн теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9149,6 млн теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 2,8 пайызға артты. Оның ішінде жеке инвестициялар - 9069,2 млн теңге шамасында.

Ағымдағы жылы аудан кәсіпкерлерімен 12,5 млрд теңгеден астам сомаға 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 2 жоба 2020 жылдан басталған өтпелі жобалар болып табылады. Атап айтсақ, «Рубиком» ЖШС Мичурин ауылында қуаттылығы 1200 бас мегежін шошқа кешенінің 2, 3 және 4-кезеңін салуда. Бұл мақсатта 4500 млн теңге қаражат бөлінді. Сондай-ақ, Шақат ауылында күркетауық өсіретін «TurkeyPVL» ЖШС құс фабрикасының 5 құс қорасын салуда. Бұдан бөлек, «Андас» ШҚ 8000 тоннаға арналған астық қоймасының құрылысын бастап кетті. «Аgrо-Trade PV» ЖШС Кеңес ауылдық округінде 1634 гектар суармалы алқаптарды іске қосуда. Сонымен қатар, аталмыш кәсіпорын бүгінгі таңда 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салуда. «Андас-Агро» ЖШС Набережное ауылында 1100 басқа арналған тауарлы сүт фермасының құрылысын бастаса, Заря ауылында «Alif PV» ЖШС 600 басқа арналған тауарлы сүт фермасының құрылысын жүргізуде. Бүгінгі таңда 2 жобаның пайдалануға беру актісі бар. Олар «Рубиком» ЖШС және «Аgrо-Trade PV» ЖШС-нің жобалары. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында аудан кәсіпкерлері 1072,02 млн теңге сомасына 46 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.

- Жыл сайын елді мекендерде халық қажеттілігін өтейтін нысандардың бой көтеріп, ел мүддесіне жұмыс жасап жатқандығы қуантады. Осы орайда аудан көлемінде қандай құрылыс жұмыстары жүргізілгендігін бағамдап өтсек...

- Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда, құрылыс жұмыстары көлемінің көрсеткіші төмендеп, 3062,4 млн теңгені құрады. Құрылыс жұмыстары көлемінің жарты жылдық көрсеткішінің төмендеуі шағын кәсіпорындардың құрылыс-монтаж жұмыс-тарына келісімшарттарының ұзартылуына және олар бойынша статистикалық есептіліктің болмауына байланысты. Ағымдағы жылдың алты айында 2522 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ұзындығы 3,5 шақырым аудандық маңызы бар автожолға орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда. Атап айтсақ, Коряковка ауылына кіре-беріс жол мен Сычевка ауылына кіреберіс жол жөнделмек. Бұдан бөлек, аудандық бюджеттен 85,7 млн теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 2,8 шақырым болатын Ефремовка, Ольгинка, Үміт апа және Новочерноярка ауылдарының ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қаратоғай және Жаңа қала ауылдарының кірме жолдарын жөндеуге жалпы сомасы 97,5 млн теңгеге сметалық құжаттама дайындалды. Жұмыстар 2023 жылға жоспарланған. Новочерноярка ауылының көппә-терлі тұрғын үйлерінде 8,2 млн теңгеге 6 пәтерге жөндеу жүргізілді. «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша кезекте тұрғандарға 3 пәтер және «Халықтың әлеуметтік осал топтары, мүгедек балалары бар және оларды тәрбиелеп отырған отбасылар» санаты бойынша 1 пәтер берілді. Ал қалған 2 пәтер ауылға келген денсаулық сақтау мамандарына тапсырылды. Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Кемеңгер ауылындағы су құбырын қайта жөндеу жұмыстары аяқталуда. Богдановка ауылында су құбыры құрылысына 490,0 млн теңге сомасында қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта конкурстық жұмыстар жүріп жатыр.

- Әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы қалай жүруде? Мектептер жаңа оқу жылына дайын ба?

- «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы Набережное және Шақат ауылдарындағы кентішілік жолдарды, мәдениет нысандары мен мектептерді жөндеу бойынша жобалар іске асырылуда. Атап айтсақ,
Набережное ауылында жалпы сомасы 279,2 млн теңгеге 4 жоба іске асырылмақ. Аталған елді мекендегі мәдениет үйі
115,5 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Құрылыс-монтаж жұмыстарына «КазЕвроСтрой» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Сондай-ақ, 45,2 млн теңгеге №2 Чернорецк орта жалпы білім беру мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. «Экостройсервис ПВ» ЖШС терезе блоктарын ауыстыру, жылыту жүйесі мен едендерді жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа, Шақат ауылында жалпы сомасы 229,7 млн теңгеге 4 жоба іске асырылуда. Мәселен, бұл ауылда клуб ғимараты 47,2 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтті. «As-SK» ЖШС-мен электр сымдарын ауыстыру, шатырды жөндеу, едендерді тарту және жабу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда ғимараттың қасбетін жөндеу және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 61,4 млн теңгеге Шақат жалпы орта білім беру мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Аудандық білім беру жүйесінде 26 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде 15 орта, 6 негізгі және 5 бастауыш оқу орны. Аудан мектептерінде 4104 бала оқиды. Педагогтар саны 883 адамды құрайды. Оның ішінде мұғалімдер - 670 адам. Аудан мектептерін интернет желісіне қосу 100 пайызға орындалған. Сондай-ақ, «Мектептерді жаңғырту» бағдарламасы аясында ауданда қосымша 2 жоба қарастырылған. 19,9 млн теңгеге Рождественка жалпы орта білім беру мектебі және Кеңес негізгі орта білім беру мектебі жөндеуден өтпек. Жаңа модификациялы 5 кабинетті сатып алуға жалпы 30 млн теңге бөлінді. Олар Кемеңгер, №2 Чернорецк ЖОМ, Рождественка, Ольгинка және Кеңес ауылдық округтеріндегі мектептерде орнатылады. Онымен қоса, 6,5 млн теңге сомасына аудандағы мектептердегі асханаға жиһаз сатып алуға, 7,1 млн теңгеге 11 мектептің кітапханаларына жиһаз жасауға және 2,7 млн теңгеге 11 мектептің кітапханаларына компьютерлік техника сатып алуға қаражат бөлінді. 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына көмір тасымалдау мен сатып алудың жалпы сомасы 59,9 млн теңгені құрайды. Оның ішінде 6 мектепте 11 қазандық сатып алуға 18,3 млн теңге сомасында қаражат ескерілді. Сондай-ақ, ауданның 26 мектебінде ағымдағы жөндеуге 10,1 млн теңге қаражат қарастырылған.

- Ауданда кадр тапшылығы бар ма? Жас мамандарды жұмыспен қамту қалай жүзеге асуда?

- «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі. Ағымдағы жылдың бірінші жарты-жылдығында 32 жас маманға 9,9 млн теңге сомасына көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Сонымен қатар, 31 маманға жалпы сомасы 142,8 млн теңгеге бюджеттік кредиттер беру жоспарлануда. Бірінші жартыжылдықта 17 маманға 78,1 млн теңге несие төленді. Екінші жартыжылдықта 14 маманға 64,7 млн теңге төлеу жоспарлануда. Жас мамандардан бөлек, азаматтарды белсенді әлеуметтік қолдау жалғасуда. Атаулы әлеуметтік көмек негізінде 65 отбасына 12,6 млн теңгеге қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында ауданда 6 айда 155 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту шараларымен 437 адам қамтылды. Оның ішінде қоғамдық жұмыстарға - 100 адам, бірінші жұмыс орнына - 4 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 30 адам, жастар практикасына 13 түлек жіберілді. Онымен қоса, тұрақты жұмыс орындарына 290 адам орналастырылды. Бүгінгі таңда аудан бойынша жұмыссыз ретінде есепте тұрған 232 адам бар.

- Ақпаратыңызға рахмет.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

 


Количество показов: 839

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  273

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  260

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  264

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  260

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  270

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  257

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  296

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  298

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  293

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  319

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  308

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  320

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  306

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  334

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  333

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  430

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  391

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  394

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  475

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  486

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  417

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  477

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  464

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  422

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  478

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  425

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  656

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  554

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  568

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  546

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  552

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  543

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  486

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  541

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  570

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  670

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  592

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  664

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  658

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  655

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  641

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  670

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  639

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  726

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  768

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  764

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  721

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  712

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  727

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  743

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  932

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  959

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  845

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  728

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  822

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  740

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  790

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1015

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1009

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  963