Ауыл – елдің алтын бесігі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Ауыл – елдің алтын бесігі 14.10.2021

Ауыл – елдің алтын бесігі

Бүгінде елді мекендерді дамыту ісі үздіксіз қолға алынып жатыр. Дегенмен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, сапалы білім мен мәдениет салаларына
қатысты күрмеуі шешілмей тұрған жайттар баршылық. Жуырда Май ауданының орталығы - Көктөбе ауылының тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан едік.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Болашақ чемпиондар ауылдан шығады

 

- Аудан бойынша 14 мәдениет үйі бар. Бүгінде бұларда әдіскер мамандар ғана қалып отыр. Осы тұста ауылдық жерде мәдениет саласында қызмет етіп жүрген қызметкерлер назардан тыс қалмаса екен. Әсіресе, креативті жастардың келуіне мүмкіндік жасау керек. Жақында ауданымызға «Еңбек» бағдарламасы аясында хор дирижері келмек. Оған қоса, орталықтағы халық театры ұжымын дамыту бағытында қойылым қою, әртістер шақыру сынды жұмыстар жүргізілуде, - деп әңгімеледі Май аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы С.Солтанов. Оған қоса, өнерпаздардың құрал-жабдықтары ескіргенін айтып, мәдениет саласын көтеру үшін әсіресе, жас мамандарға заманауи мүмкіндіктің жасалуы тиістігін атап өтті. Басшының айтуынша, мәдениет үйлеріндегі қазандықтың көпшілігі ғимарат ішінде орналасқан. Қауіпсіздік шарасын ескере отырып, толықтай жөндеу жұмыстары келер жылы жүргізілмек. Сонымен қатар, ол демеуші азаматтардың ықпалымен Малайсары ауылында шағын футбол алаңы ашылғандығын айтты.

- Аудан халқының 32,5%-ы спортта белсенді. Спортқа тарту мақсатында мемлекеттік қызметшілер, жеке кәсіпкер мен ұйым басшыларының қатысуымен түрлі сайыстар ұйымдастырылады. Жастардың тенниске қызығушылығын арттыру үшін «Аула» клубы өз жұмысын бастады. Аталмыш теннис клубына шалғай жатқан ауылдық жерлерден келуші жасөспірімдер мен жастардың саны көп, - дейді С.Солтанов. Сонымен қатар, жақында ұлттық спортты насихаттау үшін құмай тазылар сайысы өткендігін айтты. Мұндағы негізгі мақсат – тазы ит тұқымын көбейту болып отыр. Себебі, аудан бойынша жалпы саны 8 тазы ит бар. Бұл – өте аз көрсеткіш. Қазіргі уақытта Көктөбе ауылында балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен аға жаттықтырушы Серік Сыздықовтың отыздан аса шәкірттері бар. Ал көршілес Кеңтүбек ауылында еркін күрес бойынша жиырмадан астам оқушыны спортқа баулуда.

- Оқушыларымның жетістіктері жаман емес. Кіші топпен аптасына 5 мәрте, ал ересек топта 6 күн дайындық жүреді. Жаттығулар өз жемісін беріп келеді. Спорт мектебі тарапынан қажетті жабдықтар жыл сайын жаңартылып отырады. Жарыстарға да қаржы бөлінеді, - дейді С.Сыздықов. Оның айтуынша, әзірге айтарлықтай мәселе жоқ. Алдағы уақытта Ақсу қаласында өтетін сайысқа дайындық қызу екендігін, Майдан Шәди, Ерасыл Айтмұхамбет сынды шәкірттерінен мықты спортшы шығатындығына сенімді екенін жеткізді.

Өнер мектебінде кадр тапшы

 

Жарты ғасырлық тарихы бар Байғабыл Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебінде оқушылар музыка, хореография және көркемсурет бөлімдерінің алты бағыты бойынша білім алады. Музыкалық бөлімнің домбыра, қобыз, фортепиано мен вокал, сонымен қатар хореография және көркемсурет бөлімдері сыныптарында жалпы саны 160 оқушы оқиды. Халық аспаптар оркестрі, «Жас өрен» фольклорлық және домбыра ансамблі, «Шұғыла» би ұжымы, оқушылар хоры шығармашылық топтары жұмыс істейді. Бұл туралы Б.Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебінің басшысы Төлбастар Сайырханұлы баяндады.

- Мектепте 18 педагог дарынды балаларды дамыту бағытында тынғылықты еңбек етуде. Соның нәтижесінде өткен оқу жылында талантты оқушыларымыз Павлодар, Қарағанды, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, көршілес Ресейде өткен байқауларға қатысты. 59 оқушы жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен марапатталды. Қазіргі таңда халық аспаптар оркестрі мен жеке орындаушы домбырашыларды облыстық музыка және өнер мектептері арасында өтетін жас музыканттардың конкурсына дайындау жүріп жатыр, - дейді Т.Сайырханұлы. Басшының айтуынша, биылғы жылы қосымша білім беруге көңіл бөлінуде. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін өнер мектебінде маман тапшылығы мәселесін шешу қажет. Сол себепті, ауылға келуге ниетті жас мамандарға жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Көктөбе ауылына «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы арқылы қызмет етемін деп келген жас маманның бірі – Нұржан Олжабай. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шабыт» өнер университетінің домбыра мамандығын тәмамдаған ол, аудан орталығындағы өнер мектебінде үшінші жыл табысты қызмет етуде.

- Ауылдың көркейіп, дамуына ықпал жасау – әр азаматтың міндеті. Сол себепті, оқуды аяқтаған соң, туған жерге оралып, қызмет атқарамын деп шешім қабылдадым. Бұл шешімге еш өкінген емеспін. Керісінше, домбыра сыныбында «ұстаздан шәкірт озар» оқушыларым көп болғанын қалаймын. Қазіргі таңда үйірмеге қатысушы 15 оқушыға бар білгенімді үйретудемін, - деді Н.Олжабай. Нұржан келешек ұрпақтың білім мен өнерге деген ұмтылысы жоғары екенін айтады. Осы орайда ол жастарды ауылға қызмет етуге шақырды.

 

Құрылыс аяқталуда

 

Аудан бойынша ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында кезекте тұрған тұрғындар үшін үй салынуда. Жиырма пәтер салуға 168 млн қаражат бөлінді. Олардың ішінде әлеуметтік тұрмысы осал топтарға арналған 15 пәтер, аз қамтылған әрі көпбалалы отбасылар үшін 5 пәтер қолданысқа берілетін болады. Қазіргі таңда аудандық бюджеттен тағы 5 пәтердің сыртқы жағдайын қалыпқа келтіру үшін қосымша 500 мың теңге ақша бөлінгелі жатыр. Бұл туралы Май ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің бас маманы Әділет Қадыров мәлімдеді.

- Бүгінгі таңда құрылысты салушы мамандар тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауда. Жер учаскелеріне құжаттар рәсімделді. Алдағы уақытта конкурстық негізде тұрғын үйлер иелеріне табысталатын болады. Бұл қазан айының соңына жоспарланып отыр, - деді Ә.Қадыров. Маманның сөзінше, келер жылы екі және төрт пәтерлі үйлердің құрылысы жоспарланып отыр. Бюджеттік өтінім бойынша үй кезегінде тұрған адамдар үшін салалық басқармаға берілді.

Май ауданы.

 

 


Количество показов: 555

Возврат к списку