Ауылдардың берекесін қалай арттырамыз?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ән айтылып, күй төгілген күн
04.12.2021

Қолма-қол ақшаға қайтып ораламыз ба?
04.12.2021

Ахуал тұрақты
04.12.2021

Әділдік жолында
04.12.2021

Қысқы кезеңге дайынбыз!
04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!
04.12.2021

Полицей болу оңай ма?
04.12.2021

Бір оператор қалуы тиіс
04.12.2021

Қауіпсіз қозғалыс қадамдары
04.12.2021

Дүбірлі айтыс басталды
04.12.2021

Ерікті болу - жүрек қалауы
04.12.2021

Сарыарқа самалы, 4 желтоқсан, сенбі
04.12.2021

Тарих тұлпарының қос тізгіні
02.12.2021

Нұрлы ғұмыр
02.12.2021

Бокстың болашағы зор
02.12.2021

Футболды бюджет есебінен қаржыландыру дұрыс па?
02.12.2021

Ауру мал аулаңыздан аулақ жүр ме?
02.12.2021

Жас ғалымдар табанды болуы керек
02.12.2021

Жаңарған оқу ордасы
02.12.2021

Тіл мәртебесі - ел мерейі
02.12.2021

Дауды шешудің баламалы жолы
02.12.2021

Баланы күтіп-бағу – ата-ананың міндеті
02.12.2021

Ел тірегі - Елбасы
02.12.2021

Партия қатары толықты
02.12.2021

«Ainalaiyn»-ның авторларына алғыс!
02.12.2021

Індетті жеңудің жалғыз жолы
02.12.2021

Сәукеленің сәні бөлек
02.12.2021

Сарыарқа самалы, 2 желтоқсан, бейсенбі
02.12.2021

«Мемлекет мерейі - жастар қолында»
30.11.2021

Жетістікке бастаған жеңілдік
30.11.2021

Әр салада серпін бар
30.11.2021

Жүкті әйелдер жиі ауырады
30.11.2021

Бағаны негізсіз өсірген
30.11.2021

«Алыстағы ағайынға ақ тілек»
30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»
30.11.2021

Теміртаудағы Елбасы мұражайы
30.11.2021

Сарыарқа самалы, 30 қараша, сейсенбі
30.11.2021

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

Ауылдардың берекесін қалай арттырамыз? 29.07.2021

Ауылдардың берекесін қалай арттырамыз?

Елімізде маңызды саяси науқан – ауыл әкімдерінің сайлауы аяқталды. Жаңа әкімдер өз міндетіне кірісуде. Тұрғындардың сеніміне селкеу түсірмеу үшін үгіт-насихат кезеңінде халыққа уәде етілген шаруаларды осы бастан-ақ мықтап қолға алу маңызды. Әкімдер қандай басым бағыт-тарды назарда ұстауы тиіс? Жұрт дегенде жүгініп қызмет қылу үшін басшыларға қандай қасиет тән болуы керек? «Алаңда» осы тақырыпты талқыға салдық.

 

Набиев.JPG

Нұрлан НӘБИЕВ, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы:

- Ауылдағы әлеуметтік мәселелер күн тәртібінен түспек емес. Ендігі жерде әкімдер өзін сайлаған тұрғындардың пікіріне құлақ асып, ірі жобаларды қолға алғаны жөн. Соңғы жылдардағы жаңашылдыққа сәйкес, қазір ауыл әкімдерінің қолында өз қаражаты бар. Яғни, төртінші деңгейлі бюджеттің қаржысын мақсатты пайдалануға болады. Қала берді, кез келген жобаны аудан әкімі алдында батыл қорғай білуі керек. Есіктен жібермесе, терезеден кіретіндей табанды болуы қажет. Тұрғындардың күтетіні де сол. Аллея, парк салу сияқты шаруаларға бас қатырмай, ауызсу, жол, жарық және байланыс мәселесін назарда ұстаса, ауылдың ажары арта түсетіні сөзсіз. Соңғы уақытта ауыл тұрғындарының қалаға қоныс тебу көрсеткіші артып келеді. Егер ауылда инфрақұрылым дамып, өмір сүруге қолайлы орта қалып-тасса, қалаға көшіп несі бар? Жаңадан сайланған әкімдер осы мәселені де бақылауында ұстаса екен.

 Ермат Байгурманов.JPG

Ермат БАЙҒҰРМАНОВ, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы облыстық филиалының төрағасы:

- Жаңадан сайланған әкімдерге қоғам болып көмектесуіміз керек. Яғни, билік те, тұрғындар да оның өнімді еңбек етуіне атсалысқаны жөн. Жасыратыны жоқ, кейбір ауылдарда рушылдықтың «иісі» сезілуі мүмкін. Мұндай жағдайда әкім тұрғындарды бірлікке шақырып, оң нәтижеге қол жеткізу үшін әр шаруаны ақылдаса шешу керектігін ұғындырғаны абзал. Сайлаудың қорытындысы бойынша Шарбақты ауданы Галкин ауылдық округі және Аққулы ауданы Бесқарағай ауылдық округі әкімі қызметтеріне «Ауыл» партиясының мүшелері сайланды. Біз өз тарапымыздан елді мекендерге инвестицияның тартылуына, өзге де жаңашылдықтардың орын алуына көмектесуге дайынбыз. Май ауданы Малайсары ауылында әкім сайлауы өте қызу өтті. Өзге партиялар өкілдері қанша жерден үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі жүргізсе де, тұрғындар өз таңдауын жасады. Ендігі жерде Малайсары ауылы мемлекеттік бағдарламалардың игілігінен құр қалмайды деп сенеміз. Жалпы, қазір көптеген ауылдарда мал қорымдары, қоқыс төгу алаңдары мәселесі өткір тұр. Бір ғана елді мекенде 30-40 заңсыз қоқыс алаңы тіркелген. Жергілікті шаруалар мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие ала алмай жүр. Осы мәселелер жаңадан сайланған әкімдердің назарында болғаны жөн.

Жаркынбек.jpg

Жарқынбек АМАНТАЙ, облыстық мәслихаттың депутаты:

- Әкімдердің мойнында жауапкершілік жүгі зор екені түсінікті. Халық көптің ішінен таңдап алып, сенім артқан соң оны ақтауға аянбай еңбек ету керек. Ол үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алып, тұрғындардың, әсіресе, ауыл ақсақалдарының ақыл-кеңесіне жүгінсе, біраз шаруа тындырылатынына сенімдімін. Әрине, ауыл әкімінің қолында айтарлықтай құзырет болмауы мүмкін. Десе де, барлық мүмкіндікті кәдеге жаратып, іскерлік қасиетін көрсеткені абзал. Шыны керек, кейбір басшылар құжат реттеу жағынан мықты болса да, шаруашылықты жүргізуге икемі келмей жатады. Бұл ретте, қос бағытты қатар ұстауға тырысу қажет. Кейбір ауылдардың орналасқан жеріне сәйкес, ерекшеліктері болады. Мәселен, бір өңірлерде көктемде су шаю, қыста жолдың қар құрсауында қалу мәселесі алдан шықса, бір ауылда егін алқабы көп болғандықтан, жыл сайын қуаңшылық жайы алаңдатады. Бұл ретте, әр әкім өзі орналасқан елді мекеннің проблемаларымен жіті танысып, оны тиімді шешу жолдарын тұрғындармен бірге реттесе, ауылдың берекесі арта түспек.

 

«Алаңды» үйлестірген – Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 376

Возврат к списку