Ауылдың тұрмысы жақсарды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды 18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды

Биыл Павлодар облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 25 мың тұрғыны бар 22 елді мекеннің жағдайы жақсара түспек. Жүзеге асқан жобалар саны бойынша біздің аймақ елімізде көш бастап тұр. Десе де, кейбір аудандарда бұл бағыттағы жұмыстыр сылбыр жүруде.

 

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиын барысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Облыстық экономика және бюд-
жеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук бағдар-ламаның осыдан екі жыл бұрын іске қосылғанын еске салды. 2019-2020 жылдары 69 мың адам тұратын 20 елді мекенде 120 жоба сәтті түрде жүзеге асты. Атап айтқанда, 17 білім, 5 денсаулық, 12 спорт, 9 мәдениет мекемесін жаңадан салып, ретке келтіруге және жалпы ұзындығы 119 шақырым болатын ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуге 5,3 млрд теңге бөлінді. Биыл да ауылдағы ағайынның қолайлы жағайда өмір сүруі үшін бірқатар іс қолға алынды. Мәселен, Май ауданы Кеңтүбек ауылында спорт мектебі, Ақсу қаласына қарасты Қызылжар ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне берілді. Аққулы ауданында 30 жылда алғаш рет мәдениет үйі салынып, Ертіс ауданы Қызылжар ауылындағы клуб қайта жаңғыр-тылды. Жалпы, осы жылы 22 ауылда 70 жоба бойынша жұмыстар жүзеге асуда. Бүгінде оның 87 пайызы аяқталды. Бұл – республикадағы үздік көрсеткіштердің бірі. Десе де, кемшін тұстар да жоқ емес. Ирина Назарчуктың айтуынша, биыл бес жоба аяқталмай қалуы әбден мүмкін.

- Баянауыл ауданындағы Жаңажол ауылында, Тереңкөл ауданына қарасты Жаңабет және Федоровка елді мекендерінде көше жолдарын жөндеу, Железин ауданы Церковное ауылында мәдениет үйін және Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінде спорт залын күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген кестеден кешігіп жатыр. Тағы 9 жоба желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін жобаларды жүзеге асыруға жауапты мекеме басшылықтары 52 нысанға қатысты құжаттарды ғана «iziproject» жүйесінде тіркеуден өткізді. Қалған жобалар бойынша жұмыстар іс жүзінде аяқталғанмен, тиісті жүйеде жоқ, - деді И.Назарчук. Басқарма басшысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына қосылған елді мекендерге жеке инвестиция тарту мәселесіне де тоқталды. Бүгінде ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған, жалпы сомасы 13 млрд теңгені құрайтын 38 инвестициялық жоба іске асуда. Ертіс, Тереңкөл аудандарында бюджеттің 500 млн теңгесіне 3,5-5 млрд теңгеге дейін иевстиция тартылды. Ал Баянауыл ауданында кәсіпкердің қаражаты есебінен атқарылған жоба жоқ. Аудандық бюджеттен де қосымша қаржыландыруға мүлде қаражат қарастырылмаған. Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Баянауыл ауданы әкімдігінің жұмысын сынға алып, жергілікті билік жобалардың жүзеге асуы арқылы ауылдықтардың жағдайын жақсартуға мүдделі болуы тиіс екенін қадап айтты.

- «Ауыл – ел бесігі» - ауылдағы ағайынның әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді бағдарлама. Соның негізінде елді мекендердегі іргелі істерде облыс пен республикалық қазынаның ғана емес, аудандық бюджеттің де үлесі болуы тиіс. Жеке кәсіпкерлер, мектеп түлектері де қаржылай қолдау көрсеткені жөн. Аудан-қала әкімдері осы мәселені басты назарда ұстауы қажет, - деді Ә.Сқақов. Ирина Назарчук келесі жылы 14 ауылда 46 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұл мақсатқа 4,2 млрд теңге қарастырылған. Оның 1 млрд теңгесі Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылындағы мектепті, жолды жөндеуге, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға және тағы басқа бірқатар жобаға жұмсалмақ.

- «Nur Otan» бағдарламасының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 2022 жылы біздің облыста 33 елді мекенде жаңғырту жұмыстары жүргізілуі тиіс. Алайда қарастырылған қаржы бұл жоспарды орындауға жетпейді. Сондықтан тағы 1,2 млрд теңге керек. Сонымен қатар, аудан-қала әкімдері келер жылдың 1 наурызына дейін 2023 жылы іске асатын жобалардың құжаттарын тапсыруы керек, - деді И.Назарчук. Жиын соңында аймақ басшысы Ә.Сқақов жол жөндеу, нысандарды күрделі жөндеуден өткізу, жаңа ғимараттар салу сынды ауқымды жобаларды екінші жартыжылдық жоспарына қоспау туралы нақты тапсырма берді. Ауылдықтар белгіленген жұмыстың уақытылы және сапалы атқарылуын күтетінін ескертіп, әр жобаға жауапкершілікпен қарауды жүктеді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 386

Возврат к списку