Автокөлік неге қымбат?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Автокөлік неге қымбат? 21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?

«Керқұла атты Кендебайдағы» алты кез ат есіңізде шығар. Құлын күнінде күн сайын емес, сағат сайын өсіп, 6 айда керқұла тұлпар болып шығатын. Осы бір қиял-ғажайып сипаттау, өкінішке қарай, қазіргі отандық автонарықтың бүгінгі шын ахуалына айналғандай. Жаңа көлік міну жұрттың көбі үшін қол жетпес арман болып қалғаны былай тұрсын, дөңгелегінің білігі дірілдеген көне техниканың өзі күрт қымбаттап кетті. Баға күніне бірнеше мәрте құбылып, бір айдың ішінде 30-40 процентке дейін өсіп кеткен көліктерді де көзіміз шалды.

Мұрат АЯҒАНОВ

Жаңа көлікке кезек қалың

Әуелі бұл қымбатшылықтың неден туындап отырғанын баяндайық. Қымбатшылыққа пандемияның салқыны бірінші болып әсер еткені рас. Былтырғы коронадағдарыстан әлемдегі алпауыт компаниялар шайқалып, өндірістер арасында алыс-берістер азайды. Бұл жағдай автомобиль шығаратын, құрастыратын кәсіпорындар үшін үлкен соққы болды. Кейбір дамыған мемлекеттерде автокөлік зауыттары осының кесірінен жабылды. Әлемдік ахуал автомобиль құрастыруда толығымен шетелдің қосалқы бөлшектеріне тәуелді Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Былтырғы жылдың соңынан елде жаңа автокөліктерді сатуда дағдарыс басталған еді. Сол дағдарыс қазіргі кезде тереңдей түсіп, біздің осал нарығымызды ойсыратып тастады. Сұраныс үсті-үстіне көбейіп, ал шығарып жатқан өніміміз азая бергені себепті жаңа көліктер 30-40 процентке дейін қымбаттап шыға келді. Жаңа көлік ала алмайтынын білген көпшілік екінші нарыққа - ұсталған автомобильдерге жүгірді. Мұны байқаған алыпсатарлар әп-сәтте екінші нарықта да өз пайдаларын асырып үлгеруде. Қазір бұрын пайдалануда болған көліктердің бағасы да аспандап тұр. Иә, қазір автосалондарда жаңа көліктер тапшы. Азаматтар отандық зауыттар құрастырған көлікті сатып алу үшін кезекке тұруға мәжбүр. Қымбатшылықтың салдарынан қымбат несие рәсімдеп, көлігін амалсыздан 2-3 ай күтеді. Елімізге белгілі автожурналист, автосарапшы Олжас Оқас бұған бірнеше себептің барын алға тартады. Оның сөзінше, қазір бүкіл әлемде көлік тапшылығы байқалады. Біздің зауыттар шетелден келетін микрочиптерден қатты таршылық көруде. Бұл өнімдер Малайзия мен Қытайда шығарылады. Малай елінде қазіргі күні локдаун күшін жоймаған. Ал Қытайда микрочип шығаратын тұтас бір зауыт өртеніп кетті. Заманға сай көлікте түрлі электронды жүйелер бар. Пандемия басталған жылы көшбасшы зауыттардың көбі тұрмыстық, кеңселік техникаларға қажет чиптер шығарумен әуестеніп кеткен. Салдарынан автокөлік өндірісінің қажеттілігі екінші орында қалып қойған. «Екінші себеп - Қазақстанға Корея, Жапония сияқты Азия елдерінен келетін автокөліктер Қытай арқылы өтеді. Ал Қытайдың порттары мен теміржол қатынасына бұл күнде ауыр жүктеме түскен. Қазақстанда құрастырылатын көліктердің басым бөлігі Оңтүстік Кореяда жасалатыны белгілі. Олар елге жеткенше 6-7 ай өтеді. Үшіншіден, елдегі автопарк әбден тозды. Қолданысына 10 жылдан асып кеткен көліктердің үлесі - 80%. Кіріп жатқан жаңа көліктер аз. Сондықтан жақсы сақталған автокөлік иесі әкесінің құнын сұрайды. Артынша күйі нашар көліктер де құнын қатар өсіреді», дейді сарапшы. Баға қымбаттауына тағы бір себеп – төл валютамыздың әлсіздігі. Кезінде 15 мың АҚШ долларына бағаланған көліктер әлі сол шамада тұрады. «Дүние қымбаттап жатқан жоқ, теңгеміз құнсызданып барады. Соңғы себеп – автоөндіруші мен сатып алушыларды ынталандыратын мемлекеттік субсидияланған автонесиенің жоқтығы. 4% несие алуға болады. Бірақ оны алу оп-оңай емес екенін бәрі біледі. Бұл - өте жақсы бағдарлама, бірақ дұрыс жолға қойылмаған. Утилизация алымына жұмсалатын ақшаны жеке компанияның шотына емес, жоғарыдағы бағдарламаны қолдайтын мемлекеттік холдингке берсе, жақсы болар еді» дейді ол. Бір қызығы, қазір автосалонға бара қалсаңыз, қаптаған жұртты көресіз. Ал жайшылықта далада тізіліп тұратын жаңа көліктер жоқтың қасы. Салондағы дилерлер де ардан аттап, бұл дағдарысты өз пайдаларына шешудің түрлі жолдарын іздеуде. Мәселен, көлік салонында «қосымша құралдар мен қызметтер» деген қызмет түрі болады. Жаңа көлік алғанда көлігіңізге автодабыл жүйесін, сыртқы шудан оқшаулағыш, қозғалтқыштың төменгі жағына арнайы қорғаныш орнатып, салон еденіне кілемшелер төсетіп алуға болады. Бірақ олардың бағасы базардағыдан едәуір қымбат. Сондықтан көлік иелері оны құп көре бермейді. Бұрын дилерлер көлік сатып алғанда мұндай қосымша қызмет түрлері қажет пе деп сұрайтын. Ал тапшылық басталғалы бері қосымша құралдарды олар жаңа тұлпарға еш сұраусыз орнатып қоятын болған.

- Міне сіздің көлігіңіз. Бірақ ол бастапқы бағасынан 500 мың теңгеге қымбатқа шықты. Себебі біз мынадай қосымша қажеттіліктерін салып қойдық. Егер алғыңыз келмесе, еркіңіз білсін, өзге клиент сатып алуға дайын, - деп әңгімені төтесінен бір-ақ қойған аға менеджердің сөзін де естіп қалдық көлік салонына барғанымызда. Сатып алушы амалсыздан келіседі. Айлап тосқан көлігін кімге қисын... Бұдан басқа қазіргі күні қалтасы қалың азаматтар көлік салонындағы менеджерлердің қолына қомақты көлемде ақша қыстырып кетуді әдетке айналдырған. Себебі, салонға жаңа көліктер түскен сәтте менджерлер ең алдымен соларға хабарласып, сүйіншілейді.

 

Ресейлік көліктер де қымбаттады

Бізде кеденнен өткен, Қазақстанның мемлекеттік нөмірі тағылған көліктер Ресейден әкелініп жатқан ұқсас (маркасы, моделі, жылы) жеңіл көліктерден тұп-тура 2-2,5 есеге қымбат. Жалақыға күн көріп отырған ел тұрғындары үшін жеңіл көлік бара-бара арманға айналатындай. Жаңасын айтпай-ақ қояйық. Қолданыста болған, күйі жақсы көліктер 5-6 млн теңгеден басталады. Әрине, қарапайым адамдарда бірден ақшаға сатып алатын мүмкіндік жоқ. Амалсыздан банк жағалайды. 10-20 процент алғашқы жарнасын төлегеннің өзінде ай сайынғы төлем 150-200 мың теңгенің (оның өзі 5-6 жылға) үстіне шығып кетеді. Бұл - бір отбасының бюджеті. Көлік сатып алайын десе, бала-шағасының қарны шұрылдайды. Көлігі болмаса, қалада жаяу қалған Қожанасырдың кебін киеді. Расымен, шаһарда тұратын адамның жеңіл көліксіз шаруасы бітпейді, уақытын жоғалтып, ұтқырлығы кемиді. 90-ыншы жылдардың ортасында «иномарка» мінгендер ауылға келгенде сән-салтанат пен мәртебе иесі деп қабылдайтынбыз. Қазіргі автонарықтағы ахуалдан адам шошырлық. Бара-бара жаңа көлік тізгіндеп жүргендерге сондай ескіше құрметпен қарай бастайтын шығармыз деген ой туындайды. Жергілікті екінші деңгейлі автонарыққа көз салып байқадық. Ескі-құсқы, мініске жарамайтын, дөңгелегі әрең айналып жүрген, 1990 жылдардың ортасында шыққан тозған жеңіл техникаларға иелері ұялмастан 2-3 млн. теңге сұрайды. 2013-2014 жылдары ол ақшаға су жаңа «Киа Рио» немесе «Хюндай Акцент» сатып алуға болатын еді. Қазір ол жарықтықтарың 3-4 есеге қымбаттап кеткен. Осы қымбатшылық бізді Ресейдің қоқыс полигонына айналдыруда. Ресейлік нөмір тағылған, бағасы арзан жеңіл көліктер көшеде көбейгеннің үстіне көбеюде. Ал олардың техникалық күйі мен қауіпсіздігі күмәнді. Себебі көрші елдің машиналарын біздің органдар нақты тексере алмайды. Тіпті көлік иелері біздің бюджетке салық төлемейтіндігі жауапты органдардың басын ауыртпайтынға ұқсайды. Ресейлік көлік демекші, оны сатып алу жай ауызекі тілде ғана. Әйтпесе, сатушы сізге көлік құралының куәлігі мен арнайы төлқұжатын, негізгі сатып алу шартын (Ресейдегі иелерінің арасында жасалған әрі ол болса жақсы) ғана ұстатады. Араларыңызда ешбір шарт жасалмайды. Әрі қарай техникалық байқаудан өткізуге өз қалтаңыздан төлейсіз. Алайда, көрші елден келіп жатқан темір тұлпарлардың басым бөлігі ол жақта есептен шығарылған, «ауада» тұрған техникалар екенін ұмытпауымыз керек. Ондай көлікті ертең тіркеуге қою үлкен мәселеге айналуы мүмкін.

 

Жағдай қашан түзеледі?

Павлодарлық тұрғын Сағат Бектеміров 2013 жылы автосалоннан алған көлігін биылғы жыл басында 2,5 млн теңгеге сатып жібергенін айтады. Енді міне екі айдан бері әлгі ақшаға дені дұрыс темір тұлпар сатып ала алмай жүр.

- Әуел баста көлігімді сатып, үстіне 2 млн теңге банктен несие алып, бұрын қолданыста болған жапониялық крассоверді тізгіндеймін деп жоспарлап жүргенмін. Сөйтсем, бірнеше айдың ішінде оның бағасы 2 млн теңгеге қымбаттап кетіпті. Қолымдағы ақшаға әлгіндей сегменттегі күйі орташа, соғылған крассоверді ғана сатып ала алады екенмін, - деп қынжылады ол. Бүгінде Сағат секілді сабылып, көлік іздеген жұрт көп. Олар автонарықтағы аухал жуық уақытта түзеліп қалар деген үмітте. Алайда бұл тұрғыда сарап-шылардың болжамы жақсы емес. Олардың айтуынша, автонарықтағы жағдай биыл жақсармайтыны анық. Егер шетелден келетін қосалқы бөлшектер кідіріссіз жеткізіле бастаса, 2022 жылдың соңында нарықта тұрақтылық қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол да нақты болжам емес. Сөздің түйіні, автокөлік нарығындағы қымбатшылық әлі де жалғаса береді. Жаңа көліктердің тапшылығы қолданыста болған темір тұлпарларға деген сұранысты арттырмаса, кемітпесі анық. Қазір екінің бірі салоннан қымбат машина сатып алып, мініп жүрген жоқ. Нарық ескі-құсқы техникаға толды. Бұл келеңсіздік қауіпсіздік мәселесіне апарып тірейтіні айдан анық. Сондықтан ел Үкіметі мен отандық автоөндіріс басшылығы мәселеге басқа қырынан үңіліп, сырттан келетін жаңа көліктердің салығын азайту, шетелдік жаңа көліктерді тіркеуге қоюды жеңілдету сияқты уақыт күттірмес шараларды қолға алғаны абзал. Әйтпесе, сұраныстың өндіріс шығарып жатқан көліктерден бірнеше есеге асып кеткені жақсы емес. Бұл жағдайдан зиян шегетін тұтынушы ғана.

 


Количество показов: 402

Возврат к списку