Қазақ дубляжының қарлығашы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы 19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы

Ертіс-Баян өңірі – қазақ елінің экономикалық, мәдени, ғылыми дамуына үлес қосқан көптеген тұлғаларды дүниеге әкелген мекен. Әсіресе, Баянауыл топырағы - тау-тасының әр алуандығы тәрізді әр саланың майталмандарын қанат қақтырған мекен. Соның бірі – көрнекті режиссер әрі қазақ елінің көгілдір экрандарынан көрсетілген киноларды
алғаш қазақ тілінде сөйлеткен дубляждаушы Қуат Әбусейітов.

Қайталанбас өнер иесі 1925 жылы 6 желтоқсанда Баянауыл ауданында дүниеге келген. Өнер жолын 16 жасында Павлодардағы қазақ драма театрынан бастайды. Алматы киноактерлер мектебін үздік бітіріп, 1947 жылдан бастап «Қазақфильм» киностудиясында дубляж режиссері, 1956 жылдан өмірінің соңына дейін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» кино-студиясының режиссері болды. Оның алғашқы туындылары «Арманым менің», «Өмір жолы» фильмдері бүкілодақтық экрандарға шықса, дубляж режиссері ретінде 500 фильмді қазақ тіліне аударды. Бұл енді аяқ басып келе жатқан қазақ киносы үшін үлкен еңбек еді. Қуат Әбусейітов атақты киноактер, тұңғыш қазақ кинорежис-сері Шәкен Аймановтың ең жақсы көретін шәкіртінің бірі болған. Шәкен ағамыз Қуат Әбусейітовке кино саласын ғана емес, өнердің сан қырын үйреткен. Шәкен Аймановтың соңғы түсірілген фильмі «Атаманның ақыры» атты фильмде Қуат Әбусейітов режиссер болады. Бұл туынды Кеңес Одағы алдында жоғары бағаланып, «Қазақфильмнің» дәрежесін көтере түскені белгілі. Сонымен қатар, Шәкен Айманов Қуат Әбусейітовтің көптеген фильмдерінде, атап айтсақ, «Өмір соқпағы» және «Найзатас» атты фильмдеріне көркемдік жағынан жетекшілік етеді. Екі өнер қайраткерінің бір-бірін ерекше түсінуі арқасында қазақ киносына көптеген туындылар дүниеге келіп, әр еңбек халық алдында жақсы бағаланып жатты. Павлодар театрында артист болып әнге де, биге де қатысып жүрген жас жігіт тура он сегіз жасында Алматыға - «Қазақфильм» студиясына шақырылды. 1943 жылы Қуаттың киноматография саласындағы өмірі басталды. Ол бірден актерлікке қадам жасамай, өзінің таланты мен қабілетін шыңдау мақсатында студияның жанындағы киноактерлер дайындайтын төрт жылдық жоғарғы оқу орнына оқуға түседі. Бұл оқу орны Москва мен Ленинград киностудияларының күшімен ашылған болатын. Осындай оқу орнын өте жақсы тәмамдап шыққан жас өнер иесі алғашқы адымды дубляждан бастады. Сол үшін де бұл тұлғаны дубляж режиссерларының «қарлығашы» деп атауға болады. Өйткені Қуат ағамыз бұл саладағы ең алғашқылардың бірі болып есептеледі. Шетелдің көптеген фильмдерін қазақ көрермен-деріне ана тілінде жеткізген бірден-бір тұлға еді. «Қазақфильм» студиясында біраз жыл еңбек етіп, тәжірибе жинақтаған. Қуат Әбусейітовке Москвадағы Мемлекеттік Кинематография институты есігін айқара ашады. Атақты профессор, КСРО халық артисі Сергей Юткеевичтің өзі талант иесіне ұстаздық етеді. Экранға шыққан «Даладағы қайың», «Көрікті көктем», «Дауыл», «Өмір жол», «Алматы көктемі», «Найзатас», «Жамбыл» фильмдерінің бәрі - осы режиссер Қуат Әбусейітовтің Мәскеуден білім алып келгеннен кейінгі жемісі. Кезінде қанша қиындықпен келген еңбектері бүгінде жемісін беріп, сол уақыттағы еліміздің әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін көрсетті. Табанды еңбек пен нәтижелі көрсеткішпен еңбек еткен Қуат Әбусейітов қазақ киноөндірісін әлдеқайда дамыта түсті. Қуат Әбусейітовтің отбасы да, өскен ортасы да өнерге жақын. Інісі Суат екеуінің есімдерін Алашқа аты мәлім Мәшһүр Жүсіп Көпеев қойған. Ол туралы бір сөзінде: «Елге есімі ашық, айдай танылған Жаяу Мұса, аспандағы аққуға әнін қосқан Естай, жезтаңдай, аузымен құс тістеген әнші Майра апамыздың табаны тиген қасиетті Баянауыл жерінде дүниеге келіппіз. Шілдехана тойы болып, атақты Майралар келіп ән салыпты. Осындай қуанышты күндердің бірінде үйге бас сұққан әйгілі Мәшһүр бабамыз қара шаңырақтағы Рахметолла және Хайрулла (Қуат пен Суат) есімдерін «Бұл үйге құдай қуат берсін, сусағанда сусындайтын суат болсын деп, Қуат және Суат деген ат қойып, ақ батасын беріп кетіпті. Сол шапағат, шадыман көңіл, береке шығар, сірә, бізді өнерге алып келген» - деп естелік қалдырыпты. Расында да, Мәшһүрдей қазақтың әулиесі атын қойып, батасын беруі тегіннен-тегін емес. Осындай қазақтың маңдайына біткен азаматтар өсіп шығады. Бірі - киноның, екіншісі қазақ әншілік өнерінің сардары болып топ жарып шықты. Қуат Әбусейітовтің өмірлік жары Майра Әбусейітованың есімі де қазақ елінде Қуат есімімен бірге аталады. Өйткені ол да 500-ге тарта фильмдерді ана тілімізде дубляждап, халықтың ықыласына бөлене білді. Қуат Әбусейітовтің елге жасаған жақсылығын, берекелі істерін ел қашан да ұмытпайды. «Айтуар» фильм орталығын құрып, Ертіс өңірінен шыққан дарынды тұлғаларды қазақ сахарасына таныту ісін қолға алады. Жүсіпбек Аймауытов туралы, Қаныш Сәтбаев жөнінде «Ғалым ауылында», Диқан Әбілов жөнінде «Ақын арманы» атты деректі фильмдер мен көркем фильмдерді түсіріп, халыққа тұлғаларымыз туралы ақпарат беріп, таныта түседі. Әр деректі фильмнің соңында мол ізденіс жатқаны белгілі. Туған жеріне ықыласын сөзбен емес, ісімен көрсеткен осындай тұлғала-рымыз уақыт өткен сайын аттары асқақтай түсері сөзсіз. Қазақ кино өндірісіне өшпестей із қалдырған, дауысы мыңдаған қазақтың көкейінде сақталған Қуат Әбусейітов есімі ешқашан ұмытылмайды.

Аманкелді ЕГІНБАЙ,

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің қызметкері.


Количество показов: 566

Возврат к списку