Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023
290
Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
448
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
363
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
367
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
336
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
421
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
414
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
398
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
505
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
411
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
354
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
308
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
371
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
377
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
464
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
671
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
585
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
430
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
422
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
638
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
427
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
718
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
1079
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
1038
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
1026
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
1030
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
1223
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
992
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
1013
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
971
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
1056
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
1028
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
812
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1145
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
1265
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
736
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
951
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
530
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
686
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
598
11 медаль!
11:05 24.01.2023
968
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
866
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
916
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
996
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
1180
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
938
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
826
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
985
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
1027
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
926
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
3186
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2903
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2859
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
3154
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
3179
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
3291
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
3372
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2812
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2828
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
3132
«Мен кітапхананы ақыл, білім, адамгершіліктің ордасы деп білемін. Ал кітапханашы-ларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын» деген Әбіш Кекілбаевтің сөзі бар. Осы бір ауыз сөз кітапханашы мамандығына деген айрықша құрметті аңғартқандай. Аталмыш саланың қыр-сырын меңгеріп, көп жылдар бойы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада қызмет атқарып жүрген Жазгүл Қажыбаеваның еңбегі зор. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кейіпкерді әңгімеге тарттық.
- Сәлеметсіз бе, Жазгүл Кеңесқызы! Әңгімені өзіңіз жұмыс істеп жүрген облыстық кітапханаға алғаш келген кезеңнен бастасақ...
- Жалпы, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана - өңіріміздегі көне, мәдени орындардың бірі. Менің бұл салаға келуімнің өзі бір қызық болды. Себебі, алғашқыда кітапханашы болып жұмыс істеймін деп ойлаған емес едім. Негізгі мамандығым - мұғалім. Бірақ, бала кезімнен кітапқа деген құмарлық, үйдегі кітап толы сөрелер мені осы мамандыққа әкелді деп ойлаймын. Ес білген шақтан бастап кітапханаға жиі барамын. Мені 1996 жылы кітапханашы қызметіне сол уақыттағы кітапхана директоры Мая Абдрахманқызы апайымыз қабылдаса, мамандыққа деген қызығушылығымды арттырған ұстазым Назым Шәйкенова болатын. Нағыз үлгілі әрі ісіне деген сүйіспеншілігі мол мамандардан тәжірибе жинап, бүгінде оқу залдары бөлімінің басшысы лауазымындамын.
- Кітапхана саласында қандай өзгерістер орын алды?
- Тәуелсіздік алғаннан бастап кітапхана жұмысының бағыты өзгеріске түсті десем болады. Біздің кітапханамызға алғашқы компьютер 1994 жылы әкелінген екен. Мен 1996 жылы кітапханашы болып жұмысқа орналасқан уақыттарда орталығымызға Сұлтанмахмұт Торайғыров есімі беріліп, қазіргі отырған ғимаратқа көшірілді. 1997-1999 жылдар аралығында кітапхана «Сорос Қазақстан» және «Ашық қоғам» институты қорының: «Интернет.Электронды почта», «Аймақтағы үлгілі кітапхана», «Жанашыр» атты гранттарының жеңімпазы атанды. Грант кітапхананың компьютерлік паркін локалді торапқа біріктіруге, пайдаланушылардың интернетке енуін жүзеге асыруға, электронды каталогқа және веб-сайтқа жұмсалды. Сонымен қатар, «Пушкин кітапханасы» мегажобасына қатысып, Ресей баспасынан шыққан ең жақсы әдебиеттермен, сондай-ақ компакт-дискі және CD-ROM түріндегі электронды ақпарат тасумен қорды толықтыра бастадық. 2009 жылдары цифрландыру жұмыстары қосылды. Бүгінде еліміздегі кітапханалар жанданды. Респуб-ликада модельдік кітапханалар ашылды. Кітапханада қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, оқырмандарға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын автоматтандыру тәрізді жаңа күннің белестерін меңгеру үстіндеміз. Тәуелсіздіктен кейін кітапхана ісінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік.
- Кітапхананың қоры қанша? Ескі қолжазбалар, тарихи құндылығы мол көне кітаптар бар ма?
- Кітапхананың тарихы 1892 жылдан бастау алса, 1896 жылы уездік мәртебеге ие болды. Сол кездері уездік рухани кітапхана қоры 5475 дана кітап пен мерзімді басылымдардан тұрды. Қазіргі кезде кітапхана өңірімізде оқырмандардың ақпараттық, рухани сұранысын қанағаттандырумен қатар, оқу-ағарту ісіне де белсенді қатысып келеді. Бүгінгі оқырман жан-жақтылықты талап етеді. Облыс тұрғындарына кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетіп, рухани азық ордасына айналған мекеме қорында
700 мың данадан астам кітап бар. Оған қоса, 125 жылдық тарихы бар кітапханамызда
4 мыңнан аса сирек кітаптар қоры сақталған. 1777 жылы басылған ағылшын философы Джон Толандтың «Назарянин или христианство иудеев, язычников и магометан» туындысы – ең көне кітаптардың бірі болып саналады.
- Қазіргі кітапханада қандай жаңашылдықтар бар?
- Өлкетану бағытындағы құжаттар мен сирек және бағалы кітаптарды цифрлық форматқа ауыстыру жұмыстары жүргізіліп келеді. «Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы», «Есімдердің шоқжұлдызы: Павлодар облысының мәдениеті мен өнері», «Сұлтанмахмұт Торайғыров» виртуалды кітапханасы, «Шекарадағы кездесу», «Павлодар облысының ғалымдары» цифрлық энциклопедиясы, «Павлодар облысының көрнекті жазушылары мен ақындары» - қазақ әдебиетінің классиктері» QR-кітапханасы жобалары жалғасуда. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кітапхана сайтында «E-KITAP.KZ» - Павлодар облысының бірыңғай онлайн кітапханасы қашықтағы оқырмандарға іздеген кітаптарын онлайн түрде оқуға мүмкіндік беруде. Интернет желісін пайдаланып, онлайн конференциялар, вебинарлар, тренингтер өткізу дәстүрге айналып отыр. Кітапханашылар тегін платформаларда сайттар құру, өлкетану тарихы бойынша подкаст арнасын құру және т.б. өзекті тақырыптарда тәжірибелермен алмасып келеді. Нәтижесінде облыстық кітапханада «PRO Павлодар» өлкетану подкаст-арнасы жұмыс істеуде. Атап өтер болсам, «Қазақстан кітапханалары» жобасын іске асыру бойынша облыста кітапханалар жанынан коворкинг-орталықтары ашылды. Сонымен бірге, кітапханада ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен енгізуге және дамытуға баса назар аударылды, RFID – технологиясын енгізу жобасын іске асыруға кірісті, пайдаланушыларға қызмет көрсету жүйесін модернизациялау жалғасын тапты. РАБИС базасы негізінде автоматтандырылған кітап беру, электронды оқырман билеті дайындалды, кітапты түгендеу бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Кіре берісте электронды «ұрлыққа қарсы қақпа» тұр, егер кітап тіркелмеген болса, оқырманды шығармайды. Кітапхана холында және абонемент залында арнайы терминал – өздігінен кітап беретін станция-
лар орналасқан. Кітапханашылар үшін RFID белгілері үшін сканерлермен жабдықталған автоматтандырылған жұмыс орындары бар. Қызметкерлер деректер базасынан керекті кітаптарын тез таба алады.
- Айтыңызшы, қазіргі кезде кітапханаға келушілердің мақсаты қандай? Қазақша оқитын оқырман баршылық па?
- Жаңа технология мен әлеуметтік желі, ғаламтор кезеңі болмаған уақыттарда кітапқа деген сұраныс жоғары еді. Дегенмен, бүгінгі ғылымның жетістігінің нәтижесінде электронды кітаптар, QR-кітапханасы жобалары арқасында кітап оқуға құмар жастардың саны артты. Кітапханамызға қазақ тілді оқырмандар жиі келеді. Тіпті, тұрақты келіп, кітапхананың жаңалықтарынан қалыс қалмайтын қала тұрғындарының арасында үлкендер де, жас оқырмандар да бар. Кітапхана қоры мол және сирек кітаптар да баршылық. Тың ғылыми бағыттағы мақала, жоба және дипломдық жұмыстармен айналысып жатқан студенттер мен жастар да кітапханамызға келеді. Одан өзге мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету үшін «Жанашыр» орталығы және «Анықтама» орталықтары жұмыс істейді. Бүгінде бұл орталықтар қазақ тілді де, өзге тілді де оқырмандарға толы. Заманның талаптарына сай жабдықталған облыстық кітапхананың есігі қашанда айқара ашық.
- Оқырмандар үшін игілікке арналған мәдени іс-шаралар жиі өткізіле ме?
- Бүгінде кітапхана жанынан «Жанашыр» жобасы әзірленіп, жүзеге асырылып келеді. Бұл - мүмкіндігі шектеулі жандардың өзін-өзі танытуына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын осы адамдардың тіршілік әрекетіне аударуға бағытталған ұзақ мерзімді жоба. «Жанашыр» орталығында «Павлодар кітабы - Брайль қарпінде» жобасы аясында жергілікті ақындардың кітаптарын бедерлі-нүктелі форматта басып шығаруда. Сонымен қатар, облыстық кітапхана «Eurasian Book Fair» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысты. «Бір ел – бір кітап» акциясы негізінде жерлесіміз, ақын-демократ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналып ұйымдастырылды. «Павлодар Торайғыровты оқиды», «С.Торайғыровты еске алу күні» әлеуметтік жобалары іске асырылды. «Кітапхана әлемі» тақырыбы бойынша «Кітапхана түні» кең көлемде өткізілді. 2000-ға жуық қала тұрғындары кітапханада ұйымдастырылған 15 алаңды қарады. Дәстүрге айналған аймақтағы «Ұлы Дала елі» халықаралық этнофестиваль аясында облыстық кітапханада кітапханашылар үшін «Қоғамдық сананы жаңғыртуда кітапхананың рөлі» атты секция өткен еді. Көп жылдан бері «Балалар кітаптарының апталығы», «BIBLIO-каникулы» жазғы оқу бағдарламалары аясында шаралар ұйымдастырылады. «Абаймен серуендеу» жобасы аясында 22 дәріс оқылып, «Абай үні – халық үні» поэтикалық онлайн марафоны өтті. Абай Құнанбаевтың өлеңдері орыс, испан, неміс, татар, түрік, ағылшын тілдерінде оқылды. Халық шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Жыр мен жыршы» жобасы толығымен онлайн форматта жүзеге асты.
- Сіздің ойыңызша қазіргі кітап-ханашы қандай болуы тиіс?
- Егер көпшілік кітапханашы кітап оқып, уақытын өткізіп, үйіне қайтады деп ойласа қателеседі. Заман менен ағымына сай кітапхана қызметін пайдаланушылардың интеллектуалды деңгейі мен сұраныстары өте күрделі, мазмұны да өзгерген. Бүгінгі кітапханашы – менеджер, ол – бағдарламашы, ол – психолог, бірнеше саланы меңгерген, дәлірек айтқанда, кітапхана ісінің дамуын алға жылжытатын, қызмет көрсетудің әдіс-тәсілін қалыптастыратын білікті маман болуы шарт. Кітапхана саласы ақпарат және білім орталығы ретінде саналса, ақпаратты бере білу мен таба білу, іздестіру жолдарын нұсқауда кітапханашы мамандардың қызметі ерекше. Кітапханашы жоғары ақпаратты біліммен қаруланған, өз ісінің шебері, әмбебап маман болуы керек. Жүсіпбек Аймауытовтың сөзімен айтар болсам, «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгенінен икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».
- Сұхбат соңында облыстық «Saryarqa samaly» газетінің оқырмандарына айтар тілегіңіз бар ма?
- Өңірде облыстық басылымның оқырмандары көп. Бүгінде басылым ұлт құндылығын насихаттаудың темірқазығына айналып отыр. Бедел-абыройларыңыз артуына тілектеспін!
- Сұхбат бергеніңізге рахмет!
Әңгімелескен – Махаббат ТӨЛЕБАЙ.
Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023
290
Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023
448
Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023
363
Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023
367
Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023
336
Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023
421
Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023
414
Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023
398
Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023
505
Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023
411
Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023
354
Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023
308
Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023
371
Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023
377
Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023
464
Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023
671
Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023
585
Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023
430
Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023
422
Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023
638
Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023
427
Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023
718
Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023
1079
Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023
1038
Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023
1026
Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023
1030
«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023
1223
Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023
992
Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023
1013
«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023
971
Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023
1056
Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023
1028
Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023
812
Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023
1145
Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023
1265
Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023
736
Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023
951
Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023
530
Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023
686
Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023
598
11 медаль!
11:05 24.01.2023
968
Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023
866
Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023
916
Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023
996
Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023
1180
Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023
938
Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023
826
Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023
985
Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023
1027
Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023
926
Квота көбейеді
11:02 22.11.2022
3186
Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022
2903
Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022
2859
Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022
3154
ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022
3179
Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022
3291
Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022
3372
Жан жылуы
09:38 21.11.2022
2812
Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022
2828
Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022
3132