Қазақ тіліне жасалған оң қадам

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  421

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  408

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  418

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  405

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  416

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  399

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  466

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  437

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  435

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  482

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  451

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  484

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  448

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  492

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  509

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  568

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  533

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  540

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  638

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  648

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  559

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  639

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  628

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  567

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  641

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  566

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  814

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  719

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  729

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  706

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  714

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  734

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  628

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  701

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  727

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  838

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  731

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  832

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  824

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  823

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  802

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  817

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  780

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  890

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  931

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  931

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  873

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  866

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  879

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  883

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  1141

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  1112

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  1009

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  871

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  1015

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  879

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  937

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1173

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1162

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  1126

Қазақ тіліне жасалған оң қадам 03.09.2022

Қазақ тіліне жасалған оң қадам

Ана тілім - ол менің асыл мұрам,

Өзге тілді қалайша басындырам?!

Өнерім өз басыма жетіп жатыр,

Өн бойымды толқытып, тасындырған!

Қайырбек Асанов.

«Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан дүниеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяқ тұста ер мен елге бірдей межет беріп, адам түгілі жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып тіл» (Б.Момышұлы) болса, оның мемлекеттік тіл ретінде қазіргідегідей орыс тілінің көлеңкесінен шыға алмауы халықтың наразылығын туғызып келеді. Бұл турасында бұқаралық ақпарат құралдарында аз жазылып та, айтылып та жатқан жоқ. Сонда да бұл тілді құрметтеп, мәртебесін асқақтатуға жаппай бет бұру байқалмайды. Сондықтан бүгінде қазақ тілінде сөйлеу біршама қазаққа сын болып тұр.

Алдағы тұрған басты мақсат қазақ тілінің қолданыс аясын барынша кеңейте түсу екендігі белгілі. Ол үшін қазақ тілінің үстемдігін арттыру қажет. Осы тұрғыдан алғанда биыл қабылданған «Қазақстан Респуб-ликасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы» өзіндік жаңалықтарымен қуантады.

Осы Заң негізінде енді Қазақстанда жарнама секілді көрнекі ақпараттарда орыс тілінің қолданылуының міндеттілігі алынып тасталынады. Сонымен, сырттағы афишалар, баға көрсетілген құлақшалар, ас мәзірі, жол белгілері, ауыл және тарихи мекендердің атаулары тек қазақ тілінде жазылады. Қолданыстағы «Тіл туралы Заң» бұл ақпараттардың мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуын талап ететін. Жекеменшік кәсіпорындарында бұлар қазақ, орыс және өзге тілдерде жазылады. Ал өнім қораптарындағы ақпарат пен мемлекеттік мекемелер ғимараттарындағы маңдай-шалар болса әдеттегідей қазақ және орыс тілдерінде жазылады. Бұл аталмыш Заңның қабылдануын біз мемлекеттік тілдің бағын жандыруға және қазақтануға бағытталған бір оң қадам деп есептедік. Лайым осындай оң қадамдар алдағы уақытта да жасала бергей.

Қазақ тілі – қазақтың жаны. Бәрі – халқымыздың тарихы мен тағдыры да, мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. Осы тілді жас ұрпақтың бойына сіңіру жөнінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «... әуелгі үш жылда балалар кілең қазақша оқу керек... Әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген болатын.

Елімізде ондаған жылдар бойы Ахаңның бұл тағылымды кеңесіне мән берілмей келді. Керісінше, елде үштұғырлы тіл саясаты жүргізілді. Әлі сауатын ашпаған бала ана тілінің құдіретін санасына сіңіре алмай жатып, оларды үш тілді үйренуге мәжбүрледік. Бұл саясатқа халық әу бастан-ақ қарсы болғанды. Алайда сала министрлігіндегілер халықтың уәжіне құлақ аспай келген еді. «Ештен кеш жақсы» дегендей, ақыры билік елдің сөзіне мойын бұрып отыр.

Бастауыш мектеп бұдан былай баланың буынын бекітетін, ана тілінің нәрімен қанықтыратын мектепке айналмақ. Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен биылғы оқу жылынан бірінші сыныпта қазақ тілінде оқытатын мектептерде бала бір ғана қазақ тілін меңгеретін болады. Ал екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылмақшы. Орыс тілінде оқытатын мектептерде бірінші сыныпта орыс және қазақ тілдері, үшінші сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылады.

Бұған да шүкіршілік айтайық, ағайын. Жылдар өте, тәжірибе жинақтала келе болашақта ұлт ұстазының да айтқаны жүзеге аса жатар деген үміттен күдер үзбелік. Бәріне де сыншы уақыт қой. Мүмкін тіпті Жапониядағыдай балалар бесінші сыныпқа дейін тек қана қазақ тілінде оқитындай болып жатар. Жақсы іс жалғасын таба берсін делік.

Енді бала бірінші сыныпта қазақ тілінде оқытылады. Жақсы жаңалық. Бұл бастама балабақша тәрбиешісіне де, сынып мұғалімдеріне де, сондай-ақ баланың ата-анасына да үлкен жауапкершілік жүктемек. Санасы аппақ парақтай баланың жанын қазақыландыруға жұмыла күш жұмсау талап етілетінін ұмытпаған жөн. Әсіресе отбасында қазақ тілі бірінші орында болуға тиіс. Бала – ата-ана берген тәрбиенің айнасы. Халқымыз «Не ексең, соны орасың» дегенді тегін айтпаған. Сондықтан ата-аналардың өздері балаларымен орысша сөйлеспеуі керек. Баланың назарын ұялы телефонға телміруге емес, кітап оқуға аудару дағдыға айналуы тиіс. Кітап оқу баланың тілін дамытады, ой өрісін кеңейтеді. Бала кітап оқу арқылы қазақша ойлап, қазақша сөйлеуге дағдыланады. Баласының болашағын ойлаған ата-аналар тек осылай істегенде ғана оң нәтижеге қол жеткізе алары сөзсіз.

Тағы бір айта кетпегіміз: өңірімізде де көше атауларын қазақшаландыру мен мектептерге әйгілі адамдардың есімдерін беру хақында біршама істер тындырылып жатыр. Айталық, осыдан бірер ай бұрын облыс орталығында 17 көшенің атауы Ел Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы «Өңірлерде кезде-сетін идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды, тарихи жер-су атауларын ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту туралы» тапсырмасына сәйкес өзгертілген болатын.

Міне, енді, баспасөзде жарияланғанындай, өскелең ұрпаққа халқымыз мақтаныш тұтатын біртуар тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында өңіріміздегі 12 мектепке Алаш қайрат-керлері мен ұлы тұлғалардың, атақты ғалымдардың есім-дерін беру жөнінде Үкімет Қаулысының жобасы әзірленіпті. Бұл мектептерге облыстық ономастикалық комиссияның ұйғарымы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан сынды қайраткерлердің есімдері берілетін көрінеді. Бұған қалайша риза болмасқа!

Айтпақшы, бұған дейін де облыс орталығындағы мектептерге заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің, ұлт батыры Бауыржан Момышұлының және ақын Қалижан Бекқожиннің есімдері берілген екен. Құптарлық-ақ игі істер! Тек мұнымен тоқтамасақ болғаны.

Барша жұртқа белгілі, өңірімізде күн тәртібінен түспей тұрған бір мәселе бар. Ол – отаршыл заманды еске алып, халықтың намысына тиіп тұрған өңір атауы. Бұл атауды өзгерту туралы өңір тұрғындары атынан белсенді ел ағалары, аудан-қалалардың Құрметті азаматтары, қоғам және мәдениет қайраткерлері, ардагер ұстаздар қол қойған арнайы Үндеухат облыстық Мәслихатқа жолданған да еді. Өңір тұрғындарының осы өтініші жоғарғы билікке жетсе екен, қабылданар шешім оң болса екен деген үміт билік басындағы ұлтжанды азаматтарға артылып отыр. Бұл басшылардың азаматтық жасап, халық сенімін ақтайтындарына еш күмән келтірмейміз.

         

Ульян Мақұл, тіл қайраткері, Павлодар қаласы.


Количество показов: 674

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  421

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  408

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  418

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  405

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  416

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  399

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  466

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  437

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  435

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  482

Емханаларға тіркеу аяқталды
09:35 21.11.2022  451

Азық-түлік қорын молайту - міндет
09:33 21.11.2022  484

Өнерлінің өрісі кең
09:31 21.11.2022  448

Жолдар қысқа дайын ба?
09:24 21.11.2022  492

Сарыарқа самалы, 19 қараша, сенбі
09:16 21.11.2022  509

Келешекке дауыс берейік!
17:08 17.11.2022  568

Сенімім зор
17:06 17.11.2022  533

Борышымызды сезінейік!
17:02 17.11.2022  540

Еңбек иелеріне - лайықты марапат
08:39 17.11.2022  638

Дауыс берушілерге - қолайлы жағдай
08:37 17.11.2022  648

Белсенділік байқатуда
08:36 17.11.2022  559

Төрткіл дүние көз тіккен Катар
08:34 17.11.2022  639

Мақсат - ақпаратты жеткізудің үздік тәсілдерін іздеу
08:31 17.11.2022  628

Жүйріктен жүйрік озар...
08:29 17.11.2022  567

Сарыарқа самалы, 17 қараша, бейсенбі
08:16 17.11.2022  641

Учаскелер дайын
19:46 16.11.2022  566

Кәсіпкерлерді қолдау – негізгі қызмет
10:57 15.11.2022  814

Таңдау жасар сәт таяды
09:28 15.11.2022  719

Берешекті төлеу - бәріне міндет
09:25 15.11.2022  729

Балық өсіруге мән берілуде
09:23 15.11.2022  706

«Күй & джаз» үндесті
09:21 15.11.2022  714

«Велошабандоз» медбике
09:20 15.11.2022  734

Жобаның жемісі мол
09:18 15.11.2022  628

Азияда - азулылар қатарында
09:17 15.11.2022  701

Жаңа көпір қашан салынады?
09:11 15.11.2022  727

Ерекше сайлаушыларға қолдау ерекше
09:00 12.11.2022  838

Ғалымның хаты өлмейді...
09:00 12.11.2022  731

Құқықтық сауатымыз артып келеді
09:00 12.11.2022  832

Ұстаз жолы – ұлы жол
09:00 12.11.2022  824

Көмірді несиеге қалай алуға болады?
09:00 12.11.2022  823

Озық тәжірибе – ірі өндірістерде
09:00 12.11.2022  802

Дәстүрлі дода басталды
12:30 10.11.2022  817

Палуан баспаналы болды
12:26 10.11.2022  780

Азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн
12:19 10.11.2022  890

Штабтарда жұмыс қызған шақ
12:14 10.11.2022  931

1-сынып оқушысына планшет керек пе?
12:10 10.11.2022  931

Заңсыз құрылысқа тосқауыл бар ма?
12:08 10.11.2022  873

Құқықтық ақпарат - қолжетімді
12:06 10.11.2022  866

Күнбағыс майына сұраныс көп
12:05 10.11.2022  879

Қарыз емес, парыз!
10:46 08.11.2022  883

Жас журналист. Жаңа көзқарас
10:45 08.11.2022  1141

Сайлау-2022: Дауыс берушілердің тілегі қандай?
10:42 08.11.2022  1112

Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
10:40 08.11.2022  1009

Алтыншы орынға жетті
10:38 08.11.2022  871

Жас палуандар белдесті
10:37 08.11.2022  1015

Жұмыстар неге кешікті?
09:29 08.11.2022  879

Кездесулер жалғасуда
18:16 07.11.2022  937

Ғалымдарды тарту - тиімді
08:58 05.11.2022  1173

Ағаштың да сұрауы бар
08:54 05.11.2022  1162

Мектеп қазандықтары қысқа дайын ба?
08:52 05.11.2022  1126