Азаттық бәрінен қымбат!

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  102

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  99

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  107

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  109

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  107

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  182

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  157

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  150

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  179

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  163

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  164

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  175

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  167

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  172

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  184

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  178

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  165

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  175

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  174

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  189

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  264

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  269

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  250

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  272

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  270

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  246

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  261

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  292

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  419

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  414

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  407

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  369

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  402

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  502

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  459

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  462

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  509

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  497

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  519

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  492

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  516

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  487

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  488

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  490

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  609

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  576

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  587

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  495

Азаттық бәрінен  қымбат! 04.12.2021

Азаттық бәрінен қымбат!

Тәуелсіздік - әр халық үшін қасиетті, қымбат және киелі ұғым. Қазақ халқы азаттық алу жолында жан беріп, жан алып, ұдайы күресті. Соның нәтижесінде осыдан 30 жыл бұрын егемен елдің арайлы таңы атты.

Жалпы, қазақ халқының ешкімге тәуелсіз болуын армандап, сол жолда құрбан болған азаматтар баршылық. Ұлы Отан соғысында елімізді жаудан аман алып қалу үшін майданға аттанған азаматтар қаншама?! Тарихи деректерге жүгінсек, Отанды қорғауға 18-35 жас аралығында бір миллионнан астам қазақстандық аттанды. Менің әкем Секербай Малғаждарұлы да 35 жастан асқан шағында бірінші лекпен бірге майданға шақырылды. Бірақ алтын шығаратын кен орнында жұмыс істегендіктен әрі жасына байланысты әскери комиссариат оны «жерасты соғысына» барасың деп үйге қайтарып, кейін шахтаның ауыр жұмысына салды. Анам Мөрбан да сол шахтаның фабрикасында ауыр жұмыс істеді. Әкем екеуі денсаулығынан айырылып, өмірден ерте озды. Міне, Тәуелсіз елдіктің өтеміне берілген бір ғана отбасының тағдыры осындай. Сол жеңімпаздардың мұра-герлері, яғни біз де Тәуелсіздікті армандап, аңсадық. Қазақстанның барлық аймағында бейресми қоғамдық ұйымдар, кей жерлерде астыртын жұмыс жасады. Мысалы, қарағандылық «ЕСЕП» партиясы (елін сүйген ерлер партиясы), 60-70-жылдардағы Алаш арыстарының тұяғы - Мұрат Әуезов, Советқазы Ақатаев, Болат Тайжан құрған студент жастардың «Жас тұлпар», олардың ізін жалғастырушы «Мұрагер» бірлестігі, жерлесіміз Арман Қанидың бастамасымен мектеп қабырғасында пайда болған оқушылар ұйымы мен жекелеген тұлғалар егемен ел болу жолында табанды күрес жүргізді. Мен де 1978-1979 жылдардағы ел мен жер үшін болған күрестің қақ ортасында жүрдім десем, артық айтқандық емес. Ол былай болды: Украинада жоғары оқу орнын тәмамдаған соң қазіргі «Дипломмен – ауылға!» деген бағдарлама сияқты жолдамамен туып-өскен өлкем - Ерейментауға келдім. Аудандық білім бөлімі мені сол кездегі Новодолинкаға жіберді. Мұнда кілең немістер тұрады екен. Бір ғана қазақ отбасы бар. И.Сталиннің 1941 жылғы бұйрығымен жойылған Поволжье неміс автономия республикасынан жер аударылған, тұйық тұратын ұлттық анклав болатын. Ол кезде ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай «Өрмелеп шығып күн болам...» деген жастық жалынмен елге оралып, үлкен іске жарармын деген сенім болды. Алайда бөтен елде, жат жерде жүрген өгей баланың күйін кештім. Мектеп, балабақша, қоғамдық қатынастар, қысқасы, тірліктің бәрі – тек неміс тілінде. Тіпті, Кеңес Одағы кезінде көшеде ілулі тұратын плакат, стенд, лозунгтардың өзі неміс тілінде жазылған. Клуб, дүкен сынды көпшілік жиналатын орында не қазақ, не орыс тіліндегі сөздерді естімейсің. Сол маңдағы қазақ ауылдары бұл елді мекенді «ФРГ» деп атайды екен. Әйтеуір не керек, бір жасар ұлым Асқармен бірге келген бізге жас отбасы ретінде көпқабатты тұрғын үйден үш бөлмелі пәтер берді. Тұрмыс жағдайымыз сол кездегі қаладағы жағдайдан артық болмаса, кем емес еді. Оқу жылы басталып, жолдасым Дәметкен екеуіміз мектепте сабақ беруге кірістік. Сол тұста неміс автономиясы құрылатыны туралы сөз қозғала бастады. «Ерейментау орталығы болады. Басшысы тағайындалыпты. Қала аты өзгереді» деген әңгімелер желдей есті. Автономия құру туралы көтерілген осы мәселе үшін бұрынғы танысым Андреймен сөзге келіп қалдым. Мен оған киелі де қасиетті қара шаңырақ та, жер де қазақтікі екенін қадап айттым. Қанжығалы Бөгенбай батырдың кім екенін түсіндірдім. Екеуіміздің арамызда болған бұл талас директордың құлағына жеткен екен. Ол мені бірден кабинетке шақырып алды.

- Сен бізге қарсысың ба сонда? – деп бастады бірден әңгімесін ол.

- Немістерге еш қарсылығым жоқ. Мен Қазақстанда неміс автономиясының құрылуына түбегейлі қарсымын. Біздің елде мұндай автономия болған емес, болмайды да, - деп нық сөйледім мен.

- Ей, қазақ! Бұл - сен шешетін мәселе емес! – деді тағы директор креслосында шалқайып отырып.

- Біз, халық шешеді мұны, – деп «жұмыстан кетемін, берген пәтерден көшемін» деп кесіп айтып, кабинеттен шығып кеттім.

Ертеңгі күні пәтерді тапсырған кезде әлгі директордың айтқан сөзі әлі күнге дейін есімде. Ол «Тым құрығанда мына үйіңді ойласаң етті. Сендер, қазақтар, мынадай баспанаға ешқашан қол жеткізе алмайсыңдар. Сен түгілі балаларыңа да мұндай пәтер тимейді. Бұл жердің болашағы жоқ», деді. «Оны уақыт көрсетер» деп теріс айналып, отбасыммен бірге көшіп кеттім. Осы оқиғадан соң арада бір жылға жуық уақыт өтті. 1979 жылдың жаз айында қарындасымның отбасы амандығын білейін деп ауылдан қалаға, яғни Целиноградқа келдім. Орталық алаңдағы «Каззолото» қонақ үйіне орналастым да, «Ишим» қонақ үйінің ішіндегі «Интурист» мекемесінде жұмыс істейтін қарындасыма бармақ болып, алаңға қарай бет алдым. Алаңда спорт мерекесі ұйымдастырылып жатыр екен. Бір уақытта алаңға «Қазақстандағы неміс автономиясына жол жоқ!» деген жазуы бар плакаттарды ұстаған манифестация-шеруі жиналды. Сол кезде бір жыл бұрын Новодолинкадағы естіген сөзім рас екеніне көзім енді жетті. Бастан өткен оқиғаның бәрі есіме оралып, шеруге қосылып, алаңда болдым. Өздерін «Облыстық атқару комитетінің өкілдеріміз» деп таныстырған бірнеше адам «Тараңдар, шеру жасауларыңа еш негіз жоқ. Жалған сөзге алданбаңдар! Ешқандай автономия болмайды» деген сарында сөйлеп жатты. Алаңнан тың игерушілер сарайына қарай шығып келе жатқанымда дәріхананың жанында тұрған екі адам «Тоқта, сен бізбен бірге барасың» деп қолымды арқама қайыра бергенде жұлқынып шығып, тура сол дәріхананың артына қарай жүгірдім. Ауладағы жүк көліктерінің арасымен өтіп, «Қаззолото» қонақ үйіне кіріп кеттім. Кіреберістегі кезекші қызметкер – орыс әйелі таңертең мені осында орналастырған болатын. Ол алаңдағы шеруді көрген екен. Содан маған «тығыл» деді де, өзі орындығына отыра қалды. Соңымнан келген «қуғыншыларға» мұнда ешкімнің келмегенін айтып, он шақты бөлмені көрсетті. Әлгі екеуі бөлмеден шығып кеткен соң, «Бұлар енді сенің қыр соңыңнан қалмайды. Қаладан кет те, жасырын», деді. Содан вокзалға барып, автобус- пен қаладан шығып кеттім. Кейін сол күндері қала көшелерінде, автобустарда, қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылық болып, қудалау басталғанын естідім. Алаңдағы сол шеруден кейін біраз уақыт үрейленіп жүрдім. Халық бірігіп, барлық ұлт өкілдері неміс автономиясына қарсы екеніне көзі жеткен Кремль репрессияларға бармауына сол шеру себеп болғаны ақиқат. Құпия қабылданған шешім ел ішіне тарап кетіп, геосаяси ахуал маңызды мәселені кейінге шегерді. Сөйтіп жүріп, ауылда 11 жыл мұғалім болып еңбек еткен соң 1989 жылы жолдасым Дәметкенге жоғары оқу орнынан шақыру түсіп, Павлодар қаласына көшіп келдік. Сол жылы «Тіл туралы» Заң қабылданды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл конституциялық мәртебесін алып, қолдану аясы кеңейді. 1991 жылы мен де Павлодар техникалық университетінің тілдер кафедрасына оқытушы болып қабылдандым. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жаңа құрылған қоғамдық ұйымдар, партиялар азаматтық белсенділік танытып жатты. Жас мемлекеттің алғашқы қадамы демократиялық жол таңдауға қолдау көрсету болды. 1991 жылы республикалық азаматтық «Азат» қозғалысының ұйымдастырушысы Советқазы Ақатаев, Марат Шормановтардың қатысуымен өткен ұйымдастыру жиналысында Павлодар облысы бойынша үйлестіру кеңесінің құрамына сайландым. 1992 жылы азаматтық «Азат» қозғалысының Павлодар облысы атынан Алматыда өткен республикалық «Жаңғыру» қазақтың ұлттық өркендеу орталығында болдым. Кейін осы орталықтың облыстық бөлімшесін әділет басқармасында тіркеп, төрағалық еттім. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары демократиялық қоғам құру жолында партиялар, бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтар өз жұмыстарын бастады. Жеңіс Марданов ұйымдастырған «Қазақ тілі» қоғамы, Гүлбарам Наурызбаева басқарған «Народный конгресс» партиясы, ағайынды Мейрам, Мақсат Қалиевтер құрылтайшысы болған республикалық партия, Амантай Қалиев жетекшілік еткен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы, Жанат Қоңыровтың «Таухит» бірлестігі, Зара Қожахметова төрайымы болған «Мұсылман әйелдері лигасы» және тағы басқа ұйымдар дамудың сара жолы азаматтық қоғам құру екенін көрсетіп, белсенділік таныта білді. Мен жетекшілік еткен облыстық «Жаңғыру» қазақтың ұлттық өркендеу орталығы сол жылдары көптеген айтулы шараларды ұйымдастырды. Кеңес Одағы заманында көлеңкеде қалып қойған діл, тіл, мәдениет, халықтар достығының дәнекершісі ретінде ұлттық намысты оятатын, рухты көтеретін маңызы зор ауқымды істер атқарылды. Бастысы, «Ел елге қосылса – құт!» демекші, Моңғолиядан атамекенге оралған қандастарымызды құшақ жая қарсы алып, оларды орналас-тыру жұмыстарына атсалыстық. Бір қызығы, мемлекеттік қызметке ауысқанда сол қандастарымыздың құжаттарын реттеу жұмысы жүктелді. Өз қолыммен мыңдаған қандасқа Қазақстан Республикасының азаматтығын жедел рәсімдеп, қатарға қосылуына үлес қостым. Құжат тексеруде моңғол тілін жетік білетін Мұхит бауырым жәрдем көрсетті. Сондай-ақ, «Жаңғыру» орталығы бірінші болып алтыбақан ойынын қайта жаңғыртқан еді. Сол кезде қалалық мәдениет бөлімінде жұмыс істейтін өзге ұлт өкілі «Не мынау? Алып тастаңдар!» демесі бар ма?! Мен оған «Алтыбақан - қазақ жастарының ұлттық ойыны» екенін айтып, тарихи деректермен түсіндіріп бақтым... Сол алтыбақан ойын-сауық бағдарламасында танымдық-ақпараттық «Алтын дала» ойынын өткізіп, жастарды өз қатарымызға шақырдық. Қоғамдық ұйым ретінде қаржы тапшылығы қолбайлау болғанымен, бізге ұйымдар мен жеке азаматтар көмек көрсетті. Бокстан бапкер болған жылдары өзім тәрбиелеген спортшылар да қол ұшын соза білді. Мәскеудегі «Мұрагер» қазақ жастары қоғамымен байланыс жасап, оларға тәжірибе алмасу бағытында бірнеше рет барып, Ресей астанасының төрінде өткен Наурыз мейрамына қатыстық. Олар да елге келіп, біз ұйымдастырған шараларға атсалысты. «Мұрагердің» төрағасы Нұржан Өміржановқа алғыс айтып, иығына шапан жауып, елге шақырдық. Атқарылған істер сол уақыт пен қоғамдық жағдай шеңберінде өз орнын алды. Сол кезеңдегі азды-көпті еңбегім ескеріліп, түрлі марапаттар табысталды. Айталық, республикалық «Тарихи әділеттілік» қоғамдық комитеті атынан Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Алғыс хатпен марапаттады. Ол Тәуелсіздік жолындағы күреске қосқан еңбегімнің тамшыдай ғана үлесінің көрінісі іспетті. Сондықтан мен үшін бұл марапаттың маңызы зор. Сөзімді түйіндей келе, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы үш жүз мыңжылдыққа ұласып, Мәңгілік ел атанайық деген тілегімді білдіргім келеді. Мереке құтты болсын, ағайын!

 

Айдарғазы МӘКЕШЕВ, ардагер ұстаз, Павлодар қаласы.


Количество показов: 847

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  93

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  102

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  99

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  107

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  93

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  109

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  95

Сенсация!
08:02 24.09.2022  61

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  107

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  182

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  157

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  150

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  179

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  163

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  164

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  175

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  167

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  172

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  184

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  178

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  165

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  175

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  174

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  189

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  264

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  269

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  250

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  272

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  252

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  270

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  246

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  261

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  292

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  381

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  419

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  414

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  380

Қызмет беделі арта түспек
08:43 17.09.2022  407

Көкөніс алқабы көбейді
08:41 17.09.2022  369

Аудандар арасы қысқарады
08:39 17.09.2022  377

Сарыарқа самалы, 17 қыркүйек, сенбі
08:37 17.09.2022  402

Сана саңылауынан таным таразысына дейін
09:52 15.09.2022  502

Алаш және Ахмет
09:51 15.09.2022  448

Ғасыр адамы
09:50 15.09.2022  459

Шайба төрде емес, есеп 0:5!
09:49 15.09.2022  462

Жер мен елді жырлаған
09:47 15.09.2022  509

Қойсары батырлары ұлықталды
09:46 15.09.2022  515

Көлік жүргізушілерінің жасын шектеу керек пе?
09:39 15.09.2022  497

Жол саласына түбегейлі өзгеріс қажет
09:10 15.09.2022  519

Мектеп жаңаша кейіпке енбек
09:08 15.09.2022  492

Түгін тартсаң майы шыққан Майқайың
09:06 15.09.2022  516

Облыс әкімі – Май ауданында
09:04 15.09.2022  487

Қолдаудан кенде емес
09:03 15.09.2022  448

Қазандық «жыры» бітер емес
09:00 15.09.2022  488

Сарыарқа самалы, 15 қыркүйек, бейсенбі
08:54 15.09.2022  490

«Шұғада туған - шын бақыт!»
16:00 13.09.2022  609

Әлеуметтік төлемақы мөлшері көбеймек пе?
10:33 13.09.2022  576

Грант алудың шарты қандай?
10:30 13.09.2022  587

Ескерту айлығы басталды
10:29 13.09.2022  520

Жұртшылыққа қуаныш сыйлады
10:25 13.09.2022  495