Ажары айшықты Ақсу

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Ажары айшықты Ақсу 21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу

23 қазан күні Ақсу қаласының құрылғанына 60 жыл толмақ. Осы уақыт аралығында металлургтер шаһары еліміздің алдыңғы қатарлы моноқалаларының біріне айналды. Мұнда өндіріс, ауыл шаруашылығы қарышты дамып келеді. Әлеуметтік салаларда да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер бар. Бұл ретте Ақсу қаласының әкімі Жанат Шұғаевпен шаһардағы оң өзгерістер, алдағы уақытқа белгіленген міндет-межелер туралы аз-кем әңгіме өрбіткен едік.

- Жанат Рашитұлы, кезінде Екібастұздағы кеніш пен Ертіс арасын жалғаған шағын ауыл 1961 жылы қала мәртебесіне ие болып, аз уақыт аралығында қара металлургия мен электр энергиясының орталығына айналды. Тұрғындардың басым бөлігін тұрақты жұмыспен қамтып отырған екі бірдей қала құраушы кәсіпорынның қазіргі жұмыс барысы қалай?

- Екі өндіріс орны да еліміздегі озық кәсіпорындардың қатарына жатады. 1962 жылы, яғни Ақсу қала болып құрылған соң қазығы қағылған ферроқорытпа зауыты әлемдегі ең ірі металлургия компанияларының бірі болып саналады. Мұнда жыл сайын 1 млн тоннаға дейін өнім дайындалады. Оның көлемін одан әрі арттыру үшін құрал-жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Айталық, 2016-2020 жылдар аралығында №64 пеш жаңартылса, биыл №12 және №13 пештерді күрделі жөндеу қолға алынды. Жыл басынан бері бұл кәсіпорында 865 мың тонна ферроқорытпа алынды. Жалпы сомасы 389 млрд теңгеден асатын бұл өнім әлемдік нарыққа жөнелтілді. Сол сияқты Ақсу электр станциясы шаһардың, тұтас өңірдің экономикасында айтарлықтай рөл атқарады. Мұнда өндірілген электр энергиясы Қазақстан мен шекараның арғы жағындағы кәсіпорындарға таралады. Бұл кәсіпорындарда да қуаттылықты көбейту мақсатында ауқымды істер атқарылуда. Мәселен, 2017-2020 жылдары №5 энергоблок жаңғырудан өтсе, осы жылы №7 блокты қалпына келтіру шаралары жалғасуда. Сандарды «сөйлетер» болсақ, 9 айдың ішінде жалпы сомасы 50,1 млрд теңгеге 11137,3 млн кВт/сағ электр энергиясы өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 712,2 млн кВт/сағатқа көп. Осындай көрсеткіштерден-ақ қала құраушы кәсіпорындардың бір орында тұрып қалмай, жыл сайын қуаттылықты арттырып келе жатқанын байқауға болады. Бұл өз кезегінде шаһардың әлеуметтік дамуына оң ықпал етеді.

- Ақсуда шағын және орта бизнестің, агроөнеркәсіптік кешеннің дамып келе жатқаны да байқалады. Бұл бағытта қандай жоба-жоспарлар жүзеге аспақ?

- Иә, өз кәсібін бастауға ниетті тұрғындарға көп көмек көрсетіледі. Мәселен, шағын индустриялық аймақта өндірістік орындар тегін беріледі. Бұл – бизнес саласына енді ғана қадам басқан ақсулықтар үшін мол мүмкіндік. Одан бөлек, тұрғындар мен қала қонақтарына қызмет көрсететін жаңа нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Келесі айда жалпы аумағы 1 мың шаршы метрден асатын супермаркет өз жұмысын бастайды. Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды. Ал 2022 жылы тұрғындар біраз уақыт күткен «Ақсу Молл» есігін айқара ашады. Мұнда 100-ден астам сауда нүктесі, фудкорттар мен үш бірдей кинотеатр орналаспақ. Бұл сауда – ойын-сауық орталығы тұрғындардың бос уақытын өткізетін жақсы алаңға айналады деп ойлаймыз. Агроөнеркәсіптік кешен де кенже қалып жатқан жоқ. Ақсу аймағында өсірілген картоп пен сәбіз еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізіледі. Сол сияқты «Қызылжар Құс» фабрикасының өнімдері көпке танымал. Ендігі ретте осы бағыттардағы жұмыстарды күшейтіп, көкөністерді сақтайтын қоймалар санын көбейту, суармалы алқап көлемін арттыру сынды міндеттер тұр.

- Әлеуметтік сала да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Білім беру, денсаулық сақтау бағытындағы 60 жыл бұрынғы және бүгінгі ахуалды салыстыруға келмейтіні түсінікті. Десе де, осыдан өткенге шегініс жасап, сол уақыттағы көрсеткіштер мен бүгінгі жетістіктер туралы айтып өтсеңіз...

- Шынымен, 60 жылда көп нәрсе өзгерді. Бірінші кезекте балаларды оқыту, тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасы айтарлықтай артты. Білімді, саналы, дені сау ұрпақ кез келген мемлекеттің жарқын болашағының кепілі екені сөзсіз. Осы орайда Ақсу қаласында атқарылған іргелі істер жетіп артылады. Олардың барлығын тізіп шығу әрине мүмкін емес. Әйтсе де, Тәуелсіздік жылдары жүзеге асқан мемлекеттік бағдарламалардың игілігін атап өткен жөн болар. Мәселен, 2006 жылы Пограничник ауылында 198 орындық, 2010 жылы Ақсу қаласында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 1200 балаға арналған, 2015 жылы Қалқаман кентінде 300 оқушыға лайықталған мектептер салынды. Осыдан тура 10 жыл бұрын «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бой көтерген 320 орындық балабақша қолданысқа берілді. Ал бес жыл бұрын, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Айналайын» балабақшасы бүлдіршіндерді алғаш рет қабылдады. Қосымша білім беру бағытына да көп көңіл бөлінуде. Айталық, бұрындары Жас натуралистер станциясы орналасқан ескі ғимаратта 700-ге жуық бала бос уақытын өткізсе, бүгінде шамамен 1400 оқушы облыста теңдесі жоқ Ақсу эко-техно орталығында зерттеу жұмыстарымен айналысады. 2018 жылы бас қаланың 20 жылдығына орай ашылған орталықта экологиялық, биологиялық, туристік, ғылыми, техникалық және тағы басқа бағыттарда сабақтар жүргізіледі. Осы іспетті ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер бар. Бірақ бұған тоқмейілсуге болмайды. Балалардың сапалы білім алуы үшін әлі де жан-жақты жағдай жасау қажет. Осы мақсатта «Заманауи мектеп» өңірлік бағдарламасы көмегімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары да тұрақты түрде ұйымдастырылады. Мұның барлығы оқу орындарын жаңа сатыға көтерілуіне септігін тигізуі тиіс.

- Ал Ақсу қаласының 60 жылдығы аясында қандай шаралар ұйымдастырылмақ? Жалпы, қаланы одан әрі дамытуға қатысты жоспарлармен бөліссеңіз.  

шұғаев.jpg

- Қаланың айтулы мерейтойына орайластырылған шаралар жыл басынан бері өткізіліп келеді. Бұған дейін көптеген мәдени, танымдық кездесулер, спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Одан бөлек, ел игілігіне жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар берілді. Жақын күндері Қызылжар ауылында дәрігерлік амбулатория ашылады. Бұл – жергілікті жұртшылық көптен күткен емдеу мекемесі. Сонымен қатар, қала күні 80 ақсулық баспаналы болады. Осындай қуанышты жаңалықтар жыл соңына дейін жалғаспақ. Қаланы дамыту жоспарына келер болсақ, біздің басты мақсат – Ақсу қаласы мен оған қарасты ауылдық аймақ тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Ол үшін алдымен жұртшылықты толғандыратын өзекті мәселелерді шешу керек. Яғни, таза ауызсумен қамту, жол жөндеу, әлеуметтік нысандарды ретке келтіру бағытындағы істерді мықтап қолға алу қажет. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, тиісті қолдауды көрсетуге әзірміз. Өз кезегінде қалалықтар мен ауылдықтар да белсенділік танытып, тұрмыс сапасын жақсартуға үлес қосып, жергілікті билікпен бірлесе әрекет етсе игі. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Ақсу қаласының жұртшылығын қала күнімен құттықтаймын! Өңіріміз өркендеп, келешегіміз кемел болсын!

- Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 


Количество показов: 521

Возврат к списку