Азық-түлік қорын молайту - міндет

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  472

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  621

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  520

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  457

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  398

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  573

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  677

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  516

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  777

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  604

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  463

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  418

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  458

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  492

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  567

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  943

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  783

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  561

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  585

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  857

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  549

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  973

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1327

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1300

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1266

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1224

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1458

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  1251

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1277

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  1229

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1320

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1296

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  1051

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1213

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1529

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  817

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  1183

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  762

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  755

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  664

11 медаль!
11:05 24.01.2023  1215

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  1080

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  1151

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1256

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1423

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  1151

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  1099

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  1240

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1295

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  1161

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3410

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2977

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2921

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3387

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3433

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3558

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3643

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2891

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2948

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3360

Азық-түлік қорын молайту - міндет 21.11.2022

Азық-түлік қорын молайту - міндет

Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп, елдің әл-ауқатын көтеруде ауыл шаруашылығын дамыту маңызды екені даусыз. Әсіресе агроиндустрияны жетілдіру арқылы жергілікті жердің өнімі тұрғындарға қолжетімді болары анық. Осы орайда, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашевпен әңгімелесіп, агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық дамуы, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын білдік.

 

- Нұрболат Абылайханұлы, облысымыздағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша бүгінгі табыстар қандай?

- 2022 жылдың 10 айына облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнім-дерінің жалпы шығарылымының көлемі 397 млрд теңгені құрады және соңғы үш жылдың ішінде 2 есеге артты. Биыл облыс аграршылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Тәуелсіздік жылдарында екінші жыл қатарынан 1 млн тоннадан астам дәнді дақылдар жиналды. Сондай-ақ, 777 мың тонна картоп, 232 мың тонна көкөніс, 82 мың тонна бақша дақылдары, 190 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Облыс жалпы республикалық көлемнің 57 пайыз қарақұмық және 40 пайыз тары жинау бойынша көшбасшы болып табылады. Ел бойынша әрбір 5 тонна картоп пен 3 тонна сәбізді біздің фермерлер өндіреді. Мұндай нәтижеге біздің фермерлердің күнделікті еңбегі мен кәсібилігінің арқасында қол жеткіздік. Аймақта суару жүйесі қарқынды дамып келеді. Соңғы үш жылда суармалы жерлердің ауданы 1,5 есеге ұлғайтылды. Бүгінгі таңда суармалы жерлердің ауданы 137,1 мың гектарды құрайды. Озық технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру, суармалы жерлердің алқаптарын кеңейту есебінен 450 млрд теңге көлемінде ауыл шаруашылығы өнімінің болжамды жалпы шығымын алуға мүмкіндік береді. 2022 жылы агроөнеркәсіп кешенінде 25 млрд теңге сомасына 16 ірі жоба іске асырылуда, оның ішінде 18 млрд теңге сомасына 9 ірі инвестициялық жоба пайдалануға берілді және 180 жаңа жұмыс орны құрылды. Биылғы жылдың соңына дейін 6,5 млрд теңгеге 7 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары 90-95 пайызға аяқталды.

- Егін шаруашылығына қарай ойыссақ... Өткен жылы өндірілген өнім көлемі қандай болды? Ағымдағы жылы егіс көлемі қанша пайызға ұлғайды?

- Дәнді дақылдардың жалпы жиналуы 1 млн тоннадан астам астықты құрады. Орташа өнімділігі гектарынан 10,8 центнерді, майлы дақылдар шамамен 207,3 мың тоннаны құрады. Сондай-ақ, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 1 351,3 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 138,3 мың гектарға артық. Оның ішінде дәнді дақылдар-951,5 мың гектар, майлы дақылдар 288,0 мың гектар, картоп 24,9 мың гектар, көкөністер мен бақша дақылдары 9,3 мың гектар, жем-шөп дақылдары 77,6 мың гектарды құрайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге сапары барысында облыста суармалы жерлердің көлемін 300 мың гектарға дейін ұлғайту туралы тапсырма берді. Қазіргі уақытта аталған бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуда.

- Мал шаруашылығына маман даярлау жағы қалай? Ата кәсібімізді түлетуге құлшыныс танытып жүрген жастар бар ма? Мал дәрігерлерінен кадр тапшылығын шешу қалай жүруде?

- Облыстың ауыл шаруашылығында 60 мың адам немесе барлық жұмыспен қамтылған халықтың 16 пайызы жұмыс істейді. Оның ішінде 18-34 жас аралығындағы мамандардың саны 20 мыңнан астам адамды құрайды. Ауылдық жерлерде жағдай жасай отырып, жас мамандарды жұмысқа тарту - кадр мәселесін шешуге зор ықпал етеді. Бүгінгі таңда ауылда кадрларға жалпы қажеттілік 210 бірлікті құрайды. Оның ішінде механизаторлар – 130, ветеринарлар – 20, агрономдар - 40, малшылар – 20 бірлік. Жалпы облыста аудандарда кадрлар даярлауды 8 аграрлық-техникалық колледж жүргізеді. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Аграрлық колледждерде контингент 1 870 адамды құрайды. Кадрларды даярлау құрылымында ветеринария, агрономия, ауыл шаруашылығын механикаландыру, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу, дәнекерлеу ісі сияқты мамандықтар басым. 2021-2022 оқу жылында ауылдық колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылдау аудандық еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып қалыптастырылды. 2022 жылғы шығарылым 513 түлекті құрады. Оның ішінде 394 түлек жұмысқа орналастырылды. Жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыруды, әскердегі қызметті, бала күтімі бойынша демалысты қоса алғанда, жалпы жұмыспен қамту көрсеткіші 94 пайызды құрайды. Сондай-ақ, жастарды ауылға тарту, елді мекендердегі бизнесті дамыту біз үшін өте маңызды.

- Облысымызда ауыл шаруа-шылығы техникалары жеткілікті ме? Олардың қанша пайызы жаңартылды? Осы мәселе жөнінде айта кетсеңіз...

- Облыстың машина-трактор паркі жыл сайын жаңартылып келеді. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде фермерлер соңғы үш жылда 3 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Осы жылғы егін жинау науқанына 11 мыңға жуық техника жұмылдырылды. Оның ішінде барлық модификациядағы 2 266 бірлік трактор, 2 075 бірлік комбайн, оның ішінде 1 952 астық жинайтын комбайн, 735 бірлік орақ, астық әкетуге 2 665 бірлік автокөлік және 1 275 бірлік трактор тіркемесі бар.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шаруалардың ауыр жұмысы тым арзанға бағаланып жатқанын алға тартып, шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және оны сатуды ұйымдастыру барысында күш жұмылдыруға мүмкіндік беретін кооперация құрып, оның жұмысын жандандыру керектігін айтты. Осы тұста облыс шаруаларының өзара кооперация құруға мүмкіндіктері бар ма?

- Облысымызда 107 ауыл шаруа-шылық кооперативтері жұмыс істейді. Онда шамамен 249 адам жұмыс атқарады. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін мемлекет тарапынан қолдау шаралары көрсетіледі. Жыл басынан бері кооперативтер ауылдағы кооперацияны ынталандыру шеңберінде 306,9 млн теңге сомаға субсидияланды. Оның ішінде сиыр сүтін өндіру құнын арзандатуға - 273,7 млн теңге, тұқым шаруашылығын дамытуға - 24,0 млн теңге, инвестициялық субсидиялау бойынша – 9,2 млн теңге қаражат бөлінді. Облыста 2023 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру жоспарлануда. Республикалық бюджеттен жобаны іске асыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасында бір қарыз алушыға орта есеппен 5 млн теңге шамасында қолдау көрсетілмек. Сондай-ақ, 300 жобаны іске асыру үшін 1,5 млрд теңге көзделген. Нәтижесінде 550-ге жуық тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Онымен қоса, жеке қосалқы шаруашылықтарды, шағын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кооперациялаудың артықшылықтарын түсіндіру, сондай-ақ, кооперацияны дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары арқылы тұрақты негізде дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы, осы бағытта атқарылатын жұмыстың арқасында кооперативтердің жаңа қарқынмен дамуына жол ашылатыны анық.

- Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына берілетін субсидия мәселесіне баса назар аудару керектігін айтқан болатын. Бұл да – шаруа қожалықтарын ынталандыру мен дамытуда керек құрал. Осы орайда облыс кәсіпкерлері өздеріне тиісті субсидияны алып жатыр ма?

- Ағымдағы жылы облысымыздың агроөнеркәсіп саласын қолдау 30 пайызға, 27-ден 35 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау бұдан әрі де белсенді жалғасатын болады, бұл үшін барлық жағдайлар бар. Биыл облыстың 1,2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері субсидиялаумен қамтылды. Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Qoldau.kz» және «Subsidy.plem.kz» ақпараттық жүйелері арқылы онлайн режимінде субсидия алу бойынша сұрақтарға жауап ала алады. Ақпараттық жүйелерде материалдар бейне және мәтіндік нұсқада ұсынылған. Сондай-ақ, шаруалар ақпараттық жүйе арқылы нормативтік-құқықтық базаны зерделей алады.    Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешендегі субсидияның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылы бүкіл ел бойынша агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін іске қосты.

- Алдағы 5 жыл көлеміндегі ауыл шаруашылығының даму әлеуетіне қатысты қандай болжам жасай аласыз?

- Ауыл шаруашылығы саласындағы саясат 2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын болады. Онда облысымызға 4 нақты міндет айқындалған. Атап айтсақ, еңбек өнімділігін 5,5 млн теңгеге дейін арттыру, отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен 100 пайыз қамтамасыз етілуі, өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын 2 есе ұлғайту, 51 инвестициялық жобаны іске асыру есебінен ауыл тұрғындарының тұрақты табысын арттыру. Ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде барлық іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ететін болады.

- Әңгімеңізге рахмет.

 

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

 


Количество показов: 2934

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  472

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  621

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  520

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  457

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  398

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  573

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  677

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  516

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  777

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  604

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  463

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  418

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  458

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  492

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  567

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  943

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  783

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  561

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  585

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  857

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  549

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  973

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1327

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1300

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1266

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1224

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1458

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  1251

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1277

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  1229

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1320

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1296

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  1051

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1213

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1529

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  817

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  1183

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  762

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  755

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  664

11 медаль!
11:05 24.01.2023  1215

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  1080

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  1151

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1256

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1423

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  1151

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  1099

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  1240

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1295

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  1161

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3410

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2977

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2921

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3387

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3433

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3558

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3643

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2891

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2948

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3360