Азығы мол мал азбайды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

Азығы мол мал азбайды 21.10.2021

Азығы мол мал азбайды

Сиырдың сүті тілінде ғана емес, күтімінде екеніне мал баққан ағайынның көзі жете бастады. Малдың жемазығы сапалы болмаса, сауынды сиыр асыраудың қажеттілігі шамалы. Мұны қаперіне алған Павлодар ауданының шаруалары суармалы жер алқабын тиімді кәдеге жаратуда.

 

Бүгінде аймағымызда дәнді дақылдарды ору жұмыстары аяқталып қалды. Шаруалар енді майлы дақылдарды жинауға кіріспек. Астықтың басым бөлігі нарыққа жөнелтіліп, қайта өңдеу кәсіпорындарына шикізат ретінде кәдеге жаратылатыны белгілі. Ал Павлодар ауданы Рождественский ауылдық округіне қарасты Розовка ауылындағы «Киров» ЖШС егіс алқабын тек мал азығын әзірлеу үшін пайдаланып келеді. Аталған шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысу үшін арнайы ат басын бұрған едік. Егіс алқабындағы ахуалды басшыдан гөрі агроном жақсы біледі-ау деген оймен жанымызға шаруашылықтың бас агрономы Виталий Бакутаны ертіп, егіс алаңына тарттық. Оның айтуынша, биыл 5600 гектарға арпа, 800 гектарға жүгері, 1600 гектарға судан шөбі, 3500 гектарға бидай егіліпті.

- Сүтті молынан жинау үшін малдың жемазығына баса мән беріледі. Биыл өсімдіктің пісіп- жетілуіне жауын-шашынның үлесі зор болды. Барлық егіс алқабының түсімін есептегенде өткен жылмен салыстырғанда 20 процентке артық өнім жиналады деп күтілуде. Әрине, минералды тыңайт-қыштардың да көмегі көп. Өткен апталарда жайсыз ауа райының салдарынан жиын-терім жұмыстары тоқтап қалған-ды. Соңғы күндері қалыпты ауа райы сақталып, тиісті жұмыстар жүйелі жалғасуда. Иелігіміздегі 4 комбайн арпа алқабын оруда. Бидай алқабының қалған бөлігінде де жақын күндері техниканың үні естілетін болады, - дейді В.Бакута. Техника демекші, комбайндардың барлығы жаңа екен. «Джондир», «CLAAS» және «Вектор» маркалы комбайндар аз уақыттың ішінде егіс алқабын орып, астықты бірден жүк көліктеріне төгіп жатты. Тиелген астық астық сақтау орнына жөнелтіледі. Астық қырманының меңгерушісі Галина Сергееваның айтуынша, сүрлем әзірлеу кезеңінде таразыдан 100-дан астам жүк көлігі өткен.

- Иелігімізде электронды таразы бар. Көлікке тиелген астықтың түсімі автоматты түрде есепке алынады. Центнерді гектарға бөліп, астықтың өнімділігін анықтаймыз. Кейін дақылдар тазартылып, кептіру жұмыстары қолға алынады. Күніне 65 тонна астық кептіріледі. Бұдан соң әр дақыл жеке-жеке қоймаларда сақталады. Сыйымдылығы 1,5 мың тоннаны құрайтын 4 қоймамыз бар. Жүгеріні сүрлем дайындауға, судан шөбін пішендеме әзір-леуге қолданамыз. Малдың жемазығы дер кезінде дайындалуы тиіс. Сондықтан да, күн сайын арнайы техникалардың көмегімен қоспалар пайдаланылып, қоймадан тауарлы сүт кешеніне сиырдың шөбі жөнел-тіліп тұрады, - дейді Г.Сергеева. Жауын-шашынның мол болғаны жақсы, әрине. Бірақ шамадан тыс жауғаны кері әсерін тигізбей қоймайтыны анық. Виталий Бакутаның айтуынша, кейбір егіс алқаптарында арамшөптер қаулап өскен.

- Арамшөптерден құтылу үшін жерді өңдеу жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет. Минералды тыңайтқыштарды да мөлшермен пайдаланған жөн. Соңғы уақытта бұл бағытта шараларды мықтап қолға алудамыз. Ылғал жинау мақсатында дақылдардың сабағы егіс алқабында қалады. Ауыспалы егіс жүйесін енгізу бойынша биыл күнбағыс та егілді. Қысқасы, астықтың өнімділігін арттыру үшін түрлі тетіктерді қолданып келеміз, - дейді Виталий Бакута. Астық қырманына барға-нымызда мал азығының молынан әзірленгеніне көз жеткіздік. Сауынды сиырлар өз алдында, бұзауларға берілетін азыққа да бөлек «ас мәзірі» қарасты-рылған. «Киров» ЖШС басшысы Болат Тәжиев суармалы алқапты дамыту арқылы сүрлем, пішендеме сияқты дәруменге мол азықты әзірлеу мықтап қолға алынғанын айтады. Бүгінде жем-шөп жоспардан артығымен дайындалыпты. Шаруашылық қысқы маусымға сақадай сай.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Павлодар ауданы.

 


Количество показов: 638

Возврат к списку