Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  471

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  619

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  519

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  457

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  398

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  572

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  675

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  516

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  775

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  604

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  461

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  418

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  458

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  490

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  567

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  941

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  781

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  561

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  585

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  855

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  548

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  971

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1325

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1298

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1264

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1221

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1457

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  1249

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1276

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  1227

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1318

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1294

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  1051

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1213

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1527

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  816

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  1182

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  760

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  754

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  664

11 медаль!
11:05 24.01.2023  1213

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  1078

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  1150

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1254

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1422

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  1150

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  1097

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  1237

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1293

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  1159

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3407

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2975

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2921

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3384

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3431

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3556

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3640

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2891

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2946

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3358

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар 22.11.2022

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар

20 қараша - ел тарихында маңызды оқиға орын алған күн. Бұл күні ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтіп, қазақстандықтар алдағы жеті жыл аралығында елдің тізгінін ұстайтын Мемлекет басшысын таңдады. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, дауыс берушілердің 81,31 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдады.

Әлқисса...

VNB_8514.JPG

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін хабарлаған еді. Сол тұста Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді, қайта сайлануға тыйым салынуды ұсынды. Осылайша, сайлаудың жаңа жүйесінің негізі қалыптасты. Ал 20 қыркүйек күні тиісті қаулыға қол қойылып, елдегі саяси науқан өтетін күн ретінде 20 қараша белгіленді. Кандидаттарды ұсыну уақыты аралығында әр түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер барлығы 12 үміткерді ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы олардың құжаттарын, талаптарға сай келер-келмесін тексере келе, тек тең жартысын тіркеді. Сөйтіп, халықтық коалиция атынан Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Жигули Дайрабаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев және «Аманат» Қазақстан кәсіподақтары достастығы республикалық бірлестігі атынан Мейрам Қажыкен сайлауға түсетін болды. Тәуелсіз ел тарихында алғаш рет Президент сайлауына екі әйел – Қарақат Әбден мен Салтанат Тұрсынбекова кандидат ретінде тіркелді. Үгіт-насихат жұмыстары барысында Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб өкілдері, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден біздің облысқа арнайы келіп, еңбек ұжымдарымен жүздесті. Сондай-ақ, барлық кандидаттардың өңірдегі сайлауалды штабтары белсенді түрде жұмыс істеді. Бұл туралы біздің басылым әр нөмір сайын оқырман қауымға хабарлап, штабтардың жұмысына шолу жасағанын атап өткен жөн.

 

Белсенділік жоғары

IMG_0040.JPG

20 қараша күні сағат 7.00-де өңірдегі 528 сайлау учаскесінің есігі ашылды. Олар сағат 20.00-ге дейін дауыс берушілерді қабылдады. Өңірдегі 510 мыңға жуық тұрғынға Президентті таңдау мүмкіндігі берілді. Айта кетейік, бұл күні Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдап, мүгедектігі бар азаматтарға инватакси қызмет көрсетті. Алғашқылардың бірі болып облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өз таңдауын жасады. Аймақ басшысы облыс орталығындағы №15 сайлау учаскесінде дауыс берді.

- Бүгін еліміз үшін маңызды күн әрі тарихи оқиға орын алып отыр. Ел азаматтары ҚР Президенті атанар азаматты таңдауда. Мен де азаматтық борышымды өтеп, өз таңдауымды жасадым, - деді Ә.Сқақов. Жалпы, бұл күні өңір жұртшылығы саяси белсенділік танытып, азаматтық ұстанымы мығым екенін көрсетті. Тіпті, тұрғындар бала-шағасымен тұтас әулетімен барып, бюллетень алып жатты. Мәселен, Ақтоғай ауданына қарасты Өтес ауылында бір отбасыдан бірден 12 адам дауыс берді. Ауыл ақсақалы Тілен Көшкенбаевтың бәйбішесі, отбасы мүшелері, немере-шөберелерімен бірге келуі комиссия мүшелері мен тәуелсіз байқаушыларды сүйсіндірді.

- Құдайға шүкір, жұмақтағыдай тірлік кешіп отырмыз деп әсірелеп айтудан аулақпыз. Ел іші болғандықтан кейбір қиындықтар мен кемшін қалған тұстарымыздың да кездесетінін жасырмаймыз. Әйтсе де ауылымыз жылдан-жылға көркейіп, ілгері басып келеді. Осыдан бірер жыл бұрын Өтеске орталықтандырылған су құбыры тартылған еді. Биыл ауылға кіретін жолға асфальт төселіп, елдің қуанышын еселеді. Мұндай игіліктер бұрын-соңды болмаған. Отбасымызбен риза болып жатырмыз. Қаладан кем емеспіз, суымыз үйде, бәрі дайын. Ұядай ғана шағын ауыл болса да, ел іші берекеге толы. Жастарға айтарым, мемлекет қазір барлық мүмкіндікті үйіп-төгіп беріп жатқанда жағдайды оңтайлы пайдалану керек, - деп ағынан жарылды қария. Ал Май ауданы Абай ауылының тұрғын-дары елімізде алғашқылардың бірі болып дауыс беруді аяқтады. Мұндағы 91 дауыс берушінің барлығы елді мекендегі №359 сайлау учаскесіне сағат 16.00-ге дейін келіп, бюллетеньге белгі қойды. Жалпы, саяси науқанға аудандағы сайлаушылардың 92,4 пайызы, яғни 6289 адам қатысты. Сонымен қатар, егде тартқан адамдар, мүгедектігі бар азаматтар мен денсаулығына байланысты сайлау учаскелеріне келе алмаған тұрғындарға үйден дауыс беруге жағдай жасалды. Ұлы Отан соғысының ардагері, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Қайыр Хасенов осы мүмкіндікті пайдаланды.

- Елдің ертеңі үшін әр дауыс маңызды. Сондықтан маңызды саяси науқаннан шет қалуға болмайды. Учаскеге бара алмағандықтан, бюллетеньді үйде толтырып, жәшікке салдым. Мемлекетіміз одан ары нығайып, еліміздің аман, жұртымыздың тыныш болуын тілеймін, - дейді ардагер. Жалпы, Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, Павлодар облысындағы сайлаушылардың 77,58 пайызы өз таңдауын жасады. Бұл – елдегі жоғары көрсеткіштердің бірі.

 

Жастар қалыс қалған жоқ

IMG_0142.JPG

Екібастұз қаласында алғашқылардың бірі болып №573 сайлау учаскесінде дауыс берген Қазақстанның Еңбек Ері, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Рышат Әміренов жастардың белсенділігі ерекше екенін байқады.

- Учаскеге келіп жатқан дауыс берушілердің жүздері жарқын, көңілі көтеріңкі. Әсіресе, жастардың көп екені қуантты, - деді Р.Әміренов. Шынымен, бұл күні жер-жерде сайлау учаскелеріне ағылған жастар қарасы қалың болды. Олардың қатарында саяси науқанға алғаш рет қатысып отырған жас буын өкілдері де бар. Мәселен, павлодарлық Нұрбек Еркеғалиұлы №81 сайлау учаскесіне отбасымен келді.

- Ел тарихындағы маңызды сайлауға қатысу - ұмытылмас сәттердің бірі. Тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде таңдауымды жасадым. Меніңше, бұл – кәмелеттік жасқа толған әр азаматтың борышы, - дейді ол. Ал тағы бір студент - Эмир Жүнісов Президент сайлауында дауыс беру үшін Алматыдан арнайы келді. Саяси науқаннан бір күн бұрын ғана 18 жасқа толған ол Алматы қаласындағы Сәтбаев универси-тетінде автоматтандыру мамандығын меңгеруде. Бұл күні оқушылар да саяси науқаннан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, облыс орталығындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын, 18 жастан асқан 51 жеткіншек те бюллетень толтырды. Солардың бірі - Дария Бәкір.

- Бұрындары сайлау учаскелеріне үйдің үлкендері барса, биыл маған да кезек келді. Алғаш рет осындай ауқымды шараға қатысып, өз пікірімді білдірдім. Сыныптастарым да белсенділік танытты, -
дейді оқушы. Айта кетелік, облыстағы сайлау учаскелерінде барлығында алғаш рет дауыс берген жастарға шағын сый-сыяпат жасалды.

 

Жабық учаскелер жұмыс істеді

IMG_0046.JPG

Бұл күні өңірдегі ауруханалар, әскери бөлімдер, арнайы мекемелерде жабық сайлау учаскелері жұмыс істеді. Айталық, облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында орналасқан №104 жабық сайлау учаскесінде барлығы 235 сайлаушы бар. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бағлан Каримованың айтуынша, мұндағы қарттардың барлығы дауыс берді.

- Қарттар мен мүгедектерге арналған орталығымызда 200 адам арбамен және балдақпен жүреді. Олар сайлау учаскесіне келіп, таңдауларын жасады. Ал басқалары денсаулық жағдайына байланысты бюлле-
теньді бөлмелерінде толтырып, жәшікке салды, - деп атап өтті ол. Сонымен қатар, облыс орталығында мерзімді әскери қызметшілерге арналған екі сайлау учаскесі құрылды. 5512 және 6679 әскери бөлімдерінің жеке құрамы сол екі учаскеде толығымен дауыс берді. Олар 18-19 жаста болғандықтан, Президент сайлауына алғаш рет қатысып отыр. Бірінші болып 6679 әскери бөлімінің сарбазы Аслан Қартбаев бюллетень алды. Офицерлер мен сержанттар да әскери мекемеде орналасқан сайлау учаскелерінде таңдау жасады. Павлодар қаласындағы аралас қауіпсіздіктегі №63 мекемеде №120 жабық сайлау учаскесі ашылды. Мұнда тергеуге алынған күдіктілер мен айыпталушылар дауыс берді. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Әділет Мұстафиновтің айтуынша, құжаттары жоғалған немесе қандай да бір себептермен болмаған адамдарға куәліктері қалпына келтірілді. Ұсталған азаматтар сайлау учаскесіне бірінен соң бірі арнайы мамандардың бақылауымен келді. Осылайша, 146 адам дауыс беру құқығын пайдаланды. Олардың қатарында 9 әйел адам бар. Ал бұл күні босанған және ай-күні жақындаған әйелдер перзентханаға жеткізілген сайлау жәшігіне бюллетеньдерге белгі қойып салды. Жас аналар мен жүкті әйелдердің дауыс беруі үшін қажетті жағдай жасалды.

- Сайлауға жаңа туған баламмен бірге қатыстым. Оның және елдегі барша баланың жарқын болашағы үшін дауыс бердім, - дейді Гүлден Мерғалымова. Сайлау күні облыстағы перзентханаларда 14 сәби өмір есігін ашты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың сегізі - ұл, алтауы - қыз.

 

Қолайлы жағдай жасалды

IMG_0073.JPG

Биылғы саяси науқан барысында мүгедектігі бар азаматтарға ерекше көңіл бөлініп, тиісті жағдайлар жасалды. Сайлау учаскелерінің барлығы дауыс берушілерге қолайлы болуы үшін ғимараттардың бірінші қабаттарына орналасып, қажетті құралдармен қамтылды. Павлодар қаласындағы №81 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Айжан Ақбаеваның сөзінше, учаскенің сайлаушылар тізімінде мүгедектігі бар 6 азамат тіркелген. Олардың келіп дауыс беруіне мүмкіндік қарастырылды. Бұл мәселе ауылдық аймақтарда да басты назарға алынды. Мысалы, Май ауданы Көктөбе ауылындағы №365 сайлау учаскесіне таңдау жасауға келген азамат Жұмағали Әмірханов көзінің нашар көретінін ескертті. Оған арнайы техника арқылы дауыс беру мүмкіндігі берілді. Жалпы, өңірде мүмкіндігі шектеулі 3,3 мыңнан астам сайлаушы бар. Олардың 916-сы арбамен жүреді. Тағы 1581 адамнің көру, 795 тұрғынның есту қабілеті нашар. Ерекше қажеттілігі бар азаматтардың сайлау учаскелеріне жетуі үшін инватакси қызмет көрсетті. Оған қоса, 488 учаскеде арнайы бұрыш ашылып, 522 учаскеде кабиналар жабдықталды. Тілдесуде қиындықтар туындамас үшін бес сурдоаудармашының көмегі пайдаланылды.

 

Саяси науқан жаңашылдықтары

Президент сайлауында бірнеше жаңашылдық болды. Солардың бастысы – тұрақты тіркеуі жоқ азаматтардың дауыс беруі. Атап айтқанда, еш жерде тіркеуде жоқ тұрғындар сайлау учаскесінде бір күн тіркеліп, таңдау жасау мүмкіндігін пайдаланды. Олар үшін Павлодар қаласындағы №11, 15, 51, 79, Екібастұздағы №536 және Ақсу қаласындағы №485 сайлау учаскелерінде мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстары ұйымдастырылды. Осы тетікті пайдаланған сайлаушылардың бірі - Павлодар машина жасау колледжінің студенті Уәлихан Егінбаев. Жақында 18 жасқа толған ол Президент сайлауына алғаш рет қатысқан азамат ретінде шағын сыйлық та алды.

- Менің тұрақты тіркеуім жоқ екенін сайлауға бір-екі күн қалғанда білдім. Сондықтан №15 учаскеге келіп, дауыс беру үшін біркүндік тіркеуге тұрдым. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары сол учаскеде тіркелуіме көмектесті. Елдің болашағы Президентке тікелей байланысты болғандықтан, жастар міндетті түрде үнқосуы керек деп ойлаймын. Біркүндік тіркеу соған мүмкіндік берді, - дейді ол. Тағы бір басты жаңалық – жеке басты куәландыратын электронды құжаттың пайдалануы. Бұған дейін дауыс берушілер учаскелік комиссия мүшелері міндетті түрде түпнұсқасын көрсетуі тиіс болса, бұл жолы электронды нұсқасын ұсынуына рұқсат етілді. Бұл мүмкіндікті қолданған тұрғындардың бірі - жақында азаматтық алған павлодарлық Жәнібек Бекболат. Ол осы жылыдң маусым айында Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылына қоныс аударды. Қыркүйекте азаматтық алуға өтініш беріп, таяуда ғана құжаттары дайын болды. Бірақ жеке куәліктің түпнұсқасы әзірше берілген жоқ.

- Атамекенге қоныс аударып, осындай маңызы зор саяси науқанға қатысу бақыты бұйырғанына қуаныштымын. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сайлауға алғаш рет қатыстым. Мойылды ауылындағы №33 сайлау учаскесінде дауыс бердім Құжаттың түпнұсқасы болмағандықтан, цифрлық баламасын көрсеттім. Мұндай мүмкіндіктің берілуі де ыңғайлы, - деді ол.

 

Ашық әрі әділ

Президент сайлауының ашық әрі әділ өтуін тәуелсіз байқаушылар үздіксіз қадағалап отырды. Олардың басым бөлігі екі ауысыммен жұмыс істеді. «Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Алма Қозбаеваның айтуынша, өңірде ұйымның 2 мыңнан астам байқаушысы бар.

- Павлодар қаласында 592, аудан-қалаларда 1,5 мың байқаушы сайлау учаскелеріндегі процестің заң аясында атқарылуын қадағалады. Олар екі ауысым бойынша жұмыс істеді. Алғашқы ауысым таңғы 6.00-ден 15.00-ге дейін қызмет етсе, екінші ауысым 15.00-ден хаттамалар толтырылғанға дейін саяси науқан барысын бақылады, - деді ол. Алма Қозбаеваның айтуынша, облыс тұрғындарының белсенділігі жоғары болып, олар да, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері де заң талаптарын толығымен сақтады. «Бақыла» қоғамдық қозғалысының өкілі Есенжан Манарбек те саяси науқанның белгіленген ережелерге сай өткенін айтты. Жалпы, дауыс беру күні сайлау рәсімдерін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың 11 мыңнан астам сенім білдірген адамы, шет мемлекет-тердің, халықаралық ұйымдардың 641 бай- қаушысы, саяси партиялардан 15,5 мың байқаушы, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан астам байқаушы байқады.

 

Шекараның арғы жағында дауыс берді

Шет мемлекеттерде де ҚР Президенті сайлауына орай учаскелер құрылып, шекараның арғы жағында жүрген ел азаматтарының таңдау жасауына жағдай қарастырылды. Мәселен, Мысыр жерінде жүрген жерлестеріміз белсенділік танытты. Бұл туралы Павлодар облыстық «Saryarqa samaly» газетіне тікелей Мысырдан хабарлады. Каир қаласында Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігі жанында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша №251 сайлау учаскесі орналасты. Барлық сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де сайлаушыларға есігін ашты. Ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Сайлау учаскелері сайлаушылардың дауыс беру үрдісіне қарай өз жұмыстарын жергілікті уақытпен сағат 20.00-де аяқтады. Айта кетелік, Мысыр уақыты Астана уақытымен салыстырғанда 4 сағатқа кейін жүреді.

- Мысырда орналасқан әл-Азхар, Айн-Шамс және Каир университеттерінің студенттері мен елшілік қызметкерлері алдын ала тіркеуден өтті. Жастардың қатарында алғаш рет өз дауысын берген әл-Азхар университетінің араб тілі факультетінің 3-курс студенті 18 жастағы Абдрашова Набира Махамталиқызы да болды. Бүгінгі сайлау барысында еліміздің азаматтары белсенділік танытуда. Олар Қазақстандағы реформаларды жақтап дауыс беруде, - деді бізге жіберілген хабарламада. Мысырдағы сайлау комиссиясының төрағасы С.Уәлихановтың айтуынша, барлық дауыс беру процесі заңға сәйкес өтті. Ал Павлодар облысының тумасы, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу дайындығына арналған Қазақстандағы алғашқы кітаптың авторы, ақын, бүгінде Сауд Арабиясында білімін жалғастырып жүрген Серікболсын Дүйсенбай Жидда қаласында орналасқан №295 сайлау учаскесіне барып, Президент сайлауына қатысты.

- Мен Жидда қаласынан 90 шақырым қашықта орналасқан Король Абдулла атындағы ғылым және технология университетінің докторантурасын аяқтап жатырмын. Жақында докторлық жұмысымды қорғадым. Енді желтоқсан айының соңында диплом аламын. Бүгінгі күні аталған қаладағы сайлау учаскесіне келіп, елімнің болашағы үшін таңдау жасадым. Бұл әлемнің әр түкпірінде жүрген қазақстандықтардың азаматтық борышы әрі міндеті деп білемін, - деді ол.

 

Басым дауысқа ие болды

20 қараша күні сағат 20.00-де елдегі облыстардың басым бөлігінде, ал сағат 21.00-де батыс аймақтарда сайлау учаскелерінің есігі жабылып, комиссия мүшелері байқаушылардың, сенімді өкілдердің қатысуымен бюллетеньдерді санады. Бұл ретте шетелдегі сайлау учаскелерінде берілген дауыс та есепке алынды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Президент сайлауына 8 300 046 адам, яғни дауыс беру құқығына ие азаматтардың 69,44 пайызы қатысты. Олардың қатарында Павлодар облысындағы сайлаушылардың 77,58 пайызы бар. Сонымен, Орталық сайлау комиссиясының есебі бойынша, «Барлығына қарсы» деген бағанға дауыс берушілердің 460 484-і (5,80%) белгі қойған. Қарақат Әбденді 206 206 адам (2,60%), Нұрлан Әуесбаевты 176 116 сайлаушы (2,22%), Жигули Дайрабаевты 271 641 азамат (3,42%), Мейрам Қажыкенді 200 907 тұрғын (2,53%), Қасым-Жомарт Тоқаевты 6 456 392 қазақстандық (81,31%) және Салтанат Тұрсынбекованы 168 731 дауыс беруші (2,12%) қолдады. Осылайша, басым дауысқа ие болған Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті ретінде таңдалды. Exit-poll нәтижелері белгілі болған соң республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше, тарихи науқан өткенін айтты.

- Бұл науқанның біздің тарихымызда қалатыны сөзсіз. Exit Poll-дың алдын ала нәтижесі шықты. Әрине, ресми қорытындыны күтеміз. Дегенмен қазірдің өзінде халқымыз маған Президент ретінде және баршаңызға үлкен сенім артты деп айтуға болады. Халықтың сенімі – бұл ең құнды нәрсе. Сондықтан халықтың сенімін бәріміз ақтауымыз керек. Бүгін, міне 21 қарашадан бастап бәріміз жұмысқа кірісуіміз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар, мықты мемлекет құрамыз десек, алдымен әділдік орнату қажет екенін, онсыз ешқандай да реформа болмайтынын атап өтті. Бәріміз бір ұлт, бір қоғам болып іске кірісуіміз керек екенін еске салды.

- Қоғамдық штабқа, сенімді өкілдеріме, еріктілерге рақмет айтамын. Сіздер еліміздің әр түкпіріне бардыңыздар. Ауыл-аймақтар, шалғай елді мекендер назардан тыс қалған жоқ. Ел арасында үгіт-насихат жүргіздіңіздер. Бұл – үлкен жұмыс. Оны мен ешқашан ұмытпаймын. Сол себепті бүгінгі көрсеткіш – бәрімізге ортақ жеңіс. Меніңше, сайлау заңға сәйкес өтті. Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді. Олар аймақтарды емін-еркін аралады. Сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жүргізді. Яғни, ешкімге шектеу қойылған жоқ. Әрбір сайлаушыға өз таңдауын жасауына еркіндік берілді. Сондықтан бұл науқан ерекше әділ, ашық өтті, – деді ол. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауы жаңа саяси дәуірге жол ашатынын айтып, алдағы уақытта басты билік институттары түгел жаңғыртылатынын жеткізді.

- Конституциялық реформаны толығымен және нақты жүзеге асырамыз. Еліміздің саяси құрылысын жаңа қалыпқа түсіреміз. Экономиканы түбегейлі өзгертеміз. Халқымыздың әл-ауқатын арттырамыз. Соның бәрін ойдағыдай атқару үшін бізге бірлік керек. Сондықтан әрдайым бірге болайық! – деп сөзін түйіндеді.

 

«Saryarqa samaly»-ның тілшілер тобы.

Суреттерді түсірген - Есенжол Исабек.


Количество показов: 3496

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  471

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  619

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  519

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  457

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  398

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  572

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  675

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  516

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  775

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  604

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  461

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  418

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  458

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  490

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  567

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  941

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  781

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  561

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  585

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  855

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  548

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  971

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1325

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1298

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1264

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1221

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1457

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  1249

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1276

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  1227

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1318

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1294

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  1051

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1213

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1527

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  816

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  1182

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  760

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  754

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  664

11 медаль!
11:05 24.01.2023  1213

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  1078

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  1150

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1254

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1422

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  1150

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  1097

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  1237

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1293

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  1159

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3407

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2975

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2921

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3384

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3431

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3556

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3641

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2891

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2946

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3358