Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар 27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар

Алдағы екі жыл дересінде Павлодар облысындағы ауылдардың барлығы бірдей таза ауызсумен қамтылуы тиіс. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында өңірде жаңа 12 емдеу мекемесі бой көтереді. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында алдағы уақытқа белгіленген жоспарлармен бөлісіп, мәселелерді шешу жолдарын атады.

Мықты кластер қалыптасты

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндап, Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерді атап өтті. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, көпшілікке қатысты маңызды мәселелерге тоқталды. Алдымен Әбілқайыр Бақтыбайұлы жыл басынан бері қол жеткізген көрсеткіштерді тілге тиек етті. Айталық, биыл еліміздің индустриялық орталығы саналатын біздің өңірде 2,2 трлн теңгенің өнімі шығарылды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 60 пайызды құрады. Бұл – республика көлеміндегі үздік үш көрсеткіштің бірі.

- Тәуелсіздік жылдары Павлодар облысында толыққанды мұнай-химия кластері қалыптасты. Қазіргі таңда жергілікті кәсіпорындарда елдегі жанар-жағармайдың үштен бір бөлігі, газойлдардың 40 пайызға жуығы өндіріледі. Тек біздің өңірде қыздырылған мұнай коксы шығарылады. Сонымен қатар, Қазақстандағы теміржол өнімдерінің 73 пайызы Екібастұздағы бес кәсіпорында дайындалады. Екі жылдан кейін ішкі нарықты теміржол бөлшектерімен қамтитын тағы бір өндіріс орны іске қосылмақ. Жалпы, 2025 жылға дейін көлемі 2 трлн теңгені құрайтын 186 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Соның нәтижесінде өңірдің экспорттық әлеуеті 28 пайызға артады, - деді облыс әкімі. Әбілқайыр Бақтыбайұлы журна-листердің сұрақтарына жауап бере келе, соңғы уақытта қоғамда қызу талқыға түскен жоба – сода зауытының құрылысына қатысты пікірін білдірді. Қазіргі уақытта зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалуда. Кейін қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады. Кальциленген сода өндірісі экологтар мен тұрғындар тарапынан қолдау тапқан жағдайда ғана жаңа Экологиялық Кодекс талаптарын қатаң сақтап отырып іске қосылады. Аймақ басшысы шағын және орта бизнес мәселесіне де тоқталды. Биыл өңірдегі кәсіпорындардың саны 1,5 мыңға, олар дайындайтын өнімдер көлемі 60 млрд теңгеге артты. «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» бағдар-ламалары аясында 1524 жобаны жүзеге асыруға барлығы 58,8 млрд теңге қарастырылды. Былтыр Павлодар облысында елімізде алғаш болып жастарға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы қабылданса, биыл да бірінші болып әйел кәсіпкерлерді қаржылай қолдау тетігі қолға алынды. Пандемиялық шектеулерден кейін енді ғана аяққа нық тұра бастаған жергілікті кәсіпорындарға қолдау көрсету алдағы уақытта жалғаса бермек. Тек ендігі түйткілді мәселе – кадр тапшылығы. Оны шешу үшін бизнес пен жоғары оқу орындары меморандумдар жасауға кірісті.

Рекорд!

Даму1.jpg

Павлодарлық шаруалар Тәуел-сіздік жылдары аралығында алғаш рет 1 млн тоннадан астам дәнді дақыл жинады. Картоп көлемі бойынша да рекордты жаңартып, 600 мың тонна өнім алды. Біздің өңірде елдегі қарақұмықтың жартысы, сәбіздің үштен бір бөлігі мен картоптың 16 пайызы өсіріледі. Бұл ретте суармалы алқап көлемін 135,9 мың гектарға дейін арттырған шаруалардың еңбегі зор. Әбілқайыр Сқақов облыстың 35 тауар өндірушісімен меморандум жасалғанын еске салды. Соның негізінде 35 мың тонна картоп сауда орындарына көктемге дейін 95 теңгеден жеткізілетін болады. Мал шаруашылығында да алға ілгерілеушілік бар. Биыл ет және ет өнімдерінің экспорты 40 пайызға артты. Жыл соңына дейін 4 мың бас ірі қара малға арналған бес нысан мен 32 өңдеу орны ашылады. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға жұмсалған әр бюджеттік теңгеге 4 теңге жеке инвестиция тартылып отыр. Брифинг барысында журналистер Ақсу қаласының іргесіндегі «Крон-Агро» шаруашылығына қатысты мәселені көтерді. Бұған дейін жергілікті тұрғындар шаруашы-лықтан шығатын қолқаны қабатын иіс қолайсыздық тудыратынын айтып, дабыл қаққан еді. Аймақ басшысы сол тұста қоғамдық кеңес мүшелері мен сарапшылар тауарлы сүт фермасының басшылығына ұсыныстарын білдіргенін атап өтті. Енді шаруашылықтың сол ұсыныстарды ескерген-ескермегені сараланып, кейін тиісті шешімдер қабылданады. Сонымен қатар, аймақ басшысына облыс аумағында, әсіресе Баянауыл ауданында жайылымдық жерлердің тапшылығына қатысты сауал жолданды. Әбілқайыр Бақтыбайұлы кей жерлерде мұндай мәселенің барын алға тартып, шалғындандыру бойынша бес жылдық бағдарлама дайындалғанын айтты. Ол келесі жылы пилоттық режимде басталмақ.

100 пайыз қамтылады

Ә.Сқақов қалалар мен ауыл-дардың даму әлеуетіне ерекше тоқталды. Бұл ретте облыс тұрғындарының 71 пайызы қала-ларда тұратынын атап өткен жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Екібастұз қаласын 2025 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары әзірленгені мәлім. Бюджеттік қаражат инженерлік, әлеуметтік нысандарды салу мен жөндеуге ғана жұмсалады. Жоспарлы істің қалған 90 пайызы жеке инвестиция есебінен жүзеге асады. Соның нәтижесінде кеншілер шаһарында 16,5 мың жаңа жұмыс орны құрылып, орташа айлық 43 пайызға артпақ. Оған қоса, 200 мың шаршы метр тұрғын үй, мұз сарайы, шығармашылық орталығы мен басқа да нысандар салынады. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Екібастұз қаласындағы қазақ қыздар гимна-зиясының соңғы 25 жыл бойы жеке ғимаратқа қол жеткізе алмай келе жатқанын тілге тиек етті. Әбілқайыр Бақтыбайұлының айтуынша, қазіргі уақытта бұл мектепке қатысты нақты шешім жоқ. Жергілікті билік гимназия ұжымы және ата-аналармен бірлесіп, ғимарат мәселесін шешу жолдарын талқылауда. Биыл 60 жылдығын атап өткен Ақсу қаласы да назардан тыс қалмақ емес. Қазіргі таңда мұнда жалпы аумағы 28,5 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне 16 пәтер сатып алынады. «Заманауи мектеп» өңірлік бағдарламасы аясында екі білім ордасы күрделі жөндеуден өтіп, келер жылы мұз сарайының құрылысы аяқталады. Айта кетейік, биыл облыс көлемінде барлығы 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарда бар. Әбілқайыр Бақтыбайұлы ауылдағы ағайынға қолайлы жағдай жасау мәселесіне баса мән берді. 2019 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдар-ламасы қабылданғалы өңірдегі 120 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру сапасы артты. Осы уақыт аралығында 169 нысан салынып, жөнделді. Ал биыл 70 жоба жүзеге асуда.

- Ауылдағы өмір сапасының негізгі «айнасы» – сапалы ауызсуға қолжетімділік. Соңғы екі жыл ішінде бұл көрсеткіш 20 пайызға артып, 40,6 мың адам таза сумен қамтылды. Жыл соңына дейін көрсеткішті 94,7 пайызға жеткізбек ойымыз бар. Осылайша, жобаларды жүзеге асыру қарқынын күшейтіп, нәтижесінде 2024 жылға дейін ауыл тұрғындарының барлығын сапалы ауызсумен қамтитын боламыз, - деді Ә.Сқақов.

Қаржы көлемі көбейді

Брифинг барысында әлеуметтік мәселелер де сөз болды. Тәуелсіздік жылдары облыс аумағында жаңа 96 емдеу мекемесі ел игілігіне берілген екен. Бұл ретте Әбілқайыр Бақтыбайұлы осыдан 9 жыл бұрын салынған кардиохирургиялық орталықты жарқын мысал ретінде келтірді. Осы уақыт аралығында мұнда 18 мыңнан астам ота жасалды. Жыл сайын облыс пен көршілес жатқан өңірлердің 80 мыңнан астам тұрғыны жоспарлы және жедел ем-дом шараларын қабылдайды. Өткен жылы бұл мекемеде инсульттік орталық ашылған болатын. Ал биыл облыстық аурухана жанынан инфекциялық бөлім өз жұмысын бастайды. Келесі жылы «Достық» шағын ауданында көпсалалы аурухананың қазығы қағылып, тағы үш ауылда жаңа медициналық қызмет көрсету орны бой көтереді. 2024 жылға дейін өңірде барлығы 12 нысан салу жоспарда бар. Соның нәтижесінде тұрғындардың 90 пайызы жақын жердегі медициналық ұйымдардың көмегіне жүгіне алатын болады.

- Біз дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға да көңіл бөлеміз. Жыл басынан бері ауылдарға жұмыс істеуге келген 85 медицина қызметкеріне 41 млн теңге көтермеақы мен 52 маманға 211 миллион теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Ендігі ретте облыс орталығында осы сала қызметкерлері мен медицина колледжінің студенттеріне арналған 400 орындық жатақхана салынады, - деді аймақ басшысы. Педагогика саласының өкілдері де көмектен кенде емес. Былтыр «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» белгісі бекітілген болатын. Бүгінге дейін бұл жоғары марапат пен оған қоса берілетін 3 млн теңгеге жуық қаржылай сыйақы өңірдің 59 мұғаліміне бұйырды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыстың озық 300 оқушысына да сыйақы тапсырылмақ. Сондай-ақ, алдағы уақытта ауылдық мектептерде еңбек ететін ұстаздарға тұрғын үй сертификаттарын үлестіру қарастырылуда.

- Соңғы екі жыл аралығында бюджеттен білім беруге бөлінетін қаржы екі есеге, оқу орындарының материалдық-техникалық қамтылуына қарастырылатын қаржы бірден 12 есеге өсті. Соның нәтижесінде 50-60 жыл бойы жөндеу көрмеген мектептер толығымен қайта жаңғыруда. 2025 жылға дейін «Заманауи мектеп» өңірлік бағдарламасы арқылы 85 мектеп күрделі жөндеуден өтеді, -
деп жоспармен бөлісті аймақ басшысы. Айталық, Тереңкөл ауданына қарасты Березовка ауылында 60 жыл бойы жөндеу көрмеген мектеп қайта қалпына келтірілуде. Апаттық жағдайдағы спорт залы да жаңарады. Екі мердігер компания 1 желтоқсанға дейін жұмыстарды аяқтауы тиіс. Облыста балалар мен жасөспі-рімдер, бұқаралық пен кәсіби спортты қаржыландыру да бір ізге келтірілді. Өңірде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға 682 миллион теңге қайта бөлінді. Жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша 7 мыңға жуық бала 17 спорт түрі бойынша тегін жаттығады. Бұл – бастапқы жоспардан 3,5 есе көп көрсеткіш. Спорттық инфрақұрылымды жақсарту да сырт қалған жоқ. Соңғы үш жылда 12 ірі нысан мен 20 түрлі алаң пайдалануға берілді. Бұл спортпен шұғылданатын тұрғындар санының артуына оң әсер беруде. Бүгінде облыс азаматтарының үштен бір бөлігі спортпен тұрақты түрде айналысса, 2025 жылға қарай жартысынан көбін, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің 40 пайызын тарту жоспарланып отыр. Спорт туралы сөз қозғалған тұста журналистер қауымын футболдан өтетін ел чемпионатынан шығып қалған «Ertis» клубы мен биыл Бірінші лигада жеңіске жетіп, Премьер-лигаға жолдама алған «Ақсудың» «тағдыры» қызықтырды.

- «Ertis» клубының қарызы көп. Оны оңалтып, күрмеулі мәселелердің бәрін шешу үшін кемінде екі жылға жуық уақыт керек. Содан соң ғана ел чемпионатына оралуы мүмкін. Ал «Ақсу» командасы 23 қазан – шаһардың 60 жылдығы мерекесі күні маңызды жеңіске жетіп, жерлестерге тамаша тарту жасады. Мұндағы ойыншылардың 99,9 пайызы – жергілікті тәрбиеленушілер. Жалпы, Павлодарда футболдың мықты мектебі қалыптасқан. Біздің ендігі міндет – сол дәстүрді сақтап, жеңіске жету. Ақсулық аяқ доп шеберлерінің құлшынысы зор, тәжірибесі мол. Клубтың жаңа басшылығы бір ай аралығында даму жоспарын таныстырады. Соған қарай алдағы маусымға қаражат бөлінеді. Сондай-ақ, өңірде спорттың бұл түрін дамытуға қатысты бес жылдық тұжырымдама бар, - деді облыс әкімі.

      Желілер жаңарады

Брифинг кезінде күннің басқа да өзекті мәселелері талқыланды. Солардың бірі – жылу маусымын сапалы өткізу. Павлодар облысында инженерлік-коммуникациялық желілердің дені тозғаны жасырын емес. Соның салдарынан қыс кезінде апаттық жағдайлар жиі туындап жатады. Әбілқайыр Бақтыбайұлының сөзінше, желілерді жаңарту – бір жыл дересінде шешілетін іс емес. Түйткілді кезең-кезеңмен тарқату үшін арнайы Жол картасы әзірленбек.

- Магистральдік, аулаішілік желілердің әбден ескіргені рас. Бұл мәселені шешу үшін монополистермен бірлесе әрекет етіп жатырмыз. Биыл олар жылу параметрі төмен 300 үйді өз бақылауына алса, келер жылы апаттық бригадалардың санын көбейтеді. Осылайша, 3-5 жыл аралығында жылуға қатысты қиындықтар артта қалады деген ойдамыз, - деді облыс әкімі. Сондай-ақ, аймақ басшысы Ақсу қаласында 11 млрд теңгеге салынған қазандықтың әлі күнге дейін іске қосылмау себебін түсіндірді. Белгілі болғандай, қуаттылығы 180 гигакал болатын жаңа қазандықтың жылу тарифі тым қымбат. Оны төлеу тұрғындар мен кәсіпкерлерге, бюджеттік ұйымдарға салмақ салмас үшін ортақ баға белгілеу бойынша шаралар атқарылуда. Сол себепті бұл қазандық тек келесі жылғы жылу маусымы кезінде пайдалануға беріледі. Ә.Сқақов осы жылдың соңында қоғамдық көлік қызметінде реформа басталатынын да атап өтті. Дифференциалды тариф жүйесін енгізген соң жолаушылар тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындарға субсидия төленетін болады. Бұл ретте жақында мемлекет меншігінен жекенің қолына өткен «№1 Автобус паркінің» басшылығына компанияның бұған дейінгі қарыздарын өтеу, 100 жаңа автобус сатып алу, олардың интервалын қысқарту және сапалы қызмет көрсету талабы қойылып отыр. Журналистерді жергілікті биліктің жаңа жыл мерекесіне орай 80 млн теңге қаражат қарастыруы да қызықтырды. Әбілқайыр Сқақов бұл сома бірқатар бағыттағы жұмысты атқаруға жұмсалатынын түсіндірді. Оның қатарында шыршалар орнату, заманауи технологиялар көмегімен қала көшелерін әсемдеу, жарық шамдарын орнату және басқалары бар. Ә.Сқақов сөз соңында қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, елге амандық тіледі.

- Тәуелсіздік жетістіктері - облыс тұрғындарының адал еңбегінің жемісі. Павлодар облысы қашан де елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, қуатты мемлекеттің әрі қарай өркендеуі үшін барын салып келеді. Бүгінгі брифинг барысында айтылған рекордтық көрсеткіштер – соның бір дәлелі. Алдағы уақытта да халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында ауқымды істер атқару міндеті тұр. Оның барлығын билік пен бұқара бірлесе орындап, жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деген үміттемін, - деп сөзін түйіндеді облыс әкімі.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 


Количество показов: 540

Возврат к списку