Баға, қайда барасың?

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  40

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  42

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  143

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  116

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  328

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  314

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  302

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  321

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  296

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  391

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  400

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  375

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  399

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  368

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  423

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  502

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  547

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498

28.01.2021

Баға, қайда барасың?

Өткен аптада жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржысы «Жеткілікті деңгейден» асқан азаматтардан өтініш қабылдау басталды. Еңбекпен жинаған қаражатынан артық соманы ипотекалық несиені өтеуге, жаңасын рәсімдеуге, ем-дом шараларына жұмсауға немесе инвестициялық компанияның басқаруына беруге болады. Бірақ ел көлемінде тек 700 мыңнан астам тұрғын мұндай мүмкіндікке ие. Павлодар облысындағы 
30 мыңнан астам адам зейнетақы шотындағы қаржысын өз игілігіне аудара алады. Олардың шотында  жан басына шаққанда орташа есеппен 1,9 млн. теңге артық ақша бар. Қоғамдық сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қазақстандықтардың дені артық ақшаны баспаналы болу үшін ресімдеген несиені қайтаруға, пәтер алуға пайдалануға бейілді. 
Алайда бұл ретте сатушылар да қарап қалған жоқ. Жинақ қаржыны аудару туралы ақпарат қылаң бере сала, пәтер бағасы көз ілеспес жылдамдықпен өсіп жатыр. «Halyk Finance» орталығының сарапшылары жүргізген зерттеу нәтижелеріне зер салсақ, еліміздегі тұрғын үйлер орташа есеппен алғанда 15 пайызға қымбаттаған. Өңірлердің арасында баға өсімі бойынша біздің облыс көш бастап тұр. 
- Пәтер бағалары тек Атырау облысында өзгеріссіз қалды. Еліміздің 11 қаласында тұрғын үйлердің құны 11-37 пайыз аралығында қымбаттады. Айталық, Павлодарда бір жыл аралығында баспана бағасы 37 пайызға, Шымкентте 28 пайызға, Өскемен, Қарағанды және Орал қалаларында 25 пайызға артқаны байқалады, -
дейді орталық сарапшылары. 
Бұл сөздің «жаны» бар. Салыс-тырмалы түрде қарар болсақ, өткен жылдың басында облыс орталығындағы тұрғын үйлердің бір шаршы метрі 140-160 мың теңгеге бағаланған болатын. Жаз кезінде бір шаршы метрдің құны 160-180 мың теңгеге дейін өсті. Бүгінде үй иелері бір шаршы метр үшін кемінде 200-220 мың теңге сұрайды. Ал мұндай сома баспаналы болуға ниеттілердің бәріне бірдей қолжетімді емес. 
Баспана алып-сату бойынша хабарландырулар орналастырылған, көпшілік арасында кеңінен танымал krysha.kz сайтын шолып шықсақ, бұған анық көз жеткіземіз. Бізге облыс орталығынан үш бөлмелі пәтер керек делік. Оның ең арзаны –
9-12 млн. теңге шамасындағы үйлерді екінші Павлодар, Химқалашық аудандарынан ғана табуға болады. Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Ак.Сәтбаев, Естай, Торайғыров сынды орталық көшелердің бойында орналасқан көпқабатты үйлердегі үш бөлмелі пәтерлердің бағалары 15 млн. теңгеден басталып, 30-40 млн. теңгеге дейін жетеді. Ал Усолка шағын ауданындағы баспаналардың кейбірінің бағасы бұл сомадан да асып жығылады. 
Жылжымайтын мүлік агенттігінің Алена есімді қызметкерінің айтуынша, соңғы бір жылда Павлодар қаласындағы пәтерлердің бағасы 40-50 пайызға өсті. Пәтердің құны орналасқан ауданы, қабаты, аумағы, жөндеу жұмысының сапасы сынды бірнеше көрсеткішке байланысты құралады.
- Былтыр күзде орталық көшелердің бойында орналасқан екі бөлмелі пәтерлердің құны 
8-9 млн. теңге шамасында болған-ды. Қазіргі күні дәл сол пәтерлер 10-11 млн. теңгеге бағаланып отыр. Бұл – сатушылардың өз қалауы. Біз клиенттердің баға саясатына араласпаймыз. Олар бағаның өзгеруін нарықтағы жағдаймен байланыстырады. Өткен жылдың күзі мен бүгінгі күнді салыстырар болсақ, сатушылар санының өскені байқалады. Бірақ сатып алушылардың қатары көбейе қойған жоқ. Осы уақытқа дейін зейнетақы шотындағы соманы ипотекалық несиенің алғашқы жарнасы ретінде өтеп, пәтер сатып алуға ниет білдірген бес-алты адам ғана бізден кеңес сұрай келді, - дейді агенттік өкілі. 
Сатушылардың пәтер үшін белгіленген бағалары ойға қонымсыз екенін тұрғындар әлеуметтік желілерде жарыса жазып жатыр. Барлығы «Бұл – халықты қанау» деген пікірге саяды. 
- Менің зейнетақы шотымдағы қаржы жеткілікті деңгейден аспақ түгілі, оған жетпейді. Бұл деңгейден артық сомасы бар жерлестердің баспанаға мұқтаж болуы екіталай. Олай болса, тиыннан теңге құрап, өз үйін алуды армандап жүрген қарапайым халық жаңа бастаманың «салқынын» неге сезінуі керек? Көпшіліктің үйлерді қолма-қол ақшаға сатып алу былай тұрсын, ипотекалық несиенің алғашқы жарнасын төлейтін мүмкіндігі жоқ. Осыдан біраз уақыт бұрын екі бөлмелі пәтерлер 9-10 млн. теңгенің төңірегінде болған еді. Қазір – 11 млн. теңге. Бұл бағаға да келісіп, көңілімізге жаққан, отбасымызға ұнаған үйлердің бірін алмақ болдық. Ипотекалық несие алуға өтініш берер тұста үй иесі небары бір күннің ішінде бір миллион теңгеге қымбаттатып, 12 млн. теңге сұрады. Келісімшарт жасаудан бас тарттық. Тағы бір сатушыға хабарласып едік, ол хабарландыруда көрсетілген бағаның өзгеріп кеткенін айтты. «Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса» дегендей, пәтер өзімдікі екен деп қисыны келмейтін бағаны қалаған уақытында құбылта беруге болмас. Баспана бағасы осылайша күн сайын өсе берсе, қашан баспаналы боламыз? – дейді облыс орталығының тұрғыны Асхат Хасенов. 
Павлодарлықтың жанайқайы негізсіз емес. Шынымен, небары бірнеше айдың аралығында пәтер бағасы 2-3 млн. теңгеге, тіпті одан жоғары сомаға дейін қымбаттады. Сондықтан көпшілік үйдің бағасына да шекті көрсеткішті енгізуді ұсынып отыр. 
- Павлодар облысы пәтер бағасы бойынша елімізде «рекорд» орнатып тұр. Облыс орталығындағы үйлер бас қаладағы баспаналардан қымбат болмаса, арзан емес. Таяуда Нұр-Сұлтан қаласындағы үш бөлмелі пәтерлерді 25 млн. теңгеге алуға болатынын байқап қалдым. Біздің өңірде де осы баға. Бірақ елорда мен Павлодар қаласы тұрғындарының жалақысын салыстыруға келмейді. Астаналықтар айына 
290 мың теңге айлық алса, павлодарлықтардың еңбекақысы – 180 мың
теңге. Осындай жағдайды ескере отырып, әр өңір үшін баспана бағасының шекті сомасын белгілеу керек деп ойлаймын. Мәселен, мемлекеттік бағдарламалар бойынша ипотекалық несие ресімдеу үшін мегаполистер, батыс аймақтардағы қалалар, басқа облыс орталықтары үшін шекті баға көрсетіледі. Сол сияқты баспаналардың шаршы метрінің бағасын ресми түрде бекіту керек. Әйтпегенде, үй иелері, жылжымайтын мүлік агенттіктері қалаған құнын сұрап, халықтың қалтасын қағуды қоймайтын түрі бар. Пәтерлердің бағасы біржақты шешілмейінше, тұрғындардың баспана мәселесі де реттелмейді, -
дейді тағы бір тұрғын Азамат Сағындық. 
Бұл – бірдің емес, мыңның тілегі. Тұрғын үйлер бағасы мемлекет тарапынан бақыланбаса,  ипотекалық бағдарламалар көмегімен баспана алу тіпті мүмкін емес. Айталық, жаңа үйді де, екінші нарықтағы баспананы алуға да әмбебап тетік – «Баспана-Хит» бағдарламасының талабы бойынша, Павлодар облысындағы үйдің құны 15 млн. теңгеден аспауы тиіс. Жаңа салынған пәтерлерді алу бойынша іске қосылған 
«7-20-25» бағдарламасының талабы да дәл сондай. Әйтсе де, облыс орталығында осы сомаға сай келетін екі-үш бөлмелі пәтер табыла қоймайды.  
- Мен 20 жасымнан бастап жұмыс істедім. 10 жылдан астам уақыт аралығында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымдағы» шотыма біраз қаржы жиналды. Сондықтан оның бір бөлігін ипотекалық несиенің алғашқы жарнасы ретінде пайдалануға болатынын естігенде қуандым. Тірнектеп жинаған ақшам мен жинақ шотындағы қаржыны қосып, алғашқы жарна ретінде төлеп, үш бөлмелі пәтер алуды ойладым. Ол кезде үш бөлмелі пәтердің бағасы 13-15 млн. теңге төңірегінде болатын. Ал бүгінде сол пәтерлер 17-18 млн. теңге тұрады. «Баспана-Хит» бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелер беретін екінші деңгейлі банктер пәтердің бағасы 15 млн. теңгеден аспауы тиіс деген талап қойып отыр. Сонда пәтер бағасы ипотекалық бағдарламаның шекті бағасынан асып кетсе, қайтпек керек? Ешкімнің қалтасында үй иесінің қолына ұстата салатын артық 2-3 млн. теңгесі жоқ. Сондықтан мемлекет тарапынан құзырлы органдар белгіленіп, олар пәтер бағаларының ипотекалық бағдарламаларда көрсетілген сомадан аспауын қадағалауы тиіс деп ойлаймын, - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Айжан Кенжебаева. 
Шекті бағаны белгілеу туралы бастама соңғы уақытта қоғамда қызу талқыланып жүр. Шынымен, нарықтағы жағдайды бақылауға алып, реттейтін мемлекеттік құзырлы органның болғаны керек-ақ. Десе де, ел билігі тұрғындардың бұл ұсынысына қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ. 
Экономистердің пайымынша, соңғы уақытта пәтерлердің күрт қымбаттауы – уақытша құбылыс. Сатушылар шарықтап тұрған бағаға келісе қояр адамның табылмасын түсініп, бағаны түсіруге мәжбүр болады деген болжам жасап отыр. 
- Зейнетақы қорындағы қаржыны баспана алуға пайдалану мүмкіндігі тұрғын үй нарығына көп өзгеріс әкелгені анық. Бірақ қомақты қаржы екінің бірінің қалтасынан табылмайтыны тағы белгілі. Сондықтан бұл жинақтағы ақшаның айналасындағы уақытша өзгеріс деп ойлаймын. Өтініштерді қабылдау басталып, тұрғындардың ілуде біреуі ғана шотындағы артық соманы пайдалана алатынына көз жеткен соң сатушылардың пәтер бағасын арзандатудан басқа амалы қалмайды. Болжам бойынша, наурыз айында пәтерлердің бағасы қайта түседі. Сондықтан дәл қазіргі уақытта ипотекалық несиені ресімдеуге асығудың қажеті жоқ сияқты, -
дейді экономист Бауыржан Ысқақов.
Алайда тұрғындардың басым бөлігі мұндай болжамға күмәнмен қарайды. Алдағы уақытта  баспана бағасы қалай құбылатыны беймәлім. Тұрғындар ақшасы асып-тасығаннан емес, жайлы жағдайда өмір сүруді қалағандықтан баспаналы болуды қалайды. Бірақ нарықтағы қазіргі жағдай, бақыланбайтын әрі реттелмейтін тұрғын үй саудасы бұған мүмкіндік бермей тұр. Пәтерлердің шекті бағасын енгізу туралы  ұсынысты билік өкілдері назарға алар емес. Ал бұл уақытта тұрғын үйлердің бағасы күн сайын қымбаттап, шарықтап барады. Үйсіз жүрген отбасылар өз шаңырағында қашан түтін түтетеді?

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Количество показов: 482

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақта тумас шіркін ондай бетті»
10:07 29.09.2022  39

Акробаттар жарады
10:06 29.09.2022  33

Әлем кубогының күміс жүлдегері
10:05 29.09.2022  35

Мұғалім мың жасайды түлегімен!
10:04 29.09.2022  41

Достықтың дамуы қарқынды
10:02 29.09.2022  33

Нәтижелі жұмыстар жалғасуда
10:01 29.09.2022  35

Айыппұлды арттыру жауапкершілікті күшейте ме?
09:57 29.09.2022  38

Келушілер қатары көбейді
09:56 29.09.2022  35

Арнайы карта жасалады
09:54 29.09.2022  33

Қарттарға қандай қолдау бар?
09:51 29.09.2022  40

Үздік мектептің үлгісі
09:50 29.09.2022  36

Мектеп асханасы: балалар қалай тамақтанып жүр?
09:47 29.09.2022  40

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі
09:34 29.09.2022  42

Павлодар облысының инфрақұрылымдық объектілерін цифрландыру
11:29 27.09.2022  143

Жылумен қамтуда қиындық болмайды
10:05 27.09.2022  132

Екпе алу басталады
10:03 27.09.2022  113

Емханаға тіркелу қалай жүргізіледі?
10:01 27.09.2022  126

Сарбаздар грантқа ҰБТ-сыз түсе алады
09:59 27.09.2022  133

Шапық Шөкиннің музейі ашылды
09:57 27.09.2022  120

Алғашқы жеңіліс
09:56 27.09.2022  116

Қызықтырып оқытудың нәтижесі зор
09:54 27.09.2022  116

Жаңа үлгідегі картоп қоймасы
09:36 27.09.2022  124

Сарыарқа самалы, 27 қыркүйек, сейсенбі
09:13 27.09.2022  138

Жайылымдық жер жетпейді
08:59 24.09.2022  245

Жаңа автобус бағыты ашылды
08:58 24.09.2022  263

Дәстүр – ұлттың қағаз бетіне түспеген заңы
08:56 24.09.2022  257

Күздің әр күні - береке
08:54 24.09.2022  283

Баспанаң қайда, студент?
08:45 24.09.2022  236

Сарыарқа самалы, 24 қыркүйек, сенбі
08:09 24.09.2022  305

Келін болсаң ауылға...
08:03 24.09.2022  241

Сенсация!
08:02 24.09.2022  142

Мәһір беру міндетті ме?
08:00 24.09.2022  264

Құран дегені «Маса» кітабы екен
11:21 22.09.2022  333

Палуанның еңбегі еленді
11:20 22.09.2022  285

Мәншүктің самаурыны...
11:17 22.09.2022  270

Өнердегі бағамызды көрермен береді
11:15 22.09.2022  328

Ұлттық компания активі сатылмақ
11:14 22.09.2022  314

Көркіңнен сенің айналдым, еркем...
11:12 22.09.2022  302

«Күміс жас» жобасы іске аспақ
11:11 22.09.2022  321

Тұлғалар тағылымы
11:09 22.09.2022  296

Мемлекеттік конкурсты жетілдірудің жолы қандай?
11:06 22.09.2022  310

«Біздің түлектер бәсекеге қабілетті болуы керек!»
11:02 22.09.2022  329

Цифрлық картаның көмегі көп
11:00 22.09.2022  319

Мал бағудың машақаты азаюда
10:57 22.09.2022  305

Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады
10:54 22.09.2022  316

Су тарифі қанша болмақ?
10:53 22.09.2022  307

Сарыарқа самалы, 22 қыркүйек, бейсенбі
09:20 22.09.2022  331

Қош бол, «Ertis Promenade!»
09:29 20.09.2022  391

Тұқым мен көшет қымбат
09:27 20.09.2022  402

Рахмет саған, GGG!
09:26 20.09.2022  368

Айрықша күтім - балаларға
09:23 20.09.2022  400

«ErtisBayan- 2022»
09:21 20.09.2022  375

Тәрбиешілер үш-ақ құжат толтырады
09:19 20.09.2022  399

«Сыныптастарым жәбір көрсетті»
09:17 20.09.2022  368

Сүтпен қамтуда серпіліс бар
09:13 20.09.2022  399

Сарыарқа самалы, 20 қыркүйек, сейсенбі
09:04 20.09.2022  423

Қарсыласты қапы қалдырды
08:49 17.09.2022  502

Қазақ театрының жаңа маусымы
08:48 17.09.2022  550

Қазандық қашан іске қосылады?
08:46 17.09.2022  547

Мәуелі бәйтерек
08:45 17.09.2022  498