Бақытты адамның ұйқысы

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  466

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  607

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  506

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  453

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  392

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  557

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  663

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  511

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  763

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  597

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  449

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  413

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  454

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  477

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  563

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  928

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  768

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  557

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  575

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  842

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  541

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  961

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1314

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1287

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1253

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1211

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1445

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  1237

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1264

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  1216

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1306

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1282

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  1048

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1208

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1515

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  813

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  1170

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  748

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  750

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  657

11 медаль!
11:05 24.01.2023  1201

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  1065

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  1137

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1241

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1409

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  1137

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  1086

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  1226

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1280

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  1146

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3396

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2970

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2916

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3373

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3420

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3544

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3629

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2887

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2941

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3347

Бақытты адамның ұйқысы 26.05.2022

Бақытты адамның ұйқысы

Әңгімені Ахат ағамен алғаш қалай танысқанымнан бастайын... Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында Қазақстан Жазушылар одағының кезекті съезі өтіп жатқан күн еді. Әдеттегідей мінбеге көтеріліп, сөз сөйлегісі келетін жазушылар көп болғандықтан, президиумда отырған сол кездегі Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед мырза делегаттарға өз ойы мен өтінішін қағазға жазып ұсынуға да болатынын айтып, залдан келген «запискаларды» жеке өзі қарап шығуға уәде берді. Міне, осы бір оңтайлы сәтті пайдаланып, мен де тілегімді бір тілім қағазға жазып, министрге жеткізгенді жөн көргенмін. Ол кісі қағазды алып жатып: «Үзілісте маған жолығып кетіңізші», – деп ақырын ғана үн қатты. Сөйтіп, әлгі үзілістегі бес минуттық кездесудің нәтижесінде республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ақ желкен» журналының бас редакторы болып шыға келдім. Министрдің орынбасары, белгілі қаламгер Әлібек Асқаров: «Ертең сағат онда келіңіз, редакциядағы ұжыммен таныстырамыз», – деді. Содан ертеңіне айтылған уақытта редакцияға келсем, «Ақ желкен», «Балдырған» журналы, «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері құрамына кіретін «Жас өркен» акционерлік қоғамының төрағасы, бала күнімізден кітаптарын қызыға оқып өскен танымал жазушы Ахат Жақсыбаев ағамыз дәлізде министрдің орынбасарымен әңгімелесіп тұр екен. Мені көрген бетте:

– Оу, сені күткенімізге тұп-тура бір сағат болды ғой, – деді даусын әдеттегіден сәл көтеріңкіреп сөйлеп.

– Кешегі келісілген уақыт сағат он еді, – деймін мен ағаның алдында аздап ақталғандай болып.

– Ал жүріңіздер, ұжыммен тезірек таныстырайық.

Әлібек аға әуежайға жетуге асығып тұрғанын сездіріп, бізді редакция ұжымы жиналып отырған кабинетке қарай бастады.

Бар-жоғы бес минутқа созылған жиналыстан соң ол кісі астанада бір шұғыл шаруа күтіп тұрғанын айтып, жылдам қоштасты да, ғимараттан шығып кетті.

Өзіме берілген жаңа кабинетке кіріп, енді орындыққа жайғаса бергенімде есікті шалқайта ашып Ахат аға ішке кірді.

– Ал-л, Нұрғалижан, – деді жымиып. – Саған айтатын ең алғашқы ағалық ақылым, осы бір сырбаз, салмақты қалпыңнан айныма.

Жаңа ұжымға енді ғана келіп, жан-жағыма қарап та үлгермеген маған Ахаңның бұл сөзі біртүрлі жұмбақтау болып көрінді. «Қалжыңы ма, шыны ма?» деген бір күдік қылт ете қалды көңілімде.

Ахат аға болса:

– Дәл осы қалпыңды сақтап, асықпай келіп, өзіңе сеніп тапсы-рылған жұмысты аптықпай атқарып жүрсең, бәрі жақсы болады, – деп, әлгі жұмбақтың «тұманын» қалыңдата түсті.

***

Қызмет орны, шындығына келгенде, адам өмірінің тең жартысын өткізетін жері емес пе. Таңертең келесің, кешке қайтасың. Сенбі, жексенбіден басқа күндердің бәрінде бірге жүріп, бірге отыратын ұжымың бірте-бірте өзіңнің өмір сүретін ортаңа айналып кетеді. Ұжымдағы әрбір кісінің мінез-құлқын, әдет-қылығын бір кісідей-ақ білетініңе шүбә келтірмейсің. Оларды баяғыдан, тіпті дүниеге келген күннен бастап білетіндей сенім қалыптасады көңіліңде. Ахат аға – ісіне ұқыпты, әрдайым жинақы жүретін, жылдам сөйлеп, тез қимылдайтын кісі. Бірде астанадан телефон шалған бір досыммен жағдай сұрасып жатқанымда әдеттегісінше тез-тез адымдап Ахат аға кабинетке кіріп келді. Төрағаны көргенде, қызмет этикасына сай қолымдағы трубка өз тұғырына қонуға бейімделе бергенін көріп, ол кісі:

– Жо-жоқ, – деді басын шайқап. – Сөйлесе бер. Айтайын дегенім бір-ақ ауыз сөз. Сөйтті де, журналдың таралымына байланысты бір мекемеге хабарласу керек екенін ескертіп, шығып кетті. Сонсоң біздің телефондағы әңгімеміз үзілмей, жалғасын тауып кете барды. Досым екеуміз екі қаланың жаңалықтарын бір-бірімізге айтып бітеміз дегенше арада тағы біраз уақыт өтті. Кенет есік ашылып, Ахаң сол баяғысынша аяғын жылдам басып ішке кіріп келе жатты. Телефон тұтқасын алақаныммен жауып, ол кісі енді не айтар екен деп мойын бұрғаным сол екен:

– Сөйлесе бер, сөйлесе бер, – деді Ахаң қолымен ымдап. – Айтайын дегенім бір-ақ ауыз сөз ғой баяғы. Жаңағы жерге, Нұрғалижан, редакцияның атынан өзім хабарласып қойдым. Сен енді, оған әуре болмай-ақ, шымкентшелеп айтқанда, телефонмен беймарал сөйлесе берсең болады. Сөйтті де, бөлмеден тез шыға жөнелді. Іштей «Қап, Ахаңнан ыңғайсыз болды-ау» деп, телефонның ар жағындағы досыммен жылдам қоштастым да, «енді ол кісінің кабинетіне барып, кешірім сұрап шықпасам болмас» деген оймен есікке қарай ұмтылдым.

– Иә, кел, – деп Ахаң жымиып, көңілді қарсы алды.

– Аға, айып етпеңіз, – дедім мен де езу тартқан болып. – Жаңа астанадан бір досым хабарласып қалып...

– Білем, білем, – деді басын шұлғып. – Кел, отыр. Саған бір қызық әңгіме айтайын. Мен өзі, жалпы қандай жұмысты болса да тездетіп әрі тыңғылықты етіп орындауға тырысамын. Сондықтан көп күтіп отыруға шыдамым жетпей, өзім араласып кетемін. Баяғыда «Жұлдыз» журналында бірге қызмет істеген бір қаламгер інім: «Ахаң тапсырған жұмысты орындауға асықпаңдар, жігіттер. Аз-маз күтіп отырсаңдар, о кісінің өзі-ақ атқарып тастайды», – деп айтады екен. Ахаң осыны айтты да, қарқылдап бір күліп алды. Содан соң:

– Әне, Нұрғалижан, бұл ағаңның әдеті осындай, – деп қойды. Маған Ахат ағаның кейбір бастықтар сияқты кекірейіп, кез келген ұсақ-түйекке шүйліге кетпейтін кеңдігі, алдына барған кісімен ашық-жарқын сөйлесетін мінезі ұнады. Әрі өз әкеммен жасты кісінің жан дүниесінде сонау бір бала кездегі тазалықтың, өмірге деген құштарлықтың сәуле шашып тұратынын іштей аңдап қалғандай болдым... Содан бастап Ахаңды баяғыдан, бала күнімнен білетін кісідей бауыр басып, жақсы көріп кеттім.

***

Ет пен сүйектен жаралған пенде болған соң, адам баласы мынау жарық дүниеде өзінің шамасы келетін де, келмейтін де әртүрлі қиындықтарға тап бола кетеді емес пе. Өз басым, сондай қиындықтардың бірі – замандастарымыздың бірі біліп, енді бірі біле бермейтін ұйқысыздық деген дерт пе деп қалдым. Оны енді, шындығын айтсам, еске алудың өзі қорқынышты. Дегенмен бұл оқиғаның да Ахаңа қатысы болғандықтан, сәл-пәл шегініс жасап, санамдағы «архивті» бір ақтарып шықпақпын. Иә, сонымен... Күндердің бір күнінде ұйқысыздық деген дертке душар болдым. Оған не себеп болғанын анық білмеймін. Бәлкім, журнал таралымын көбейту үшін жанталасқан күндердің әсері болар, бәлкім, редакцияның шаруаларына алаңдаймын деп, өз шығармашылығыма уақыт таба алмай, уайымға салынған болармын... Әйтеуір, ұйқы дегеніңіз менен ат-тонын ала қашты. Арада екі апта өтті... Ұйқы жоқ. Иә, айтпақшы, алғашқы кезде мұның ептеп пайдасын да көргендей болып жүрдім. Себебі таң атқанша көз ілмеген күндері ойымдағы біраз дүниелерді қағазға түсіріп үлгердім. Бірақ... адам баласын ұйқысыздық қатты қалжыратады екен. Көзім шүңірейіп, екі жағыма пышақ жанығандай қушиып, өңім қашып кетті. Таңертеңгілік айнадан өз кейпіме өзім қарауға қорқатын болдым. Сондай бір қиын күндерде Ахаң:

– Оу, саған не болған? Тыныштық па... Бір нәрсеге қатты мазасызданып жүрген сияқтысың ғой, – деп сұрады.

Ә дегенде:

– Жо, жай әншейін... – деп қалған мен артынша ол кісінің ақ-адал көңілмен шын жанашырлық танытып тұрғанын сездім де, соңғы күндері қандай «азап тартып» жүргенімді жасырмай айтып бердім.

– Түсінем, түсінем, – деді Ахаң ерекше зейін қоя тыңдап. – Өйткені ондай жағдай менің де басымнан өткен. Сонсоң ол кісі маған Ялтадағы шығармашылық үйіне барғанында өзінің қалай ұйқысыздық дертіне тап болғанын және одан қалай жазылып шыққанын егжей-тегжейлі етіп, жақсылап әңгімелеп берді.

– Мен де өзіме не болғанын білмеймін, – дейді Ахаң. – Ялтаға алдын ала дайындалып, үлкен шығармашылық жоспармен барғанмын. Бірақ алғашқы күннен бастап-ақ ұйқым қашып, көңілім алабұртып, өзімнен өзім мазасыздана бастадым. Жазуым тоқтап қалды. Таң атқанша дөңбекшіп, көз ілмей шығам. Сөйтіп, арада біраз күн өткенде Алматыға қайтып оралдым. Үйдегілер менің түрімді көріп, шошып кетті... Ұйқы шақыратын дәрілердің ешқайсысы әсер етпейді. Ақыры бұл аурудың себебін өз бетімше зерттеуге көштім. Сөйтіп, академиктердің, профессорлардың кітабын оқыдым. Сондағы ашқан жаңалығым; бұ дүниеде бақытты адамдардың ұйқысы тәтті болады екен. Ахаң осы тұста сылқылдап бір күліп алды. Мына әңгімеден соң менің де көңілім көтеріле бастады. Өйткені «бөтен емес, бөгде емес, өзім күнде көріп жүрген Ахат ағаның басынан да өткен екен ғой мұндай жәйт» деген ой бойымдағы бүкіл құрыс-тырысты жазып жібергендей болды.

– Сен енді, былай ет, – деді Ахаң маған ағалық қамқор көңілмен. – Дәл қазір кезекті еңбек демалысына шығуға өтініш жаз да, бухгалтерияға бар. Оларға ескертіп қоямын. Сөйтіп, өзіңе тиесілі «отпускнойыңды» алған соң, бірден демалыс орнына қарай тарт. Бұл қалада бір күн де бөгелме. Таза ауа, кең даланың құшағынан артық ем жоқ! Міне, мен сөйтіп, ағаның ақылымен кезекті еңбек демалысын алдым да, Тәңіртаудың бір шатқалындағы Меркі шипажайына қарай тартып кеттім. Ахаң айтса, айтқандай-ақ, тау бөктеріндегі таза ауа, табиғи родон суы әсер етті ме, қайдам, екі-үш күннен соң тастай қатып, қасымдағы достарым қанша жұлқылап оятса да оянбай, түске дейін тырп етпей ұйықтадым.

***

Қазір сол күндерді есіме алсам, көзіме жас келеді. Бізге әркез ағалық ақылын айтып, қолынан келген қамқорлығын аямайтын Ахат ағамның ақтық сапарға аттанып кеткеніне алғашқыда көңілім сенбеп еді... Бірақ арада уақыт өткен сайын өмірдің өзі ащы шындықты үн-түнсіз мойындатады екен. Сондай бір қиын сәттерде: «Ахат ағам бақытты жан еді ғой. Ұйқысы тәтті шығар...» деп жұбатамын өзімді өзім.

 

Нұрғали ОРАЗ,

жазушы, драматург.


Количество показов: 649

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  466

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  607

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  506

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  453

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  392

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  557

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  663

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  511

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  763

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  597

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  449

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  413

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  454

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  477

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  563

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  928

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  768

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  557

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  575

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  842

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  541

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  961

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1314

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1287

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1253

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1211

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1445

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  1237

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1264

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  1216

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1306

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1282

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  1048

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1208

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1515

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  813

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  1170

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  748

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  750

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  657

11 медаль!
11:05 24.01.2023  1201

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  1065

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  1137

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1241

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1409

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  1137

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  1086

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  1226

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1280

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  1146

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3396

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2970

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2916

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3373

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3420

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3544

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3629

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2887

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2941

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3347